Наурыз мерекесіне арнал?ан Ересек топтарымен ?ойыл?ан к?рініс «Бесікке салу д?ст?рі ж?не ертегі ?й жануарларыны? таласы»


Наурыз мерекесіне арналған
Ересек топтарымен қойылған көрініс: «Бесікке салу дәстүрі және ертегі үй жануарларының таласы»
1.вед.
Үйлесіп наурыз бен көктем жетсін,
Көңілін үлкен- кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер-азамат,
Ескі жылмен реніш,өпке кетсін-дегендей,жаңа жыл
құтты болсын!
Наурыз тек қана жақсылығын, жаңа жаңалығын әкелсін.
Ақ мол болсын, халық тоқ болсын!
Дети:
Әнім де саған биім де,
Құт қонақ өзім үйімде.
Қуаныш сыйлап үйілме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
Наурыз-бабамның сөзі,
Наурыз-анамның сөзі.
Ғасырдан ғасырға жеткен
Даламның сөзі
Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығыңа тоймаған.
Дархан дала, қарлы шың.
Наурыз тойын тойлайық,
Жалақау бала болмайық.
Бөбекетерді жұбатып,
Үлкендерді сыйлайық.
Жинатамын гүл-гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Мейірлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді
Вед: Ребята я предлагаю вашему вниманию казахский обряд «Бесікке салу»
Это обряд проводится когда родится ребенок, приглашют бабушек, этот обряд проводит самая уважаемая бабушка.
Проводится обряд «Бесікке салу»
Ребенок: Шадарман - Сүйінші!, Сүйінші! Сәуле әженің аулында бесікке салу тойы болады келіңіздер, қонақ болыңыздар!
Әже: Сәлеметсіздер ме қонақтар, келіңіздер төрге отырыңыздар!
Қонақтар: Сәлеметсіз бе әже! Немере қызыңыздың бесікке салу тойы құтты болсын!
Әже: Рақмет! Енді, баланы бесікке бөлмей тұрып шырақпен бесікті аластайық:
-Алас, алас, баладан алас,
Үй иесі келді, пәледен алас.
Көзі жаманның көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас.
Отыз омыртқасынан алас,
Бісміллә, келді, міне, иесі,
Көш пәлесі –деп баланы бірге бесікке бөлейік.
1.Қонақ: Немере қызыңыздың шашаы ұзын болсын, мен тарақ сыйлаймын!
2. Қонақ: Немере қызыңыз сұлу болсын айна сыйлаймын!
3.Қонақ: Немере қызыңыздың қолы өнерлі болсын қайшы сйыламын!
Әже: Рақмет! Айтқандарың келсін! Бірге бесік жырын айтайық:
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін.
Әже: қонақтармен қоштасады.
Вед: это был обряд «Бесікке салу»
Сказка: «Үй жануарларының айтысы»
Ерте, ерте, ерте, де ешкі жүні бөртеде. Үй жануарлары айтысыпты.
Жылқы: Ием мені жақсы көреді, маған мініп сендерді бағады, қиналғанда жүгін тасимын, жесе еті боламын, шөлдесе сүтімнен қымыз пісіреді деп-жылқы мақтанды.
Сиыр: Иеміз неге сені жақсы көреді? Менде жесе еті боламын, ішсе сүті боламын, сүтімнен май, ірімшік, құрт, айран жасайды деп- сиыр мақтанды.
Түйе: Жоқ, ием мені жақсы көреді. Мен алыс жолға шыдйамын ,сусыз қырық күн жүре аламын, ауыр жүктерін тасимын және етімді жейді, сүтімнен боза пісіреді, жүнімнен жылы көрпе, шұлық тоқиды деп-мақтанды.
Қой: сендер бос мақтанбаңдар, ием мені жақсы көреді қойдан жуас мал жоқ, меніңде берер пайдам көп дейді.
Ешкі: Сендер бос мақтанбаңдар ием мені жақсы көреді, мен болмасам сендер бастарың ауған жақа жүре бересіңдер. Көшті бастайтын мен, жүнімнен түбіті төгілген орамал, шұлық тоқиды деп-мақтанды.
Мал иесі: Айналайын шырақтарым, төрт түлік малдарым мен сендердің бәріңді жасқы көремін. Сендердің адамдарға беретін пайдаларың өте зор деп- мал иесі барлық малдарын құшақтайды.
Вед: Все они подружились и запели веселую песню
Песня «Қошақан»

В конце, слова вед.
Наурыз құтты болсын!
Деніміз сау болсын!
Наурыз тойы келеберсін!
Барлық халақ бақытты болсын,
Қош, сау болыңыздар, халайық!