Саба? жоспары.Оркестр ??рамында?ы аспаптар.3 сынып


Сабақ Оркестр құрамындағы аспаптар Мектеп Коктал орта мектебі
Пәннің аты музыка
Күні 21.11.16. Мұғалім есімі: Мустапаева Дариха Ганиевна
Сынып 3«А» 23 оқушы Қатысқандар саны:23 Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: : Оқушыларға Оркестрдің құрамындағы аспаптармен таныстыра отырып күй өнерінде алатын орны мен құдіреті туралы толық мағлұмат беру және оқушыларды аспаптық өнердің өмірде алатын орны зор екендігін дәріптеу. 
Барлық оқушылар:Оркестрдегі аспаптар туралы біледі, ажырата алады.
Оқушылардың басым бөлігі: музыканы түсінеді, тындағанды ұнатады.
Кейбір оқушылар: Қазақ халқының ұлттық аспаптарын тындай отырып оладың ұрмалы,үрлемелі,ішекті ,ыспалы аспаптарға жіктеп күй өнерін бай екендігін оқушыларға аспапты есту,тындау ,есте сақтау арқылы қабілеттерін дамыту.
Ынтымақтастық атмосферасы
Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)
Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)
Армысың, менің досым!2. Топқа бөлу санау арқылы
Жоспарланған уақыт
45 мин Жоспарланған жаттығулар: Қарлы кесек әдісі,қызығушылықты ояту, «Ой қозғау» әдісі.
Басталуы
Қарлы кесек әдісі Үй тапсырмасын сұрау
1 - Домбыра аспабының қандай түрлері пайда болды ?
2 - Домбыра ампабының өзі қандай өзгеріске ұшырады?3- Қобыз аспабының қандай түрлері пайда болды?
4.- оркестрдің құрамына кіретін қандай аспаптарды білесіңдер?
5 -ркестрдің құрамында нешеге жуық орындаушы болады? 
Ортасы
Сергіту сәті
АКТ
Мағынаны тану Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік. Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі. Алға, артқа қарадық та – үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік. Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Отырайық көңілді енді марқайтып. /Б.Бөрiбаев/ 
Оркестрдің құрамындағы аспаптар.оркестірдің құрамында көптеген аспаптардың жиынтығы болуы керек.Оркестірде 40-қа жуық адам-музыканттардан құралған топ.Оркестірде ішекті аспаптар болып бөлінеді: Домбыра,Шертер,Шіңкілдек,Жетіген,Бас домбыра .Ұрмалы аспаптар: Дауылпаз, Даңғыра,Тұяқ, Дабыл, Асатаяқ. Үрлемелі аспаптар:Сыбызғы,Сазсырнай, Мүйізсырнай,Тастауық, Үскірік, Ұран. Ыспалы аспаптар:Прима қобыз, қыл қобыз, Виолончель. Сілкіп ойнайтын аспаптар: Қоңырау, Шылдырмақ ,Асатаяқ аспаптары жатады.Оркестрдің жетекшісі болады.Оны –дережер деп атайды.


Күй тындау: Аңшының зары, Адай, Алатау, Махамбет.

Нота сауатымен жұмыс. Ноталарды дұрыс орналастыру.Скрипка кілті немесе қандай кілт
деп айтамыз? До, Ре,Ми,Фа,Соль,Ля,Си -ноталардың орналасу тәртібі.  

Дауыс жаттығулары:
1. Тыныс алу жаттығуы
2. Ли-ли-ли-ли,
3. Ма,ме ми,мо,му.
Аяқталуы
Ой толғаныс Ән айту: «Келді ,міне ,жаңа жыл» 
1.әнді тыңдау.
2. Әнді динамика мен орындау.
3. Дыбыстарды таза айтуға үйрету .
1 - оркестрдің құрамына кіретін қандай аспаптарды білесіңдер?
2-Оркестрдің құрамында нешеге жуық орындаушы болады?
3.Үрмелі аспаптарды ата?
4.ұрмалы аспаптарды неден жасаған?
5.Ішекті аспаптар мен ыспалы аспаптарды ажырату? 
Саралау – (Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?)
Бағалау – (Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Кітаптағы ой Менің қосарым
Пән аралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылығын байланысы
АКТ, қарлы кесек, ой толғаныс
Еңбек, әдебиеттік оқу, математика
Рефлексия –
Қойған мақсатыма жеттім, оқушылырдың сабаққа деген қызығушылығы артты, сабақты толығымен түсінді.
Сабақтың оқу мақсатын шынайы ма? Шынайы, өйткені сабақ балаларға қызықты болды.
Бүгін оқушылар не білді? Оркестр құрамындағы аспаптар туралы білді.
Сыныптағы ақуал қандай болды? Көтеріңкі күйде болды.
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Тиімді болды. АКТ
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Үлгердім нақты тапсырмалардын орындалуында.
Мен өз жоспарларыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Ешқандай түзетулер еңгізбедім.
Қорытындылау
Кері байланыс
Үй тапсырмасы: Оркестр құрамындағы аспаптар туралы білу, «Келді, міне, жаңа жыл» әнді жаттау
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1)Қарлы кесек
2) АКТ
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
Визуалды, шынайы аспаптарды көру.
2) Кері байланыс
Сабақ барысында мен сыныптағы жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін не білдім?
1) көзбен көріп, қолдарымен ұстап көру
2)әнге уақытты бөлуді
Тексерілді: 21.11.16.