Т?рбие са?аты: «Батырды? аты ?лмейді..»


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Технологиялық колледж
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
0329565«Батырдың аты өлмейді...»
«Батырдың аты өлмейді...»

Орындаған: машықкер-
Мұқамбетжанова Ж.Б
Тексерген: ТІЖ директордың
орынбасары - Гильманов Г.К
Орал- 2015
Тақырыбы: «Батырдың аты өлмейді..»
Мақсаты:Білімділік: Ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту. Өзін – өзі ұстау әдебіне қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ерен еңбегімен ел есінде қалған жерлестер есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау. Олардың ел жадындағы, ерең еңбектерін жас ұрпаққа ұғындырып, патриоттыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: Кездесу
Барысы:
9 - мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай Технологиялық колледжінің 6- топ студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ҰОС ардагері Гарифолла атаның үйіне қонаққа бардық. Келісімен атаның екі қызы бізді жылы шыраймен қарсы алды. Ата ең бірінші үстіндегі медальдарға толы пиджагін көтеріп көруді өтінді де, былай деді: "Қараңдар қандай ауыр, ал соғыс бұданда ауыр болды". Кейін өзінің басынан өткен соғыс тарихын айтты. Бəріміз жұмыла кірісіп тыңдадық...

"Мені 18-жасымда зауытта жүк түсіруші болып жұмыс жасап жүрген кезімде соғысқа шақыртты, 1- жыл дайындықтан өттік, кейін Сталинградқа жөнелтті, онда бізді барлауға жіберді. Қара суықта тоңсақта, немістерге көрінбеу үшін белге дейінгі тереңдіктегі суға тығылдық, көп күндер суда тұрған мен ауыра бастадым, дене қызуым көтеріліп, басым айналды, біресе қалтырап тоңып, біресе дененің ыстық температурасы ыстықтатты, алайды тапсырманың соңына дейін шыдадым. Біраз уақыттан соң біз екі немісті қолға түсіріп, тұтқынға алдық. Командирім «сен жасың, қайратың əлі керек»- деп, қасыма тағы бір солдатты жіберіп, жасаққа қайтуға бұйрық берді. Екі неміс солдатын тапсырған соң, бірден госпитальге түстім. Бір ай жарым уақыттан соң ғана шықтым, маған "соғысқа жарамайды" деген қағазды берді, содан соң мен еңбек жасағында болдым.
Жеңіс күніне жақын 1945 жылдың сəуірінде еліме оралдым. Ол кезде мен 21- жаста едім. Кейін соғыстан соң үйлендім, қыздарым, немере - жиенділі болдым. Шоферлық қызмет атқардым, ел, жер көрдім" деп сөзін аяқтады.
Кейін өзінің соғыс кездеріндегі құжатары мен алғыс хаттарын көрсетті. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев пен Б.Қ.О әкімі Н.А.Ноғаевтың алғыс хаттары да болды.


1181735-91503500


Ұлы жеңістің 70- жылдық мерейтойына арналған мемлекеттік сыйлығы.



Қазір Ғарифолла ата 91 - жастан. Əлі де тың адам. Бізді көріп шерін тарқатып, ең соңында жылап жіберді.
Менің ұққаным атаның көзінде мұң, қайғы, өткен күндердегі естеліктер мен болашаққа деген зор үміт. Жылап отырып айтқан сөздері еш ұмытылмайтына сенімдімін: "адамды өлтіру қиын, мейлі ол жау болса да, алайда өлтірмесек, өзімізді өлтірер еді...Соғыс болмасын, Құдай сақтасын соғыстан" деп ақылын айтты. Біз болашақ жастар осындай қиындықпен келген жеңістің қадірін білсек деймін.
Кездесу соңында:
«Ел тыныш, жүріп жатсыз ортамыздаҚұрметпен қол жаямыз батаңызға«Шүкір» дейді ақ шашты ардагерлерАйналар өмірі үлгі, аты аңызға » - деп Ғарифолла атадан бата сұрадық.
Кездесу аяқталған соң ардагер атамызға рахметімізді айтып, соғыстағы онан соң бейбітшіліктегі істеріне ризашылығын білдіріп, істерінің біздерге үлгі екенін айтып, ортамызда жиі-жиі қонақ болуларын өтініп, бастарымызды иідік, қос қолын алып құшақтасып, атамызға ұзақ бақытты ғұмыр тіледік. Соңында естелікке фотоға түстік.