Презентация по биологии Жануарлар селекциясы
Жануарлар селекциясы.Қазақстан жануарлар селекциясының жетістіктері Дайындаған: Еркінжас А. Мейрамов А. Тексерген:Калиева А.А.
Жануарлар селекцияысыЖануарлар селекциясының негізіне де өсімдіктердегідей тұқым қуалайтын өзгергіштік пен сұрыптау жатады. Жаппай және жеке сұрыптаулар жануарларға да тән. Алайда жануарлар селекциясының өз ерекшеліктері бар. Олар: жануарлар тек жыныстық жолмен ғана көбейеді; жануарларда ұрпақ саны көп бола бермейді және әрбір жекек даралардың өзінің селекция үшін маңызы болуы мүмкін.Жануарлар селекциясында оның түрлі белгілері мен қасиеттерінің арасындағы байланыстар ескеріледі. Мысалы, ірі қара малдың сүттілігі оның дене бітіміне,қан айналу және тыныс алу жүйелерінің жақсы жетілуіне,т.б. байланысты. Сондықтан малдың тұқымын асылдандыру үшін жаппай сұрыптаудың осындай тәсілі қолданылады. Осылайша бірнеше белгілері бойынша сұраитай жүргізу арқылы біздің елімізде ірі қараның етті бағыттағы-қазақтың ақбас сиыры және сүтті бағыттағы-қырдың қызыл сиырлары шығарылды.
Жануарлардың әр түрлі тұқымдары сыртқы орта жағдайларының өзгерісі мен азықтандыруға бірдей жауап бере бермейді. Мысалы, ірі қараның етті тұқымдарына құнарлы азық берілсе салмағы артады, ал сүтті тұқымдарда сүті молаяды. Сол сияқты жұмыртқалағыш леггорн тауықтарына жемді жақсы берсе, салмағы онша өзгермейді, бірақ жұмырқалағыштық қасиеті артады.Жануарлар селекциясында қолданылатын будандастыру әдістері. Жануарлар селекциясында өсімдіктер селекциясындағыдай будандастырудың үш түрлі әдісі қолданылады: туыстық, туыстық емес және алыстан будандастыру. Туыстық будандастыруда бастапқы форма ретінде бір-біріне туыстығы жақын жануарлар немесе ата-анасы мен ұрпағы алынады. Будандастырудың мұндай түрі организмнің бойындағы кейбір рецессивті гендер арқылы анықталатын белгі-қасиеттерді гомомзиготалы жағдайға келтіру үшін қолданылады. Рецессивті гендердің әсері гетерозиготалы жағдайда білінбейтіндігі Мендель заңдарына байланысты екенін білесіңдер. Ал жақын туыс жануарлардың гендері құрамы жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Сондықтан олардың ұрпағы көбінесе гомозиготалы жағдайда болады.
Алыстан будандастыру. Алыстан будандастыру әдісі тек өсімдіктерде ғана емес,жануарлар селекциясында да қолданыады. Жануарларда да өсімдіктерде-гідей түраралық будандар көбінесе ұрпақсыз болады. Мұндай жағдайда,олар-дың ұрпақ беру қабілетін қалпына келтіру өте күрделі. Себебі жануарларда хромосома санын екі еселеу арқылы полиплоидтерді алу мүмкін емес. Алайда,алыстан будандастыру арқылы алынған будандардың ұрпақсыз болсада шаруашылықтық маңызы бар. Мысалы,бие мен есекті будандастыру арқылы алынған қашырды адам баласы ертеден пайдаланып келеді.Кейбір түраралық будандастырулардан алынатын будан ұрпақ өсімтал келеді. Мұндай жағдайда олар үй жануарларының жаңа түрлерін шығару үшін,яғни селекциялық мақсатта қолданылады.
Алыстан будандастыру әдістің қолданудың нәтижесінде көптеген жетістіктерге қол жетті. Соның бірі,мысалы,қазақстандық ғалымдар: Н.С.Бутарин,Ә.Есенжолв және А.Жандеркиндер биязы жүнді қойларды жабайы арқармен будандастырырып,арқар-меринос тұқымын шығарды. Мұндай қойлар биік таулы аймақтардағы жайылымдарда жайылып,тіршілік етуге бейім келеді. Ондай қасетті олар-арқардан,ал жүнінің биязылығын енесінен-биязы жүнді қойдан тұқым қуалап алған.Қодас пен мүйізді ірі қараны будандастыру бойынша да селекциялық жұмыстар жүргізілуде. Қодас-биік таулы жерлерде өсетін үй жануары. Негізінен күш көлігі ретінде пайдалынылады. Еті қатты,сүті аз,бірақ майлы болып келеді. Мүйізді ірі қара мен қодастың арсынан шыққан будандарда, гетерозиске байланысты еті мен сүтінің сапасы қодасқа қарағанда артық болып шыққан.
Қазақстан селекционерлерінің қол жеткен табыстары.Ірі қара мал тұқымы. Қазақтың Ақ бас сиыры қазақтың жергілікті сиырын қалмақ бұқасымен бұдандастырып, одан алынған ұрпақты Герофорт тұқымымен шағылыстыру арқылы алынған. Қырдың қызыл сиыры — Солтүстік Қазақстанда шыққан бұл тұқым қазақтың жергілікті сиырын Швицкий бұқасымен бұдандастыру арқылы алынған. Симменталь ірі қара малы және Әулиеата ірі қара малы тұқымдары бар
Қой тұқымдары Қазақтың арқар-мериносы. Бұл академик М.Ф. Ивановтың ұсынған әдісі бойынша биязы жүнді қойды таудың тағы арқарымен бұдандастыру арқылы шығарылған, дүние жүзіндегі бір ғана қой тұқымы. Қазақтың арқар-мериносын шығаруда, негізінен, шағылыстырудың сіңіре будандастыру және зауыттық будандастыру тәсілі қолданылды. Үшінші үрпақтың будан қошқарлары қандас саулықтарымен (ата жанынан қуғанда) шағылыстырылады. Осының нәтижесінде төртінші ұрпақ алынды. Бұл ұрпақтың қошқарлары да қандас саулықтармен шағылыстырылды. Бұдан бесінші ұрпақ алынды. Жұмыстағы негізгі мақсат — қойдың тұкымдық жаңа тобын, биік таулы жердің жағдайына бейімделген биязы жүнді қой түқымын шығару болды. Іріктеу және жұп таңдау, басқа да күрделі жұмыстарды орындаудың нәтижесінде қойдың отандың жаңа тұқымы — қазақтын арқар-мериносы шығарылады. Авторлары: Ж.С. Бутарин, А.И. Есенжолов, Е.В. Большакова, А.И. Жандеркин. Республика көлемінде қойлардың бір қатар асыл тұқымдары бар. Олар: қазақтың биязы жүнді қойы, авторы: В.А. Бальмонт. Дегерес қойы — авторлары: В.А. Бальмонт, Т.Б. Бөкенбаев, М.А. Атлетов, Т.С.Садықүлов, А.Б.Байжүманов, т.б. Еділбай қойы—халықтық селекциялық жолмен алынған. Құйрықты қойлардың ең жақсы тұқымы. Жергілікті құйрықты қойлардың тұқымын асылдандыру үшін Еділбай тұқымының таза көпщарларымен бұдандастыру жүргізеді. Қаракөл қойлары көп ғасыр бұрын Орталық Азияда, Бұхарада шығарылған. Қазір қаракөл қойлардың қара, көк, сұр, қызғылт, қызыл коңыр, шатурн түсті түрлері бар.
Жылқылардың тұқымдары:1. Қостанай жылқысы — авторлары: В.А. Хитенов, А. Моторико .2. Көшім жылқысы — авторлары: Ю.Н. Барминцев, А.И. Беляев, М.В. Борисов, С.С. Рзабаев.3. Мұғалжар жылқысы — Ю.Н. Барминцев, И.Н. Нечаев, С.С. Рзабаев, А. Жұмағүлов, Г. Бегімбетова.
Республикамыздың ғылыми-зерттеу мекемелерінде мал тұқымын асылданды-рудың жаңа әдістері де ойластырылған. Мысалы,академик Ф.М.Мұханбетқа-лиевтің басшылығымен Эксперименттік биология институтында дүние жүзі бойынша алғаш рет трансплантация әдісімен қозы алынды. Оның мәнісі-ұрық-танған жұмыртқа жасушасы басқа аналық организмге апарып салынады да содан ұрпақ дамиды. Мысалы,аустралияның биязы жүнді қойының ұрығымен біздің жергілікті қойдың аналығын ұрықтандырып,содан қозы алынды. Бұл әдіс мал тұқымын асылдандырудың жолдарын жеңілдетеді.Трансплантация әдісі-қазіргі уақытта мал шарушылығында кеңінен қолданы-лады.
Назарларынызға рахмет