?оз?алыс жылдамды?ы, ж?рілген жолды? ?зынды?ы ж?не ?оз?алыс уа?ыты арасында?ы т?уелділіктер


Күні: 17.11.2015
Мектебі: №16 қазақ орта мектебі
Сыныбы: 4 «б»
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс жылдамдығы, жүрілген жолдың ұзындығы және қозғалыс уақыты арасындағы тәуелділіктер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қозғалыс жылдамдығы, жүрілген жолдың ұзындығы және қозғалыс уақыты арасындағы тәуелділіктер жайындағы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Балаларды тез әрі шапшаң есептеуге дағдыландыру, тапсырмалар орындай отырып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу, бір - бірімен бірігіп жұмыс жасауға және оларды топпен, жұппен орындауға үйрету.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, тексеру, түсіндіру әдісі, практикалық әдіс, қайталау, ойын элементтерін пайдалану.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: қима қағаздар, ілмелі көрнекіліктер, мадақтамалар, бағалау кестесі(тақтаға ілінеді).
Сабақтың барысы:
Сабақтың
кезеңі Кезең - мақсаты Уақыт
(мин) Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс – әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Оқушыларды түгендеп, оқушылардың зейінін сабаққа аудару (1 мин)
- Сәлеметсіңдер ме оқушылар!
- Отырыңдар. Партада сабаққа қажетті заттар ғана қалсын, артық заттарды алып тастайық.
- Жақсы, бүгін сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ (Не себепті) ? - Сәлемдеседі.
- Орындарына жайғасады.
- Сабаққа қажетті құралдарын дайындайды.
-Кезекші сабақта жоқ оқушыларды (не себепті келмегенін) айтады .
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларды өткен сабақ бойынша тақырыпты қаншалықты түсінгенін тексеру (2 мин)
Үйге берілген тапсырманы тексерейік, барлықтарың дәптерлеріңді ашып қойыңдар, тексеріп шығам. Оқушылар орындаған үй тапсырмаларын дайындап отырады.
Сабаққа дайындық кезеңі (2 мин)
Балалар дәптерімізді ашып, дәптеріміздің сол жақ шетінен жеті торкөз санап, сегізінші торкөзден бастап бүгінгі күнді және сынып жұмысы деп жазамыз.
Барлығымыз күнді жазып болсақ дәптеріміздің сол жақ шетінен екі торкөз тастап, үшінші торкөзден бастап «17» санын көркем жазумен жазайық.
Оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз “Миллион кімге бұйырады?”сайыс сабағы түрінде өтеді. 2 қатарға бөлініп тапсырмаларды орындаймыз. Әр тапсырманы шығарған сайын, тақтадағы кестеге “3”,“4”,“5” қойылуы арқылы есептеледі. Оқушылар дәптерлерін ашып, дәптердің сол жақ шетінен жеті торкөз санап, сегізінші торкөзден бастап
күнді және сынып жұмысы деп жазады.
Содан кейіндәптерлерінің сол жақ шетінен екі торкөз тастап, үшінші торкөзден бастап «97» санын көркем жазумен жазады
Ойын шартымен танысады
Қайталау тапсырмалары
Тақтамен жұмыс
Тақтамен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Рефлексия
Кестемен жұмыс
Рефлексия
Тақтамен жұмыс
Рефлексия
Тақтамен жұмыс
Рефлексия
Тақтамен жұмыс
Рефлексия
Бекіту кезеңі
Рефлексия Берілген есептер бойынша оқушылардың жылдамдығын, ойлау қабілеттерін арттыру.
Оқушылардың есеп шығару барысындағы жіберген қателіктерін жөндеп, түзетіп отыру.
Оқушылар жекелей жұмыс істеу барысында есепті тез әрі жылдам шығаруға үйренеді.
Оқушылар жекелей жұмыс істеу барысында есепті тез әрі жылдам шығаруға үйренеді.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, шапшаң есеп шығаруға дағдыландыру
Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, шапшаң есеп шығаруға дағдыландыру
Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, шапшаң есеп шығаруға дағдыландыру
Өткен тақырыптар бойынша, білімін тексеру
(2 мин)
(4 мин)
(2 мин)
(2 мин)
(3мин)
(5 мин)
(4 мин)
(2мин)
(4 мин)

Ал, енді балалар, оқулығымызды ашып 1-тапсырманы орындайық.
№1- тапсырма. Есептердегі мәліметтерді кестеге жаз. Есептерді шығар және кестені толтыр. Әр қатардан тақтаға 2 оқушы шықсын. Қай топ жылдам әрі, қателеспей шығарады соған жақсы балл қойылады.
Ұзындық (арақашықтық) Уақыт Жылдамдық
1) 2) 3) Конькимен сырғанаушы 25 секундта 200 м сырғанады. Ол қандай жылдамдықпен сырғанады?
Автобустың жылдамдығы 48 км/сағ. Автобус 3 сағатта неше километр жол жүрді?
Егер жолаушы пойызы 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, 420 км жүрген болса, ол жолда нешше сағат болды?
Жақсы балалар. Келесі тапсырманы 3 қатар бойынша әр қатар өз тапсырмаларын орынында орындап әр қатардан 3 оқушы тақтаға келіп тез-тез тақтада ілінген плакатқа тез - тез жауабын жазыңдар. Жасырын сөзді бірге табайық.
№2 –тапсырма. Жасырын сөзді анықта.
Қатар
1302∙3 2004∙2 1342∙2 100:25 1032∙3
ө к к і Л
4008 3906 3096 4 2684
2- қатар
5500÷25 320·6 25·65 6996÷3 1566·4
м у т и н
220 2332 6264 1920 1625
Бірінші болған қатарға жоғары балл қойылады.
Балалар біз жаңа қандай амалдарды орындадық? Барлығы түсінікті ме? Олай болса барлығымыз №3 –тапсырмаға назар аударайық. Әр қатар орындарында орындап жіберіп, болған оқушы ауызша жауабын оқиды. Қай қатардың мүшесі оқыса соған балл қосылады. Кестелерді толтыр.
а 96 ц 31 500 кг 29 250 кг
520 ц - а d 64 т 81 500 кг 92 326 кг
116 т + d Балалар жаңа ғана біз қандай тапсырма орындадық? Қандай шамалармен жұмыс істедік, естеріңе түстіме?
Келесі тапсырманы 2 қатар бойынша бір- бір оқушы орынымыздан ауызша айтып жібереміз.
№4 –тапсырма. Есепте және тексер
1 қатар
2301 ∙ 6 =
2321 ∙ 2 =
2-қатар
3250 ∙ 7 =
1622 ∙ 3 =
Біз жаңа ғана қандай амалдарды орындадық? Барлығыңа түсініктіме? Көп таңбалы сандарды 1 таңбалы санға көбейту жолдары естеріңе түсті ме?
Жақсы балалар. Енді барлығымыз 5-тапсырманы, әр қатардан бір бір оқушы шығып, екі бағаннан орындап жіберіңдер.
5. 8 сағатта жүрілген жол бойынша жылдамдықты тап:
Жүрілген жол ұзындығы 440 км 696
км 728
Км 744
км 64
км S км
жылдамдық
Өте жақсы, балалар! Енді оқулығымыздағы №6 есепті шығарайық. Бір рет іштеріңнен оқып шығып. Дайын болған оқушы өз қатары атынан есепті тақтада талдайды. Тақтаға шықпас бұрын бір оқушы бізге дауыстап оқып берсін.
№6- есеп.
Мотоциклші 42 км/сағ жылдамдықпен 336 км жол жүрді. Қайтар жолға ол 1 сағ кем жұмсады. Кері қайтқанда мотоциклші қандай жылдамдықпен жүрді?
Есеп не жайында айтылған?
Есепте не белгілі?
Есептің шарты:
Мотоциклші 336 км жолды қандай жылдамдықпен жүрді?
Есепте нені табу керек?
Есептің жауабын бірден таба аламызба?
Бірінші амалда нені табамыз?
Қандай амалмен шығарылады? Неліктен?
Екінші амалда нені табамыз?
Қандай амалмен шығарылады? Неліктен?
Үшінші амалда нені табамыз?
Қандай амалмен шығарылады? Неліктен?
Есептің шешуін өзбеттерінше 3 амалды қолдана отырып жазу.
Жауабын тұжырымдау.
Біз жаңа ғана қандай есеппен жұмыс жасадық? Барлығыңа түсініктіме? 3 таңбалы сандарды 1 таңбалы санға бөлу жолдары естеріңе түсті ме?
Олай болса барлығымыз №7 есепке назарымызды аударайықшы.
Бір рет іштеріңнен оқып шығып. Дайын болған оқушы өз қатары атынан есепті тақтада талдайды. Тақтаға шықпас бұрын бір оқушы бізге дауыстап оқып берсін.
№7- есеп. Автобус 57 км/сағ жылдамдықпен 4 сағ жол жүрді.Ол тағыда осы жүрілген жолдан 3 есе кем жол жүруі тиіс. Автобус тағы қанша жол жүруі тиіс?
Есеп не жайында айтылған?
Есепте не белгілі?
Есептің шарты:
Автобус 57 км/сағ жылдамдықпен неше сағ жол жүрді.
Есепте нені табу керек?
Есептің жауабын бірден таба аламызба?
Бірінші амалда нені табамыз?
Қандай амалмен шығарылады? Неліктен?
Екінші амалда нені табамыз?
Қандай амалмен шығарылады? Неліктен?
Есептің шешуін өзбеттерінше 2 амалды қолдана отырып жазу.
Жауабын тұжырымдау.
Біз жаңа ғана қандай есеппен жұмыс жасадық? Барлығыңа түсініктіме? 3 таңбалы сандарды 1 таңбалы санға бөлу жолдары естеріңе түсті ме?
Енді барлығымыз№ 9- тапсырмаға назарымызды аударайық.
Тік төртбұрыштың периметрлі 28 см, оның ұзындығы 8 см болса, тік төртбұрыштың енін тап.
Тік төртбұрыштың ауданы 42 см3.Оның ені 6 см. Тік төртбұрыштың ұзындығын тап.
Біз жаңа ғана қандай шамалармен жұмыс жасадық? Барлығыңа түсініктіме?
Олай болса барлығымыз №12 тапсырманы 2- қатар бойынша бөліп орындаймыз. Бірінші болған топқа жоғары балл қойылады.
1-қатар
1.Егер түйе жарты сағатта 18 км/сағ жүрсе оның жылдамдығы ____км/сағ болады.
2-қатар
2.Егер Африка түйеқұсы 38 км/сағ жылдамдықпен жүгіретін болса, ол жарты сағатта ____ км жүреді.
Үшіңшісін қай қатар бірінші шығарат соған бал қойылады.
3.Егер машина 1 сағатта 60 км жол жүрсе, ол 1 минутта ____ км жол жүрді.
Олай болса 2 қатар бойынша барлық жинаған ұпайларымызды санап, жеңімпаз топты табайық.
Әр қатардың ұпайларын санап, көп ұпай жинаған қатарға 1000000
Орташа жинағанға 500000
Төмен жинағанға 250000 чек беремін Оқушылар оқулықтағы №1 тапсырманы орындайды. Тақтаға 2 оқушы шығады. Қалған оқушылар дәптерлеріне орындап отырады.
Ұзындық (арақашықтық) Уақыт Жылдамдық
1) 200 м 25 с 8 м/с2) 144 км 3 сағ 48 км/сағ
3) 420 км 7 сағ 60 км/сағ
Дәптерлеріне орындап, тақтада ілінген плакатқа жауабын жазып, жасырын сөзді табады.
1302∙3=3906 2004∙2=4008
1342∙2=2684 100:25=4
1032∙3=3096

4008 3906 3096 4 2684
к ө Л і к
220 2332 6264 1920 1625
м и н у т
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту
а 96 ц 31 500 кг 29 250 кг
520 ц - а 424 ц 205 кг 227 ц 50кг
d 64 т 81 500 кг 92 326 кг
116 т + d 180 т 197 т 500 кг 208 т 326кг
Біз масса бірліктерімен жұмыс істедік.
Оқушылар қима қағаздағы амалдарды орындап, дәптерлеріне жазады.
1-қатар
2301 ∙ 6 = 13806
2321 ∙ 2 = 4642
2-қатар
3250 ∙ 7 = 22750
1622 ∙ 3 = 4866
Біз бұл тапсырмада көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту жолдарын қарастырдық.
5-тапсырманы дәптерлерінен тез орындап жібереді.
Жүрілген жол ұзындығы 440 км 696
км 728
км 744
км 64км S км
жылдамдық 55 км/сағ 87 км/сағ 91 км/сағ 93 км/сағ 8км/сағ
Мотоциклші жайында
Мотоциклші 42 км/сағ жылдамдықпен 336 км жол жүргені белгілі
42 км/сағ-336 км
Жылдамдық-?
Мотоциклші 336 км жолды 42 км/сағ жылдамдықпен жүрді
Кері қайтқанда мотоциклші қандай жылдамдықпен жүрді?
Есептің жауабын бірден таба алмаймыз, себебі бізге мотоциклшінің 336 км жолды қанша сағатта жүріп өткені белгісіз?
Мотоциклші 336 км жолды неше сағатта жүріп өткенін
Бөлу амалын қолданамыз, себебі жүрілген жолды жылдамдыққа бөлеміз
Қайтар жолға неше сағат жұмсағанын
Азайту амалын қолданамыз, себебі барған жолға жұмсалған уақыттан 1 сағ азайтамыз
Кері қайтқанда мотоциклші қандай жылдамдықпен жүргенін
Бөлу амалын қолданамыз, себебі жүрілген жолды қайтар жолға жұмсалған уақытқа бөлеміз.
13) 336 : 42 = 8 сағ
8 – 1 = 7 сағ
336 : 7 = 48 км/сағ
Кері қайтқанда мотоциклші 48 км/сағ жылдамдықпен жүрді
Автобус жайында
Автобус 57 км/сағ жылдамдықпен 4 сағ жол жүргені белгілі
57 км/сағ-4сағ
Жол -?
Автобус 57 км/сағ жылдамдықпен 4 сағ жол жүрді
Автобуспен тағы қанша жол жүруі тиіс?
Есептің жауабын бірден таба алмаймыз, себебі бізге 57 км/сағ неше км жол жүріп өткенін
Көбейту амалын қолданамыз, себебі жүрілген жолды сағатқа көбейтеміз
Қайтар жолға неше сағат жұмсағанын
Бөлу амалын қолданамыз, себебі жүрілген жолды қайтар жолға жұмсалған уақытқа бөлеміз.
57 ·4 = 228 сағ

228 : 3 = 76 км/сағ
11) Кері қайтқанда мотоциклші 48 км/сағ жылдамдықпен жүрді
28-16=12
12/2=6 см
42/6=7 см
1-қатар
18 / 0,5=36 км/сағ
2-қатар
38 / 0,5=19 км/сағ
60 / 60= 1 км
Үй тапсырмасы Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгендіген анықтау, өз бетімен жұмыс жасай алуын тексеру. (2мин) № 8, 10. Күнделігімізді ашып жазып аламыз. Күнделіктеріне үй жұмысын жазу.
Сабақты қорытындылау
Рефлексия
(3мин) Сонымен бүгінгі сабақта қандай тапсырмалар орандадық?
Нені үйрендік?
Сабақ несімен ұнады?
Әр түрлі қызықты тапсырмалар орындадық.
Бағалау Оқушылардың білімін шыңындау,алға қарай тарту (2 мин) Оқушыларға сабаққа қатысу белсенділіктеріне бағалау Бағаларын күнделікке қойғызып,
Мұғаліммен қоштасып, қоңырауға шығады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Сабақ жоспары
Тақырыбы: Қозғалыс жылдамдығы, жүрілген жолдың ұзындығы және
қозғалыс уақыты арасындағы тәуелділіктер

Орындаған: Буконева Сымбат 3-инфо-1
Тексерген: № 16 қазақ орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Машаева Г.М____________
Әдіскер: Байбатырова Т.К_________
Өскемен, 2015 жыл