Ашы? саба?: Радиактивті с?улелерді? пайда болу таби?аты


Сынып: 9 «а» Күні Физика
Сабақ тақырыбы Қайталау сабағы «Радиактивті сәулелердің пайда болу табиғаты»
Жалпы мақсаты Радиоактивтік сәуле шығарудың табиғаты туралы негізгі ұғымдарды еске түсіреді, есеп шығарып жаттығады, есеп шығару арқылы білімдері бекиді, белсенді іс-әрекетке тартылады.
Оқу нәтижесі
Ыдырау заңдарына есеп шығара алады, альфа, бета, гамма сәулелердің қандай бөлшектер ағыны екенін біліп шығады.
Түйінді нәтижелер алған білімдерін өмірде қолдана алады
Ресурстар
АКТ, кеспе қағаздар, флипчарт, коллаж , суреттер, қобдиша
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Оқушылар немен айналысады
1.Ұйымдастыру кезеңі, сыныпты түгендеу.
2. «Сынып қайтала» ойыны - дене қимылдарын жасау арқылы сергіту сәті
3. Зейіндерін сабаққа аудару. 1. Кезекші есеп береді.
2. Мұғалімнің іс-әрекетін қайталайды, қимыл-қозғалысқа келеді.
3. Оқу-құралдарын дайындайды.
Үй тапсырмасы
Мұғалім немен айналысады
Оқушылар немен айналысады
Жекелеген оқушыға алдын-ала үйге тапсырма берілген. Соны сұрайды.
«Музыкалы қобдиша» арқылы сұрақ қояды. (әрбір сұраққа жұлдызша беріледі.) Оқушы үйден дайындап келген мәліметпен қалған оқушыларды таныстырады.
Сұраққа жауап береді.
Сабақ барысы
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Оқушылар немен айналысады
Жеке жұмыс. Кеспе қағаздарда берілген есептерді оқушыларға ұсынады. (әрбір шығарған есепке жетон беріледі) Оқушылар кезектесіп тақтаға шығарады.
Сабақты бекіту
«Сәйкестендіру» тесті
Кілті: 1С,2А,3С,4А,5А,6В,7А,8С,9С,10Д
(әрбір дұрыс жауапқа жетон беріледі.) Оқушылардың іс-әрекеті
1.Тестті сәйкестендіреді
Бір-бірінің тестін тексереді.
Сабақты бағалау
Мұғалім өзі сабақ бойы қалыптастырушы бағалап отырады. Сабақ соңында қорытынды бағасын қояды. Оқушылар бір-біріне коллаж құрастырып, бүгінгі жұмыстарын қалыптастырушы бағалайды. Әрбірі көршісінің алған жетондарын постерге жапсырып, суреттерден коллаж құрастырады.
Үй тапсырмасы Кері байланыс: Екі жұлдыз бір тілек Оқушылар бүгінгі сабаққа тілегін,келесі сабаққа ұсыныстарын коллаждағы конвертке салады
Сабақ бойынша өзгертулер
Рефлексия
Сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Бұл сабақта алдыға қойылған мақсат пен күтілетін нәтижеге жету үшін сабақта жоспарланған тапсырмалардың барлығы ретімен өтілді. Балалар тапсырмаларды қызыға орындады. «Музыкалы қобдиша» арқылы сұраққа жауап беру балалардың сабаққа тартыла түсуіне себепкер болды. Ал жеке кеспе қағаздар бойынша есептерді тақтаға жарыса шығару және әрбір есеп пен сұрақ-жауап үшін жетон алып отыру олардың арасындағы бәсекелестікті тудырды. Сабақ бойы оқушылар жетон арқылы қалыптастырушы бағаланып отырды. Ал сабақ соңында әрбір оқушы өзінің көршісіне коллаж құрастырды. Бұл жердегі ерекшелік балалар бір-бірін бағалау парағы арқылы бағалаған жоқ. Олар көршісінің жетондары арқылы коллажды құрастырғанда кімнің қаншалықты жұмыс атқарғаны, бүгінгі сабақтағы бағасы айқын көрініп тұрды.