Математика. ?ткенді пысы?тау. Геометриялы? фигуралар. 2-сынып
Математика
Мерзімі 21-мамыр 2011-2012 оқужылы
Сабақтың атауы Өткенді пысықтау. Геометриялық фигуралар. Көпбұрыштардың периметрі.
Жалпы мақсаты Геометриялық фигуралар туралы және көпбұрыштардың периметрін табу арқылы өткен білімдерін пысықтау.
Оқыту нәтижесі Геометриялық фигураларға қандай фигуралар жататынын біледі. Көпбұрыштардың периметрін тауып, шаршы және тік төртбұрыштардың қасиеттерін айта алады және периметрін таба алады.
Негізгі идеялары Топпен жұмыс жасату арқылы оқушыларды ұйымшылдықпен жұмыс атқаруға шақыру. Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу. Геометриялық фигуралар туралы толық мағлұмат беру.
Тапсырмалар Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже Көрнекілік, слайд, видео
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды ұйымдастыру.
Түрлі-түсті жұлдызшалар арқылы топтарға бөлу, топ басшыларын сайлау.
Құмырсқалардың ұйымдасқан еңбегінің арқасында салған пирамида туралы бейне-материалды көрсете отырып, оқушыларды ұйымшылдыққа шақыру.
Сабағымыздың мақсаты біліміміз арқылы пирамида құрастыру екендігін түсіндіру. Әр тапсырманы орындау арқылы пирамида құрамыз. Оқушылар көрген бейне-материал арқылы не түсінгендерін айтып, топпен жұмыс жүргізуге тартылады. 1-слайд
Видео: Муравьи
5 мин
2-4-слайд
2-мин
Бағалау критерийі Бағалау критерийі:
1. Геомериялық фигуралардың түрлері.
2. Көпбұрыштардың периметрін табу.
3. Деңгейлік тапсырмалар. Өздерінің жұмыстары қалай бағаланатынын түсінеді.
Тапсырмаларды орындаған оқушыларға жұлдызшалар беріліп отырады. 3-слайд
2-мин
Үй тапсырмасы Өткенді қайталау.
-Геометриялық фигураларға нелер жатады?
-Көпбұрыштар деп қандай фигураларды атаймыз?
-Шаршының, тік төртбұрыштың қандай қасиеттері бар? Геометриялық фигуралар: сәуле, шеңбер, шаршы, бес бұрыш, кесінді, сынық сызық, нүкте, үшбұрыш, түйықталған қисық сызық, ромб, қисық сызық, төртбұрыш.
Шаршының барлық қабырғалары тең, ал тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең болады. 5-слайд
5 мин
Ауызша есептеу Ауызша есептеу:
100-64, 58+45, 250-150, 160+540, 1000-360, 48+9, 60-4
Оқушыларға арнайы тапсырмаларды орындау үшін тапсырма парағы берілді. Оқушылар берілген өрнектерді ауызша есептеп айтады. 6-слайд
3 мин
1-тапсырма Сөзжұмбақ шешу.
1.Үш төбесі бар, үш қабырғадан тұратын геометриялық фигура.
2. Қарама-қарсы қабырғалары тең болатын геометриялық фигура.
3. Төрт төбесі, төрт қабырғасы бар геометриялық фигура.
4. Бес қабырғасы бар геометриялық фигура.
5. Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық фигура. Үшбұрыш, тік төртбұрыш, ромб, бесбұрыш, шаршы. 7-слайд
3-мин
2-тапсырма 1-топ: Тік төртбұрыштың периметрін табу.
2-топ: Шаршының периметрін табу.
3-топ: Бесбұрыштың периметрін табу.
4-топ: Үшбұрыштың периметрін табу. Әр топтан 1 оқушы шығып тапсырмаларды орындайды.
P=4см+2см+4см+2см=16см
P=3см+3см+3см+3см=12см
P=2см+2см+2см+2см+2см= 10см
P=2см+2см+4см=8см 8-слайд
4 мин
3-тапсырма Интерактивті тақтаға берілген геометриялық фигураларды сызу.
1-топ: Қабырғалары 2см, 3см, 4см болатын үшбұрыш сыз.
2-топ: Қабырғалары 2см, 6см, 4см, 5см болатын төртбұрыш сыз.
3-топ: Қабырғалары 4см болатын шаршы сыз.
1-топ: Қабырғалары 2см, 3см, 2см, 3см, 5см болатын бесбұрыш сыз. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша интерактивті тақтаға геометриялық фигураларды сызады. 9-слайд
4 мин
Сергіту сәтін өткізу
4-тапсырма Карточкалармен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. Оқушылардың қабілеттерінің деңгейіне арналған тапсырмаларды орындап болған соң, оқушылардың жауаптары тыңдалады. 10-слайд
7 мин
5-тапсырма Бейне-көрініс арқылы сұрақтар қойылады. Оқушылар өз жауаптарын айтып, дұрыс жауаптармен салыстырады. 4 мин
Кері байланыс жасау Сұрақтар:
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Несімен?
-Сабақта нені өзгерткің келер еді?
-Саған ең пайдалысы не болды?
-Саған не ерекше қиын болды? Оқушылар өз ойларын айтады. 12-слайд
2 мин
Оқушыларды бағалау Бағалау түрі: Екі жұлдыз бір тілек. Оқушылар қолына жиналған жұлдызшалар арқылы бағаланады. 2 мин
Үйге тапсырма беру №6-270 бет Күнделік толтырады. 1 мин
Шығу парағын толтыру Оқушылардан интерактивті тақтаға өз көңіл-күйлерін білдіру сұралады. Оқушылар өз көңіл-күйлерін білдіреді. 1 мин