Ертенгілік Жомарт к?з «Балд?урен» ша?ын орталы?ыны? т?рбиешісі Кожанбаева А. И.


Ертенгілік «Жомарт күз».
Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.
Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарына жайғасады.
Балалардың қолдарында жапырақтар.
Би: Бипыл
Тәрбиеші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын жүз.
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар ,ата-аналар! Бүгін ортаңғы топтың «Жомарт күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
1-бала: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан- алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап. (Медина)
2-бала: Алақай, алақайШаттанды балақайКүз түсті, дән пістіАйтамыз алғысты. (Тамирис)
3-бала: Берекесін сыйлауғаӨлкемізге күз келдіЖемістерін жинауғаШақырады біздерді. (Арлан)
4-бала: Санай берҚарай берБояуы жүзКелді күз. (Тимур)Ән: «Күз келгенде»
-Қараңыздаршы,бүгін біздің музыка залымыз қандай әдемі болып кеткен.Қолымызға не ұстап келдік?
- Жапырақтар.
- Осы жапырақтарының түсі қандай?
- Сары.
- Балалар жапырақтарының түсі неге сары?
Балалардың жауабы:
- Өйткені күзде жапырақтар сарғаяды.
Тәрбиеші:
- Өте жақсыҒажайып сәт: -Балалар , біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?
(Әуенмен залға күз ханшайымы келеді).
Күз ханшайымы:- Сәлеметсіңдер ме балалар?
Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсінХаншайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен Күз – ханшайымымын.
Сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім.
Әр жапырағымда тапсырмалар.
Тәрбиеші: Балалар, біздің мерекеге күз ханшайымы келіпті, қане барлығымыз тұрып амандасайық. Балалар орындарына тұрып амандасады.
Қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар өнерлі, әрі тапқыр. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Қазір біздің балалар « Күзгі жапырақ» биін билеп береді.
Күз ханшайымы : Жарайсыңдар, балалар! Өркендерің өссін!
Тәрбиеші:
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Асқабақ,қауын, қияр,
Қызылшаға қарашы.
5- бала: Қызықтың ба қиярғаАлда жей бер ұял ма.
Көтергенше берейінҚапшығыңа сияр ма. (Санжар Ж)
6- бала: Асқабақтың дәміТаңдайыма әліКептірілген дәміТаптырмайтын дәні. (Абылай)
7- бала: Жинап жатыр ауылымСап- сары қауынын.
Алмақ едім үлкенінАуырын- ай, ауырын. (Нұрғиса)
8- бала: Мен де бір сөз айтайынМақтанайын сіздергеМенсіз борщ болмайдыВинегредте үстелде. (Алдияр)
Тәрбиеші:
-Өте жақсы.
Көкөністердің бәрідеДенсаулыққа пайдалы,
Мұны жақсы біліңдер.
Ән: « Күз »
Тәрбиеші: Күз ханшайымы , балалардың өнерлері ұнады ма?.
Күз ханшайым: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.
- Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: « Кім жапырақты көп жинайды». Еденде жапырақтар шашылыпжатады. Балалар белгі берілген кезде жапырақтарды жинап шығу керек.
Тәрбиеші: - Өте жақсы, не деген жылдамдық.Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Жапырақтарды жақсы жинадыңдар. Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік. Ойын: «Кім жылдам» ортаға екі ата- ана шығып алмұрт жеу керек. ( әдемі әуенмен ойналады).
-Ал ,енді ортамызға тобымыздың әніші қыздарын шақырайық.
Ән : « Айгөлек» ( Медина мен Лиана, Тамирис)
Тәрбиеші:
Бақ өсіріп көрік беріпЖайқалтамыз алқаптыАлма, жүзім, өрік теріпБіздің бақтан тарапты.
Жемістерді қарсы алайық.
( Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.)
9- бала:
Қызыл өрік, қара өрікБақшамыздың бәрі өрікГүлден көзін алмадыАла таудың қары еріп. (Санжар А)
10- бала:
Шиемін, мен шиемінКүннің көзін сүйемінҚышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін. ( Лиана)
11- бала:
Піскен кезде құлпынай,
Қандай әсем, шіркін- ай. (Тоғжан)
12- бала:
Алма, алма дейсіңАлма берсем жейсің.( Толғанай)
13- бала:
Мен жүзіммін,жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.( Самина)
14- бала:
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Ауызындамын бар жұрттың.( Жанерке)
Күзгі ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл- өрендерім! Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
(Осы кезде әуен ойналады,Күз ханшайымы қоштасып кетеді).
-Қош бол,Күз ханшайымы.
- Енді ортаға тобымыздың ұлдары, жігіт сұлтандары білектерін салып билеп жіберсің!
« Қырманға кел қалқатай». (Ұлдардың биі).
(Азия тобының өлеңімен ұлдар өнерлерін көрсетеді).
Тәрбиеші:
- Бәрекелді, рахмет орындарыңа отырыңдар.
Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.
Міне, балалар осымен « Жомарт күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын,әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.