Презентация Автомат?а к?тім жасау (10 сынып)


Автоматқа күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау 10 сынып Қ.Қалыбеков атындағы орта мектептің АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Кусманов Рустем Шакуұлы Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекегеқабілетті отыз мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Н.Ә.Назарбаев Заманға сай технологияларды (интернет, электрондық почта) меңгерте отырып, Қазақстан Республикасының әрбір азаматына,мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарауына, Конституциялық құқықтарын сақтауға және әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуге жетелеу. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын Отанға деген сүйіспеншілік пен әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау, Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны ретіндегі сезімін қалыптастыру. 1.Қазақ халқының ежелгі қару-жарақтары қандай? Айбалта Қанжар Қылыш Садақ Шоқпар 2. Қазақтан шыққан қандай батырларды білесіңдер? Б.Момышұлы Абылай Бөгенбай Мәншүк Әлия Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның қарулы күштерінде қолданылатын қару-жарақтардың қандай түрлерін білесіңдер? Танк-90 Артиллериялық зымыран Әуе қорғаныс күштеріне қарсы қолданылатын зымыран Зенейіттік зымыран Теңіз күштері қоланылатын зымыран Автоматқа күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау 1 – сүмбі2 – тазалағыш3 – сүрткіш4 – бұрауыш5 - қаққыш 6 – пенал7 – қақпақ8 – майсауыт9 – оқтізер10 - бұрамасұқпа Бөлімшедегі автоматты тазалау: Атысқа дайындық кезінде; Ұрыс алаңында атыс аяқталғаннан кейін; Ұрыстық жағдайда және ұзақ жаттығулар кезінде; Егер автомат қолданылмаса, аптасына 2 рет жүргізіледі; Автоматты тазалау және майлау үшін: Сұйық қару майы: автоматты тазалау және оның болшектері мен механизмдерімен +5 С-тан +50 С-қа дейінгі ауа температурасы кезінде майлау үшін;Қару майы: тазаланған соң, ұңғы арнасын автомат бөліктерімен механизмдерін майлау үшін; бұл майлау жұмыстары ауаның +1 - +5С және одан жоғары температурасында жүргізіледі;ҰТЕ ерітіндісі: ұңғы арнасын тазалау және дәрілі газ әсеріне ұшыраған автоматтың басқада бөліктерін тазалауға арналған;Шүберек немесе КВ-22 қағазы: автоматты сүрту, тазалау және майлау үшін;Талшықтан тазартылған кендір тек қана ұңғы арнасын тазалау үшін ҰТЕ бөлімшелерде бір тәуілік бойы қару тазалауға жететіндей бөлшерде дайындалады. ұңғы арнасын, оқшантайды, ұңғылық тежеуіш – компенсаторды және жалынсөндіргішті тазалығыштың ұшына май сіңірілген шүберек салып майлайды;2. автоматтың қалған металл бөліктерінің бәріне май сіңірілген шүберекпен жұқа қабат май жағады. Бұл ретте шамадан артық майлау бөліктерді ластап, атыс кезінде кідіріс туғызуы мүмкін екенін есте ұстау керек. Қарауыл мен көздеуіштегі ағаш бөліктермен жарқырауық нүктелер майланбайды. майлап болғаннан кейін автомат жиналады, оның бөліктерімен механизмдерінің жұмысы тексеріледі, оқжатарлармен керек - жарақтар майланады, содан соң оны бөлімше командиріне көрсетеді. Автомат оқтаусыз сақталады, бұл ретте оқжатар ажыратылады, сүңгі-пышақ алынады, шүріппе босатылады. Автомат оқтау және атыс жүргізу алдында ғана сақтандырғыштан түсіріледі. Автоматшы автоматты таза және толық жөндемділікте күтіп ұстауы керек. Соққыш ағытқыш механизм жұмысын текесеру кезінде шүріппені артық баспау керек. Автомат казарма немесе далалық жағдайларда сақталынады. Қандайда бір ғимаратта уақытша орналасу жағдайынданемесе әскери бөлімнен көшкенде арнайы жабдықталған үлкен контейнерлерде тасымалданып жүргізіледі. Автоматтарды темір жол немесе су арқылы тасымалдау кезінде арнайы пирамидаларда ұстау керек. Егер вагон немесе пароход пирамидалармен жабдықталмаса, онда автоматты құлап немесе зақымдалмауы үшін қолда неме сөрелерде ұстау қажет. Автоматтың патрондарын құрғақ, мүмкіндігінше күн сәулесі түспейтін жерде сақталынуы керек. Көшіру кезінде патрондарды майлауға тиым салынады. Патрондардың жоғалмауын қадағалау керек. “Кім алғыр” танымдық ойыны бойынша автоматты норматив бойынша шашып жинау “Автоматты тазалау қандай мақсатта жүргізіледі” атты тақырыбында мәнжазба жазу.