Махамбет ?теміс?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы
Пән. Қазақ әдебиеті
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: «Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы»Сабақтың мақсаты: оқушыларға Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту.Міндеттері:Білімділік: ақын өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, өлеңдерінің тақырыбын, идеясын, мәнін ашу.Дамытушылық: іздену қабілетін, ойлау, сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілетін дамыту.Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.Типі: жаңа білімді меңгерту сабағыӘдісі: топтық жұмыс, оза оқыту, ақпаратты технология, сын тұрғысынан ойлау технологиясыКөрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша Орхон ескерткіштері туралы не білетіндіктерін сұраймын.
1. Орхон ескерткіштері қай ғасырда пайда болған? (7ғ)
2. Негізгі ойы не туралы? ( елдің тәуелсіздігі, береке- бірлігі туралы)
3. Оларды алғаш тапқандар кімдер? ( швед офицері Иоганн мен орыс ғалымы Ядринцев)
4. Тұңғыш оқыған кім? (Даниялық ғалым- Вильгельм Томсен)
5. Орысшаға аударғандар кімдер? ( Радлов, Мелиоронский, Малов
6. Күлтегін жырының негізгі кейіпкері кім? ( Күлтегін)
ІІІ. Жаңа сабақ: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығыЖаңа сабақты түсіндіру. Махамбет Өтемісұлы 1804 ж.қазіргіHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%81_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B" \o "Батыс Қазақстан облысы"Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмы деген жерінде туған. — 1846 ж қайты с болды. Қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D1%81%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%B9_%D0%A2%D0%B0%D0%B9%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2" \o "Исатай Тайманов"Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі.1836—38 ж. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D1%81%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%B9_%D0%A2%D0%B0%D0%B9%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B" \o "Исатай Тайманұлы" И. Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі. ақын, күйші, Бала кезінен мұсылманша, орысша, арабша оқыған. Әкесі Өтеміс елге танымал би болған.1824 - 28 ж. Орынбор қаласында HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D3%99%D2%A3%D0%B3%D1%96%D1%80_%D1%85%D0%B0%D0%BD" \o "Жәңгір хан"Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды.
Өлеңдері: «Ұлы арман», «Атадан туған ардақты ер»,«Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. Ол күйші. Оның 11 күйі бар. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы – Исатай. Оның адамгершілігі, батырлығы, азаматтығы туралы жырлайды.
Күйлері: Терезе, Өкініш, Жұмыр қылыш, Қайран Нарын
Топтарға бөлу.
׀V. Логикалық тапсырма: Сөйлемді дұрыс орналастыр.
1 топ
1.Махамбет, күйші, Исатай, ақыны, бастаған, қазақ, көтерілістің, басшысы. (Махамбет қазақ ақыны, күйші, Исатай бастаған көтерілістің басшысы.) 2.Орысша, кезінен, оқыған, бала, мұсылманша (Бала кезінен орысша, мұсылманша оқыған).
2 топ. 1.Болған, әкесі,би,танымал, Өтеміс, елге. (Әкесі Өтеміс елге танымал би болған).
2. Болды,ұлы, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D3%99%D2%A3%D0%B3%D1%96%D1%80_%D1%85%D0%B0%D0%BD" \o "Жәңгір хан"Жәңгір ханның, қаласында Зұлқарнайынның, 1824 - 28 ж. , Орынбор, қасында
(1824 - 28 ж Орынбор қаласында HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D3%99%D2%A3%D0%B3%D1%96%D1%80_%D1%85%D0%B0%D0%BD" \o "Жәңгір хан"Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды)
V. 2- тапсырма Өлеңді буынға бөліп жаз.
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай
Ерлердің ісі бітер ме?
Vl. 3 тапсырма . Мәнерлеп оқу сайысы: Екі топ мәнерлеп оқиды.
4- тапсырма. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аудар.
1- топ . 1. Махамбет Утемисулы казахский поэт и батыр. 2.Первые знания Махамбет получил в медресе. 3. М. Утемисов родился в Букеевской Орде на территории Западного Казахстана. 4. Когда Махамбет стал популярен в народе, Жангир хан захотел подчинить его своей воле и запретил слагать стихи против власти.
2-топ. 1. Махамбет Утемисов великий казахский поэт, батыр. 2. Махамбет получил всестороннее мусульманское образование, хорошо владел русским языком и грамотой. 3. Последние годы жизни акын провел в ауле. 4. В конце концов ханские приспешники подлым образом убили поэта. В памяти народа Махамбет остался борцом за свободу, независимость, справедливость.
Vll. 5- тапсырма . Мақал мәтелдер. Батырлар туралы. Сәйкестендір,аудар.
1 топ. 1. Батыр туса ел ырыс, жаңбыр жауса жер ырысы
(Дождь пойдет земле счастье, батыр родится народу счастье,)
2. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі. ( Герой рождается на счастье народу, и умирает за народ)
3. Болат қайнауда, бат ыр майджанда шынығады. ( Сталь закаляется в огне, батыр на войне)
2 топ. 1. Ерлік білекте емесе, жүректе( Храбрость не в силе, а в сердце)
2. Арыстанды арынстандай жігіт алар ( Льва одолеет джигит с львиным сердцем)
3. Батырлық айқаста танылар ((Поле боя называет имя героя)
Vill. Сөзжұмбақ «Махамбет»
1. ручка - қалам
2. хлеб- нан
3. письмо- хат
4. мама- ана
5. кошка- мысық
6. ребенок- бала
7. дверь- есіК
8. доска- тақта
Қ А Л А М
Н А Н
Х А Т
А Н А
М Ы С Ы Қ
Б А Л А
Е С І К
Т А Қ Т А
lX. Топтастыру әдісі
Батыр, күйші, ақын, көтерілісті басқарушы, 1804 жылы туды, 1804 жылы қайтыс болды, досы Исатай, арабша біледі, мұсылманша оқыған
X. Тест сұрақтары:
1. Махамбет қай жылы туды?
А) 1803 ә) 1810 б) 1818
2. Қай жылы қайтыс болды?
А) 1870 ә) 1846 б) 1850
3. Махамбеттің досы
А) Марат ә) Иса б) Исатай
4. Мапхамбеттің неше күйі бар?
А) 11 ә) 15 б) 20
5. Махамбеттің күйінің атын белгіле
А) Балғын ә) Қобыз б) Өкініш
6. Махамбет қай тілді білген?
А) араб ә) татар б) қырғыз
7. Махамбеттің өлеңін тап
А) Жала ә) Жаз б) Соғыс
8. Махамбет кім?
А) әйгілі ақын ә) суретші б) композитор
9. Махамбет қай облыста туды?
А) Қарағанды ә) Қызылорда б) Батыс Қазақстан
10. Махамбет бірінші білімді қайда алды?
а) медреседе ә) мектепте б) белгісізXl. Үйге тапсырма: Өмірбаянын оқу. Өлеңдерін мәнерлеп оқу, «Қызғыш құс» жаттауXll. Бағалау.