?ош бол ?асиетті мені? ?ліппем атты ерте?гілігі 1 сынып


Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету.Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу.Өзін - өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.І-жүргізуші:  Ассалаумағалейкум, ағайындар!ІІ-жүргізуші:  Армысыздар аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
І-жүргізуші:  Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!ІІ-жүргізуші: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан әліппе оқулығын бітірдік.
І-жүргізуші: Олай болса, бүгінгі «Қош бол қасиетті менің Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
ІІ-жүргізуші:  Той-той демекші,Тойға бүгін себепшіТойда өзі болмаса ,Ортаға өзі шықпаса .Қайда сәні бұл тойдың?І-жүргізуші: Уа,халайық!Саханаға шақырайық қол соға.Сүйікті біздің ұстазды ,Шәкірттермен ортаға.
Хормен: Үлкенге де сіз,Кішіге де сіз.Қонақтарды құрметтеп,Бас иеміз біз.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ертеңгілікке келіп отырған қонақтар, ардақты ұстаздар, қадірменді ата - аналар. Бүгін сіздерге Абай атындағы қазақ орта мектебінің 1 "Б"сынып оқушыларының әзірлеген « Қош бол қасиетті менің Әліппем!» — атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!
Өсті міне бойларыңӨсті ақыл ойларыңҚуанышқа ортақпынҚұтты болсын тойларың!Өтті оқу сан сабақ ,Бүгін үлкен салтанат.Оқулықпен достассақ,Әліппемізбен қоштаспақ.2 - жүргізуші: Бүгінгі ұлы мерекегеҚош келіпсіз бәріңіз деӘліппемен қоштасамызАна тілмен достасамыз
1 - жүргізуші: Қазақстан елініңБалдырғаны боламызМақтанышы болатынБолашағы ұланбыз.
2 - жүргізуші: Іші толған әріпкеБілімдегі жарық не?Барлығы: Болашаққа жол ашар,Ол сүйікті, Әліппе!Мұғалім: - Қымбатты балалар, алғашқы қолға ұстаған Әліппені ортамызға шақырайық. Онсыз біздің тойымыз қызықсыз болар.Бәрі: - Әліппе (3рет)
Әліппе: Армысыздар, жас достар,Армысыздар ата – анаБолашаққа жол бастарӘліппеңіз мен боламБілім деген ғажаптыңӘліппесін меңгергенКелешегі қазақтыңБасталады сендерден.
Жеміске құты толама,
Бір бірлеп теріп алмаса?
Әп- сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнін ойласаң?
Білімде сондай қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал білім боларын
Шам шырағың жолыңда
 Көлге ойнаған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пең?
Том том қалың кітаптың
Басы болар “Әліппең
- Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Ал, енді бүгін маған өз білімдерің мен өнерлеріңді көрсетіңдер.Ән: Әліппе
-Тук,тук,тук -Кім бұл ?-Бұл менмін Почташы Пешкин .1 б сыныбына посылка алып келдім-Ой,қалай жақсы болды ,бізге ешкім ,ешқашан посылка әкелген емес!-Жоқ ,мен бермеймін! -Неге ?-Себебі сендердің куәліктерің жоқ! Сондықтан бермеймін !-олай демеңіз міне, сыртында жазулы тұр ғой “Абай орта мектебі 1 б сыныбына” деп.-Бола берсін бәрбірде бермеймін!-Жоқ,жоқ,жоқ біздең құжатымыз бар.Ол сынып журналы қараңызшы міне -Ия,дұрыс екен .Бірақта бәрбір бермеймін .-Неге?-Себебі ,сендер жазу білмейсіңдер ,қол қою білмейсіңдер!-Біз білеміз оқуды да, жазуды да, қол қоюды да.Қәне, балалар кім қол қоя алады?-Мен –деп бір оқушы қол қойып береді.-Пошташы-Жақсы сау болыңдар ,мен кеттім мені Простакваша тосып отыр соған барайын деп - кетіп қалады.-Балалар ,посылкамызды ашайық па?-Ия,ішін ашса шашыраған әріптер екенХат бар екен оқимыз ба?Ия
« - Құрметті балалар мерекелерің құтты болсын! Мен де сіздерге баруға дайындалып, қамданып жатырмын. Әліппе кешінің аяғына дейін барып қалармыз.Әліппені аяқтапсыңдар,алфавитті жаттап алған шығарсыңдар.Мына әріптерді алфавит ретімен қойып шығыңдар. Көп күттірмей мен де барып қалармын. Сәлем мен “Ақ және Панда аюларың” - депті.Мұғалім: - Ақ және Панда аюлар риза болу үшін Әліппеден алған білімімізді, өнерімізді ортаға салайық, солай емес пе.Кәне алфавит білеміз бе?Хор “Алфавит” әнін орындайық
Мұғалім: Әліппе, біздің балалардың жаттаған тақпақтары бар. Соны сізге айтып берсін:Әліппе: Жарайды, айтып берсін
1 - оқушы: НуралыӘлдиден кейін Әліппе бетін аштым мен,Бейкүнәмін мен ,бүлдіршінмін мен,жаспын мен.Әлдиден кейін Анама ұқсап ''Әліппе”Дүние бетін жөнелдім дейсің танып мен
1,1-оқушы Маржан Әліппені бітірдім,Жаза аламын атымдыӘліппені бітірдімБала болдым ақылды.
2- оқушы: ЕралыӘліппем менің ӘліппемА деген бастап әріптенСөз құрап, жаза бастадымТақылдап таңба танып мен3 - оқушы:КамшатӘліппем менің Әліппем,Сені қолға алып мен.Есігін аштым мектептің,Ертеңгі сәуле жарықпен.
4 - оқушы:АдилханЫстық әрбір беттерің Жазуыңды ұғамынАқыл бердің Әліппе Ақылды сен мүғалім
Ән:Ақылшым мұғалім Камшаттың орындауында
5 - оқушы: АқнұрӘліппем менің ӘліппемӨмірді келем танып менҚайталап айтам мың ретӨзіңе көп-көп рахмет!6 - оқушы:КөркемӘліппе деген алтын жолАпарар сені алысқа.Жеңіл емес ауыр жолТырысып бақ намысқа.7 - оқушы:НұрайБар кітапқа бас болғанӘліппе - ғылым анасы.Әліппеден басталғанДаналықтың данасы.8 - оқушы:ӘнельМектебің мынау, класың,Осында он жыл тұрасың.Тарыдай болып кіресің,Таудай болып шығасың
9 - оқушы:АқмаралҮйретті бізді Әліппе 42 дербес әріпке Сөз сөйлем құрап әріптен Лайық болдық дәріпке
11 - оқушы:ОлжасӘсемпаз болма әрнеге,Өнерпаз болсаң, арқалан.Сен де бір кірпіш дүниеге,Кетігін тап та, бар, қалан! 12 - оқушы: ЕрасылӘліппемен қош айтысып қаламызЕнді қолға басқа кітап аламызАта- ана қуанышқа ортақ бол Сауатты боп шықты ,міне балаңыз
13- оқушы: Жандос Таныстырған 42 әріппенҚош бол менің қасиетті Әліппем!Сенің арқаң оқи жаза білгенім,Сауатты адам санатына кіргенім
Хор: Әліппе
Мұғалімнің сөзі:
Алфавиттер шығыңдар
Орындарыңа тұрыңдар
Бастайық кәне айтысты
Жібермейік намысты
Ортаға әріп жазылған тәжі киген оқушылар шығады:
А, Ә, Б, Е, Ш, І, О, Ж, С, Т.
1-     оқушы: Әдемі Алфавиттің А тұрады басындаӘрқашанда  Ә тұрады қасындаБайқадың ба Б тұрады үшіншіАл осыныңСыры неде түсінші?
 А деген олАналар ғой ардақтыӘ деген олӘкелер ғой саламақтыБ деген олБалалар ғой әдемі3-     оқушы: Алшақ кетпей сондықтан да
Тұрады оларАлфавиттің басында4-     оқушы: Көркем Есті бала ержетіпЕлдің қамын ойлағанЕссіз бала кері кетіпЕсерлігін қоймаған5-     оқушы:ЕралыШындықты сақтаймызШыншылды жақтаймызШаршы топ алдынаШығарып мақтаймыз.
6-оқушы  Інілерді ағаларІсімен бағаларІлер жүлде жарыстаІркілмеген балалар7-оқушы:Маржан Отан менің ата-анамОтан досым бауырым Отан өлкем астанамОтан туған ауылым8- оқушы: Камшат Жатырқама кісініЖатсынбайды түсінгенЖәбірлеме кісініЖақсылығың ісіңнен9-оқушы: АқнұрСпорт пен айналысСұлулық сыйлағанСол саған пайдалы ісСауық пен кинодан10-оқушы: НұрайТәртіпті бала сүйенішТөбең көкке жетедіТәртәпсіз бала күйініш  Төмендеп басың кетеді.
Ән :Әліппе сыры (Ақнұр)
Мұғалім: - Балалар, біздің алдымызға және бір сүйіп оқитын пәніміз «Ана тілі» келе жатыр қарсы алайық!Ана тілі: Сәлеметсіздер ме балалар? Енді мені оқып, менен білім аласыздар. Өз ана тілдеріңді құрметтеңдер, қадірлеңдер!Ана тілің арың бұлҰятың боп тұр беттеӨзге тілдің бәрін біл!Өз тіліңді құрметте!Ана тілі: - Балалар ана сүтімен бойымызға дарыған тіліміз қалай аталады?-Қазақ тілі- Осы ана тілі немесе Отан туралы жаттаған өлеңдерің бар ма?БарӘн :Менің Отаным
Көрініс :Сауатсыз қояндар.
Ана тілі сөзі:  Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.
Мен сендерге көп қызықты кітаптар таратып берейін.. Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсе үйренесіңдер.
Хормен:  Оқимыз, ана- тілі, оқимыз!
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!«5» болсын алар бағамыз,Біліммен бақыт табамыз, Өнер-білім көп тоқып,Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:Әліппемен қош айтысып қаламыз,Енді қолға ана тілін аламыз.Ата-ана қуанышқа ортақ бол,Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Хормен: Бәрімізді сүйіп өткен
Балаларға үйреткен
Әліппемен ұстазға
Бас иеміз құрметпен
Ән:Балапан
Ән :Ертегілер
Би :Адай
Би: Қыздар
Ән :Домбыр
Би: Ча.ча,ча
Мұғалім:Қорытынды сөз: Қымбатты оқушылар!Сендер зейін қойғыштықтарың, еңбек сүйгіштіктеріңнің және білімге құштарлықтарыңның арқасында мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын.Сендер Алфавиттің барлық әріптерін жаттап алдыңдар, әрі өздеріңнің тұңғыш оқулықтарың «Әліппе» бойынша оқуға үйрендіңдер.білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!Мектебіміздің мақтанышы болыңдар! 
Әліппені бітірді балаларым,Әліппеден нәр алған даналарым.Өзі оқып жазатын хәлге жетті.Құтты болсын білімі балалардың!
І- жүргізуші:Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. « Қош бол қасиетті менің Әліппем».(хормен)Хор :Рахмет саған ӘліппеҚұттықтау сөзАқ және Папда аюлары кіріп сыйлығын таратып ,билеп береді.