Санды ?рнектер. ?ріпті ?рнектер


Пәні: Математика Сынып 5 Сабақ реті 4
Сабақтың тақырыбы: §1 Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Білімділік мақсаты: Санды, әріпті өрнектердің мәнін таба білу, есептердің шарты
бойынша өрнек құра білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу
Дамыту мақсаты: Қабілеттілік пен белсенділікті дамыту
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Слайттар, таратпалар, түрлі түсті бор, кодоскоп
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу және сыныптың тазалығына мән беру
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
№18 теңдеу құрып шешу :
8х-36=76
8х= 76+36
8х =112
х=112:8
х=14
тексеру: 8·14-36=112-36=76
№20 Тік төртбұрыштың боялған бөлігінің ауданын табыңдар:
7 см 9 см

3см
5см
2см

3 см 4см
3см


Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Санды өрнек деп амалдар таңбалары және қажет болған жағдайда жақшалардың көмегімен сандардан құрастырылған өрнекті айтады.
Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.
Мысалы: Компьютерде терушілердің біреуі шығарманың 86 бетін терсе, екіншісі одан х бетті арттық терді. Компьютерде терушілердің екеуі бірігіп шығарманың неше бетін терді ?
Шешуі: Екінші теруші 86+х бетін терді.
Ал екеуі бірігіп шығарманың 86+(86+х) бетін терді.
Мұндағы 86+(86+х) әріпті өрнек
Егер х= 12 болса, онда 86+(86+х)= 86+(86+12)= 86+98=184
Мұндағы 12 саны – х әрпінің мәні, ал 184 саны- берілген өрнектің мәні.
Мысалы, өрнегі ху түрінде жазылады, ал әріпті өрнегі түрінде жазылады.
Енді, әріпті өрнектің мәндері белгілерімен салыстырылады.
Мысалы: , мұндағы х=5, ,
, мұндағы у=11, ,
І деңгей
№2 (ауызша айтқызу)
1)36 мен 11 санының қосындысы, 27 мен х санының қосындысы, у пен 19 санының қосындысы.
2)27 мен 16 санының айырмасы, 18 бен х санының айырмасы, у пен 14 санының айырмасы.
3)14-тің 17-ге көбейтіндісі, а-ның 8-ге көбейтіндісі, с-ның d-ға көбейтіндісі.
4)45-тің 9-ға бөліндісі, 6-ның а-ға бөліндісі, х-тің у-ке бөліндісі.
№4 Өрнектің мәнін табу:
3)125:а+8=|мұндағы а=5|=125:5+8=25+8=33
4) 9b-36=|мұндағы b=12|=9·13+36=117+36=153
№5 Өрнектің мәнін салыстыру:
2) 3)
№7 Бөлмеде 6 люстра бар. Әрбір люстрада b лампыдан. Бөлмедегі люстралардың барлығында неше лампы бар?
Шешуі: 6b лампы бар.
ІІ деңгей
№13 Өрнекті жазып көрсету
(65-39)·100
(49+68):13
№14 Өрнектің мәнін табу
2)
3)
ІІІ деңгей
№23
b санынан кейінгі тізбектес үш натурал санды b, b+1, b+2,b+3
a санына дейінгі тізбектес үш натурал санды а-3, а-2,а-1, а
Оқушыларды бағалау
І-деңгей «3»
ІІ-деңгей «4»
ІІІ-деңгей «5»
Сабақты бекіту: Санды және әріпті өрнектердің ережелерін қайта оқушылардан сұрап бекіту
Үй тапсырмасы: 1-4 сұрақтар, №6, №8, №15(1,2), №25