Тех карты и планы по естествознанию на казахском языке


Перпективалық жоспар
Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: «Жаратылыстану».

№ Тақырыбы Оқу қызметінің бағдарламалық мазмұны Сағат саны
1 Жанды табиғат және жансыз табиғат Жанды және жансыз туралы қарапайым тусінік беру. Беріл ген сұрақтың нақта жауабын тауып, айта білуге үйрету. Табиғат қа деген сүйіспеншілігін арттыру,қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 1
2 Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер балалардың күз мезгілі туралы білімдерін нақтылау. Күз мезгіліндегі өсімдіктер туралы түсініктерін тиянақтау. Адамдардың күзгі еңбегі туралы білімдерін кеңейту.Көкөністер(сәбіз,қияр,қызанақ,пияз,орамжапырақ,картоп) мен жемістер (алма,алмұрт,апельсин, мандарин, лимон) ажыратып топтастыруға,сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануға үйрету. .Қара пайым зерттеу жүргізу мен іздестіру әрекетте рін орындау қызығушылығына тәрбиелеу. 1
3 Cу туралы не білеміз балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі, түсі,иіс); судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу. 1
4 Адамның баспанасы Адамдардың баспаналары:киіз үй,көп қабатты үй,пәтер,олардың айырмашылық тары,ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы айтып беруге,оқылған әңгімедегі кейіпкерлердің әрекетін тал қылауға үйрету.Балалардың таным белсенділігін арттыру. Ересе ктердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту.Баспана салған адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. 1
5 Үй жиhаздары Үй жиһаздарының ерекшеліктері,қандай материалдан жасалған дығы,күнделікті тұрмыста пайдаланылуы,қажеттілігі туралы айтып беруге үйрету.Қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыла рын дамыту.Жиһаздарды жасаған адам еңбектері түсінік бере отырып,олардың еңбектеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. 1
6 Күздік киімдер Күздік киім түрлері (бас, сырт, аяқ киім) туралы түсініктерін кеңейту. Ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажырата топтас тыра білуге үйрету. Сөздік қорлаырын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу 1
7 Табиғаттағы қауіпсіздік ережелері Табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. қауіпсіздік ережесінсақтауға үйрету.Табиғат аясында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларына қалыптастыру.Өзіне,өзінің қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу.Ережені сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. 1
8 Ыдыс-аяқ Ыдыстардың ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын (шайдың ыдыстары: фарфордан, шыныдан жасалатындығы, түсі, көлемі, материалы, т.б.) күнделікті тұрмыста пайдаланатын ыдыстардың маңызы, қолданылуы жайлы сипаттап айтып беруге үйрету.Оларды сақтау ережелерімен таныстыру. Балалардың ой -өрісін, сөздік қорын, сөйлеушіні тыңдау, қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Құрдастарымен жақсы қарым- қатынас орнату. 1
9 Үй жануарлары Қой, ешкі Үй жануарлары түйе,сиыр,жылқы,есек туралы түсініктерін кеңейте отырып, қой, ешкімен таныстыру. Олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымдарын кеңейту. Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 1
10 Үй құстары Балалардың құстар,олардың тіршілік ету жайлары туралы түсініктерін кеңейту Үй құстарының тіршілігі туралы түсініп айтып беруге үйрету. Үй құстарына жасалған қамқорлығы туралы ұғымдарды қалыптастыру. Олардың көбеюі, адамға әкелетін пайдасы туралы айта отырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу 1
11 «Нан-ел байлығы». Нан адамның ең басты талғамы екенін білуге, нан қалай жасалатынын, қалай еңбектенетінін айтып түсіндіру; адам еңбегіне, нанға деген құрметпен қарауға тәрбиелеу. 1
12 Ойыншықтар өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп (түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны), әңгімелеп айтып беруге үйрету. Балалардың мінез-құлқында қарапайым әдеп ережелерін (ойыншықтармен бөлісу) бекіту. Ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жаңашырлықпен қарап әрекет ете білуге тәрбиелеу. 1
13 Асхана құралдары Тамақ пісіруге және ішуге арналған ыдыстар мен құралдарды таныстыра отырып, ыдыс аяқтар туралы салыстырмалы түрде сипаттап айтып беруге үйрету. Ыдыстардың алуан түрлі бола тынын (түсі, мөлшері, көлемі, материалы, металдан жасалатын дығы, жасалуы) айта отырып, бағыт-бағдар жасай білуін дамы ту. Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін талқылау. Ыдыстарды сақтау ережелерімен таныстыра отырып, ұқыпты лыққа , тазалыққа тәрбиелеу. 1
14 Қазақстан Республикасының рәміздері Қ Р-ң рәміздерімен таныстыру. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимніне рәсім жасауды үйрету. Қазақстан Республикасының қазаіргі жағдайы туралы әңгімелеп беруге үйрету. Отанына, оның өткені мен бүгініне қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру. 1
15 Қысқы киімдер Қыстық киім түрлерімен (баскиім, аяқкиім, сырт киім) таныстыра отырып, ұл бала мен қыз баланың қыстық киімдерін ажырата білуге уйрету. Өз-өзіне қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. 1
16 Жолда жүру ережесі Бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тро туар), жол қиылысы, медициналық көмекпункті белгілерімен таныстыру. Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай, тәртіп сақтауға тәрбиелеу. 1
17 Көлік түрлері Балалардың көлік туралы білімдерін бекіту. Түрлі көлік түрлерін салыстыра білуге, олардың ерекшеліктерін, жалпы ұқсас белгілерін анықтауға үйрету.Қоғамдық: автобус, ұшақ, кеме, пойыз, трамвай туралы түсінік беруді жалғастыру. Өрт сөндіруші және жедел жәрдем медицина көлігімен таныстыру. Адам өмірі мен еңбегін жеңілдететін көліктің маңызын түсіндіру. 1
18 Ақпараттық құралдар Балалардың адам көмекшілері, электр тоғы, тұрмыстық техника туралы білімдерін кеңейту.Теледидар, радио, телефон, компьютердің ақпараттық құралдар түріне жататыны туралы түсіндіру. Қарапайым ақпарат көздерін қолдану дағдыларын жетілдіру. 1
19 Сүт өнімдері Сүт өнімдерінен алынатын өнімдерге байланысты слайдтар немесе мазмұнды суреттер. Сүттін адам денсаулығына пайдасының мол екені туралы білімдерін кеңейту. 1
20 Қазақтың ұлттық киімдері Ұлттық киімдермен (тақия, бүрмелі көйлек, камзол, шапан)таныстыру.олардың өзіндік ерекшеліктерімен(әшекей, өрнегі және т.б.)таныстырып, қазіргі киім түрлерімен салыстыра әңгімелеп беруге үйрету.Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 1
21 Ызғарлы Қыс келді(табиғатқа саяхат жасау) Қысқы табиғатты бақылап, қарапайым өзгерістерді атай білу ге үйрету. Қысқы табиғат құбылыстары қардың жауғаны аяз туралы түсініктерін кеңейту. Беріл ген сұрақтың нақта жауа бын тауып, айта білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлық пен қарауға тәрбиелеу. 1
22 Шымшық Шымшық туралы ұғымын жалғастыра отырып, шымшықпен таныстыру. Шымшықтың тіршілігі, басқа құстардан айырмашылығы туралы айта білуге үйрету. құстарға қамқорлықпен қарап, күтім жасауға тәрбиелеу. 1
23 Орман көркі-ағаштар Туған өлке ,орманы ондағы ағаштардың түрлері туралы түсінік терін қалыптастыру. Орманды оттан қорғау жөнінде түсіндіру. Орманда экологиялық ережелерді сақтауды үйрету. Табиғатқа қамқорлық көзқарасын тәрбиелеу. 1
24
Көктемгі еңбек құралдары Адамдардың көктемгі еңбегімен таныстыру.Көктемгі еңбекке арналған құрал-жабдықтарды ажыратып атай білуге, олардың қажеттілігі мен қолданылуын түсініп еңбек әрекетінде қолдана білуге үйрету.Таным белсенділігін арттыру. Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту және оның нәтежиелеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу. 1
25 Ормандағы аңдар қысты қалай өткізеді? Ормандағы жануарлардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы кезеңгі бейімделуі туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалар дың табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. Туған өлкенің жануарларын қорғау мен қамқорлыққа алу сезімін 1
26 Гүлзардағы раушангүл Гүлзардағы раушангүлімен таныстыру. Раушангүлін танып, басқа гүлдерден айырмашылығын айтып беруге үйрету. Олардың тұрмыста қолданылуы, пайдасы туралы түсіндіру. Қамқорлық сезіміне тәрбиелеу 1
27 Жәндіктер Көркемдік шығарманың көмегімен жәндіктермен таныстыру ды жалғастыру. Жәндіктердің сыртқы құрылысының ерекше ліктері, қозғалу әдістері, мекендейтін орны, бейімделуі, жәндік тердің басты белгілерін анықтай алу туралы балалардың білімдерін жүйелеу. Танымдық қызығушылықтарын арттыру. 1
28 Пияз
отырғызу Пияздың әртүрлі болатындығы, өсуі, тұқымы туралы түсінік беру. Өсімдікті отырғызудың және себудің, күтіп баптаудың жолдарын көрсете отырып, өсімдіктерді өсіруге, оларды күтіп-баптауға талпындыру. Зегггтеу, тежірибе жасау қорытындысын шығару. Өзіне, өзінің мүмкіншілігі күшіне сенуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыру, өзіи және өзінің еңбегін бағалауга дағдыландыру. 1
29 Бөлме өсімдігі хош иісті қазтамақ Өсімдіктердің, адамдардың күтімі және табиғаттың өзінің күтімі нәтижесінде өсіп жетілетіндігі туралы түсініктерін кеңейту. Қазтамақ өсімдігін танып, атай білу іскерліктерін дамыту. Гүлді отырғызудың қарапайым әрекеттерін меңгерту. Жанды табиғат пен жансыз табиғат арасындағы байланыс туралы ұғымдарын кеңейту. Қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 1
30 Қанқызы және құмырсқа Көркемдік шығарманың көмегімен жәндіктермен таныстыруды жалғастыру. Жәндік тердің сыртқы құрылысының ерекшеліктері, қозғалу әдістері, мекендейтін орны, бейімделуі, жәндік тердің басты белгілерін анықтай алу туралы балалардың білімдерін жүйелеу отырып қанқыз және құмырсқамен таныс тыру. Жәндіктердің тіршілігіне қызығушылығын тудыру. Олар ға қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу. 1
31 Балапанды бақылау балапанды сыртқы орта көрінісіне қарап тани білуге, дене бөліктерін ажыратып айтып беруге үйрету. Балапанның тіршілігі адамның қамқорлығына зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыру. Қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 1
32 Саңырау
құлақтар Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Улы саңырауқұлақтардың адам өміріне қауіпті екендігі туралы айта отырып, жеуге жарамды ақ саңырауқұлақпен саңырауқұлақ пен улы боз арамқұлақты түріне қарап танып, айтып беруге үйрету. 1
33 Кесіртке (бақылау жасау) Кесірткені танып айтып беруге үйрету. Кесірткенің тіршілігі қозғалу тәсілдері туралы ұғым беру. Қамқорлыққа тәрбиелеу,
кесірткені танып айтып беруге үйрету. 1
34 Жасыл
құрбақа Жасыл құрбақаны танып айтып беруге үйрету.Құрбақаның қозғалу тәсілдері,мекендейтін ортасы,қорегі туралы ұғым беру. Қосмекенділер туралы түсінігін кеңейту. Құрбақаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Ққрбақаны бақылау кезінде құрдастарымен жағымды қарым қатынас орнату. 1
35 Көктем кереметі Бөртегүл көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейту. Бір ай бұрын суға салынған бөртегүл бұтағы мен далада өсіп тұрған бөртегүлге бақылау жасап салыстыра отырып, бөртегүл бұтасымен таныс тыру. Бақылаудың қорытындысын, нәтижесін айта білу іскерлі гін жетілдіру. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 1
36 Жаздық киімдер Жаздық киімдердің айырмашылығын айтып беруге, маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету. Өзіне-өзі қызмет ете білуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. 1
Барлығы: 36сағат
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жанды табиғат және жансыз табиғат.
Мақсаты: жанды, жансыз табиғат туралы қарапайым түсінік беру.Берілген сұрақтың нақты жауабын тауып,айта білуге үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жанды және жансыз табиғатқа байланысты суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: баяу музыка жазылған үнтаспа.
Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын.
Билингвальдық компонент: живая и не живая природа
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық -Бүгін біз табиға аясына саяхан жасаймыз.Біздің айналамызда жасыл орман.Қазір біз гүлдері жайқалып өсіп тұрған алқапқа келдік.Дала гүлдері әдемілігімен көздің жауын алып, иісі мұрныңды жарады. Өзімізге ұнаған гулмен танысамыз.Мына керекметті қара! Мына гүл қимылдап, өздігінен жылжып барады.Алайда бұл жылжыған көбелек екен.Көбелек сендерге бір нәрсе айтқысы келіп, құлақтарыңның тұсына келеді.Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр.Мұқият тындаңдар (үнтаспадан естіледі). «Маған тиіспе балақай! Табиғатты қорғай біл.Табиғат – ана сені жақсы көреді. Әрбір шөп,өсімдік, гүл, құмырсқа, өрмекші барлығы да өмір сүргісі келеді. Өтінемін, осыны есіңе мәңгі сақта» Балалар мұқият тыңдап отырады.
Ұйымдастырушылық ізденістік
Балалар, біз бүгін табиғат туралы әңгімелесеміз. Бізді қоршаған орта: жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн, алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да табиғат деген ұғымда білдіреді.Табиғат жанды табиғат, жансыз табиғат болып екіге бөлінеді.
Миға шабуыл: Қалай ойлайсыңдар жанды табиғатқа нелер жатады?
-Жансыз табиғатқа нелер жатады?
-Дұрыс айтасыңдар , балалар,жанды табиғатқа тіршілік ететіндердің, өсіп өнетіндердің барлығы жатады екен.Яғни жанды табиғат өседі,тыныс алады,қоректенеді.Ал жансыз табиғат өспейді, тыныс алмайды, қоректенбейді.Неліктен жансыз табиғат жанды табиғаттын тірегі деп айтады?
Дұрыс айтасыңдар, кез келген тіршілік иесі ауасыз, сусыз, тамақсыз, күнсіз өмір сүре алмайды екен.Міне, балалар, біз жанды және жансыз табиғат туралы білдік.
«Жалғасын тап» ойыны.№48
Жансыз табиғат- ...(ай,жұлдыз,тас,су,ауа,тау т.б.)
Жанды табиғат- ...(гүл, шөп, ағаш, аю, қоян, тасбақа, балық)
Жанды табиғат жансыз табиғатсыз ... (тіршілік ете алмайды).
-Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Сендерге таулы, орманды жер ұнайма?
-Қалай ойлайсыңдар, қалалы жердің ауасы таза ма, орманның ауасы тазама?
-Неліктен?
-Дұрыс айтасыңдар, орманда ауа таза болады.Сондықтандажануарларға ол жер ұнайды.
-Ал қалада ауның ормандағыдай болуы үшін не істеуге болады?
-Міне, балалар, ағаштар мен гүлдердің өсу жолдары ( педагог суреттен көрсетеді). Психогимнастика, (баяу музыка ойнайды).Балалар, біз қазір гүлдің тұқымы боламыз.Көздеріңді жұмыңдар.Сендерге қараңғы болып тур.Себебі: сендерді енді ғана топыраққа отырғызады.Кенеттен сендер жылуды сезесіңдер.Сендер жылуға қарай бой алып өсе бастадыңдар.Сөйтіп жер бетіне шықтыңдар.Күн сендерге өзінің шуағын төгіп тұр.Сендер одан сайын өсе бастадыңдар.Енді жаңбыр жауа бастады.Сендер жаңбырдыңсуын ішіп, одан да биіктеп өсе бастадыңдар.Сендердің сабақтарың мен жапырақтарың қатайып,кішкентай түйнек пайда болды.Ол түйнек үлкейіп, әдемі гүл болды.Міне, балалар, сендер мынандай әдемі гүл болып өстіңдер (суреттен көрсетеді).
-Балалар , сендерге гүл болған ұнайма ма?
-Демек, кез келген өсуі үшін уақыт керек екен.Ал оны жұлып немесе сындырып тастау үшін көп уақыт кетпейді.Бұл ағаштарды сындыруға болмайды,себебі: оларда өсіп өнгенді жақсы көреді және олардың тіршілік иесі үшін пайдасы көп дегенді білдіреді.
-Қалай ойлайсыңдар семішкенің тұқымын тәрелкеге салып қойса өседі ме?
-Неге өспейді?
Дәптермен жұмыс.Педагог дәптердегі тапсырмаларды түсіндіреді. -өсімдіктер, жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.
-өйткені өсімдіктер мен жануарларға, адамдарға су, ауа керек.Олар онсыз өмір сұре алмайды.Сол себепті.
-Тау, тас, ауа, су жатады.
ай,жұлдыз,тас,су,ауа,тау
гүл, шөп, ағаш, аю, қоян, тасбақа, балық
тіршілік ете алмайды
Балалар сұраққа ойланып жауап береді.
Балалар педагогтің түсіндіруімен және көрсетуімен баяу музыка әуеніне қарай гүлдің өсу жолдарын көрсетеді.
-Ұнады.
-Жоқ өспейді.Оны топыраққа отырғызып, күтіп бастаса ғана өседі.
Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Рефлексиялық- түзетушілік Педагог балалардың бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Балалар көңіл-күйлерін дәптердегі ьаңбаларға белгілейді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: жанды және жансыз табиғатқа нелер жататындығын.жансыз табиғаттың өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.
түсінеді: жанды табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылығын, жансызтабиғатсыз жанды табиғаттың өспейтіндігін, олардың өзара байланысын.
қолданады: ағаштар мен гүлдерді жұлмауды, табиғатқа қамқорлықпен қарауды, күтіп-баптауды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы2
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы:Күз сыйы.Жемістер мен көкөністер.
Мақсаты: балалардың күз мезгілі туралы білімдерін нақтылау. Күз мезгіліндегі өсімдіктер туралы түсініктерін тиянақтау. Адамдардың күзгі еңбегі туралы білімдерін кеңейту.Көкөністер (сәбіз,қияр,қызанақ,пияз,орамжапырақ,картоп) мен жемістер (алма,алмұрт,апельсин, мандарин, лимон) ажыратып топтастыруға,сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануға үйрету. .Қара пайым зерттеу жүргізу мен іздестіру әрекетте рін орындау қызығушылығына тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:сиқырлы қорапша,көкөністер(қияр,қызанақ,аскөк,көк пияз)мен жемістер (алма,мандарин,банан)күннің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар:салат жасауға арналған туралған көкөністер мен жемістер,йогурт,тұз,ас,көк,екі үлкен ыдыс т.б.
Әдіс-тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.
Билингвальді компонент:күз- осень, жеміс –фрукты,көкөніс-овощ,
Іс-әрекет
Кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңберіне тұрғызу.
-Балалар,терезеге қарайықшы,күн шуағын шашып,жылуын беріп тұр.Ал біздің шаттық шеңберіміздегі күн күлімдеп,тұр,бірақ шуағы жоқ екен.Кәне,әрқайсысымыз жеке-жеке жақсы тілектер айтып,күнге шуақ шашуға көмектесейік.
-Қараңдаршы,балалар,күніміз жоғары қарай көтеріліп,нұрын бізге шашып тұр.Енді қолымызды жоғары көтеріп күнге қарай созып,өлең жолдарын сыйға тартайық. Педагогті тыңдап,терезеге қарайды.Күн шуағын көріп тұрғандарын айтады.Балалар бір-біріне ыстық тілектерін және қолдарын жоғары созып,өлеңдерін айтады.
Жарқырайды күннің көзі,
Нұрын шашып далаға.
Күн сәулесін төгеді,
Бақыт сыйлап балаға.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Жұмбақ жасыру.
1.Іші жұмсақ,сырты қатты,
Еті қызыл,сүті тәтті.
2.Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
3.Жер астында жез қазық,
Жеуге болар ас қазық.
-Балалар,ойын ойнағыларың келе ме?
«Сиқырлы қорапша» с/ойыны. Педагог балаларға қорапты көрсетіп,жетелеуші сұрақтар қояды.
-Балалар,қалай ойлайсыңдар,мына менің қолымдағы қораптың ішінде не бар?
-Жоқ.
-Жоқ,балалар,ол-ағашта өсетін зат.
-Жарайсың,таптың.Бұл қораптың ішінде жеміс бар екен.Ал бірақ қандай жеміс екені белгісіз.Енді соны табыңдар.
-Жоқ.
-Иә,таптың,ол-алма.
-Екінші қораптың ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
-Жоқ,бұл затты жеуге болады.
- Жоқ.
- Жоқ.
- Жарайсың,таптың ол-көкөніс.
Бірақ қай көкөніс екенін табыңдар.
-Жоқ.
-Жоқ.
-Иә, дұрыс айтасың,ол-қызанақ.
-Жемістер мен көкөністердің адамға қандай пайдасы бар?
-Жемістерден нелер жасауға болады?
-Жемістер қайда өседі?
-Ағаш қайда өседі? (Бала жауап бере алмаса,педагог көмектеседі.)
-Қандай көкөністердің түрлерін білесіңдер?
-Жемістер мен көкөністер-адам ағзасына өте пайдалы.Жемістер бақта өседі,ағаштарда өседі,жемістерден әртүрлі дәмді тосаптар мен шырындар дайындайды.Шырынды адамдар сүйсініп ішеді. Көкөністерден салаттар дайындайды,сондай-ақ ас әзірлеуге пайдаланады. Көкөністердің құрамында адамның ағзасының өсуі мен дамуына пайдалы түрлі дәрумендер бар. Көкөністер бақшада өседі.
Жеміс-жидектер, көкөністер жайлы кім өлең біледі?
Педагог балаларды екі орталыққа бөліп,екінші таңғы асқа дайындық жасау керектігін айтады.
Бірінші орталықтағы балаларға жемістердің,екінші орталықтағы балаларға көкөністердің туралмаған кездегі түрі,иісі,түсі және дәміне байланысты сұрақтар қояды.Соңынан ортасынан екіге бөлінген жеміс немесе көкөністі беріп,қайсысының иісінің қатты шығып тұрғанын сұрайды.
Бірінші орталықтағы балаларға көкөністерден салат жасау істеу барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертед
Сергіту сәті.
-Саусақ ойынын ойнату.
Жаңбыр жауса тырс-тырс,
Айтады гүл:
-Дұрыс,дұрыс!
Жаңбыр жауса тырс-тырс,
Айтады қыр:
-Ырыс,ырыс!
Педагог сергіту сәтін ұйымдастырғаннан кейін балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп,орталықтағы жұмыстың
нәтижелігін қадағалайды.
Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып орындарына отырғызады.
«Иісінен тап!»ойыны.
Ойын шарты бойынша балалар көздерін жұмып,иісі арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табуы керек Балалар жұмбақты шешуін табуға тырысады.
-Қарбыз.
-Жеміс.
-Сәбіз.
-Келеді.
-Ол ойыншық па?
-Ол машина ма?
-Ол телефон ба?
-Ол жеміс пе?
-Ол банан ба?
-Ол алмұрт па?
-Ол жүзім бе?
-Ол алма ма?
-Ол қарындаш па?
-Ол кәмпит пе?
-Ол печенье ме?
-Ол көкөніс пе?
-Ол қызылша ма?
-Ол қызанақ па?
Белсенді түрде жауап іздейді,өздерінің ой-пікірлерімен бөліседі.
-Тамақ жасауға болады.
-Компот,сок жасауға болады.
-Салат жасауға болады.
-Ағашта өседі.
-Сәбіз,қияр.
Педагогті мұқият тыңдайды.
Жеміс-жидек және көкөністер туралы білетін өлеңдерді айтады.
Балалар,әлі туралмаған
Көкөністер мен жемістерді қарап,зерттеу жүргізіп,түсі,иісі,дәмі қандай екендігін болжамды түрде айтады.
Балалар қандай жеміс немесе көкөніс екендігін айта отырып,бүтін қалпы мен екіге бөлінген қалпын салыстырады,иісін анықтайды,қайсысының иісінің басым екендігін айтады.
Бірінші орталықтағы балалар туралған жеміс-жидектерден (ананас,алма,банан,мандарин,
йогурт) екінші орталықтағы балалар көкөністерден (қияр,қызанақ,аскөк,тұз)
салат жасайды.
Сергіту сәтін қимыл-қозғалыстармен жасайды
Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып,орталықта берілген тапсырманы орындайды.
Орталықтағы жұмыстарын аяқтағаннан кейін бастапқы орындарына отырады.
Ойын ережесін бұзбай,түсініп ойнауға тырысады.
Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.
Рефлексиялық
Түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды. Балалар жиыннан алған әсерлерін айта отырып,көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.Немен айналысқандарын,не үйренгендерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
жасайды:көкөніс пен жемістерді ажыратып топтастыруды,сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануды.
түсінеді: жемістердің бақта,көкөністердің бақшада өсетіндіктерін,олардан салат жасауға болатындығын.
қолданады:жемістер мен көкөністерден салат жасай алады,қауіпсіздік ережесін.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№3
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: су туралы не білеміз?
Мақсаты: балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі, түсі,иіс); судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу.
Қажет құрал-жабдықтар: әр балаға төрт стақан су, езілген бояу түрлері , қант немесе тосап.
Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, практикалық.
Билингвальдық компонент:что мы знаем о воде
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Балалар, далада күн жылынды. Бұл-көктем нің белгісі. Казір бәріміз бірігіп қиял арқы лы саяхатқа шығайық. Ол үшін денелеріңді бос үстап, көздеріңді жұмвп, еркін отыра йық (баяу музыка ойналады). Біз гүлдері мен шөбі жайқалған көгалға саяхат жасай мыз. Көгалда жасыл шөп, сылдырлап аққан бұлаққы көреміз. Құстардың даусы қандай әсем! Енді көздеріңді ашуларыңа болады. Балалар өздерінің
пікірін айтып бөліседі.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Балалар , жаңа біз саяхатқа шыққанда тас- ттастың арасымен не ағып жатты?
Су туралы сендер не білесіңдер?
Сендер су туралы біледі екенсіңдер?
Ал судың түсі, дәмі туралы не айтасыңдар?
Балалар, судың түсі, дәмі туралы біз бүгін тәжірибе жасаймыз. Мен не істедім? (суды төгеді, кранды ашып суды ағызады).Сендер алдыларыңда тұрған кіші стақандағы суды тәрелкеге кұйыңдар? Енді губканы суға батырып, бір қолмен ақырын ғана сығың дар, не байқадыңдар?
Балалар , суды төгуге де болады. Ол ағады, тамшылайды, суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға болады. Яғни су сұйық екен. Су қандай екен?
Сендер тағы қандай сұйық заттарды білесіңдер?
Сүттың түсі қандай?(ақ)
Судың түсі қандай екен, ыдыстағы суға қараңдаршы?
Дұрыс айтасыңдар , су түссіз. Ал сендер судың түсін өзгерткілерің келе ме? Олай болса алдыларыңдағы бір ыдыстағы суға өздеріне ұнаған бояуды қосыңдар.
Демек, балалар, судың түсі оған қоспа қосқанда ғана өзгереді екен. Енді үшінші стакандағы таза суды ішіп көріңдерші, дәмі қандай екен?
Судың дәмін қалай өзгертуге болады?
Дұрыс айтасыңдар, олай болса, алдарыңдағы тұрған қантты суға салып араластырыңдар.
Судың дәмі қалайша тәтті болып кетті.
Ал суға тұз қосса, дәмі қандай болар еді?
Яғни, балалар, суға белгілі бір дәмі бар затты қосқанда ғана оның дәмі болады екен.
Енді төртінші стақандағы суды алып иіскеп көріңдерші, иісі қандай?
Демек, судың иісі болмайды екен. Суға иіс май қосса ғана оның иісі шығады. Біз бүгін балалар су туралы біраз әңгімелестік, тәжірибе жасадық. Енді айта қойыңдаршы, су не үшін екрек, су болмаса не болар еді.
Жарайсыңдар, балалар, енді жаңа өздерің жасаған тәжірибелеріңді естеріңе түсіріп, су туралы айтып беріңдерші.
Ал сендер суды үнемдеу керектігін білесіңдер ме? Суды үнемдеу дегенді қалай түсінесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар, суды бостан-босқа төгіп, қалай болса солай пайдалана беруге болады екен.
Педагог сергіту сәтін ұйымдастырып болғаннан кейін дәптердегі тапсырмаларды түсіндіреді.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиының түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріңе түсіріп, сұрақтар қоя отырып пысықтайды. Балалар топқа оралғаннан кейін көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды:судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін білуі керек; судың адамдар, өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.
түсінеді: судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін біледі; оның түсі, дәмі және иісінің қоспалар арқылы өзгеретіндігін; өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.
қолданады: судың қасиеті туралы, суды үнемдей білуде.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№4
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы:Адамдардың баспаналары.
Мақсаты:адамдардың баспаналары:киіз үй,көп қабатты үй,пәтер,олардың айырмашылық тары,ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы айтып беруге,оқылған әңгімедегі кейіпкерлердің әрекетін талқылауға үйрету.Балалардың таным белсенділігін арттыру.Ересектердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту.Баспана салған адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:киіз үйдің,жер үй мен көпқабатты үйдің макеті мен әртүрлі баспаналардың суреті.
Қажетті құрал жабдықтар:Жұмыс дәптері,үй құрастыруға арналған құрылыс материалдары.
Алдын ала жұмыс:шаттық шеңбердегі өлеңді жаттау.
Әдіс тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын.
Билингвальді компонент: үй-дом, көп қабатты үй –многоэтажный дом
Іс-әрекет
Кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық Шаттық шеңберді ұйымдастыру.
Кәне,кәне,тұрайық,
Киіз үйді құрайық.
Бір уықты қолға алып,
Шаңыраққа тағайық.
Шеңбер болып айналып,
Арқандарды тартайық.
-Балалар біздің шаттық шеңберіміз не жайында болды?
Дұрыс айтасыңдар балалар,олай болса біз бүгін адамдардың баспаналары туралы әңгімелеседі екенбіз. Балалар шеңберге жиналып,төмендегі өлең жолдарын айта отырып, қимылдар жасайды.
-Киәз үй жайында
Ұйымдастырушылық
ізденістік Педагог әр түрлі үйлердің макеттері мен суреттерін көрсете отырып,ішінен киіз үйді табуларын сұрайды.
-Киіз үй екенін қайдан білдіңдер?
Дұрыс айтасыңдар,киізден жасалғандықтан бұл үйді киіз үй деп атаған,-деп киіз үйдің құрылысы туралы қысқаша ақпарат береді.Сонымен ұатар киіз үйді адамдар үнемі көшіп жүргендіктен пайдаланғандығын және киіз үйлер даланың қатты дауыл желдерінен де қорған болатынын түсіндіру.
-Сендер қандай үйде тұрасыңдар?
-Көпқабатты үй,екі ұабаттан тұратын үй туралы не айтар едіңдер?
-Пәтер деп нені айтамыз.
Педагог пәтер туралы түсіндіреді.
-Қалай ойлайсыңдар,киіз үйдің ішінде пәтер бар ма?
-Бөлмелер қандай үйлерде болады?
-Тағы қандай үйлер бөлмелерге бөлінген?
-Міне балалар,киіз үйдің айырмашылығы оның сыптқы көрінісінде ғана емес,сонымен бірге ішіндеде байқалады екен.
Д /о: «Жиһаз» №47
Педагог киіз үй,көпқабатты т.б.
Үйлердің барлығы да адам баспаналарына жататындығын түсіндіреді.
-Калай ойлайсыңдар,осы баспаналарды салған кімдер?
-Оларды кімдер деп айтамыз?
Педагог баспанасалудағы адамдардың
Еңбегі туралы айтып түсіндіреді.
Педагог балаларды өздерінің қалауы бойынша екі орталыққа бөледі.
Бірінші орталықтағы балаларға киіз үй мен жер үйдің,көпқабатты үйдің макетін салыстырып,сипаттап беру,екінші орталықтағы балаларға Көпқабатты үй оның ауласын,ойын алаңын құрастыру тапсырылады.
Педагог сергіту сәтін ұйымдастырады да,балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп,қадағалайды.Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығые айтып орындарына отырғызады. Балалар киіз үйдің макетін немесе суретін тауып көрсетеді.
-Өйткені ол киізден жасалған.
-Көпқабатты үйде
-Мен пәтерде тұрамын.
-Ал мен екі қабатты үйде тұрамын.
-Көпқабатты үй биік,үлкен,онда көп адамдар тұрады.
-Екі қабаттан тұратын үйде бір отбасы ғана тұрады.Бірақ оның бөлімдері көп.
Балалар білетін болса өздерінің тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.
-Жоқ,киіз үйдің ішінде пәтерлер де бөлмелер де болмайды.
-Көпқабатты үйлерде пәтерлер болады.Сол пәтерлердіңішінде бөлмелер бар.
-Адамдар.
-Құрылысшылар деп айтамыз.
Бірінші орталықтағы балалар киіз үй мен жер үйдің көпқабатты үйдіңмакетін салыстыра отырып олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табады
Екінші орталықтағы балалар құрылыс материалдарынан көпқабатты үйлерді,оның ауласы мен ойын алаңын құрастырып әңгімелейді.Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып отырады.Балалар бастапқы орындарына отырып,дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.
Рефлекциялық-
Түзетушілік. Педагог Ы.Алтынсариннің Ағаш үй мен киіз үй әңгімесін оқып,бүгінгі күнгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін түйіндейді.Және балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін сұрайды.Сонымен қатар немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.
Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіреді. Балалар әңгімені тыңдап
Педагогтің әңгіме желісі бойынша қойған сұрақтарына жауап береді.Әңгіме мазмұнындағы адам еңбегі туралы айтады.Оқу-іс әрекетінен алған әсерлерін,көңіл күйлерін таңбаларға белгілейді.Жасайды: адамдардың баспаналары мен олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары туралы;
Түсінеді: киіз үй ,көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары мен ерекшеліктері туралы
Қолданады: салыстыруды,сипаттап әңгімелеп беруді;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№5
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы:Үй жиһаздары.
Мақсаты:үй жиһаздарының ерекшеліктері,қандай материалдан жасалғандығы,күнделікті тұрмыста пайдаланылуы,қажеттілігі туралы айтып беруге үйрету.Қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту.Жиһаздарды жасаған адам еңбектері түсінік бере отырып,олардың еңбектеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:үй жиһаздарының макеті,суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар:жұмыс дәптері,қайшы,желім,фломастер,ойыншық жиһаздар,сіріңке қораптары.
Алдын-ала жұмыс:жиһаздар сататын дүкенге саяхат ұйымдастыру,әңгіме жүргізу.
Әдіс-тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.
Билингвальді компонент: жиһаз –мебель, керует- кровать, үстел-стол, орындық- стулья
Іс-әрекет
Кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңберіне тұрып,бір-бірлеріне
Жақсы көңіл тілейді.
Кел,балалар,күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
Балалар шеңбер бойына тұрып,өлең жолдарын айтып,өлең мазмұнына қарай қимыл-әрекет орындайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар,қуыршақтың үйіне жаңадан заттар әкеліпті.Қандай заттар екенін білгілерің келе ме?
-Олай болса қуыршақтың үйіне барайық.
Қуыршақтың үйіне келгеннен кейін педагог балалардың назарын үйдегі заттарға аударады.Оны ұстап көруге рұқсат береді.
Педагог жиһаздардың жеке-жеке суреттері мен макетін көрсетіп,олардың атын,тұрмыста не үшін қолданатынын сұрайды.
Дұрыс айттыңдар балалар.Енді осы заттардың тағы не үшін керек екендігі айтыңдаршы.Мысалы,үстел не үшін керек?
-Келеді.Балалар қуыршақтың үйіне келеді.Ол жерден балалар көп жиһаздарды көреді.Қызыға қарайды, ұстап көреді.Зерттеп,бақы-лау жасайды.
-Ол үстел,орындық,төсек, диван,шкаф,кресло,
киім ілгіш шкаф т.б. деп суреттегі заттарды атап,олардың тұрмыстағы қолданылуы туралы айтады.
-Үстел тамақ ішу үшін
керек
-Үстелді тағы не үшін пайдаланамыз?
-Ал мынау не?
- не үшін керек?
-Орындықты тағы не үшін пайдалануға болады?
неден тұрады?
-Тағы да ненің арқалығы және аяқтары болады?
-Орындықтың қандай түрлері болады?
-Ал мынау не ?
- Не үшін керек?
Осылайша таныстыратын жиһаздарды жеке-жеке сұрап шығады.
- Орындық, үстел диван,төсек,кресло,шкафтардың ұқсастығы бар ма?Несімен ұқсайды?
-Бұл заттарды кімдер жасады?
Педагог сұрақтар қоя отырып,диван,кресло,төсек,шкафтар-дың қажеттілігі,оларды топтастырып,бір сөзбен «жиһаз»деп айтылатыны және жиһаздардың әр бөлменің көлеміне,түр-түсіне,пайдалануына байланысты да болатындығы туралы ақпарат береді.Үй жиһаздарын ағаш шеберлері жасайтынын және жиһаздардың жасалуына дейінгі кезеңдерді түсіндіреді.
1.Өсіп тұрған ағаш.
2.Сүргіленген бөренелер.
3.Тақтайшалар,ағаш үгінділері,фанерлер.
4.Жиһаздың дайын болған кезі.
Педагог балаларды өздерінің қалауы бойынша екі орталыққа бөледі.
Бірінші орталықтағы балаларға қуыршақтың үйіндегі жиһаздарды дұрыс орналастыруды ұсынады.Екінші орталықтағы балаларға кішкентай ойыншық қоянға арнап сіріңке қораптарынан жиһаздар құрастыру тапсырылады.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Қолымызды жаяйық,
Құс боп қанат қағайық.
Педагог сергіту сәтін ұйымдастырғаннан кейін балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп,орталықтағы жұмыстың нәтижелігін қадағалайды.
Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып орындарына отырғызады.
Дәптермен жұмыс. -Жазу жазу үшін,сурет салу үшін.
-Орындық.
-Орындық,отыру үшін керек.
-Ойнауға,орындыққа шығып биіктегі затты алуға болады.
- Отырғыштан,арқалы-
ғынан және аяқтарынан.
-Диванның,креслоның
Қызыл,жасыл,сары,те-
мір,ағаш,үлкен,кіші.
-Диван.
-Диван адамдар отырып,кейде жатып демалу үшін керек.
-Ұқсастығы бар.Олар ағаштан жасалған,аяқтары бар.
-Ересек адамдар.
Балалар жиһаздардың
Көпшілік жағдайда ағаштан жасалатындығын,олар –дың жасалу жолдары мен жасаған адамдардың еңбегімен танысады.
Бірінші орталықтағы балалар бөлменің ішіне жиһаздарды орналастырады.Мыса-лы,үстел тұрған жерге орындықты,т.б. сіріңке қораптарынан жиһаздар құрастырады.
Өлеңнің мазмұнына қарай қимылдарды орындайды.
Екінші орталықтағы балалар үлгіге қарап отырып,қоянға арнап жиһаз құрастыру.Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып,орталықта берілген тапсырманы орындайды.Орталықта-ғы жұмыстарын аяқтағаннан кейін бастапқы орындарына отырып,дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.
Рефлексиялық
түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.
Д /о: «Жиһаз» №47
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып,көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.Немен айналысқандары,не үйренгендері жайлы әңгімелеп айтады.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды::үй жиһаздарының ерекшеліктері,қандай материалдан жасалғандығы,күнделікті тұрмыста пайдаланылуы,қажеттілігі туралы.
Түсінеді: үй жиһаздарын ерекшеліктері мен жасалған материалдарына, тұрмыста пайдаланылуына, қажеттілігіне қарай ажыратып,топтастыруды.
Қолданады: жиһаздардың орналасу ерекшелігін (бөлмеге орналасуы) тұрмасты қолданылуын;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№6
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Күздік киімдер
Мақсаты: ұл бала мен қыз баланың киімдерін күздік киім түрлерін ажыратып, топтас тыра білуге үйрету. Сөздік қорлаырын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: күздік киім түрлерінің суреттері
Қажетті құрал жабдықтар: жұмыс дәптері,түрлі түсті қарындаштар, дайын қағаздан қиылған күрте, баскиім,аяқ киім силуэттері
Сөздік жұмыс: киім- одежда
Билингвальді компонент: күздік киім –осенние одежда, күртеше- куртка, бас киім –шапка, мойыншалғы-шарф,
Іс- әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Балаларды шаттық шеңбер құруға шақырады.
нұрланып күн тұрса
күллі әлем жайнайды
жер беті құлпырса
бұлбұлдар сайрайды. Балалар шаттық шеңберін құрып өлең жолдарын қайталайды.
Ұйымдастырушы- лық-ізденістік
Жалпы киім түрлері туралы сұрау.
Күздік киімдер жайында әңгімелейді.
Ұл балаларға арналған киімдердің түймелері сол жағында, ал қыз балаларға арналған киімінде керісінше, ілгіші оң жағында болады.
Қандай киім түрлерін білесіңдер.
Киімдердің түрлері көп екен. Ал қазір жылдың қай мезгілі
Күз мезгіліне сай қандай киімдерді кию керек.
Ұл бала мен қыз балаға арналған күздік киімдердің айырмашылғы қандай?
«Не артық » д/ойыны.
Педагог ойын шартын түсіндіреді.
Ойын шарты бойынша тақтаға үш баскиімнің бір аяқкиімнің суреті ілінеді. Балалар артық затты табу керек.
Педагог балаларды екі орталыққа бөледі. Екі рталықтағы үстелдердің үстіне алдын ала әрбір балаға (бала санына қарай) арнап күздік киімнің силуэтін және сурет салуға арналған құралдар мен үлгілер таратып қояды.
Бірінші орталықтағы балаларға ұл балаларға,ал екінші орталықтағы балаларға қыз балаларға арнап күздік киім түрлерін безендіретіндігін айтып түсіндіреді.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Енді жолға шығайық
Ұзын, қысқа жолдарды,
Біліп біздер алайық.
Үлкен, кіші өткелден
Адымдап біз өтейік.
Тез, тез жүгіріп
Бақшамызға жетейік. Балалар киім түрлерін олардың айырмашылығы туралы айтып береді.
Күз мезгілі
Күрте, етік,
Жемпір, жылы
Кофта
Бас киім.
Бірінші орталықтағы балалар ұл балаларға арналған
екінші орталықтағы
қыз балаларға арналған күрте, баскиім, етік, күздік киім түрлерін өзіндік ерекшелктерін бере отырып безендіреді.
Сергіту сәтін орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін немен айналасқандарын, не үйренгендерін сұрайды.
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.
Немен айналысқандарын, не үйренгендерін, ненің суретін салғандарын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: маусымдық белгілері бойынша киімдерді топтастыруды;
түсінеді: күздік киім түрлерін, ұл бала мен қыз баланың киімдерінің өзіндік ерекшелігін.
қолданады: өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№7
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы:Табиғаттағы қауіпсіздік ережесі.
Мақсаты: Табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету. қауіпсіздік ережесінсақтауға үйрету.Табиғат аясында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларына қалыптастыру.Өзіне,өзінің қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу.Ережені сақтаудың маңыздылығын түсіндіру..
Көрнекіліктер:мазмұнды суреттер.Орман көрінісі.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері,түрлі түсті қарындаштар,үнтаспа.
Әдіс-тәсілдері: сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.
Билингвальді компонент: қауіпсіздік ережесі- правила безопасности, улы саңырауқұлақ-ядовитые грибы
Іс-әрекет
Кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың ісәрекеті
Мотивациялық-
Қозғашылық Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырады. Балалар шаттық шеңберіне тұрып,өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Рефлексиялық-
түзетушілік -Балалар,бізге бір хат келіпті.Бұл хатты Ернар мен Жанар деген балалар жазып ты.Олар орманнан саңырауқұлақтар терген екен. Алай да саңырауқұлақтың қайсысын жеуге болатын дығын білмейді екен. Сол себепті сендерден көмек сұрап хат жазыпты.Бірақ балалар,олар өздерінің қандай саңырауқұлақ жинап алған дығы туралы айтпапты. Ол жерден Ернар мен Жанар балаларға себеттегі теріп алған саңыра уқұлақтарын көрсетеді.
-Балалар,мынау қандай саңырауқұлақ екенді гін білесіңдер ме?
Бұлар-улы саңырауқұлақтар.Ал улы саңырау құлақты жеуге болмайды.Бұл саңырауқұлақты жеуге болмайды.Бұл саңырауқұлақтар адам дар үшін өте зиян, ал орман тұрғындары үшін пайдалы,зияны жоқ екен.Ернар,Жанар сендер дің теріп алған саңырауқұлақтарыңның бар лығы да жеуге жарамсыз. Себебі: сендер тек улы саңырауқұлақтарды теріп алғансыңдар.
Ернар мен Жанар:
-Біз білмей қалдық.
-Міне,балалар,көрдіңдер ме,егер өздеріңе таныс емес өсімдік,саңырауқұлақ немесе жи дек көрсеңдер,оны теріп жеуге болмайды екен Ал орманда басқа да жеуге жарамды жемістер бар.Мысалы,міне, мына қызыл жидекке қараң даршы.Бұны адамдар қой бүлдіргені деп те атайды.Осыған ұқсас жемісті көргендерің бар ма?
Жанар:
-«Ой мына жерде қойбүлдіргені көп екен»,-деп үзіп жей бастайды.
-Жанар,асықпа.Балалар Жанар дұрыс істеді ме?
-Неге?
-Балалар сендер білесіңдер ме,орманға, тауға, жалпы табиғат аясында қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
-Қандай жәндіктерден абай болу керек?
-Осындай жағдайларды болдырмау үшін не істеу керек?
-Болған жағдайда не істеу керек?
Мысалы,оттың лаулап жанып жатқанын көрдіңдер немесе кене шағып алды,бұндай жағдайда не істеу керек?
-Тағы да қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
Педагог балаларды екі орталыққа бөліп,бірінші орталықтағы балаларға табиғатқа серуенге барғандағы қауіпті деп санайтын өсімдіктер мен жәндіктердің суретін жапсыруды,екінші орталықтағы балаларға «Табиғаттағы мінез-құлық ережесі» тақырыбында табиғатқа серуенге барғанда нені істеуге болмайды деп санайды,соған байланысты суреттерді жапсыруды ұсынады.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін сұрайды.
Сонымен қатар немен айналысқандарын не үйренгендерін сұрайды.
Д /о: «Қауіпсіздік ережесі» Балалар кәдімгі өздерінің жеп жүрген құлпынайына ұқсайтындығын,
айырмашылығы
тек көлемінде екендігін айтады.
-Жоқ.
-Ол қойбүлдіргенді жумай жеді.Жемісті жумай жеуге болмайды,ішің ауырады.
-Отпен ойнамау керек.
-От жаққан болса,кетер кезде өшіріп кету керек.Әйтпесе өрт шығуы мүмкін.Жәндік-
Терден абай болу керек.
-Жыланнан,
Кененің шағып
Алуынан.
-Үлкендермен
Бірге жүру керек,жалғыз жүрмеу керек.
-Үлкендерге хабарлау керек.
-Үшкір заттармен ойнамау керек.
Серуенде жүргенде үлкендерден алыс кетпеу керек.
Бірінші орталықтағы балалар өздерінің таңдауы бойынша алдын ала қиылып берілген суреттердің қауіпті деп санайтын өсімдіктер мен жәндіктердің суреттерін жапсырады.(ұжымдық жұмыс)
Мысалы,жылан,кене,маса
Және өздеріңе таныс емес жәндіктер мен жидектердің суретін жапсырады.Екінші орталықтағы балалар табиғат аясында істеуге болмайтын қылықтарға байланысты берілген суреттерді жапсырады.
Олар:құстың ұясын бұзба,ағаштарды сындырма,қатты айқайлама,құмырсқаның илеуіне тиіспе,гүлдерді жұлма т.б.
Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Балалар дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Балалар жиыннан алған әсерлерін айта отырып көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.
Немен айналысқандарын,не үйренгендерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
жасайды:серуенде жүргенде үлкендерден алыс кетпеу,отпен ойнамау,өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді теріп жемеу.
түсінеді:қауіпсіздік ережесін сақтауды және оның өз өмірі үшін маңыздылығын,серуен кезінде үлкендермен бірге жүру керектігін,отпенг ойнамау керектігін өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді теріп жемеу керектігін,жәндіктерден сақтану керектігін,табиғат аясында тыныштық сақтауды.
қолданады:отпен ойнамайды,өздеріне таныс емес саңырауқұлақтармен жеміс жидектер мен жәндіктерден алыс жүреді,үшкір заттарды қозғамайды,келеңсіз жағдай бола қалған жағдайда үлкендерге хабар беру керек екендігін.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№8
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОҚ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Ыдыс –аяқ.
Мақсаты: ыдыстардың ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын (шайдың ыдыстары: фарфордан, шыныдан жасалатындығы, түсі, көлемі, материалы, т.б.) күнделікті тұрмыста пайдаланатын ыдыстардың маңызы, қолданылуы жайлы сипаттап айтып беруге үйрету.Оларды сақтау ережелерімен таныстыру. Балалардың ой -өрісін, сөздік қорын, сөйлеушіні тыңдау, қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Құрдастарымен жақсы қарым- қатынас орнату.
Көрнекіліктер: ыдыс –аяқ түрлері, суреттер.
Қажетті құрал – жабдықтар: жұмыс дәптері, ермексаз, ойыншық ыдыстар.
Алдын –ала жасалатын жұмыстар: күнделікті са ішетін ыдыстар, олардың бөліктері жөнінде әңгіме жүргізу. Ата- аналарымен бірге ыдыс –аяқтар сататын дүкенге саяхат жасау.
Әдіс – тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билингвальді компонент: ыдыс-аяқ-посуда, шәйнек-чайник, кружка-саптаяқ, қасық-ложка, шанышқы-вилька,кесе-кисайка
Іс - әрекет кезеңдері Педагогтың іс - әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Педагог балаларды шаттық шеңберге шақырады.
Жұмбақ жасыру.
1. Беті дуылдап тұр,
Танауы шуылдап тұр.
2. Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Олардың бәрін не дейді?
- Бүгін немен танысатынымызды өздерің түсінген боларсыңдар. Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.
-Шәйнек.

- Ыдыс аяқ
- Бүгін ыдыс –аяқ түрлерімен танысамыз.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Педагог жалпы ыдыс –аяқтың түрлері, неден жасалғандығы туралы сұрайды.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ыдыс – аяқтың түрлері өте көп. Шай ыдыстары кесе, тәрелке шыныдан, фарфордан жасалады.
- Балалар қонаққа барғыларың келе ме?
- Кәне, олай болса біз қазір көрші ауылға қонаққа барайық. Олар алдын –ала безендірілген қуыршақтың үйіне келеді. Ол жерден балалар үстелді жағалай отырған бірнеше қуыршақтарды көреді. Педагог бүгін Гауһар атты қуыршақтың туған күні екендігін, соған бірнеше қуыршақтың қонаққа келетіндігін айтады. Және үстел үстінде тұрған қуыршақтарды көрсетеді.
- Балалар, бірінші қуыршақтармен танысып алайық деп әрбір қуыршақтың атын атап шығады.
- Әйгерім атты қуыршақ не істеп отыр?
-Шайды қандай ыдыспен ішіп отыр?
-Талшын шайды қандай ыдыспен ішіп отыр?
- Неліктен шұңғыл, терең етіп жасаған ?
Педагог шыныаяқ және кесенің шай ішуге арналғандығын, оның су немесе шай құйылатындай терең етіп жасалғандығын айтып түсіндіреді.
- Шыныаяқ пен кесенің айырмашылығы қандай?
- Тұтқаны не үшін жасаған деп ойлайсыңдар?
-Үстелдің үстінен тағы қандай ыдыстар көріп тұрсыңдар?
-Қант, тосап салынған ыдыс неден жасалған деп ойлайсыңдар?
- Осы аталған ыдыстарды бір сөзбен қалай айтуға болады?
- Жарайсыңдар, балалар, бұл ыдыстар шай ішуге арналған ыдыстар екен. Енді шкафтың үстінде тұрған ыдыстарды айтып беріңдерші.
- Тәрелкелер не үшін керек?
- Сорпаны қандай тәрелкелермен ішер едіңдер?
- Не үшін шұңғыл тәрелкемен ішеміз?
- Дұрыс айтасыңдар, енді балабақшада тамақ ішетін ыдыстарымызды еске түсірейікші. Тамақ ішкенде тағы қандай ыдыстарды пайдаланатын едік?
- Дұрыс айтасыңдар, бұл ыдыстарды көбінесе түскі, кешкі ас ішкенде пайдаланады екенбіз.
Осылайша сұрақтарды қоя отырып шай ыдыстарының түрлері, түсі, көлемі, материалы және олардың тұрмыста қолданылуы туралы ақпарат береді. Олардың жеке –жеке аталуы мен топтасқан күйіндегі аталуының мағынасын түсіндіреді.
Мысалы, кесе, табақ, шәйнек - бұлар ыдыстар.
- Балалар, осы ыдыстарды қай жерге орналастырған ыңғайлы деп ойлайсыңдар?
-Ал ыдыс – аяқты пайдаланғаннан кейін не істеу керек?
- Не үшін?
- Қандай ыдыстар сынып қалуы мүмкін.
- Қандай ыдыс сынбайды деп ойлайсыңдар?
- Ыдыстарды қайдан алуға болады?
«Дүкеншісіз дүкен» Ойын: (ойын басталмас бұрын бұрын тәрбиеші ыдыс – аяқтарды бақылап, зерттеу жүргізуді ұсынады.) Ойын шартын түсіндіреді.
Ойын шарты бойынша ыдыстардың суреті салынған бірнеше карточканың ішінен біреуін таңдап алып,(бір карточкада бір зат (шәйнек) бейнеленуі керек) дүкенге келеді. Дүкенде сатушы болмайды. Бала суретте бейнеленген ыдысты тауып, сипатттама жасайды. Егер бала карточкада бейнеленген ыдысты дұрыс тауып, сол туралы айтып берсе, онда сол ыдыс сатылды деп есептелінеді.
Балаларды екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға ыдыстарды ішінде салынған заттарымен мүсіндеу тапсырылады.
Екінші орталықтағы балаларға шай ыдыстары мен тамақ ішетін ыдыстарды жеке – жеке топтастыру тапсырылады.
Сергіту сәті.
Ыдыстарды жинаймын,
Үлкендерді сыйлаймын.
Кесе, қасық бәрін де,
Өз орнына қоямын. Балалар өздерінің тәжірибесіне сүйеніп, ыдыс – аяқ туралы білетіндерін айтады.
- Келеді.
- Шай ішіп отыр.
Балалар әр түрлі жауаптар айтады.
- Шұңғыл.
- Шай құю үшін.
- Шай төгіліп қалмас үшін.
- Шыныаяқтың тұтқасы бар, ал кесенің тұтқасы жоқ.
- Ұстауға ыңғайлы болуы үшін.
- Қант, тосап салынған ыдыс.
- Шыныдан т.б.
- Шай ыдыстары деп айтуға болады.
- Тәрелкелер мен нан салатын ыдыс.
-Тамақ ішу үшін, сорпа ішу үшін.
- Шұңғыл тәрелкемен.
- Өйткені, сорпа сұйық, оны жайпақ ыдысқа құйсаң, ол төгіліп қалады.
- Бірінші сұйық тамақты шұңғыл ыдыспен, ал екінші қою тамақты жайпақ ыдыспен ішеміз.
Балалар ыдыстардың түрлерін атап, олардың қажеттілігі жайлы әңгімелейді.
- Шкафтар, сөреде, үстелдің үстінде.
- Сумен жуып, кептіру керек.
- Таза болу үшін.
- Шыныдан, фарфордан, ағаштан жасалған жасалған ыдыстардың сынуы мүмкін.
- Темірден жасалған шәйнек, табақ.
- Дүкеннен алуға болады.
Балалар үстел үстінде жатқан карточкалардың ішінен біреуін таңдайды, өзінің карточкасында бейнеленген суретке қарап, дүкеннен турасондай ыдысты алады да, сол алған ыдысы туралы білетінін әңгімелейді.
- Мынау шәйнек, ол темірден жасалған. Шәйнектің қақпағы, шүмегі, тұтқасы бар. Бұл шәйнекпен шай демдеуге болады. Қалған балалар дұрыс – бұрыстығын айтып отырады.
Рефлексиялық -түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.
Д /о. «Ыдыстарды топтастыр»№43 Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандары, не білгендері, не үйренгендері және мүсінденген заттары жайлы әңгімелеп айтады.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: ыдыстардың ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын, күнделікті тұрмыста пайдаланатын ыдыстардың маңызы, қолданылуы жайлы сипаттап айтып беруді, сөйлеушіні тыңдауды, қойылған сұрақтарға жауап беруді.
түсінеді: фарфор, шыны, темірден жасалған ыдыс түрлерін, олардың қолданылуын, тұрмыста қажеттілігін, ыдыстардың көлеміне қарай үлкен – кішілі болып бөлінетінін, түсінің әр түрлі болатындығын біледі.
қолданады: ыдыс –аяқ түрлерін қажеттілігіне қарай пайдалануды, топтастыруды, сақтау ережелерін.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Үй жануарлары. Қой, ешкі
Мақсаты: Үй жануарлары түйе,сиыр,жылқы,есек туралы түсініктерін кеңейте отырып, қой, ешкімен таныстыру. Олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымдарын кеңейту. Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері
Қажетті құрал-жабдықтар: Жүннен тоқылған киімдер, сүт тағамдары мен еттен жасалған тағамдардың суреттері, құрылыс материалдары, құрт жасауға дайындалған сүзбе.
Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Блингвалды компанент: Қой-баран, үй жануарлары-домашные животные
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Балалар, мен сендерді әдеттегідей шаттық шеңберіне шақырамын.
Балаларды шақырып, көп суреттер мен ойыншықтардың ішінен өздеріне таныс үй жануарларын алуды ұсынады.
Жұмбақ:
1. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.Ол қай жануар?
2.Басында таяғы бар.
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар.
Иегінде сақалы бар.
3.Мүйізі айдай иілген.
Мұрнын көкке шүйірген.
Ірімшік пен құрт майы,
Жегенде тілді үйірген
Үй жануарлары- түйе, сиыр, ешкінің суреттерін қоя отырып білетіндерін қорытындылау.
Балалар, тағы да қандай үй жануарларын білесіңдер?
Мынау- қой, ал мынау-ешкі.
Біз бүгін осы екі жануармен танысамыз. Қалай ойлайсыңдар, қой мен ешкі үй жануарларына жата ма, алде жабайы аңдарға жата ма?
-Неге олай ойлайсыңдар?
Қой мен ешкі туралы түсіндіреді.
«Дұрысын тап» ойыны. Балаларды үш топқа бөліп, ойын ережесін түсіндіреді. Жүннен тоқылған киімдер,сүт тағамдары,еттен жасалған тағамдардың суреттерін араластырып үстелдің үстіне шашырап қояды.
Миға шабуыл: Бұл ненің көлеңкесі? Көлеңкелі театрды пайдаланып, үй жануарларының бейнесін көрсетеді.
Қ /о: «Өз енеді тап» Әдемі күлуді үйренейік, жағымсыз әдеттерден жиренейік. Ешкімнен, ешнәрседен қорықпай, мейіріммен әрқашан күлейік. Балалар жылқы, түйе, ешкі, сиыр, есек т.б өздеріне таныс жануарлардың суреттерін алып, алған суреті бойынша айтып береді.
Түйе
Ешкі
Сиыр
Балалар берілген сұрақтарға жауап береді.
-Үй жануарына жатады.

Өйткені оларды адамдар бағып, оларға қора жасап береді. Ойын ережесі бойынша бірінші топ жүннен
тоқылған киімдерді, екінші топ сүттен жасалған тамақтарды, үшінші топ еттен жасалған тағамдарды іріктеп, олардың аталуын, қолданылуын,пайдасын, қай жануардың берген өнімі екенін айтып береді. Балалар қай жануар екенін табады.
Ұйымдастырушылық ізденістік
-Балалар, біз бүгін үй жануарлары туралы көп ақпарат алдық. Енді ата мен әженің ауылына саяхатқа барамыз. Балаларды керекті құралдар-жабдықтары алдын ала дайындалып жасалған «Таным» орталығына барады.
Ауыл кейіпінде жасалған «Таным» орталығына келеді. Ата әжемен амандадасып, қыз балалар орталыққа барып әжеге құрт жасауға көмектеседі. Ал ұл балалар үй жануарларына арнап қора құрастырады.
Рефлексиялық- түзетушілік Педагог балалардың бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Балалар көңіл-күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлермен бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: үй жануарларының тіршілік әрекеті туралы сипаттап береді.
түсінеді: қой мен ешкіні танып, ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстырмалы түрде сипаттап айтады, тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы
қолданады: қой мен ешкінің адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды игереді, қамқорлықпен қарауды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Үй құстары
Мақсаты: Балалардың құстар,олардың тіршілік ету жайлары туралы түсініктерін кеңейту Үй құстарының тіршілігі туралы түсініп айтып беруге үйрету. Үй құстарына жасалған қамқорлығы туралы ұғымдарды қалыптастыру. Олардың көбеюі, адамға әкелетін пайдасы туралы айта отырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Үй құстарының суреттері, балапанның пайда болуы, құстардың шалғында жайылып жүргені туралы суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, жұмыртқа.
Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, практикалық.
Блингвалды компанент: үй құстары-домашные птицы, балапан- цыпленок
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
« Көңілді балапандар» музыкасын қояды. Би аяқталысымен қандай әсерде болғандарын сұрайды.
Қ /о: «Ұшты, ұшты» Балалар музыкаға байланысты би қимылдарын жасайды. Өздерінің алған әсерлері туралы бөліседі.
Ұйымдастырушылық ізденістік
Тәрбиеші балаларға қораз бен тауықтың суретін көрсетіп, олардың дене бітімі, ұқсастықтары мен ерекшелігі туралы сұрақтар қояды. Балалардың жауабын тыңдап болғаннан кейін қосымша ақпарат береді.
-Балалар, сендер білесіңдер ме, қораз бен тауық бірнеше жылдар бұрын жабайы құс деп аталған. Адамдар олардың өнімін алу үшін асырап, үй құстарына айналдырып алған. Қораз бен тауықтың өзінің бірнеше түрі болады. Олардың көпшілігі адамдар етін, жұмыртқасын жеу үшін және мамықтарының жастық т.б тұрмысқа қажетті заттар жасау үшін жағдай жасайды. Дегенмен де олар суыққа төзімді болып келеді.
-Олар жемді қалай жейді?
-Қораз бен тауықтар басқа құстар сияқты дыбыс шығарады.
-Кәне, есімізге түсірейікші қораз қалай дыбыстайды?
- Ал, тауық ше?
-Тауықтың өзі он шқты дыбыс шығарады екен. Олар өздеріне қауіп төнгенін сездіру үшін, балапандарын қорғау үшін, балапандарын өзіне шақыру үшін де дыбыс шығарады. Оларды дауыстарының қатты, бәсең шығуынан байқауға болады.
Тәрбиеші бейнетаспадан деректі фильм немесе мультфильм көрсету арқылы балапанның пайда болуын көрсетеді.
-Балапан қандай дыбыс шығарады?
-Енді балалар балапанды басқа жыртқыш құстар мен ит, мысық жеп кетпеу үшін оны қорғау қажет екен. Педагог балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға іші босатылған жұмыртқадан балапанның бейнесін жасауды екінші орталықтағы балаларға қораз бен тауықтан алынатын өнімдердің суретін іріктеуді тапсырады.
Сергіту сәті.
Балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керектігін айтады.
Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.
Д /о: «Дұрыс ата»№70 Балалар тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.
-Жем, тары, бидайды шоқып жейді.
-«Ку-ка-ре-ку» дейді
Балалар таңырқап, балапанды жұмыртқаны жарып шыққанына қуанады.
-«Шиқ-Шиқ» дейді
Бірінші орталықтағы балалар жұмыртқаға маркермен көз, мұрын, тұмсық салып, балапанды бейнелейді.
Екінші орталықтағы балалар құстың етінен, жұмыртқадан жасалған тағамдар мен мамығынан жасалған суреттерін іріктеп, әңгімелеп береді.
Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып, қимылдар жасайды.
Балалар орындарын ауыстырып, берілген тапсырманы орындайды. Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық- түзетушілік Педагог балалардың бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Балалар көңіл-күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлермен бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
жасайды:қораз тауық олардың тіршілік әрекеті туралы сипаттап беруді.
түсінеді: қораз,тауық,балапанды тауып, ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстырмалы турде сипаттап айтады.
қолданады: қораз, тауық балапанын адамның қамқорлығына, күтуіне зәру екендігі туралы ұғымды игереді, қамқорлық жасайды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Нан-ел байлығы».
Мақсаты: нан адамның ең басты талғамы екенін білуге, нан қалай жасалатынын, қалай еңбектенетінін айтып түсіндіру; адам еңбегіне, нанға деген құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: «Нан дастарханға қалай келеді?» суреті.
Билингвальдік компонент: Нан-Хлеб
Сөздік жұмыс: шаруалар, диқаншылар, бидайық, трактор- тракторшы, комбайн – комбайншы.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
І. Шаттық шеңбері.
«Сәлем, сәлем алтын күн!»
Балалар шеңбер тұрып амандасады, бір-біріне жақсы тілектерін айтады.
Ұйымдастыру
іздену Тәрбиеші қала мен ауыл бейнесі бейнеленген бірнеше суреттерді мұқият қарауды ұсынады. Қала мен ауылдың айырмашылығы неде?
Ауылды адамдар немен шұғылданады?(Аылдағы адамдар егін егеді, үй жануарларын күтеді, көкө ністер өсіреді).
Бүгін біз сендермен шаруалардың негізі жұмысы туралы айтамыз.(Шаруалар деп ауыл еңбеккерлерін атайды.)
« Шаруалар » - сөзін қайталандар.
Үстел үстіне ақ нан, қара нан, ұннан жасалға тағамдар қояды.
Кім біледі мұнын бәрі неден жасалады?
Ал ұн деген не, оны неден алады?
Дәннен ұн ау үшін көп еңбек ету керек. Бірінші бидай мен арпа өседі, содан кейін егінді жинай ды. Бұл жұмыспен диқаншылар айналысады.
«Диқаншы » сөзін қайталандар. Диқаншы сөзінін мағынасын түсіндіру.
Бұл қандай жұмыс?
Дәнді дақылдарды қалай өсіреді?
Өсімдік өсу үшін не қажет?
Ал топырақ қандай болу керек?
Өсімдік жақсы өсу үшін жұмсақ, құнарлы топы рақ, су, күннің көзі, ауа қажет. Үлкен жерлерді қопсыту үшін техника көмектеседі. Бұл трактор. Тракторды кім жүргізеді.(Тракторшы). Балалар ға қайталату. Қопсытылған жерге басқа машина лар дән себеді. Жаз бойы дәндер сабақтарында пісіп жетіледі. Бұл кезде қырманды дала өте әдемі болады.
Сергіту сәті: « Көлеңке» ойыны.
Көлбең, көлбең, көлеңкем.
Көлбендеген көлеңкем
Тасып піскен бидайды
Айтшы қалай жинайды?
Комбайнмен бидайды
Былай, былай жинайды.
Қаптап ұшқан торғайдан
Оны қалай қорғайды?
Қаптап ұшқан торғайдан
Оны қалай қорғайды.
( Кіш, кіш! Қолдарымен көрсетеді.)
Қорғап қалған бидайды
Қырманға әкеп жинайды
Астық орған байлығы
Қамбаға дән сыймайды.
Егін өсіп, дәндері піскен соң оны комбайнбен жинайы. Комбайнды кім айдайды?(Комбайншы).
Балаларға қайталату.
Бидайды жүк машиналарына тиеп элеваторға апарады. Содан кейін диірменге апарды. Диірменде ұн тартады. Диірменнен наубайханаға апарады. Наубаханада түрлі тағамдар пісіреді.
«Нан дастарханға қалай келеді?»(хрест. к/ә ) әңгімесін оқу.
Слайн қарау. Әңгімелеу.
Дәптермен жұмыс. Нанның суретін салу, бояу.
Ойын: «Не артық?»
Мақал жаттау. « Алтын, күміс тас екен,
Арпа, бидай ас екен »
Балалар нан тағамдары екенін айтады, неден жасалатынын айтады.
Ұзын, жеңішке, ұзын мұртшалары бар дән -дерді дөңгелектеу.
Сергіту сәтін орындайды.
Дәптермен жұмыс.
Ойынға қатысады.
Ойын ойнайды.
Мақал жаттады.
Рефлексифті түзету
Нан –еліміздің байлығы, оны қадірлеу керек. Ал енді, дастарханнан печенье, тоқаш, нан жесеңдер, оны әзірлеген адамдарға алғыс білдіріңдер.
«Ас атасы – нан» мақалын қайталау.
Балалар сұрақтарға жауап береді. Мақал – мәтелді қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу:нанның ас атасы екенін білді.
Игеру:диқаншылар еңбегімен танысты.
Меңгеру:балаларды адам еңбегімен, нанды құрметтеуді меңгерді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Ойыншықтар.
Мақсаты: өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп (түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны), әңгімелеп айтып беруге үйрету. Балалардың мінез-құлқында қарапайым әдеп ережелерін (ойыншықтармен бөлісу) бекіту. Ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жаңашырлықпен қарап әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әртүрлі материалдан жасалған ойыншық түрлері.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, құрастыруға арналған материалдар.
Алдын ала жасалатын жұмыс: ойыншықтар дүкеніне саяхат, мазмұнды рөлді «Дүкен» ойынын ұйымдастыру.
Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билингвальді компонент: ойыншықтар- игрушки, жұмсақ ойыншықтар –мягкие игрушки, доп-мячь, қуыршақ-кукла
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Педагог балаларды шаттық шеңберге шақырады.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік.
Күлкімізді күн қылып,
Гүл өссін деп тілейік. Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Қонаққа Буратино келеді. Үстел үстінде тұрған бірнеше ойыншықтарды көріп таңырқайды.
- Балалар, мына үстел үстіндегі жатқан заттар не?
- Ойыншықтарды жеуге бола ма?
- Ал мына қарбызды қараңдар, қызық, өзі жеп-жеңіл екен (допты көрсетеді).
- Доппен қалай ойнауға болады? Ол неге секіреді?
Буратино қолына енді қуыршақты алады.
- Мына қыз менің Мальвина деген досыма ұқсайды екен.
- Қуыршақ сонда ауырып қалған ба?
- Сонда оны кім шомылдырып киіндіреді?
-Бәсе, киімдері тап- таза, өзі де мұнтаз дай. Бірақ түкке түсінбей тұрғаным, сонда қуыршақты сендер өздерің жасап қойдыңдар ма? Неден жасадың дар?
Буратино өзіне ұқсайтын жұмсақ ойыншықты көреді.
- Балалар, мынау маған ұқсайды екен. Бірақ денесі, мұрны, барлығы да жұп-жұмсақ. Міне, ұстап көріңдерші.
- Енді түсіндім, допты резеңкеден, қуыршақты пластмассадан, ал Буратиноны мата мен мақтадан жасайды екен. Дұрыс айттым ба?
Педагог:
- Кішкене қателестің. Допты, қуыршақ пен Буратиноны әртүрлі материалдан да жасауға болады деп мата мен мақ тадан, резеңкеден, ағаштан жасалған қуыршақтар мен буратино және т.б. ойыншық түрлерін көрсетіп түсінді реді. Қосымша құрылыс ойыншықта ры мен мозаика ойыншықтарын көр сетіп, оның неден жасалғандығын, бұл ойыншықтармен қалай ойнауға бола тындығын айтып, ақпарат береді. Ойыншықтармен ойнау кезінде қауіп сіздік екрежесін сақтау керектігін ескертеді.
Балаларды екі орталыққа бөліп, бірін ші орталықтағы балаларға машина, қуыршақ, кірпі, күшік, робот, автобус, құрылыс материалдары, т.б. әртүрлі материалдан жасалған ойыншықтар дың ішінен өзіне ұнаған ойыншықтың біреуіне сипаттама жасауды, екінші орталықтағы балаларға ойыншықтарға арнап үй құрастыруды тапсырады.
Екі орталықта жұмыс істеген балалар дың жұмыстарын бірікжандып, сергіту сәтін жасауға шақырады.
Сергіту сәтін өткізу.
Сағаттың тіліндей солға бір оң аяқ,
Сол аяқ жаттығу оңай-ақ.
Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Алақанды ұрайық. Балалар Буратиноның келгеніне қуанып, онымен амандасады.
- Олар ойыншықтар.
- Жоқ жеуге болмайды. Ойыншықтармен ойнайды.
- Ол қарбыз емес, ол – доп, бірақ қарбызға ұқсастығы бар.
Өйткені ол домалақ. Бірақ қарбызды жерге ұрсаң бөлініп қалады, ал допты жерге ұрсаң ыршиды. Балалар доппен ойнап көрсетеді.
- Доптың секіретін себебі: оның ішінде ауа бар, ал жеңіл болатын себебі, оны резеңкеден жасаған.
- Ол – қуыршақ, оның аты - Әйгерім. Қуыршақтың қыздан айырмашылығы сол – ол сөйлемейді, өзі жүріп-тұра алмайды, киімінөзі кие алмайды.
- Жоқ, ол ауырып қалған жоқ. Ол ойыншық қой. Сол себепті сөйлей алмайды.
- Қуыршақты қыздар ойнаған кезде шомылдырады және киімдерінде жуып, үтіктеп киіндіреді.
- Біз жасаған жоқпыз, қуыршақты барлық ойыншықтарды жасағандай арнайы зауыт, фабрикаларда үлкен ағалар мен тәтелер пластмассадан жасайды.
Бірінші орталықтағы балалар өздеріне ұнаған бір ойыншыққа зерттеу жүргізіп, сипаттап (қандай ойыншық, қандай материалдан жасалған, онымен кімдер ойнайды т.б.) береді. Екінші орталықтағы балалар ойыншықтарға арнап үй құрастырып, соңынан барлық құрастырған үйлерді біріктіріп қалашық (городок) жасайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алағн әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.
С /о: «Неден жасалған» Жиыннан алағн әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: Ойыншықтардың көлемі, түсі, материалы жағынан алуан түрлі болатынын, бір ойыншықтың бірнеше материалдан жасалуы мүмкін екендігін; ойыншықтарға зер салып, әрекет ету жолдарын.
түсінеді: ойыншық түрлері, олардың жасалу жолдары, оларды жасайтын адамдар туралы әңгімелеуді.
қолданады: өздеріне ұнаған ойыншықтарды зерттеу арқылы зерттеу жүргізудің қарапайым тәсілін; ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарауды; достарымн ойыншықтарды бөлісіп ойнауды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№13
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Асхана құралдары.
Мақсаты: тамақ пісіруге және ішуге арналған ыдыстар мен құралдарды таныстыра отырып, ыдыс аяқтар туралы салыстырмалы түрде сипаттап айтып беруге үйрету. Ыдыстардың алуан түрлі болатынын (түсі, мөлшері, көлемі, материалы, металдан жасалатындығы, жасалуы) айта отырып, бағыт-бағдар жасай білуін дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін талқылау. Ыдыстарды сақтау ережелерімен таныстыра отырып, ұқыптылыққа , тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ойыншық ыдыс-аяқтардың түрлері (шай, тамақ ішетін, тамақ пісіретін, т.б ыдыстар, құралдар).
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Алдын ала жұмыс: Пұшайман Федора ертегісін оқу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билингвальді компонент: табақ-тарелка, катрөл-каструл,пышақ-нож,ожау-половник
Іс-әрекеттер кезеңі Педагогикалық іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық. Шаттық шеңберді ұйымдастыру.
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз,
Қашан да, қайда да!
Дос болып бәріміз
Сенімді боламыз! Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік - Балалар, бізге ертегілерәлемінен түлкі мен тырна келіпті. Мен таңертен келсем олар өзара дауласып жатыр екен. Не болғанын сұрасам екеуі түскі тамаққа шақырыпты. Соған түлкі тамақты табаққа, ал тырна, құмыраға пісірмек болады дауласып жатыр. Кәне, екеуіне көмектесіп жіберейік. Сендердің ас даярлайтын бөлмеге саяхат жасағаңдарын есмтерінде ме? Сонда тамақты қандай ыдысқа даярлаған еді?
- Жайпақ па әде шұңғыл ма?
- Ол неден жасалған шыныдан ба әлде металдан ба?
-Ал картопты қандай ыдыста қуырады?
- Табаға тағы да нені қуыруға, пісіруге болады?
- Ал қандай ыдыста пісіреді?
- Тамақты пісіруге, қуыруға арналған ыдыстар қандай материалдан жасалады?
- Неліктен олай ойлайсындар, мүмкін шыны, фосфор, пластмасса ыдысқа да, тамақ пісіретін шығар.
- Дұрыс айтсандар балалар, тамақты металл, алюминий немесе сырты сырланған темір ыдыстарда ғана пісіруге болады екен. Түлкі, тырна, сендер түсіндіңдер ме?(Екеуі түсінгендіктерін білдіреді).
- Кастрөлдер қандай болады?
- Ал дайын болған сорпасы бар тамақты қандай ыдысқа құямыз?
-Салатты қандай ыдысқа саламыз?
- Нанды қандай ыдысқа саламыз?
- Тамақты немен ішеміз?
- Салатты немен жейміз?
- Нанды немен тураймыз?
Педагог ас даярлауға, тамақ ішуге және шай ішуге арналған ыдыстар болып бөлінгендігін, олардың көлемі, түсі жағынан әртүрлі болғандығын (үлкен кастрөл, кіші кастрөл), дастарқан мәзірін дайындауда қойылатын ыдыс-аяқтар мен құралдар, иайлық орамалдар туралы қосымша сұрақтар қоя отырып, ақпарат береді.
«Кім бірінші» ойыны:
Педагог балаларды екі командаға бөледі. Ойын шарты бойынша бірінші түлкінің командасының балаларына жайпақ ыдыстарды, екінші тырнаның командасының балаларына шұңғыл ыдыстарды топтастыру ұсынылады. Түлкі мен тырна балалармен бірге ойынға қатысады.
Түлкі мен тырна қонақ күтуге дайындық жасайтындарын айтып қоштасады. Педпгог балаларға түлкі мен тырнаға тамақ пісіру кезіндегі қауіпсіздік сақтаудың ережесін түсіндіру керектігін айтады.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш боп ұшайық.
Бір отырып, бір тұрып.
Жақсы сергіп алайық.
Сергіту сәтін ұйымдастырып болғаннан кейін педагог балаларға дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіреді. -Сорпасы бар сұйық тамақты кастрөлге пісіргенін көрдік.
-Шұңғыл.
-Металдан, темірден жасалған.
- Табаға қуырады.
- Балықты қуырады, етті қуырады, орамжапырақты бұқтырады.
- Шұңғыл кастрөлде пісіреді.
- Металдан, алюминийден.
- Шыны, фосфор ыдыстар, сынып қалуы мүмкін, ал пластмасса еріп кетеді.

- Үлкен, орташа, кіші, ақ қызыл.
- Сұйық тамақты шұңғыл тарелкеге құямыз.
- Салат салуға арналған шыны, фосфор ыдыстарға.
- Арнайы нан салатын ыдысқа
- Қасықпен
- Шанышқымен
- Пышақпен
Балалар педагогті мұқият тыңдап, өз тәжірибелеріне сүйеніп, өткен сабақтарда алған мағлұматтарды естеріне түсіре отырып сұрақтарға жауап береді.
Балалар түлкі мен тырнаға көмектесіп, ыдыстарды топтастырады. Топтастырған ыдыстары туралы айтып береді.
Ойын аяқталғаннан кейін топтастырылған ыдыстарды түлкі мен тырнаға беріп, тамақ пісіру кезінде сақталатын ережелерді айтып береді.
Өленнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын , не уйренгендерін сұрайды.
Д /о: «Ыдыстарды топтастыр»№43 Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: тамақ пісіруге және ішуге арналған ыдыстар мен құралдарды, салыстырмалы түрде сипаттап айтып беруді; ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін талқылауды.
түсінеді: тамақ пісіруге, ішуге арналған ыдыстар мен құралдардың алуан түрлі болатынын; асхана ыдыстарының металдан жасалғандығын.
қолданады: ыдыс-аяқтар мен асхана құралдарын топтастыруды; дастарқан мәзірін жасауды; ыдыстарды сақтау ережелерін.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№14
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерін танып біліп, айтып беруге үйрету. Қазақстан Республикасының Гимніне рәсім жасауды үйрету. Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Алдын ала жұмыс: Қазақстан Республикасының Гимнін жаттау.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билингвальді компонент: ҚР рәміздері – символы ҚР, әнұран-гимн, ту-флаг, елтаңба-герб
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңберіне тұрғызу. Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Педагог балаларға бүгінгі жиынды Қазақстан Республикасының Гимнін орындаудан бастайтынды- ғын айтады.
– Балалар сендер неге гимнді орын- дағанда қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойдыңдар? Педагог балаларға гимннің әні мен сөзін кім жазғаны туралы ақпарат береді. Және гимнді орындау немесе естіген кезде орындарынан тұру керектігін айтады. Педагог мемлекеттік ту, тудың түсі, туда бейнеленген күн, қыран құс, ұлттық өрнектің қандай мағына беретіндігі туралы қосымша ақпараттар бере отырып, оны ресми түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы деп айтылатын- дығын түсіндіреді.
– Балалар, енді елтаңба туралы не білесіңдер, соны байқап көрейік.
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген?
– Қалай ойлайсыңдар, елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу жазылған?
– Елтаңбаның ең жоғарғы жағынан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?
– Ал осы сендер айтқан шаңырақ, уықтар, қанатты ат, жұлдыз не үшін бейнеленгені және қандай мағынаны білдіретіндігі туралы білесіңдер ме?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы толықтырып түсіндіреді және оларға құрметпен қарау керектігін айтады. Балаларды екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға күннің суретін салуды, екінші орталықтағы балаларға «Арайлы менің – Астанам» тақырыбында суретке қарап әңгіме құрастыруды тапсырады.
Сергіту сәтін өткізу.
Педагог орталықтағы балаларға орындарын ауыстыру керектігін айтады.
Жұмыстарын аяқтағаннан кейін педагог дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.
Гимнді қолдарын жүректерінің тұсына қойып орындайды.
– Өйткені біз мемлекетіміз-ді жүрегімізбен жақсы көреміз.
– Аспан түстес көк, көгілдір.
– Күн және қыран құстың суреті.
– Ою-өрнек бейнеленген.
– Елтаңбада шаңырақ, уық- тар, қанатты аттар бейнеленген.
– Қазақстан деп жазылған.
– Жұлдыздың бейнесін.
Балалар өздерінің тәжірибе- леріне, естігендеріне cүйеніп жауап береді.
Бірінші орталықтағы балалар өздерінің күннің суретін салып, салған суреттері туралы әңгімелеп береді. Екінші орталықтағы балалар суретке қарап Астана қаласы туралы әңгімелеп береді.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар орындайды. Орталықтағы балалар орындарын ауыстырып жұмыс жасайды. Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік «Дұрыс-бұрыс» с/ойыны. Балаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне байланысты сұрақтар қояды. Мысалы, Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгенде-рін сұрайды.
Балалар педагогтің рәміздерге байланысты қойған сұрақтарына жауап береді. Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: Қазақстан Республикасының рәміздерін танып біліп, айтып беруді; Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін жатқа айтуды.
түсінеді: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы; Гимнді жатқа айтады.
қолданады: Қазақстан Республикасының Гимніне рәсім жасауды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №15
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Қысқы киімдер.
Мақсаты: қыстық киім түрлерімен (баскиім, аяқкиім, сырт киім) таныстыра отырып, ұл бала мен қыз баланың қыстық киімдерін ажырата білуге уйрету. Өз-өзіне қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қуыршаққа арналған қыстық киімнің түрлері, қыстық киім түрлерінен слайд, суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, мата қиындылары.
Алдын ала жасалатын жұмыс: қыстық киімдер бейнеленген суреттерді бояу, қолдарын жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билингвальді компонент: қыстық киімдер-зимние одежды, қолғап-варишки,бас киім –шапка, мойыншалғы-шарф,тон-шуба
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог балалардан қыс мезгілінің ерекшелігі, ауа-райы туралы сұрайды.
-Балалар, мына суретке қараңдаршы, суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Суретші суретте қандай қателік жіберген?
-Әрине бұл жерде суретші қателесіпті. Егер де қыстыгүні адамдар осылай жеңіл киініп жүрсе не болар еді?
-Адамдар өздерің жақсы сезініп жүру үшін өздеріне ыңғайлы, әдемі киімдер киеді екен.
Қалай ойлайсыңдар адамға киімдер не үшін керек?
-Ежелгі адамдар киімді тігуді білмегендіктен үстілеріне киім кимеген. Келе-келе олар суықтан қорғану үшін аңдардың терісін киімнің орнына пайдаланған. Кейіннен адамдар киім тігуді уйреніп, өздеріне матаның түр-түрінен киімдер тігіп алатын болған. Олар күз, көктем айларына бөлек, жаз мезгіліне бөлек және қыс мезгіліне бөлек киімдер тігіп киюді уйренді. Адамдар киімдерді тіге-тіге қолдары уйреніп, бұрынғыдан да әдемілене түсіп, жаңара берді. Мына суретке қараңдаршы, бұл қандай киім? (слайд көрсету).
-Бұл киімдерді кімдерге арнап тіккен деп ойлайсыңдар?
-Неліктен олай ойлайсыңдар?
-Ал мына пальто кімдерге арналған?
-Оны қайдан білдіңдер?
Педагог қыздар мен ер адамдарға, балаларға арналып тігілген, үлкен, кіші мөлшердегі тон, қыстық күртелерді көрсетіп, «Қандай киім?», «Кімдерге арналған киім?», «Неден жасалған?» деген сұрақтар қоя отырып, қыстық киімдердің де сырт киім, баскиім, аяқкиім болып бөлінетіндігін түсіндіреді. Осылайша ұлдар мен қыздарға арналған қыстық киім түрлері шалбар, қалың тоқыма жемпір, тоқыма көйлек, тоқылған, аңның терісінен жасалған баскиім түрлері мен аяқкиім түрлері туралы ақпарат береді. Қолғаптың да әртүрлі болатындығына тоқталады. Жұқа қолғап пен қалың тоқыма және теріден тігілген қолғапты, бес саусақты қолғаптар мен сырт киімдерді бір-бірімен салыстырады.
-Балалар, мына суреттен не көріп тұрсыңдар? (Қыстыгүні жүгіріп жүрген, шаңғы теуіп жүрген үлкен адамдар мен балалардың суретінен слайд көрсетіледі).
-Олардың үстінде қандай киім?
Педагог бұл киімдердің спорттық киімдер екендіген, неліктен спортпен шұғылданатын адамдардың арнайы спорттық киімдерді киетіндігі туралы түсіндіреді.
Спорттық киімдердің ыңғайлы әрі суық өткізбейтіндігін, сол себепті арнайы матадан тігілетіндігін айтады.
№64.«Тігінші» ойыны. Ойын шарты бойынша бірнеше матаның қиықтарын алып, қайсысынан қандай киім тігуге болатындығын тауып, суретте бейнеленген киімнің тұсына қоюды ұсынады.
Сергіту сәтін өткізу.
Балаларға дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. Балалар қыс мезгілі екендігін, далада күн суық екендігін айтады.
Суретке қарап, суретшінің жіберген қателіктерін айтады.
Балалар педагог-тің сұрағына жауап беруге тырысады.
Балалар қыстық киімнің түрлерін ұстап көріп, жасалған материалына, матасына, қалың- жұқалығына, өрнектеріне назар аударады. Оларды бір-бірімен салыстырып, ұқсастықтары мен ерекшелішін айтып береді. Теріден жасалған қолғап пен тоқыма қолғапты қолдарына киіп көріп салысты-рады. Сырт киімдер мен қолғаптардың қайсысының суықтан жақсы қорғайтынын, қайсысын әдемілік, сәндік үшін киетінін зерртеп айтып береді.
Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.
-Балалар, сырт киім, аяқкиім болып бөлінеді.
-Ересек ағалар, әкелерге, аналар пен апаларға, қыз балалармен ұл балаларға, кішкентай бөпеге арналған киімдер болып бөлінеді.
-Спорттық киімдер болып бөлінеді.
-Киімдерді фабрикаларда тігіншілер әртүрлі матадан тігеді.
Балалар маталарды іріктеп, суреттердің тұсына қояды, қайсысынан қандай киім тігуге болатындығын айтып береді. Мысалы, тонның бейнесі берілген суреттің тұсына тоқыма жіпті қояды.
Балалар дәптерге тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардаң бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не уйренгендерін сұрайды. Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не уйренгендерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: жалпы киім түрлері туралы.
түсінеді: қыстық баскиім, аяқкиім, сырт киім, спорттық киім – олардың ерекшелігі мен ұқсастығын, бір киімнің әртүрлі матадан тігілетіндігін, улкендерге арналған киім, ұл бала мен қыз балаға арналған киімдер болып бөлінетіндігін.
қолданады: қыстық киім басқа маусымдық киім түрлерінен ажыратады; ұл бала мен қыз балаға арналған қыстық киімдерді топтастырып, жалпы атауын айта алады; қыстық киімдердің өзінің қалың, жұқалтаң болатындығын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№16
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жолда жүру ережелерін сақтайық.
Мақсаты: Бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмекпункті белгілерімен таныстыру. Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай, тәртіп сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: телефон, дәрігерлік көмек көрсету пунктінің, автобус аялдамасының белгілері, үйлердің макеті, бағдаршам.
Қажетті құрал жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар.
Әдіс тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билингвальді компонент: жолда жүру ережесі-правила дорожного движение, бағдаршам-светофор
Іс-әрекет кезеңдері Педагогикалық іс әрекет Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңберіне тұрғызу Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық ізденістік Жұмбақ жасырады.
Сөйлеуді ол білмейді.
Бірақ тоқта жүр дейді.
Бұл не екен балалар?
Балалар, қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек?
Бағдаршамның неше көзі бар? Қандай?
Бағдаршамның көздеріні қызметін айтып беріңізші. Қандай көзі жанғанда тоқтаймыз?
Жарайсыңдар, балалар, бағдаршам туралы туралы біледі екенсіңдер, енді жол белгілері туралы әңгімелесеміз.
Сендер таңертең балалақшаға келгене немесе ата аналарыңмен қыдырып жүргенде қандай жолмен жүресіңдер?
Неліктен жол жиегіндегі жолмен жүреміз?
Қазір біз қаланы аралауға барамыз.Қаланы біз жаяу аралаймыз. Бәрің менің қасыма келіңдер, абайлап, ақырын жүріңдер.(Ойын алаңына келеді, онда машина түрлері, жаяу жүргінші жолы мен машиналарға арналған жол, бағдаршам, жол белгілері, дүкен,кітапхана, мектеп, емхана, асхана орналасқан үлкен көшенің көрінісі жасалған).
Балалар мына жолдың арғы бетіне өту үшін не істейміз?
Дұрыс айтасыңдар, кәне бағдаршамға қараймыз, бағдаршамның қандай көзі жанып тұр? Не Істейміз?
Ал, мына жерде бағдаршам жоқ екен. Бірақ мұнда бір белгі тұр, бұл белгі нені білдіреді екен?
Жаяу жүргіншілерге арналған белгі екендігін қайдан білдіңдер?
Енді мына белгілерге қараңдаршы, мынау ненің суреті?
Егер телефонның суреті салынған белгі тұрса ол нені білдіреді? Егер балалар жауап бере алмаса, педагог түсіндіреді.
Ал, мынау медициналық көмек пунктінің белгісі. Демек, жақын маңда медициналық көмек пункті бар деген сөз.
Мына суретте не бейнелен ген?
Дұрыс айтасыңдар, автобусттың суреті салынған белгіні көрсеңдер, ол «автобус тоқтайтын аялдама бар» дегенді білдіреді екен.
Педагог сұрақтар қоя отырып, балаларға жол белгілері, жол қиылысы, көлік жолы, жаяу жүргіншілер жолы туралы ақпарат береді. Сонымен қатар жолдан ата аналарының көмегімен өту керектігін, жаяу адамның көлікті аялдамада күтетінін, көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай, тәртіп сақтау керектігін түсіндіреді.
Қайтатын уақыт та келді. Кәне, балабақшамызға оралайық.
Педагог балаларды екі орталыққа бөледі.
Бірінші орталықтағы балаларға өздеріне бұрыннан таныс бағдаршамның суретін салуды, екінші орталықтағы балаларға бірнеше бөлікке бөлінген сурет қиындыларынан жол белгілерін құрастыруы тапсырады.
Педагог бірінші орталықтағы балаларға тапсырманы түсіндіреді. Бағдаршам.
Машиналар бір бірімен соқтығысып қалмас үшін. Адамдардың жолдан өтуі үшін.
Бағдаршамның үш көзі бар. Олар: қызыл, сары,жасыл.
Бағдаршамның қызыл көзі жанса тоқтаймыз, сары көзі жанса дайындаламыз, жасыл көзі жанғанда жүреміз.
Жол жиегіндегі жолмен жүреміз.
Көліктерге кедергі жасамас үшін.
Балалар алдын ала дайындалған ойын алаңына келеді. Таңырқап қарап, қуанады. 4-5 бала машинаға отырып жүргізуші болады, қалғандары жаяу жүргінші рөлін атқарады.
Бағдаршамға қараймыз.
Жасыл көзі жанды, біз жүреміз, ал машиналар тоқтайды.
Бұл белгі жаяу жүргіншілерге арналған белгі. Бізге жүруге болады.
Ақ сызықтар және адамның белгісі тұр. Жолдың үстіне де ақ жолақтар жүргізілген.
Телефонның суреті.
Балалар жауап беруге тырысады.
Автобус.
Топқа келеді.
Бірінші орталықтағы балалар балалар бағдаршамның суретін (көздерінің реттілігін сақтай отырып) салады.
Екінші орталықтағы балалар бірнеше бөлікке бөлінген қиындылардан жаяу жүргінші жолы, медициналық көмек пункті, аялдама т.б. жол белгілерін құрастырып, құрастырған жол белгісі туралы түсінгенін айтып береді.
Балалар орындарын ауыстырып, орталықтарда жұмыстарын аяқтағаннан кейін сергіту сәтін өлеңнің мазмұнына қарай қимылдар жасау арқылы орындайды.
Рефлекциялық --түзетушілік Балалардың бүгінгі жиыннан алған әскерлерін, көңіл күйлерін сұрайды. Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерін.
түсінеді: Жаяу жүрген кезде бағдаршамға және белгілерге қарау керектігін; жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерін; автобуста, көлікте басқа балаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауды.
қолданады: жол белгілері, олардың мағынасын, көлікте басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтайды
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№17
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Көлік түрлері.
Мақсаты: Балалардың көлік туралы білімдерін бекіту. Түрлі көлік түрлерін салыстыра білуге, олардың ерекшеліктерін, жалпы ұқсас белгілерін анықтауға үйрету.Қоғамдық: автобус, ұшақ, кеме, пойыз, трамвай туралы түсінік беруді жалғастыру. Өрт сөндіруші және жедел жәрдем медицина көлігімен таныстыру. Адам өмірі мен еңбегін жеңілдететін көліктің маңызын түсіндіру.
Көрнекіліктер: көлік түрлері бейнеленген суреттер, ойыншықтар.
Қажетті құрал – жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, құрылыс материалдары, өздерінің жеке жұмыс жүргізуіне арналған машина түрлері.
Алдын ала жасалатын жұмыс: шаттық шеңберіне байланысты өлең жаттау, үйлерінен өздеріне ұнайтын машина түрлерін әкелу.
Әдіс – тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билингвальді компонент: көлік-транспорт,
Іс - әрекет кезеңдері Педагогтың іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық «Шуақты күн» ойыны Балалар шаттық шеңберіне тұрып, ортада тұрған дөңгелек пішіннің айналасына сары түсті ұзынды – қысқалы жолақшаларды қоя отырып, жылы лебіздер айтады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Балаларға көліктер тұрағына (гараж) баратындықтарын айтады. Тұрақта әр түрлі ойыншық машина түрлері орналасқан. Көліктер тұрағына арқасына қап арқалаған Дымбілмес келіп, балалардан көмектесуді сұрайды.
Педагог үстелдің үстіне сүт, нан және хат, ашықхаттарды қойып, оларды қайда және немен апаруға болатындығын білмей тұрғандығын айтады.
Кәне, балалар мына заттарды қандай көлікпен апаруға болатындығын ойланайық.
Аталған заттарды тасуға қажетті машиналарды нақты тапқанынша жетелеуші сұрақтар қойып отырады. Мысалы, нан мен хаттардың жаңбырдың астында қалып, су болып қалмауын немесе желден қорғау жағын да ойланайық деген сияқты.
Осылайша педагог жүк көліктерінің екі түрге бөлінетіндіктерін (фургон, цистерна т.б.) және олардың жүктің барлық түрін таситындығын, машиналардың құрылысын, ұқсастықтарын, айырмашылықтарын айқындайтын сұрақтар қояды. Балалар екі орталыққа бөлінеді. Бірінші орталықтағы балаларға көліктерге арнап автотұрақ құрастыру, екінші орталықтағы балаларға суретте берілген жүк көліктері туралы әңгімелеп беру тапсырылады.
Сергіту сәті өткізу.
Дәптердегі тапсырманы түсіндіреді.
Д /о: «Қайсысы қайда жүреді»№59 Балалар қуанады.
Балалар сүт пен нанды дүкенге, ал хаттарды поштаға апару керектігін айтады.
Балалар көліктің барлығын алып, қарайды, бақылау жасайды.
Соңында балалар сүр, нан, хат таситын машина түрлерін табады. Олардың шанағының (кузовының) неліктен жабық болу керектігін түсіндіреді.
Жүк машиналарының түрлерін, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы айтып береді.
Бірінші орталықтағы балалар үйлерінен әкелген көлік түрлеріне лайытап, автотұрақ жасайды. Екінші орталықтағы балалар суретте берілген жүк көліктері туралы әңгімелеп береді. Өлеңнің мазмұнына қарай қимылдар жасайды. Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық – түзетушілік Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін сұрайды. Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді, сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: түрлі жүк тасуға арналған көлік түрлерін, олардың адамдарды таситын көлік түрлерінен айыршалығын, көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына байланысты болатындығын.
түсінеді: сүт, нан, пошта таситын көлік түрлерін, олардың адамдарды таситын көлік түрлерінен айырмашылығын және жүк таситын көлік түрлерінің өзіндік айырмашылығы мен ұқсастықтарын, көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына байланысты болатындығын құрастыруда үйренгендерін күнделікті ойын кезінде түсініп қолданады.
қолданады: көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына, автотұрақтардың көлік түрлері мен көлеміне байланысты болатындығын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№18
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану.
Тақырыбы:Ақпараттық құралдар.
Мақсаты Балалардың адам көмекшілері, электр тоғы, тұрмыстық техника туралы білімдерін кеңейту.Теледидар, радио, телефон, компьютердің ақпараттық құралдар түріне жататыны туралы түсіндіру. Қарапайым ақпарат көздерін қолдану дағдыларын жетілдіру. Көрнекіліктер:теледидар,радио,телефон,компьютер ,суреттер,кітаптар мен газет-журналдар.
Қажетті құрал-жабдықтар:жұмыс дәптері,түрлі түсті қарындаштар,ермексаз.
Алдын ала жасалатын жұмыс:теледидар,радио,телефон,компьютерге бақылау жасау.Компьютер тұрған бөлмеге саяхат жасау.Ересек адамдардың компьютермен жұмыс істеп жатқанын бақылау.
Әдіс – тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.
Билингвальді компонент: компьютер,телефон,радио,телевизор-теледидар
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Педагог теледидар,радио,телефон,коипьютерге байланысты жұмбақтар жасырады. Балалар жұмбақтардың шешуін табуға тырысады.
Ұйымдастырушылық ізденістік НЕ ЕКЕНІН ТАП.ойыны.
Педагог ішіне ұялы телефон салынған қорапты көрсетіп,балалардан:
-қораптың ішінде не бар?-деп сұрайды.
-Дәл таптың.Қораптың ішінде ұялы телефон бар,-деп қораптан телефонды алып шығып көрсетеді.
Педагог телефонның бірнеше түрлерін көрсете отырып,телефон арқылы біреуден ақпарат алуға болатындығын және ақпарат сөзінің мағынасын түсіндіреді.
-Қалай ойлайсындар ,тағыда нелер арқылы ақпарат алуға болады?
Теледидар,радио,компьютер арқылы ақпарат алу жолдарын, ақпаратты сезу мүшелері арқылы алатындығын және кітап,газет-журналдар арқылы ақпаратты қалай алуға болады?
-Дұрыс айтасындар.Адамдар кітап,газет – журналдардан өздеріне керекті кез келген ақпаратты алады екен.Телехабарлардан қандай ақпарат алуға болады.
-дұрыс айтасың.тағыда қандай ақпарат аламыз?
-жаңалықтан күнделікті өзіміздің мемлекетімізде,тіпті шетелдерде болып жатқан оқиғалар туралы естіп ,ақпарат аламыз.Осындай ақпаратты тағы қайдан алуға болады?
ОЙЫН:ойын шарты бойынша педагог үш,төрт баланы шақырып,еліміздің кең байлықтары көмірмен мұнай туралы ақпарат береді.
Сергіту сәтін өткізу.
Қатты нөсер басылды,
Күн жарқырап ашылды.
Неше түрлі әдемі
Кемпірқосақ жасалды.
Педагог дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.
Сюж.р-о: «Ақпарат таратушы» -Алма ма?
-Онымен біреумен сойлесуге болама?
-онда ол –телефон.
Балалар таңырқай қарап ,телефонға назар аударады.
Балалар теледидар,радио,компьютердің атқаратын қызметі туралы айта отырып,педагог тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді.
-оларды оқу арқылы.
-Ертеңгі ауа райы туралы аұпарат алуға болады.
Балалар жауап беруге тырысады.
-компьютерден аламыз.
Балалар жауап беруге тырысады.
Педагогтың ақпарат алған балалардың біреуі телехабар,екіншісі телефон,үшіншісі газет арқылы ақпаратты ақпаратты таратушы рөлінде ойнайды.Басқа балалар ақпарат құралдарын және таратушы адамды атайды.
Өлең мазмұнына қарай қимылар жасайды.
Балалар дәптерде берілген тапсырманы орындйды.
Рефлексиялық-түзетушілік Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіреді. Дәптерге белгілерді белгілейді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды:теледидар,радио,телефон,компьютер,кітаптар мен газет-журналдардың ақпараттық құралдар түріне жататындығы туралы.
түсінеді:қарапайым ақпарат көздерін қолдануды,ақпарат алушы мен таратушы туралы білімді.
қолданады:ақпаратты электронды т ехникалар.газет-журналдар,телехабарлар арқылы алуға және таратуға болатындығын,қарапайым ақпарат көздерін қолдану дағдыларын.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№19
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Сүт өнімдері.
Мақсаты: Сүт өнімдерінен алынатын өнімдерге байланысты слайдтар немесе мазмұнды суреттер. Сүттін адам денсаулығына пайдасының мол екені туралы білімдерін кеңейту.
Көрнекіліктер: сүт өнімдерінен алынатын өнімдерге байланысты слайдтар немесе мазмұнды суреттер. Сүттін адам денсаулығына пайдасының мол екені туралы білімдерін кеңейту.
Қажетті құрал-жабдықтар:сүт, айран, қатық,тосап, қою шырын, қасық (бала санына жететіндей), ыдыстар.
Алдын ала жасалатын жұмыс: азық-түлік сататын дүкенге саяхат ұйымдастыру.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билингвальді компонент: сүт өнімдері –молочные продукты, сүт-молоко, айран-кефир, шырын-сок, тосап-варенье
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңберіне тұрғызады. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Балалар, кеше біз саяхатқа қай жерге бардық? Онда сүт тағамдары қайда сақталады?
-Олай болса экранға назар ауда рыңдар. Педагог балаларға сүт тағамдарының дайындалу жолы туралы бейнеролик (немесе слайд)көрсетеді.
Бейнеролик көргеннен кейін балалар дан көргендері туралы сұрайды.
-Балалар, сүттен йогурт, қаймақ, т.б. өнімдерді алу үшін бізге не керек екен?
-Дұрыс айтасыңдар. Сүттен басқа өнім дерді алу үшін бізге арнайы станоктар керек екен. Сол сияқты үй жағдайында да сүттен айран, қатық, ірімшік, құрт, биос, йогурт жасауға болады екен. Қол дан жасаған айран, қатық, қаймақ, ірім шік, құрт, биос, йогурт тіпті дәмді бола ды. Ал бүгінше айран нан биос пен йогурт жасауды үйренеміз. Сонда сен дер биос пен йогуртты дүкеннен сатып алмай-ақ, үйде өздерің жасап ала ала сың дар.
-Кәне, айранның дәмін татып көріңдер ші, дәмі қандай?
-Тәтті болу үшін не істеуге болады?
-Ал тұщы болу үшін ше?
-Қалай ойлайсыңдар йогурт, биос жасау үшін айранға не қосуға болады? (жауап бере алмаса, педагог өзі айта ды) .
-Енді йогурт пен биостың дәмін татып көрейікші, ненің дәмі шыға ды?
-Дұрыс айтасыңдар, әртүрлі жемістер дің дәмі шығады екен. Сол себепті йогу рт пен биосты дәміне байланысты бөлу ге болады. Мысалы, құлпынай, шабда лы, алмұрт қосылған йогурттар деп бөлуге болады. Зауыттарда йогур тқа бөлек, биосқа бөлек өзіндік ерекшелігі бар қосымша дәмдеуіш тер қосады. Ал біз дәмдеуіш қос пай жасаймыз. Биосқа үккіштен өткізіліп қайнатылып жасал ған жемістер шырынын, ал йогуртқа тосапты қосамыз (жұмысты баста мас бұрын алжапқыш пен қалпақ кию керек тігін естеріне салады және бір балаға екі ыдысқа айран құйып береді). Педа гог балаларға жұмыстарын аяқтағаннан кейін дәмін татып көруді ұсынады.
-Сендер дайындаған йогурт пен биостың айырмашылығы бар ма?
-Тағы да қандай айырмашылығын байқауға болады?
Д /о: «Сүттен жасалағн тағамдарды ата».
-Дүкенге бардық.
Сүт тағамдарының тоңазытқышта сақталатынын айтады.
-Келеді.
Балалар бейнероликті мұқият көріп, педагогтің қойған қосымша сұрақтарына жауап беруге тырысады.
-Техника, станок, машина керек.
Балалар биос, йогурт жасайтындықтарын естігенде қуанады.
-Қышқыл (әр бала өзіне жеке берілген ыдыстағы айранның дәмін көреді).
-Қант қосу керек.
-Тұз қосамыз.
Балалар жауап беруге тырысады.
-Қант, тосап, бал қосамыз.
-Өрік, алма, шиенің дәмі шығады деп әр бала өзі дәмін татып көрген биоспен йогурт ты айтады. Балалар алжапқыш пен қалпақ тарын киеді. Өздері таңдап алған тосапты бір ыдыстағы айранға, үккіштен өткізіліп қай натылған қою шырын ды (сироп) екінші ыды стағы айранға қосып араластырады. Балалар дәмін татып көріп, қан дай жемістің дәмі шыға тынын айта ды. Биос пен йогуртты салысты рып, бақылайды. Олар дың түсінің өзгергенді гіне назар аударып, айырмашылығын айтады.
-Йогурт биосқа қарағанда қою.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін сұрайды. Балалар жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: сүттен жасалатын өнімдер (айран, қатық, құрт, ірімшік, май) туралы айраннан биос, йогурт жасауға болатындығын.
түсінеді: сүттен айран, қатық, құрт, ірімшік, май жасалатындығын; айраннан биос, йогурт жасауға болатындығын.
қолданады: айраннан биос пен йогурт жасауды; айранның түсінің құрамының, дәмінің өзгеретінін зерттеу жасау арқылы.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№20
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері.
Мақсаты: Ұлттық киімдермен (тақия, бүрмелі көйлек, камзол, шапан)таныстыру.олардың өзіндік ерекшеліктерімен(әшекей, өрнегі және т.б.)таныстырып, қазіргі киім түрлерімен салыстыра әңгімелеп беруге үйрету.Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: ұлттық киім киген қуыршақтар,суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері,түрлі-түсті қарындаштар.
Алдын-ала жасалатын жұмыс: ұлттық киім үлгілері бейнеленген суреттерді қарау.Ою-өрнектермен таныстыру.Суреттерді бояу.Ұлттық киім киген қуыршақтар-дан көрме ұйымдастыру.
Әдіс-тәсілдері: сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.
Билингвальді компонент: қазақтың ұлттық киімдері-национальные одежды
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Педагог балаларды шаттық шеңберге шақырады. Балалар шаттық шеңберін құрып,өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік «Ойлан тап,не артық» ойыны:№44
Мақсаты:жалпы киім ту-ралы түсініктерін бекіту.Қа-былдауы мен еске сақтауын дамыту.
Ойын шарты:бала,педагог айтқан бірнеше сөздердің ішінен артық сөзді тауып,неліктен артық сөз деп санайтындығын түсіндіруі керек.Педагог жалпы киім түрлері туралы сұрайды.
-Дұрыс айтасыңдар,балалар.
Киімдердің түрлері көп екен және олар бірнеше топқа бөлінеді.Бүгін біз сондай киімдердің бір түрі қазақтың ұлттық киім түрлерімен танысамыз.Ол үшін біз бүгін арнайы ұлт- тық киімдерден ұйымдас-тырылған көрмеге бара- мыз.
Педагог балаларға көрмені аралап,ұлттық киім киген қуыршақтарды жақсылап бақылап алуларына мүм-кіндік береді.
Көрмені ұйымдастырушы ұлттық киім үлгілері туралы айта отырып,тақия, көйлек,камзол қыз кейпін- дегі қуыршақ пен тақия,ша-пан киген ұл кейпіндегі қуыршаққа ерекше назар аудартады.Олардың күнде-лікті киетін киімнен айыр-машылығын,ою-өрнектер-мен әшекейленуі туралы айтады.
- Үкілі тақияның төбесі дөң-гелек болып келеді.Жібек, алтын,күміс,зер жіптермен кестеленіп,моншақ,асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсы-нын тақияның төбесіне қадайды.Үкі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін баскиімі бол-ған.
Қамзол- жеңсіз жеңіл киім. Қыздарға арналған қамзол-дың өңіріне кесте тігіліп, ою-өрнек салынады.Қам- золдың етегі кең болып келеді.Көйлек-әйелдердің киімі.Қос етек көйлекке екі,үш етекті қоса тігеді.Кең етекті көйлекке ештеңе қос-пай тігеді.Міне,балалар,қа- зақтың осындай ұлттық киімдері қыз балаларға ар- налып тігіледі екен.Енді ұл баланың киімдеріне қараң- даршы.Ұл балаларда басы- на баскиім киген.Баскиім- нің түрлері көп.Соның ішін- дегі бүгінгі біздің қуырша- ғымыз киіп отырған баскиім қалай аталады?
-Дұрыс айтасыңдар,ол да тақия деп аталады екен. Яғни тақияны қыз балалар ғана емес,ұл балалар да киеді екен.Алайда олардың өрнектері мен түстерінде айырмашылық бар.Кәне, кім айтады,қандай айырма-шылықты байқадыңдар?
-Айырмашылығын дәл тап-тыңдар.Қыз балаларға арналған тақияға моншақ-тар мен асыл тастар тігілсе, ұл балалардың тақиясына моншақ тігілмейді.Оның есесіне олар ою-өрнектер-мен кестеленеді.
Шапанды қалың матадан қазақтың ою-өрнегін са- лып,астарлап сырып тігеді. Шапандар әртүрлі тігіледі: сырмалы шапан,қаптал шапан,қыздарға арналған қималы шапан.Шапанды ерлер де,әйелдер де,бала- лар да киеді.Қыздарға арналған шапанның жаға-жеңіне,етегі мен өңіріне зер ұстайды.Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма тағады.Ал ерлер мен ұл балаларға ар- налған шапандар ою-өр – нектермен безендіріледі.
Күнделікті киетін баскиім, көйлек т.б. киімдерді тақия,қамзол,шапан,бүрмелі көйлек сияқты ұлттық киім түрлерімен салыстырады.
Балаларды өздерінің таң – дауы бойынша екі орталық-қа бөледі.Бірінші орталықта-ғы балаларға дайын қиылған қамзол мен бөріктің силуэтін өрнектеуді,екінші орталық- тағы балаларға ұл бала мен қыз балаға арналған тақия- ның суретін аяқтау және өр-нектеу керектігін айтып тү-сіндіреді.
Сергіту сәтін өткізу.
Педагог сергіту сәтін ұйым-дастырады да,балаларға ор-талықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп балалардың орталықтағы жұмысын,әрекетін қадағалайды.
Бала педагог айтқан сөздердің ішінен артық сөзді тауып айтады және неліктен артық деп санайтындығы туралы өзінің ойын айтады.
Өткен материалдарды есте-ріне түсіре отырып,ұл бала мен қыз балаға арналған киім түрлері,олардың айыр-машылығы,қалың және жұқа киімдер,бас киім,сырт киім және аяқкиім болып бө-лінетіндігі туралы айтады.
Көрмеге келеді.Көрмені аралап,ұлттық киім үлгілерін ұстап көреді,олардың матасы, ою-өрнектері туралы бір бірімен пікір алмасады, білмегендерін сұрайды.
Балалар мұқият тыңдай-ды.
Бірінші орталықпен екін-ші орталықтағы балалар өздеріне берілген тап- сырмаларды орындайды
Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып, жұмыстарын аяқтайды.
Рефлексиялық-
түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жижиыннан алған әсерлерін, кө- ңің ңіл күйлерін,немен айналыс- қандарын,не үйренгендерін сұ- райрайды.Бүгінгі жиынның түйін-ді оді ойы немесе тақырыбы жай-лы лы естеріне түсіреді. Жиыннан алған әсерлерін айта отырып,көңіл-күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.Немен айна-лысқандарын,не үйрен-гендерін,қандай ұлттық киім түрін өрнектегенін айтады.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: ұлттық киім түрлері тақия,бүрмелі көйлек,қамзол,шапанның өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары туралы;қазіргі киім түрлерімен салыстыра білуді;
түсінеді: тақияның қыз балалар мен ұл балаларға да арналып жасалғандығын және олардың айырмашылығын.
қолданады: ұлттық киім түрлерінің өзара ұқсастықтары мен ерекшелігін және күнделікті киетін киімдерден айырмашылығы туралы білімді игерді
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Ызғарлы қыс келді (табиғатқа саяхат жасау)
Мақсаты: Қысқы табиғатты бақылап, қарапайым өзгерістерді атай білуге үйрету. Қысқы табиғат құбылыстары қардың жауғаны аяз туралы түсініктерін кеңейту. Беріл ген сұрақтың нақта жауабын тауып, айта білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлық пен қарауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: бала санына жететіндей жіңішке таяқшалар.
Әдіс-тәсілдері: Сөздік, практикалық
Билингвальдық компонент:зима, суровая
Іс-әрекет кезеңдері.
Педагогтің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушылық. -Балалар ,айналаға көз салыңдаршы ,не байқап тұрсыңдар?.
-Қар жылдың қай мезгілінде жауатын еді?
«Қыс туралы кім көп біледі.» с/ ойыны. -Айналаның бәрі аппақ қар.
Қыс мезгілінде. Балалар шеңбер бойына тұрып,бір-біріне ойыншықты бере отырып, қыс мезгілі туралы айтады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Рефлексиялық түзетушілік. -Балалар ,ағаштарға қараңдаршы,қандай өзгеріс байқап тұрсыңдар.
-Дұрыс айтасыңдар,ағаштар да қар жамылған. Кәне, енді бәріміз сол ағаштарға қарайық
Біз жүріп келе жатқанда қандай дыбыс естіледі.
-Ал қардың неліктен сықырлайтындығын білесіңдер ме?
Бүгін ауа райы қандай болып тұр.
-Қар күн суық,аяз болғандықтан сықырлайды екен .Ал күн сәл жылынса болды,қар сықырламайды.Кәне,тағы да аяқтарыңмен қарды басып жүріп көріңдерші.
-Міне,балалар ағаштарға да жеттік.Ағаштардың бұтақтары майысып тұр себебі, олардың бұтақтарына қар жабысып қалған .Демек,балалар,қар қандай екен?
-Дұрыс айтасыңдар, қар жабысқақ екен.Оны дәлелдеу үшін қолдарыңмен қарды ұстап көріңдер. Бірақ та қарды қолғапсыз ұстасақ қар жабыспайды. Қарды қолғапсыз ұстасақ қар тез еріп кетеді екен. Демек, қар ериді.Қар ерігенде не пайда болады?
-Дұрыс айтасыңдар енді өздерің жүріп келген жолдарыңа қараңдаршы?
-Ол кімдердің ізі ?
Яғни, балалар,қардың үстімен адам немесе жануар жүрсе де із қалады екен. Біз қазір қардың бетінде құстың ізінің суретін саламыз.
Қардан тағы да не жасауға болады?
Оларды балалар бір сөзбен қар мүсіндері деп атаймыз. Міне, қардың жабысатынды ғы тағы да дәлелдедік.Егер де қар бір-біріне жабыспаса ,онда біз мүсін жасай алмайтын едік. Алайда қардың барлығы на мүсін жасай алмаймыз.Себебі;кейбір жауған қарлар жабыспайды. Мысалы, алғашқы жауған қарды қанша домалат сақта оларды жабыстыра алмаймыз.
Олар ақша қар деп аталады.
Енді қарды бақылайық. Қар неге ұқсайды?
Сол жұлдызшалар бір-бірімен ұйыса біріккен кезде жапалақтап жауады екен. Жалпы қар түйіршіктері жұлдызша туралы біз кейінірек әңгімелесеміз.Қыс несімен қызықты?
Қыста қандай ойындар ойнайды?
Сендер атаған ойындар неліктен жазда ойналынбайды?
Демек, қыстың көркі қар екен.Ал қысты күнгі суықты аяз деп айтамыз.Кәне ,бәрі міз қайталайықшы.Сонымен қатар қыс мезгілінің ,қардың адамдар, өсімдіктер үшін пайдасы мен зияны айтып түсінді реді.Мысалы,қыстың пайдасы ,балалар сырғанақ тебеді,қар көп жауса ауылша руашылығына пайдалы т.б. Зияны,адам дар далада көп тұрып қалса тоңады, өсім діктер үсіп кетеді.
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіріп , сұрақтар қоя отырып пысықтайды. -Ағаштарды қар басып жатыр. Балалар балабақша ауласындағы ағаштарға аяндап барады.
-Қар сықырлайды.
-Жоқ білмейміз.
-Суық болып тұр.
Балалар әрі-бері жүріп қардың сықырлағанына мәз болып жүр
Жабысқақ.
Балалар қолғап киген қолдарымен қарды ұстап,жерге қайта тастайды да, қолғаптарына жабысқан қарды көреді.
Қар еріп кетеді.
-Су пайда болады.
-Іздер байқалады.
-Біздің ізіміз.
-Құстың,қарғаның ізі.
Балалар тәрбиеші дайындап қойған жіңішке таяқшаларды алып сурет салады.
-Аққала, қолтырауын, тағы басқа жасауға болады.
«Жұлдызшаларға ұқсайды» ойынымен
қызықты сырғанақ тебеміз, шаңғы тебеміз,коньки тебеміз. Өйткені жазда қар жаумайды.
Балалар бір-біріне қар лақтырысып ойнайды.
Балалар топқа оралғаннан кейін көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: қысқы табиғатты , қарапайым өзгерістерді бақылап суық, аяз, қардың жаууы туралы айта білуі керек. Қардың жылы жерде еритінін, үстіне таяқшамен сурет салуға болатындығын, із қалатындығын.
түсінеді: қыс мезгілінде ауа райының суытып аяз болатындығын, қардың аяз күндері сықырлайтындарын, қардың ерігенінен судың пайда болатындығын, ағаштардың да қар жамылатындығын, қардың үстіне сурет салуға, із қалдыруға болатындығын.
қолданады: қыс мезгілі мен қардың адамдар мен өсімдіктер үшін пайдасы, аяз туралы, қардың қасиеттері туралы білімді игереді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Шымшық.
Мақсаты: Шымшық туралы ұғымын жалғастыра отырып, шымшықпен таныстыру. Шымшықтың тіршілігі, басқа құстардан айырмашылығы туралы айта білуге үйрету. құстарға қамқорлықпен қарап, күтім жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Сауысқан мен шымшықтың суреттері,шымшықтың тіршілігі туралы түсірілім бейнетаспа.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, жұмыртқа
Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Блингвалды компанент: синица
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Шыр,шыр еткен торғайды,
Қорғамасаң болмайды.
Кіп-кішкентай торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Балалар өлең жолдарын қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық ізденістік
Тәрбиеші балаларға сауысқанның суретін көрсетіп, олардың дене бітімі, тіршілігі туралы сұрақтар қояды.
Балалардың жауабын тыңдап болғаннан кейін балаларды шымшықтың тіршілігі туралы түсірілген бейнетаспаны көруге шақырады. Шымшықтың тіршілігі туралы қосымша ақпарат береді.
-Шымшық дене мөлшері жағынан орташа және ұсақ болып келеді. Жасыл сарғыщ түсті, оның төбесінде бір шоқ қауырсын-«тақиясы» (айдары) болады; қанат, құйрық қауырсындары қара, оларға жол-жол болып сары қауырсындар араласқан, бауыры ақ. Аналығы мен балапандарының арқасы жасыл сұрғылт тартқан, бауыры ақшыл.
Қалай ойлайсыңдар, шымшық қай жерлерде тіршілік етеді?
-Шыршаны және аралас ормандарды мекендеп, су айдындарына жақын жүреді, қайыңды, қандыағашты тоғайларда қоректенеді. Олар адамдар мекендейтін жерге (ауыл, қала) жылдың қай мезгілінде келеді?
-Шымшықтардың күндіз және түнде қандай әрекеттерін байқадыңдар?
Ұялары қандай жерлерде болады?
Ұялары болмаған жағдайда кез-келген ағаштар мен бұталарды, жарлардың қуыстарына тығылады.
-Шымшықтар қандай дыбыс шығарады?
-Шымшық немен қоректенеді?
-Шымшық тамағын несі арқылы жейді?
-Шымшық тұмсығы қандай?
Кәне, тағы да бейнетаспаға назар аударайықшы, шымшық не істеп жатыр?
Дұрыс айтасыңдар, шымшық шетенінің (рябине) жемісін жейді, сол кезде тұмсығына шетеннің тұқымы жабысып қалды. Ал тұмсығын тазалаған кезде тұқымдар жерге түсіп қалды. Енді сол жерге жеміс ағашы өсіп шығады. Бұл-шымшықтың адамға әкелетін пайдасының бірі. Тағы да қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?
-Дұрыс айтасыңдар күн көтеріліп сәулесін шаша бастағанда, яғни қаңтар, ақпан айларында ән салып,әдемі әнімен қысты одан сайын көріктендіріп, адамды қызықтырады. Ол көктемнің жақындағанын білдіреді. Көктем жақындаған сайын олардың дауысы қаттырақ шығып, әндері жиі естіле бастайды. Ал көкетем айы келгенде олар не істейді?
«Қалай дыбыстайды» №7ойыны.
Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.
Балалар тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.
Балалар бейнетаспадан шымшықтың әрекеті мен тірішілігін мұқият қарап, бақылайды. Шымшықтың дене бөліктері мен түсі туралы айтып береді. Сауысқанға ұқсайтын жақтары мен айырмашылығын бөліп айтып береді.
-Орманда тіршілік етеді.
-Күндіз суытқан кезде.
-Алғашқы қар жауған кезде. Қыстыгүні.
-Күндіз тамақтарын тауып жейді, қараңғы түсе бастағанда ұяларына кетеді.
-Ағаштың басында, қуысында.
-« Дю-дю. Рюи-рюм», -деп дыбыстайды.
-Жидектерді жейді.
-Тұмсығы арқылы.

-Жуан.
Балалар жауап беруге тырысады.
-Дәндерді жеді де, ағашқа қонып, тұмсығын сүртіп тазалады.
-Олар ән салып,адамдарды қуантады.
-Орманға ұшып кетеді де жұмыртқа салады, одан балапан пайда болдаы.
Құстардың дауыстарын тыңдайды, олардың қай құс екенін анықтап айтады.
Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық- түзетушілік Педагог балалардың бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Балалар көңіл-күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлермен бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
жасайды:шымшықты немен қоректенетін, қалай қозғалатыны, қалай дыбыс шығаратыны туралы.
түсінеді: шымшықты танып, ажырата алады, сипаттап айтады, тіршілігі, қорегі,адамға,табиғатқа келтіретін пайдасы туралы.
қолданады: шымшықтың қыстап қыстап қалатын құс екендігі туралы білімді игереді, аязды күндері шымшыққа адамның қамқорлығы керектігі туралы ұғымды игереді, қамқор болады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№23
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Орман көркі »
Мақсаты: туған өлке ,орманы ондағы ағаштардың түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру. Орманды оттан қорғау жөнінде түсіндіру. Орманда экологиялық ережелерді сақтауды үйрету. Табиғатқа қамқорлық көзқарасын тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қалың, ну орман, табиғаттағы тепе- тендік.
еректі құралдар: орманнын суреттері, дид. материалдар.
Билигвальдік компонент: орман- лес.
Әрекет қозғаушы. Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбер:
«Сәлем, сәлем, алтын күн!»
Балаларға үнтаспадан құстардың дауысын тыңдату. Балалар шеңберде тұрып,амандасып, бір біріне жақсы тілектерін айтады.
Балалар үнтаспаны тыңдайды.
Ұйымдастыру іздену Балалармен орман туралы әңгімелесу.
Орман деген не? Ну орман дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
Ағаштардың қандай пайдасы бар?
Балалардың жауаптары: орманда таза ауа, ағаш тар түрі көп, жан-жануарлардың, құстардың мекені.Орман ережелерін еске түсіру. ( Орманда айғайлауға, от жағуға, қоқыс тастау ға, құстарды өлтіруге, ағаштарды сындыруға болмайды).
Суретке қарап сөйлем құрастыру.
Қандай жануарлар орманда мекендейді?
Жануарлар немен қоректенеді?
Олардың пайдасы қандай?
Орманнын заңы қандай?
Сергіту сәті: « Тербелейді ағаштар...»
Жұмбақ жасыру.
Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады.(Аю).
Аузы бейне ,шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ малды орады. (Қасқыр)
Орманда да , далада да , жүреді бір қу,
Жүрген жері айғай мен шу.(Түлкі.)
Қөлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал оның баласын « көжек » дейді.(Қоян)
Ойын: «Бұл қай ағаш?».
Сұрақтарға жауап береді.
Сөйлем құрастырады.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Ертегі тыңдайды, талдайды.
Жұмбақтар шешеді.
Ойынға қатысады.
Рефлексифті түзету Қорытындылау. Орман деп неге айтады?
Орманнын пайдасы қандай?
Балалар не туралы әңгімелегенін, қандай ойын ойнағанын айтады.

Күтілетін нәтиже:
Білу : балалар орман туралы түсініп білді.
Игеру: орманнын тыныс тіршілігін игерді.
Меңгеру: орманға деген сүіспеншіліктері оянып, орман иелерін бағалай білуді меңгерді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№24
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы:Көктемгі еңбек құралдары.
Мақсаты:адамдардың көктемгі еңбегімен таныстыру.Көктемгі еңбекке арналған құрал-жабдықтарды ажыратып атай білуге, олардың қажеттілігі мен қолданылуын түсініп еңбек әрекетінде қолдана білуге үйрету.Таным белсенділігін арттыру. Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту және оның нәтежиелеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:көктемгі тіршілік,адаидардың жұмысістеп жатқаны бейнеленген мазмұнды суреттер,адамдардың көктемгі тіршілігі,еңбегі туралы түсірілген бейнефилмь.
Қажетті құрал-жабдықтар:жұмыс дәптері,түрлі-түсті қарындаштар,еңбек құралдары мен техникалардың суретті.
Алдын-ала жасалатын жұмыс:адамдардың еңбегін бақылау; адамдардың тіршілігі туралы әңгіме жүргізу,шаттық шеңберіне байланысты өлең жаттау..
Әдіс тәсілдері: cөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.
Билингвальді компонент: құралдар-инструменты, күрек-лопата, кетпен-тяпка, тарма-грабль
Іс-әрекет
Кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық
Қозғаулық Шаттық шеңберіне тұрғызу. Балалар шаттық шеңберіне тұрып,өлең жолдарын қайтаоап айтады.Қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық ізденістік -Балалар, күн жылынып,жер қарайып,қылтиған жасыл шөптер көріне бастайды.Жақында ғана біз Наурыз мерекесін тойладық.
-Табиғатта қандай өзгерістер байқалады?
-Жарайсыңдар,ал адамдар қандай іспен айналысып жатыр?
-Біз қазір балалар,адамдардың көктемгі тіршілігі туралы бейнефи льм көреміз(бейнетаспадан адамдар дың көктемгі тіршілігі,еңбегі туралы түсірілген бейнефильм көрсетіп, сұрақтар қояды).
-Балалар жерді не үшін жыртып, тегістеп жатыр деп ойлайсыңдар?
-Бидай,күріш сеуіп,гүл,ағаштар отырғызу үшін не керек?
-Дұрыс айтасыңдар,адамдардың көк темде жер жыртып,бау-бақшаға ағаш тар отырғызып,тұқымдар себу үшін еңбек құралдары мен жер жыртуға т.б жұмыстарға арналған техникалар керектігін сендер жаңа бейнетаспадан көрдіңдер.Осы кезде қонаққа Дымбіл мес келеді.Педагог Дымбілместен балабақшаға не үшін келгендігін сұрайды.Ол балалардан өзінің ауласы на гүл отырғызғысы келетіндігін ай тып,алайда жер қазуға,тырмалауға арналған құралдарының жоқтыыығын айтып,балалардан сол заттарды алуға келдім дейді.Педагог бірнеше еңбек құралдарын (жер қазатын күрек, тыр ма,су құйғышты) береді.Дымбілмес рахметін айтып кетуге жиналғанда педагог күрекпен не істейсің деп сұрайды.Дымбілмес күрекпен жерді тегістеп,тырмамен жерді қазатынды ғын айтады.Педпгог балалардан бала лардан Дымбілместің жауабының дұрыс-бұрыстығын сұрайды.
-Балалар, күректің біірнеше түрі болады екен.Күректі адамдар жер қазуға,құм,топырақ лақтыруға, ара ластыруға қосымша пайдаланады. Күректер үшкір күрек,қуыс күрек,қар күрейтін күрек болып бөлінеді. Көк темгі еңбекке осы үш күректің ішінен қайсысы керек?
-Дұрыс айтасыңдар.Бұдан басқа күректің түрлері көп екен.Күректің түрлері туралы мағұлмат береді.
-Балалар,күректің басын тек темірден ғана емес,пластиктен және фанерден жасауға болады екен. Мына жер қазақтын күрек пен топырақ,лайды араластырып,қопвруға арналған күректің басын пластиктен немесе фанерден жасауға болама?
-Тырманы не үшін пайдаланамыз?
-Дұрыс айтасыңдар.Міне,мына сурет те адамдар көктем айында жердегі шашылып жатқан ірі қоқыстарды тырмалап жатыр.Тырманы сол сияқ ты қазылған топырақты тегістеп, көшеттер отырғызғанға жер дайындау үшін де пайдаланады.Тырманың да сабы және басы болады. Оның да сабын көбінесе ағаштан жасайды.Ал басы темірден жасалады.Байқап қара саңдар,тырманың көп тістері бар. Тырма сол тістеріне қарай пайдаланы лады.Мысалы,тістері жиі орналасқан тырманы қопарылып,қопсытылған әрі тегістелген жерді қосымша тегістеу үшін пайдаланады.Тырманың тісі қаншалықты көп болса,оның басы да соншалықты үлкен болады.Сондық тан тырмаларды үлкен,кіші деп бөледі.Сол сияқты тырмалар қол тырма,тракторға арналған тырма және атқа арналған тырма деп бөлі неді(суретін көрсетеді).Атқа арналған тырманы соқа деп атайды.Осы үш тырманың үшеуінде ауыл шаруашы лығында,әсіресе көктем мезгілінде дәнді-дақылдарды себу кезінде адамдар көп пайдаланады. Қолтыр маны әсіресе аз жердің топырағын тегістеу үшін қолданады.Олардың басы темірден және ағаштан жасала ды.8,10,12 тісі болады.Ал саған Дымбілмес, гүл отырғызу үшін шағын жерді ғана тегістейтін кішке не,тістері де аз тырма керек.Түсінген болсаң гүлдерді отырғызуыңа бола ды.Дымбілмес қоштасып шығып кетеді.Педагог қосымша торғайға ұя жасап жатқан балдардың көрсетіп, онда қандай құралдардың қолданыл ғандығын сұрайды.
№57.«Сыңарын тап» ойыны:
Ойын шарты бойынша түстері мен көлеміі әртүрлі,алайда қызметі бір болатын күректер мен тырмаларды топтастыру ұсынылады.
Сергіту сәтін өткізу.
Бір саусағым тіпті де
Ұстай алмас жіпті де...
Дәптермен жұмыс.Педагог дәптерге берілген тапсырманы түсіндіреді.
-Ағаштар бүршік атып,ұсақ жапырақтар пайда бола бастады.Құстар ұшып келіп жатыр.
-Жер жыртып,айналаны жинастырып,тазалап жатыр.
Адамдардың көктемгі тіршілігі,еңбегі туралы түсірілген бейнефильмде көргенднрін айтып береді..
-Бидай,күріш себу үшін.
Гүл отырғызу үшін.
Ағаштар отырғызу үшін.
-Күрек,тырма,тракторлар керек
Көктемгі еңбекке арналған құрал-жабдықтар мен техникалар,олардың қажеттілігін айтады.
Балалар дұрыс емес деп айтады.
Балалар Дымбілмеске таңырқап қарайды.
Жер қазуға,топырақ лақтыруға,араластыруға арналған күректер керек.
Ал,қар тазалайтын күректі қысты күні пайдаланады.
Екі күректің де сабы ағаштан жасалған. Олар бір-біріне өте ұқсас.Жер қазатын күректің басы үшкір,ал екінші күректің басы қуыс.
Балалар ойланып жауап береді.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалар кіші,кішірек,үлкен, ең үлкен қызыл,сары,жасыл үшкір күректерді оң жаққа, қуыс күректерді сол жаққа топтастырады.
Сергіту сәтінің сөзіне байланысты қимылдар жасайды.
Балалар дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлекциялық –түзетушілік Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды. Жиыннан әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.Немен айналысқандарын,не туралы әңгімелескендерін айтады.
Күтілетін нәтежие:
жасайды:адамдардың көктемгі еңбегі туралы,көктемгі еңбекке арналған құрал-жабдықтарын ажырата білуі олардың қажеттілігі мен қолданылуын айта білуі.
түсінеді:адамдардың көктемгі еңбегі туралы;күрек,тырма туралы олардың тұрмыста және ауыл шаруашылығында қажеттілігі мен қолданылуын.
қолданады.:көктемгі еңбек ,адамдардың тіршілігіндегі еңбек құралдары мен техникалардың маңыздылығын; еңбек әрекетінде күрек,тырманы қажеттілігіне қарай пайдалануды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Гүлзардағы раушангүл.
Мақсаты: гүлзардағы раушангүлімен таныстыру. Раушангүлін танып, басқа гүлдерден айырмашылығын айтып беруге үйрету. Олардың тұрмыста қолданылуы, пайдасы туралы түсіндіру. Қамқорлық сезіміне тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: раушангүлінің бірнеше түрі, олардың өсу кезеңдері бейнеленген суреттер мен слайд, гүлдердің суреті бейнеленген үлестірмелі суреттер.
Алдын-ала жасалатын жұмыстар: гүлзарда өсіп тұрған гүлдерді бақылау, раушангүлінің ескірген күлтелерін жинау.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, раушангүлінен жасалған шай, сусын, тосап (мүмкіндігінше), раушангүлінің күлтелері.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билингвальдық компонент:роза, цветочница
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Шаттық шеңбері:
- Балалар, бәрімізге де достарымыздың көтеріңкі көңіл-күймен жүргені ұнайды. Балалар өздерінің жылы лебіздері мен тілектерін айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденушілік - Балалар, кешегі гүлзарға барғанымызды есімізге түсірейікші, қандай гүлдердің түрлерін байқадыңдар?
- Балалар, сол гүлзардағы гүлдердің ішінде менің көзіме ерекшк бір гүл байқалды. Ол гүлдің түстері әртүрлі, тікенекті болып келеді. Мен қандай гүл туралы айтып тұрмын?
Олай болса, біз бүгін раушангүлімен танысамыз. Раушангүлінің балалар, бірнеше түрі болады. Қазір біз оны компьютер (суреттері) арқылы көреміз. Раушангүлінің түрі көп болғанымен олардың өзара ерекшеліктері болады екен. Кәне, кім қандай өзгерістерді байқады? Раушангүлдері бір-бірінен қандай ерекшелігімен ерекшеленеді? Ал ұқсастықтары қандай? Тағы да қандай ұқсастықтары бар? Дұрыс айтасыңдар, басқа гүлдер сияқты раушангүлі де топырақта өседі екен.
Қонаққа раушан атты қыз келіп, өзінің өсірген раушангүлдері туралы айтып береді:
- Раушангүл – гүлдердің патшайымы. Оның да басқа гүлдер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және әдемі гүлі болады және олар жай маусымында гүлдейді. Раушангүлі түсі мен көлеміне қарай әртүрлі болып келеді. Раушангүлінің көпшілігі гүлзарда өседі. Бөлмеде өсетін раушангүлі де болады. Екі раушангүлін көрсетеді. Демек, балалар, раушангүлінің күлтелерінен алынған майды сабын, әтірге, кремге қосады екен. Сол себепті сабын мен әтірден раушангүлдің иісі шығып тұрады. Раушангүлінің күлтелерінде әртүрлі дәрумендер болады. Раушангүлінен алынған майды адамдар тісі ауырғанда пайдаланады және суға шомылғанда қолданады.
- Міне, балалар, көрдіңдер ме, раушангүлінің пайдасы көп екен. Дұрыс айтасыңдар, сонымен қатар раушангүлін зиянды жәндіктерден қорғауымыз керек екен. Оны ересек адамдар арнайы дәрі қосылған суды жапырақтарына бүрку арқылы қорғайды.
Педагог балаларды екі орталыққа бөледі. Бірінші «Әлеуметтік» орталығындағы балаларға раушангүл күлтелерінен шырын дайындаудың жолдарын түсіндіру. Екінші «Таным» орталығындағы балаларға раушангүлді құрастыру тапсырылады.
«Кім жылдам?» с/ойыны. Тәрбиеші өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды. Жылдам әрі дұрыс жауап берген балаға бір ойыншықтан (фишка) беріп отырады. Көп ойыншық жинаған бала жеңімпаз атанады. Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. Гүлзардағы гүлдер, өсімдіктер, көргендерін айтады.
- Түстері әртүрлі болады.
- Үлкен, кіші, орташа түрлері болады.
- Барлық раушангүлінде тікенектер болады.
ыБарлығы да топырақта өседі.
- Қыздарға Раушан деп ат қояды.
Өздерінің үйіндегі раушангүлдер туралы да айтады.
Бірінші орталықтағы балалар раушангүлінің күлтелерін жуып, банкаға салып, қант қосып шырын жасайды.
Екінші орталықтағы балалар қағаздан қиылып берілген раушангүлдің күлтелерін түстеріне қарай біріктіріп, құрылысын ретімен орналастырады.
Ойын ережесін сақтап ойнайды.
Рефлексиялық – түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Сабақтағы көңіл-күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: гүлзарда өсетін раушангүлі өсімдігін танып, айтып беруді.
түсінеді: раушангүлінің түстері мен көлеміне қарай әртүрлі болатындығын, олардың басқа гүлдерден айырмашылығын көріп, айтып береді; раушангүлінің тұрмыста қолданылуы, пайдасы туралы, бөлме өсімдіктері сияқты гүлзардағы өсімдіктерді де күтіп-баптау керектігін.
қолданады: өсімдіктерді бей-берекет жұлмау керектігін, оларды күтіп баптауды, раушангүлінен шырын жасауды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану.
Тақырыбы.Ормандағы аңдар қысты қалай өткізеді
Мақсаты: ормандағы жануарлардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы кезеңгі бейімделуі туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. Туған өлкенің жануарларын қорғау мен қамқорлыққа алу сезімін дамыту.
Керекті құралдар. Қыс мезгіліндегі жабайы аңдардың суреттері. Тәрбиеші сабақты Қ.Толыбаевтың « Аязда »(к/ә. хр. 58 бет) әңгімесін оқудан бастайды.
Билингвалды компонент: звери в лесу как проводят зиму.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Жабайы аңдардың мекені туралы сурет ілу.
Тәрбиеші сабақты Қ.Толыбаевтың « Аязда » (к/ә. хр. 58 бет) әңгімесін оқу. Суретке көңіл бөлді
Ұйымдастыру-іздену Әңгімені оқу. Әңгімелеу.
Тиіндер қандай жануар?
Тиіндер қысты қалай өткізеді?
Жылы уақытында лардың мінезі қандай болады?
Ал сендер қалай ойлайсындар аңдар қысты қалай өткізеді?
Олар қыста немен қоректенеді?
Неліктен қыста қасқырлар қауіп төндіреді?
Қыста тиіндер немен қоректенеді?
Кірпілер немен қоректенеді?
Қыста аңдар қандай тон киеді?
Мекені орман, тау тас, дала екені туралы әңгімелеу. Жыл мезгілде рінің өзгеруіне қарай жабайы аңдардың өмір сүруі де өзгерістерге ұшырап отырады. Қыста қардың көп түсуіне байланысты жабайы аңдардың азық табуы қиынға соғады. Сондықтан оларға адамдардың тарапынан қамқорлық қажет болады. Орманшылар қыс мезгілінде жабайы аңдарды өздерінің қамқорлығына алып, жан жақты жағдай жасайды.
Сергіту сәті. «Тау үстінде қар, қар
Тау астында қар,қар
Тыныш, тыныш балалар
Қар астында аю бар.»
Тапсырма: Суретін сал.
Қоян қыста қандай түске енеді?
Тиын қысқа қандай азық жинайды?
Жұмбақ жасыру.
Секен, секен етеді
Орман- оның мекені
Отырғанда шоқиып
Құманға ұқсап кетеді.( Тиін)
Құйрығы сылан, сылан етеді
Барлығын алдап кетеді.(Түлкі)
Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат
Бейғам елді іздейді
Малдан күдір үзбейді.(Қасқыр).
Дыбыстан қашып, қаққан безек
Қорқақ жасық, бұл не?( Қоян)
«Жемтік аулау» қимылды ойыны.
Дид/ойын: «Қай жануар қайда мекендейді?» Әңгімеге өз ойларын қоса білді.
Сергіту сәтін орындады.
Тапсырманы орындады.
Дидактикалық ойын: «Қай жануар қайда мекендейді?» ойнады.
Жұмбақ шешеді.
Рефлексифті түзету Қорытынды .Мадақтау. Қыс мезгіліндегі жабайы аңдардың өмір тіршілігін түсінді.
Күтілетін нәтиже:
Білу:жабайы аңдардың мекенін білді.
Игеру:қыс мезгілінде жабайы аңдарға қамқорлық қажет екендігін игерді.
Меңгеру: жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай жабайы аңдардың өмір сүруі де өзгерістерге ұшырап отыратынын меңгерді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жәндіктер.
Мақсаты: Көркемдік шығарманың көмегімен жәндіктермен таныстыруды жалғастыру. Жәндіктердің сыртқы құрылысының ерекшеліктері, қозғаоу әдістері, мекендейтін орны, бейімделуі, жәндіктердің басты белгілерін анықтай алу туралы балалардың білімдерін жүйелеу
Танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Керекті құралдар:суреттер жәндіктердің,
Билингвалдық компонент: жәндіктер- насекомые
Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациалық қозғаушы Шаттық шеңбер
Қайырлы таң алтын күн!
Балалардың барлығы бірге айтып қайталайды.
Іздену ұйымдастырушы Ызыңдап ән салады,
Жұп-жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады .( Шыбын).
Ұшқанда өлең айтады
Қонғанда жер қазады
Мұны да ойлап көріңіз
Шешуін кім табады.(Қоңыз).
Гүлдерге қонады
Шырынын сорады,
Түрі- түсі сары-ала
Бұл не? (Ара)
Қылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен.(Құмырсқа)
Бұл жұмбақтар не жайлы, бір сөзбен қалай атайды? Тағы қандай жәндіктерді ? Жәндік тердің аяғы нешеу болады? Жәндіктер зат тың пішінін, түсін айыра ала ма?Олар иісті сезе ме? Ұша алатын(секіретін, жорғалай -тын) жәндіктерді атаңдар.Ең мазасыз жән -діктер кім біледі?(Шыбын).Қалай ойлайсың дар, ара пайдалы жәндік пе, әлде зиянды ма? Тағы қандай жәндікті еңбекқор деп айтуға болады? Құмырысқа қысқа азық дайындай ма?Балалар, құмырсқаның қалай білуге болады? Жәндіктердің адамға пайдасы бар ма?
Ой тастау. Егер жәндіктер жер бетінен мүл дем жойылып кетсе, не болар еді? Жазда қандай жәндіктерді кездестірдіңдер?Жазда олар көп бола ма? Қай уақытта азаяды?Жән-діктер қайда қыстайды?
Ертегі оқу « Құмырсқа қалай илеуіне асық ты». Балаллармен ертегіні талдау құмырсқа ны сипаттау.
Пантомима ойыны.
Балалар айтылған сөздерді қимыл арқылы көрсетеді.
Суретпен жұмыс.
Суреттен көргендерін әңгімелеу. Балалар күнделікті жаз мезгілінде көрген құмырсқа,көбелек т.б туралы өз ойларын айтады.
Ертегіні тыңдайды.
Өз ойларын айтады.
Қимылмен көрсетеді.
Жұмбақтың жауабын табады.
Суреттен көргенін әңгімелейді.
Рефлексивті коррекциялаушы Д\ойын: «Не артық» сұрақ жауап арқылы қортындылау, мадақтау.
Ойынға қатысады.
Күтілетін нәтиже:
Білді: Жәндіктердің сыртқы құрылысының ерекшеліктері, қозғаоу әдістерін білді.
Игерді:Жәндіктердің басты белгілерін анықтауды игерді.
Меңгрді: Жәндіктерге сүйіспеншілікпен қарауды меңгерді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Пияз отырғызу.
Мақсаты: Пияздың әртүрлі болатындығы, өсуі, тұқымы туралы түсінік беру. Өсімдікті отырғызудың және себудің, күтіп баптаудың жолдарын көрсете отырып, өсімдіктерді өсіруге, оларды күтіп-баптауға талпындыру. Зегггтеу, тежірибе жасау қорытындысын шығару. Өзіне, өзінің мүмкіншілігі күшіне сенуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыру, өзіи және өзінің еңбегін бағалауга дағдыландыру.
Көрнекіліктер: пияздың бірнеше турі бейнеленген сурет. Өсу жолы бейнеленген сурет.
Қажетті құрал-жабдыктар: барлық бала санына жететіндей пиязды отырғызуга арналған топырақ салынған ыдыстар пияз тұқымы, тұқым себуге арналған сәл үлкенірек топырақ салынған жәшік, бос жәшік, су, балалардын колына киетін жұмыс колғабы, алжапкыш т.б.
Алдын ала жасалатын жұмыстар: көкөністерге байланысты әңгіме жүргізу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік,практикалық.Билингвальдық компонент:лук
Іс- өрекет кезеңдері Педогогтың іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады. Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Миға шабуыл:
-Балалар, мен сендерге бір ғажайып қорапшаны ала келдім. Бұл қорапшаның ішінде бір зат бар. Сендер осы қорапшаның ішіндегінің атын тапсаңдар, біздің бүгінгі әңгімеміз соған байланысты болады. Ол не екен, кім таба алады? Ол жанды табиғатқа жатады.
Оны адамдар көп пайдаланады. Ол көкөністер тобына жатады. Оны шикідей де жеуге болады және тамаққа қосады. Оны тамақтың барлық түріне пайдаланады. Ол өзі бірнеше киім киген. Ол туралы мынандай жұмбақта бар.
Ұрмай- соқпай жылатады.
Әркім бірақ ұнатады. Ол не?
Әрине, ол- пияз. Ендеше біз бүгін пияз туралы әңгімелесеміз. Жұмбақта не үшін ұрмай- соқпай жылатады делінген? Кіне, пияз туралы кім айтып береді?
Педогог балдардың жауптарын пияздың бірнеше түрі бейнеленген суреттерді көрсетіп, қосымша сұрақтар қоя отырып толықтырады.
Пияздың түсі қандай болады екен. Суретке қараңдаршы.
-Жапырақтары қандай болады?
-Пияздың бірнеше түрі болады екекн. Мысалы, жал сайын тамырланып өздігі нен өсе беретін көпжылдық түрлері бар, олардың жер бетіндегі бөлігі тамаққа пайдаланылады. Бұндай пияздар тұқым арқылы (тұқымын көрсетуге) өседі. Сол сияқты көшеті арқылы өсетін пияздар болады. Олар домалақ пішінде болады, қысқа сабақтан және оған тығыз, бірнеше- бірі қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады.
-Пияз көкөніске жата ма, әлде жеміске жата ма?
-Ол бақшада өсе ме , әлде бақта өсе ме?
-Пиязды қалай өсіп өнетіндерін көргендерін барма? Пияз қалай өседі?
-Пиязды өсіру үшін не керек?
-Дұрыс айтасындар кез- келген өсімдіктің өсуіне қажетті топырақ, су, жарық керек екен. Пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапыра ғы болады.
- Кім айтады, пияздың қай жақ бөлігін топыраққа отырғызамыз, тамыры бар жағын ба, әлде жоғарғы жағын ба?
- Қазір біз пиязды отырғызамыз. Сендер бірінші алдыларыңда тұрған пиязды алып, қараңдар, пияздың жоғарғы жағында кішкентай жасыл өскінболады, сол өскінді жоғары қаратамыз. Ал топыраққа отырғызатын жағын қалай білеміз?
Тәжірибеші пиязды қалай отырғызу керектігін көрсетеді.
-Міне, балалар, пиязды отырғыздық, еді пияз өсу үшін не истеимізЖарайсыңдар, балалар, енді бізде тағы бір топырақ салынған жәшік пен пияздың тұқым дары қалады. Мен сендерге тұқымнан өніп шығатын пияздың түрі бар екенді гін айтқан болатынмын. Қазір сол тұқымды топыраққа себеміз.Қалай ойлайсындар, пияз тұқым арқылы тез өсіп шыға ма, әлде отырғызған пияз тез өсе ме?
Тәрбиеші балалардың берген жауабына қарай толықтырулар енгізіп, түсінік береді және екі жәшіктегі пиязды да күтіп- баптап, олардың өсуіне бақылау жасайтындығын айтады.
Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.
«Жемістер мен көкөністер» д /о№3 -Ойыншықтар
-Қарындаштар т.б. заттардың атын айта бастайды.
-Гүл
-Алма, алмұрт т.б.
-Сәбіз,
-Кәртөп
- Орамжапырақ
-Пияз
Өйткені пиязды қабыршағын аршығанда, турағанда көзден жас шығады.
Балалар пияз туралы білетіндерін айтады.
-дәмді болу үшін қосады.
-Көкөніске жатады.
-Бақшада өседі
Балалар тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.
-Топырақ, су, жарық, жылу керек.
-Тамыры бар жағын.
Балалар пиязды алып аудандастырып қарап, жасыл өскіні мен топыраққа отырғызылатын жағын тауып алады.
-Тамырларынан білеміз.
Балалар тәрбиешінің жасаған әрекетін қайталайды.
бБалалар жауап беруге тырысады.
Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялык-
түзетушілік
Педагог балалардың бүгінгі жиыннан алған өсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немссе тақырыбы жайлы естеріне түсіріп суреттер қоя отырып пысықтайды. Іс- әрекеттегі көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылган сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болатындығын, олардың тұқым және көшет аркылы көбейетіндігін, бақшада өсетіндігін, көкөніс тобына жататындығын, өсуі үшін су, топырақ, жарықтың қажеттілігін.
түсінеді: пияздың өртүрлі болатындығын, сортына қарай тәтті, жартылай ащы, ащы болатындығын, пияздың тұрмыста, медицинада қолданылуын. оларды өсіру үшін су, топырақ, жарық және күтім керектігн, бақшада өсетіндігін.
қолданады: өсімдікті отырғызудың және себудің қарапайым түрін; күтіп баптауды, пиязды отырғызу барысында құралдарды ұқыпты пайдалануды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Бөлме өсімдігі .Қазтамақ
Мақсаты:Өсімдіктердің, адамдардың күтімі және табиғаттың өзінің күтімі нәтижесінде өсіп жетілетіндігі туралы түсініктерін кеңейту. Қазтамақ өсімдігін танып, атай білу іскерліктерін дамыту. Гүлді отырғызудың қарапайым әрекеттерін меңгерту. Жанды табиғат пен жансыз табиғат арасындағы байланыс туралы ұғымдарын кеңейту. Қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Алдын ала жасалатын жұмыстан: жалпы өсімдіктерге, өздеріне таныс бөлме өсімдіктеріне байланысты әңгіме жүргізу.
Әдіс- тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Билингвальдық компонент:комнатное растение
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс- әрекеті Балардың із әрекеті
Мотивацциялық – қозғаушылық шаттық шеңберін ұйымдастыру Балалар шаттык шеңберін құрып. өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастыру-шылық - ізденістік Педогог балаларды алдын ала ұйымдастырылған сурет көрмесіне әкеліп, ондағы гүлдердің Суреттеріне қарауды ұсынады.
Миға шабуыл:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Табиғатта қандай өзгерістер байқалады?
Дұрыс айтасындар, осы айтқандардың барлығы тек көктем мезгілінде ғана болды екен. Біз бұл өзгерістерді күнде лікті далаға шыққан кезде байқаймыз. Ал топырағы табиғат бұрышындағы өсімдіктерде өзгеріс бар ма, не байқадыңдар?
Дұрыс байқапсыңдар, өсімдіктердің тез бой алып өскені байқалады. Кейбір өсімдіктер гүлдепті, ал кейбіреуінде жаңа өсімдіктер пайда болады. Олар дың осылай өсуіне сендер көмектестін дер. Күнделікті күтіп, оларға қамқор лық жасадыңдар. Есімізге түсірейік, қандай қамқорлық жасадық?
-Оларға күтім жасалмағанда не болар еді?
Яғни, балалар, табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуі сендерге байланысты екен, Себебі: олар өз бетімен тамақтанып, өздерінің суғараалмайды ғой.
-Енді табиғат құрылымына тағы да зер салып қараңдаршы, сендерге таныс емес өсімдік бар ма?
Бұл өсімдіктің аты «Қазматақ» деп аталады. Қане, жақсыла көріңдерші, не көрдіңдер?
Сондықтан да бұл өсімдік жай қазта мақ емес «хош иісті қазтамақ» деп аталады. Қане, қайталап айтып көрейік ші. Енді мұқият қарап алыңдар.
-Қазтамақ тия өсетін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Өсімдіктің күтімі дұрыс бол са, араға аз уаұыт салып демалып, үздіксіз гүлдей береді мамыр айында аулауға шығарып гүлзарларға егіп қоюға болады. Күзде қайтадан қазып алып, түбіне отырғызып үйге кіргізеді. Қараша айында жапырағы сарғайып, түсе бастағанда, сабағын тамырдан жоғары кесіп тастау қажет. Қазтамақтың жаз айларында жиі. Ал өыста бірқалыпты суғарған дұрыс. Ол шамалы суыққа шыдамдылығымен, негізінен жылу мен жарықты жақсы көреді. Көптеген қазтамақ жарықта ерекше гүлдейді. Өсімдік жиі тыңайт қанды қажет етпейді. Сондықтан, өсімдікті ерте көктемде және жаз айла рында айына бір рет тыңайтып тұрса жеткілікті. Қазтамақ гүлін адамтдар тек әдемі гүлі үшін ғана емес, соныме қатар хош иісті жапырақтары үшін ғана емес, сонымен қатар хош иісті жапырақтарының емдік қасиеттеріде бар. Енді қараңдаршы, мына қазтамақ өсімдіктерінің қайсысы әдемі болып қскен?
Қалай ойлайсындан, мына қазтамақ өсімдіктерінің неліктен жапырақтары сарғайып, қурап, солып, дұрыс өспей қалған?
Сендер айтқан себептердің бәрі де орынды. Дегенмен де ыдысы кіші болғандықтан дұрыс өспей қалған болуы керек. Сол себепті қазір біз ыдысы кіші деген өсімдіктерді үлкені рек ыдысқа отырғызамыз. Ал ол үшін бізге не керек?
-Дұрыс, олай болса бірінші үлкенірек ыдысты алып, оған өсімдікті отырғызайық. Өсімдікті отырғызбас бұрын біз оның құрылысын анықтап алайық. Өсімдік қандай бөліктердн тұрады?
-Дұрыс айтасындар, гүлдердің түстері қандай?
- Жапырақтары қандай?
-Жарайсындар, енді жапырақтарын ұстап көріңдерші, не байқалады?
-Міне, енді гүлді отырғызуға болады. Ол үшін бірінші ыдыстың түбіне саламыз?
Педогог қазтамақ өсімдіктерін ескі ыдыстарынан алып, балаларға тамы рын көрсетеді, ауа және қоректік зат тардыосы тамыры арқылы да алатын болғандықтан ыдысының тарлық еткендігін, сол себептен гүлдің ауырғаның дәлелдеп айтады. Үш- төрт балаға бір өсімдіктен отырғызу тапсырылады.
«Үш сөз» ойыны.
Педогог балаларға табиғатқа байланыс ты бір заттың жалпы атауын айтады. Балалар педогог атаған заттың атауы на сәйкес келетін үш сөз ойлап табады. Мысалы,
Көкөніс...(қияр, қызылша, картоп),
құстар (шымшық, қарға, торғай, )
Үй құстары... .
Үй жануарлары... .
Жабайы аңдар ... .
Аквариумда тіршілік ететіндер ...
Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. Балалар суреттерді қарап болған соң орындарына отырады.
-Көктем мезгілі.
-Күн жылынады т.б.
-Өсімдіктерді, суарып, жапырақтарын жудық, топырақтарын қопсыттық. Құстар мен балықтарға жемін берді.
-Жапырақтарытсолып, өліп қалатын еді.
Балалар қазтамақ гүлінің бірнеше түрін алып келеді. Әдемі иіс шығады.
Балалар «хош иісті қазтамақ» деп қайталап айтады. Балалар қазтамақ гүлін жан- жағынан қарап, бақылайды. Балалар өсімдікке қарап отырып, оның жапырағының түсіп, пішінін, көлемін, гүлінің әртүрлі болатындығын атады.
Балалар қарап қайсысы әдемі болып өскен, ал қайсысы дұрыс өспей тұрғандығын айтады.
-Олар ауырып тұр. Су құйылмаған болуы мүмкін. Ауа жарық жетіспегендіктен,. Топырағының құнары жоқ.
-Ыдысы кішкентай,
-Үлкен ыдыстар, топырақ, су, тас, құм керек.
-Сабағы, жапырағы және гүлінен тұрада
-Ақ, қызыл, күлгін.
-Домалақтанып келген, бірақ ойықтары бар, түсі жасыл. Майда түктері бар.
Балалар ыдыстарды алып, оның түбіне тас, онан кейін аз ғана топырақ, құм салып дайындайды. Гүлді отырғызып болғаннан кейін суғарады.
Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялык-
түзетушілік
Педагог балалардың бүгінгі жиыннан алған өсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Іс- әрекеттегі көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылган сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: Өсімдіктердің,адамдардың және табиғаттың өзінің күтімі нәтижесінде өсіп жетілетіндігі туралы және Қазтамақ өсімдігін танып, атауды.
Түсінеді:Қазтамақ өсімдігінің өзіндік ерекшелігін , оларды сабағын ,жапырағын, гүлдерінен тауып атайды, оның тұрмыста дәрілік шөп ретінде пайдалануын, Қазтамақ өсімдігінің өсіп жетілуіне ауа, жарық, топырақ және күтім мен тыңайтқыштар керектігін Қазтамақ өсімдігін жаз маусымында далаға отырғызуға болатындығын.
Қолданады:Гүлді отырғызудың қарапайым әрекеттерін ,күтіп- баптауды игереді, әркет ету барысында құрдастарымен жағымды қарым-қатынаста болады
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Қанқыз және құмырсқа.
Мақсаты: Көркемдік шығарманың көмегімен жәндіктермен таныстыруды жалғастыру. Жәндік тердің сыртқы құрылысының ерекшеліктері, қозғалу әдістері, мекендейтін орны, бейімделуі, жәндік тердің басты белгілерін анықтай алу туралы балалардың білімдерін жүйелеу отырып қанқыз және құмырсқамен таныстыру. Жәндіктердің тіршілігіне қызығушылығын тудыру. Оларға қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға жететіндей ойыншық қанқыз,ермексаз,грек жаңғағының сырты,өсімдіктер мен жәндік, жануарлардың суреттері
Алдын ала жасалатын жұмыстар: жәндіктерді бақылау,өсімдіктер мен жәндік,жануарлардың суретін жинақтау.
Көрнекіліктер:жәндіктердің суреттері.
Әдіс-тәсілдер:сөздік,көрнекілік,практикалық
Билингвальді компонент: жәндік-насекомый, қанқыз-божья коровка, құмырсқа-муравей
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады.
Жыл мезгілі туралы Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар,біз серуен кезінде қандай жәндіктерге бақылау жасадық?
Бүгін біз тағы бір жәндікпен танысамыз.Ол үшін сендер қолдарыңды созып,алақандарыңды тосып тұрсаңдар,ол жәндік сендердің алақандарыңа өзі қонады
-Балалар ,көздеріңді ашыңдаршы,сендердің алақандарыңа қандай жәндік қонды. Сендер бұл жәндікті көрген жерлерің бар ма,қайдан көрдіңдер?
Қаңқыз немен қоректенеді?
-Олар алма битін,өсімдік бітесі,жапырақ бүргесі,өрмекші,кене, т.б ұсақ жәндіктерді жейді. Демек,қаңқызының пайдасы үлкен екен.Себебі,олар өсімдіктер зиянкестерін жесе,өсімдіктерді дәрілеудің қажеттігі болмайды.
Олар қандай жерлерде қыстайды?
Балалар сендер ең күшті жануар не деп ойлайсыңдар?
-Ең күшті жәндік-құмырсқа.Себебі: ол өзінен он есе үлкен затты көтере алады.
Сонымен бірге олар құрылысты да шебер салады. Олар қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан илеу жасап,тіршілік етеді. Әрбір илеуде «жұмысшы» және «жауынгер» құмырсқалар болады. Құмырсқалардың кейбір әрекеттері адамдарға ұқсайды.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді
Д /о: «Қаңқызды тап»№27 -Ара,шыбын,көбелек, инелік,құмырсқа
Балалар көздерін жұмып,қолдарын созып тұрады, тәрбиеші олардың қолына кішкене қаңқызды қояды
Балалар көздерін ашқан кезде қаңқызын көріп таңғалады,қуанады,бір-біріне көрсетіп, қуаныштарын бөліседі.
Олар өсімдіктерге зиян ұсақ жәндіктерді жейді.
-Ағаш қабығының астында, қуысында, жерге түскен жапырақ арасында қыстайды
-Піл күшті
Балалар жауап беруге тырысады.
Өлең жолдарына сай қимылдар жасайды. Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: қанқыз және құмырсқамен танып, ажыратуды, олардың дене бөліктері туралы, олардың жәндіктер тобына жататындығын, табиғат үшін маңыздылығын.
түсінеді: қанқыз және құмырсқамен таниды, ажыратады, жәндік екенін біледі, қанқыз және құмырсқаның тіршілігі туралы түсініп айта алады.
қолданады: қамқорлықпен қарайды, жәндіктерге жәбір көрсетпеу керектігін ұғынады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Балапанды бақылау.
Мақсаты: балапанды сыртқы орта көрінісіне қарап тани білуге, дене бөліктерін ажыратып айтып беруге үйрету. Балапанның тіршілігі адамның қамқорлығына зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыру. Қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: жәшік ішіндегі балапан, видео таспа.
Алдын ала жасалатын жұмыстар: балапанған арнап шарбақтар жасау.
Әдіс тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.
Билингвальдық компонент:цыпленок
Іс әрекет кезеңдері Педагогтік іс әрекет Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері: тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне шақырып, өлең жолдарын айтқызады. Балалар шаттық шеңберін құрып өлең жолдарын оқиды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог ішінде балапаны бар жәшікті алып келеді де ішінде не бар деп сұрайды.
Педагог балапанды қоршалған шарбақтың ішіне жібереді де бақылау жасайтындықтарын айтады.
Балапанның түрі, түсі, дене құрылысы туралы сұрайды. Қалай дыбыстайтынын және немен қоректенетінін айтады.
Біз мына балапан өскенше оны бағып, тамағын, суын беріп тұруымыз керек. Бүгін біздің балапанымыз кішкене шаршады. Сондықтан оны біз табиғат бұрышындағы басқа балапандарға қосып қоямыз. Педагог балаларды екі орталыққа бөледі де бірінші орталықтағы балалрға жұмыртқаның сыртқы қабығына қанат,тұмсық, көз, аяқтарын жбыстырып, балапанды жасауды, екінші топқа балаларға балапандарға арнап ботқа дайындауды ұсынады.
Сергіту сәті:
Педагог «көңілді балапандар» музыкасын қояды.
Дәптермен жұмыс. Дәптерге берілген тапсырманы түсіндіреді.
Д /о: «Не артық» Балалар жәшік ішінде балапан екендігін даусынан танып ататады.
Балалар шарбақтың ішіндегі балапанның қозғалуын, жүгіргенін, қанатын қаққанын көреді.
Бірінші орталықтағы балалар жұмыртқаның қабығынан балапан құрастырады. Екінші орталықтағы балалар жұмыртқаны езіп ботқа дайындайды да табиғат бұрышындағы басқа балапандарды тамақтандырады.
Балалар «көңілді балапан» әуеніне билейді.
Дәптерге берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық -түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Сабақтағы күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: балапанды түсіне, сыртқы көрінісіне қарап танып, ажырата білуі, олардың дене бөліктері, қозғалысы, қорегі туралы, өсіп өнуі үшін адамдардың қамқорлығы керек екендігін, басқа да құстардың балаларының балапан деп аталатындығын.
түсінеді: балапанның түсінің алуан түрлі болатындығын, балапан туралы білімді және олардың адамның қамқорлығына зәру екендігін.
қолданады:қамқорлықпен қарайды, оларға жәбір көрсетпеу керектігін ұғынады, балапандарға арнап ботқа жасауды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Саңырауқұлақтар
Мақсаты:саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Улы саңырауқұлақтардың адам өміріне қауіпті екендігі туралы айта отырып, жеуге жарамды ақ саңырауқұлақпен саңырауқұлақ пен улы боз арамқұлақты түріне қарап танып, айтып беруге үйрету.
Көрнекіліктері:жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың муляждары.
Қажетті құрал жабдықтар: ақ ватман, желім, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар т.б жанды табиғат және жансыз табиғат бөліктерінің қима суреттері.
Билингвальдық компонент:грибы
Іс әрекет кезеңдері Педагогтік іс әрекет Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Шаттық шеңбері: тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне шақырып, өлең жолдарын айтқызады. Балалар шаттық шеңберін құрып өлең жолдарын оқиды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Балалар көктем мезгілінен кейін қай мезгіл басталады?
Жаз маусымында жаңбыр көп жауады да, жаңбырдың соңынан саңырауқұлақтар өсіп шығады. Біз бүгін жеуге жарамды және улы , жеуге жарамсыз саңырауқұлақ түрлерімен танысамыз.
Қонаққа Тиін мен Кірпі келеді. Балалармен амандасып болғаннан кейін саңырауқұлақ теруге кетіп бара жатқандықтарын айтады. Педагог оларға саңырауқұлақ теруге әле ерте екендігін айтып түсіндіреді.
Онда сендер бізбен бірге болыңдар, біз бүгін саңырауқұлақтар жайлы әңгімелесеміз деп, екеуін балалардың қасына отырғызады.
Педагог бірнеше саңырауқұлақтың муляждарын көрсетіп, олармен таныстырады.
Шыбынжұт саңырауқұлағын жеуге бола ма?
Неліктен оны шыбынжұт деп атаған?
Саңырауқұлақтар жеуге жарамды және жеуге жарамсыз болып бөлінеді.
Саңырауқұлақды тергенде жеуге жарамдысын улы түрінен ажырата білу керек. Біз бүгін саңырауқұлақтың екі түрімен танысамыз. Бұлар ақ саңырауқұлақ және боз арамқұлақ. Ақ саңырауқұлақ қылқанды жапырақты және араласа орманда өседі. Қалпақшасының үстіңгі бөлігі ашық қоңырдан қара қоңырға дейін өзгеріп отырады. Ал төменгі бөлігі алғашқы кезде ақ кейін жасыл сарғыш түске енеді. Аяқшасының ашық сары сұрғылт түсті, үстіндеи торлы өрнектері болады. Жемістік денессі ақ, тығыз, жағымды, саңырауқұлаққа тән исі бар. Ақ саңырауқұлақ маусымнан қазанға дейін өседі. Жеуге жарамды, өте бағалы саңырауқұлақ себебі, құрамында белок өте көп. Боз арамқұлақттан қалпақшасының астыңғы жағы ақшыл жасыл түсті. Бұл улы саңырауқұлақ, сол себепті мұндай арамқұлақты жинауға болмайды. Боз саңырауқұлақ кейбірі жеуге жарамдыға ұқсайды. Оларды айыру қиын. Сондықтан саңырауқұлақтарды жинаған кезде абай болу керек.
Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары топырақта жата берсе, әртүрлі жұқпалы аурулар тудырады. Саңырауқұлақ қалдықтарды ыдыратып, топырақттың тозаруына, аурулардың таралмауына көп пайдасын тигізеді. Түскен жапырақтарды ыдыратып, оларды қара топыраққа айналдырады.
Педагог балалардың екі топқа бөледі.
Бірінші орталықтағы балаларға жеуге жарамды саңырауқұлақтарды жапсырып, саңырауқұлақтар алаңын жасау тапсырылады.
Екінші орталықтағы балаларға саңырауқұлақтарды қажет ететін табиғат бөліктерін топтастыру тапсырылады.
Сергіту сәті:
Педагог балаларға орталықтағы орындарын ауытыру керектігін айтады.
Дәптермен жұмыс. Дәптерге берілген тапсырманы орындайды.
Д /о: «Улы улы емес саңырауқұлақтар»№15 Жаз мезгілі
Балалар Тиін мен Кірпінің келгеніне қуанады.
Балалар шыбынжұт саңырауқұлағын алып көрсетеді.
Шыбынжұт
Болмайды, өйткені ол улы саңырауқұлақ. Ол саңырауқұлақтан шыбындар да қорқады. Шыбынжұт саңырауқұлағына шыбыгдар келсе болды өліп қалады.
Бірінші орталықтағы балалар бірнеше саңырауқұлақ суреттері ішінен жеуге жарамды ақ саңырауқұлақты тауып жапсырып, саңырауқұлақтар алаңын бейнелейді. (ұжымдық жұмыс)
Екінші орталықтағы балалар өсімдіктер мен жануарлар, адамдардың т.б. суреттерін топтастырады.
Балалар орындарын ауыстырып отырады. Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық түзетшілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Сабақтағы күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: жеуге жарайтын және улы саңырауқұлақтар туралы және саңырауқұлақтартың адам және жануарлар үшін маңызын.
түсінеді: улы өсімдіктерді адам өміріне қауіпті екендігін, жеуге жарамды ақ саңырауқұлақ пен улы саңырауқұлақ туралы білімді.
қолданады: қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтауды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы:Кесіртке (бақылау жасау).
Мақсаты: кесірткені танып айтып беруге үйрету.Кесірткенің тіршілігі ,қозғалу тәсілдері туралы ұғым беру. Қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кесіртке туралы түсірілген бейнетаспа,суреттер.
Қажетті құрал жабдықтар: кесірткенің суреті бейнеленген бірнеше бөлікке бөлінген қағаздар,музыка әуені, бейнетаспа көруге және музыка тыңдауға арналған құралдар.
Әдіс тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.
Билингвальдық компонент:ящерица
Іс әрекет кезеңдері Педагогтік іс әрекет Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Педагог баларды шаттық шеңберіне шақырады.
Музыка естіледі.
Сендер күннің шуағынан жылылықты сезіндіңдер ме?
Олай болса бізде күнге әдемі күлкімізді сыйлайық. Балалар шеңбер бойына отырып, ақырын ғана көздерін жұмады.
Балалар өздерінің қиялдары бойынша айтады.
Маған Күн «мен саған таңның атқанын естіртуге келдім», деді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік «Кім бірінші?» ойыны.
Ойын шарты бойынша балалар музыка аяқталғанша алдарында бірнеше бөлікке бөлінген қағаз қиындыларын құрастырады. Музыка аяқталған кезде ойынды аяқтайды.
Балалар,ненің бейнесін құрастырдыңдар?
Бұл кесіртке.(Кесіртке туралы түсірілген бейнетаспа көреді).
Кесіртке жер шарының суық аймақтарынан басқа жерінің бәріне дерлік таралған. Бұлардың қазіргі кезде Қазақстанда алты тұқымдасы кең таралған. Кесірткелердің көптеген түрі жерде жүреді,ағашқа,бұтаға өрмелей алады,құмға батып кететін түрлері де бар (батбат кесіртке). Денесі жалпақ,қысқа не ұзынша келеді.Аяғы кейбір түрінде өте жақсы жетілген.
Тілдің құрылысы да әртүрлі.
Көбінесе жалпақ, қалың етті, ұзын, ұшы екі айырылған болып та келеді. Кесірткелердің көпшілігі жұмыртқалайды. Түрлі жәндіктермен, өрмекшілермен, құрттармен, құстардың жұмыртқасымен, түрлі өсімдіктердің жұмсақ бөліктерімен қоректенеді.
Сергіту сәті.
Сергіту сәті аяқталысымен тәрбиеші дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіреді. Үш топтың да балалары қағаз қиындыларын құрастырады.
Қиындылардан үш түрлі кесірткенің бейнесі шығады.
Егер баланың өзіне таныс болса,жауап береді.
Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді
Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.
Рефлексиялық –түзетушілік Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан салған әсерлерін , көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгенін сұрайды. Осы тақырып жайлы естеріне түсіріп, сұрақтар қоя отырып пысықтайды. Балалар топқа оралғаннан кейін көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға бейнелейді.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: кесірткені танып, ажырата білуді, олардың дене бөліктері туралы, табиғат үшін маңыздылығын
Қолданады: кесірткені таниды, ажыратады, олардың тіршілігі туралы түсініп айта алады, кесірткенің немен қоректенетінін;
Түсінеді: Сұрақтарға еркін жауап бере білуді, бейнетаспадан көргендерін жауап беру кезінде пайдалануды, жануарларға қамқорлықпен қарауды;
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жасыл құрбақа.
Мақсаты: Жасыл құрбақаны танып айтып беруге үйрету.Құрбақаның қозғалу тәсілдері,мекендейтін ортасы,қорегі туралы ұғым беру. Қосмекенділер туралы түсінігін кеңейту. Құрбақаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Ққрбақаны бақылау кезінде құрдастарымен жағымды қарым қатынас орнату.
Көрнекіліктер: құрбақаның тіршілігі туралы түсірілген бейнетаспа,суреттер.
Қажетті құрал жабдықтар:жұмыс дәптері,су құйылған леген,ішіне құрбақа салынған шыны ыдыс (беті матамен жабылған).
Алдын ала жасалатын жұмыстар:қосмекенділерге байланысты әңгімелер жүргізу.
Әдіс тәсілдері:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.
Билингвальдық компонент:лягушка
Іс әрекет кезеңдері Педагогтік іс әрекет Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші музыка қойып,балаларды шаттық шеңберіне шақырып, өлең жолдарын айтқызады. Табиғат ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз.
Шаттық әнге саламыз.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Жұмбақ шешкізеді.
Өзі қорқақ.
Аяғы талтақ.
Көзі тостақ.
Ол не балалар?
Жасыл құрбақа туралы бейнетаспа көрсетеді.
Құрбақа жайлы не айта аласындар, оның көзі,аяғы қандай?
Дұрыс айтасыңдар,құрбақаның терісі бұдырлы, мүйізді болатындықтан құрлыққа тіршілік етуге бейімделген. Педагог шыны ыдысқа салынған құрбақаны алып көрсетеді (балалардың айтқандарына өзі толтырулар енгізіп,мағлұмат береді).
Құрбақалар денесі кеуіп кетпес үшін, күндіз орманда ылғалды жерлерде: жапырақ, шөптердің астына,тышқандар мен көртышқанның індерінде,құлаған ағаш пен олардың тамырының астына жасырынып жатады,қорегін түнде аулайды. Жаңбырлы күндері күндізде белсенді тіршілік етеді. Өрмекші,құмырсқа.жұлдызқұрт,шырышты ұлу,шұбалшынмен т.б. қоректенеді.Індерінде,тұрғын үй астында,қоймаларда қыркүйектің аяғы мен қазаннан бастап қысқы ұйқыға кетеді. Көктемде ақпайтын немесе ағыны баяу су қоймасына уылдырығын шаша бастайды. Құрбақалар зиянды .
жәндіктермен қоректеніп.ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.
Бақалар да адам сияқты осылай тыныс алады екен. Ал қыстыгүні олар ауаны өкпе арқылы емес,терісі арқылы қабылдайды.
(Құрбақаны шеттері жабық биік шыны террариумға жібереді).
«Жалғасын тап» ойыны
Жансыз табиғат - ...
Жанды табиғат - ...
Үй жануарлары - ...
Үй құстары - ...
Жәндіктер - ...
Бөлме гүлдері - ...
Дала гүлдері - ...
Гүлзарда өсетін гүлдер - ...
Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.
Ол бақа.
Балалар мұқият қарап,бақаның қимыл қозғалысын,тіршілігін бақылайды.
Құрбақа туралы білетіндерін айтады.
Балалар құрбақаның қозғалысын бақылайды.
-Су, күн, ауа,тас
-адам, өсімдік, жануарлар т.б

Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық -түзетушілік Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Іс әрекеттегі көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға бейнелейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: жасыл кұрбақаны танып, ажырата білуі, олардың дене бөліктері туралы, табиғат үшін маңыздылығын
Қолданады: ажыратады, құрбақаның тіршілігі туралы түсініп айта алады, олардың құрлықта да, суда да тіршілік ете алатынын біледі.
Түсінеді: сұрақтарға еркін жауап бере білуді, өз пікірін, ойын айтуды, бейнетаспадан көргендерін жауап беру кезінде пайдаланады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Көктем кереметі. Бөртегүл.
Мақсаты: көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейту. Бір ай бұрын суға салынған бөртегүл бұтағы мен далада өсіп тұрған бөртегүлге бақылау жасап салыстыра отырып, бөртегүл бұтасымен таныстыру. Бақылаудың қорытындысын, нәтижесін айта білу іскерлігін жетілдіру. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ағаштардың суреттері
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері.
Алдын ала жасалатын жұмыстар: серуен кезінде көктемгі ауа райын, бөртегүл есімдігін, табиаттағы өзгерістерді бақылау, көктем мезгіліне, жанды және жансыз табиғатқа байланысты әңгімелесу. Бертегүлдің бір-екі бұтағын ақпан айының бірінші онкүндігінен бастап суға салып, бакылау жасау.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалык.
Билингвальдық компонент:весна, верба
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс- әрекеті Балардың іс- әрекеті
Мотивацциялық – қозғаушылық Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырад. Балалар шаттык шеңберін құрып. өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Әңгімелесу
Тәрбиеші балалардың көктем мезгілі, ондағы өзгерістер, басқа мезгілдерден айырмашылығы туралы сұрап әңгіме леседі.
-Біз бүгінгі сондай өсімдіктің бірі бөр тегүлмен танысамыз (гүлдеп тұрған суретін көрсету).
-Бөртегүлді көргендерін барма?
-Қайдан көрдіңдер?
-Бөртегүлділер өлі бүршік жарған жоқ, себебі: олардың бүршік жаруына, гүл денуіне әрі ертерек екен. Енді балалар мына суда салынып тұрған бөртегүлдің бұтағына қараңдаршы, не байқауға болады?
-Неліктен топта тұрған бөртегүлдің бұтағы жапырақ жайған , ал далада өсіп тұрған бөртегүлдің әлі жапырағы жоқ. Дұрыс айтасыңдар, бөртегүлдің бұтағы топта тұрғандықтан жапырақ жайды. Себебі: олар ұзақ уақыт жылы жерде тұрады. Ал көктем енді келгендіктен даладағы бөртегүл енді ғана бүршік жаруға дайындалып жатыр. Енді сурет ке қараңдар.Суретте гүлдің даму саты лары бейеленген. Суретке қарап, кім өсу сатыларын айтып бере алады.
Бөртегүл гүлдеген шағында оның әдемі иісі бүкіл бақты алып кетеді. Мамыр айында гүлдейтіндіктен хылық «Мамыргүл» деп те атайды.Бөртегүл тек әдемі хош иісті өсімдік қана емес, сонымен қатар оның бүршігінде, гүлін де және діңінің қабағында дәрілік қаси
еттер бар.Бөртегүлден жасалған дәрілерді қызуды түсіруге, терлетуге пайдаланады.
Бөртегүлдің өсуі үшін не қажет?
-Дұрыс айтасыңдар, сол қоректік заттарды олар тамыры,сабағы, жапыра ғы арқылы алады.
-Бөртегүл ашық күнді сүйеді, алакөлең келі жерде де жақсы өсіп, ұзақ гүлдей ді. Гүлдеп болған соң қураған гүлшо ғырларын уақыт өткізбей кесіп тастау керек. Себебі, бөртегүлдің гүлдеген бұталары келесі жылы гүл жармайды. Гүлдеп біткен соң гүлсабағымен қатар әлсізт бұталарын да түбінен кесіп алып тастау керек.Мамыр, маусым айларын да топырағын құрғатып жібермей, суға рып отырса, гүлді мол береді. Бөртегүл жыл сайын тамырынан бірнеше жас өскін шығарады
Тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырады.
Дид. ойын : «Гүлдерді топқа бөл»
№37 Балалар серуен кездерінде байқағандарын және оқылған шығармаларға, тәрбиешінің алдын ала жүргізілген жұмыстарын естеріне түсіре отырып жауап береді.
Бірінші бүршік атады, одан кейін одан жапырақ пайда болады. Соңынан гүлдейді
Күннің жылуы, таза ауа, су, қоректік заттар керек.
-Адамдар суарады, жаңбыр жауған кезде алады.
Балалар тәрбиешінің Бөртегүл туралы айтқандарын мұқият тыңдайды.
Сергіту сәтін жасайды
Рефлекциялық-түзетушілік Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды
Іс-әрекеттегі көңіл күйлерін дәптердегі таңбаға белгілейді
Жасайды:Көктемгі табиғат өзгерістерін, бөртегүл өсімдігін танып, айтып бере білуі, өсімдіктің өсуі үшін жарық, ауа, ылғал, күтім керек екендігін, бөртегүл өсімдігінің басқа бұталы өсімдіктер сияқты тамыры, бұтағы, жапырағы болатындығын олардың пайдасын.
Түсінеді:бөртегүл өсімдігінің өсу кезеңдерін және олардың пайдасы туралы білімді
Қолданады:бақылау жасауды, қорытынды шығаруды, күтіп баптаудың жолдарын
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы№36
Тобы:
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
ҰОІӘ: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жаздық киімдер.
Мақсаты: жаздық киім түрлермен таныстыру. Жаздық киімнің айырмашылығын байқап айтып беруге, маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету. Өзіне-өзі қызмет ете білуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қуыршаққа арналған жаздық киім түрлері,қуыршақтар.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, дүкен ойынына арналған касса, ақша, фломастерлер, қалың, жұқа матаның қиындылары.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық
Билингвальді компонент: жаздық киім-летние одежды, көйлек –платье, қалпақ-шлапья
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңберіне тұрғызу.
-Балалар, мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Кәне, барлығымыз шаттық шеңберіне тұрып, өлеңімізді айтайық. Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Ұйымдастырушылық-ісденістік -Балалар, көктем мезгілінен кейін жылдың қай мезгілі келеді деп ойлайсыңдар?
- Жазда ауа райы қалай болушы еді?
Қонаққа қалың киім киген екі қуыршақ келеді.
- Сәлеметсіңдерме, балалар?
- Менің атым – Сандуғаш, ал мынау – менің досым Думан. Балалар, неге екенін білмейміз, біз әбден ыстықтап кеттік.
- Сонда қалай, киімдер қыстық, жаздық болып бөліне ме?
- Оларды кім бөледі және олар не үшін бөлінеді. Мен түкке түсінбедім.
Педагог: Сандуғаш, Думан, балалар дұрыс айтады. Киімдер қыстық киім, жаздық киім, тіпті көктем, күз маусымына арналған киімдер болып бөлінеді. Жаздық киімді ыстық кездерде, жаз айларында киеді. Кәне балалар, сендер өздеріңнің үстілеріңдегі киімдеріңді ұстап көріңдерші. Сандуғаш пен Думанның киімінен айырмашылығы бар ма?
- Міне, байқадың ба, Сандуғаш? Сендер қалың қыстық киім алғандықтан ыстықтап тұрсыңдар. Ал балалардың киімі жұқа материалдан тігілген. Сол себепті олар ыстықтамайды.
Сандуғаш: Сендер жұқа жаздық киімдерді қайдан алдыңдар?
- Олай болса сендер дүкенге барып, бізге киім таңдап алып беріңдерші.
Сатушы баларға киім түрлерін көрсетеді.
Қуыршақтар киімдерді көріп қуанады. Сандуғаш атты қуыршақ балаларға киімдерді жеке-жеке көрсетіп сұрайды.
- Мынау қандай киім?
- Жазда бас киімнің қажеті жоқ қой. Біз бұл киімді алмай-ақ қояйық.
- Жарайды мен онда телпекті аламын.
- Ал мына киімдерді қалай киеді?
- Қандай әдемі киімдер! Түсі қандай өзінің? Қандай матадан тігілген?
Осылайша балаларға дүкеннен алып келген жаздық киімнің барлығын көрсетіп, сұрап шығады.
- Рахмет, балалар, енді мен сендер әкелген киімдерді киіп алайын. Сандуғаш ұл балаларға арналған киімдерді кие бастайды.
Педагог:
- Балалар, Сандуғаш киімдерін дұрыс киді ме?
Сандуғаш:
- Ой киімнің не айырмашылығы бар. Барлығы да бір киім ғой.
«Кім бірінші»с/ ойыны.
Педагог ойынның шартын түсіндіреді. Қуыршақтар риза болып, балаларға рахметін айтып қоштасады.
Педагог балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға жаздық киім тігуге арналған жұқа маталарды іріктеп алу, екінші орталықтағы балаларға ұл бала мен қыз балаға арналған киімдерді іріктеп алу тапсырылады.
Сергіту сәтін өткізу.
Дәптермен жұмыс - Жаз мезгілі.
-Ыстық болады.
- Сәлеметсіңдер ме?
-Әрине ыстықтайсыңдар. Себебі қалың қыстық киім киіп алыпсыңдар. Ал сендерге жаздық киімдер керек.
- Дәл солай.
- Киімдерді арнайы жаздық, қыстық деп бөледі.
Айырмашылығы бар. Менің көйлегңм жұқа, ал Сандуғаштың киімі қалың және Сандуғаш пальто киіп алған.
Дүкеннен алдық.
Балалар қуыршақтарға көмектесетіндіктерін білдіріп, барлығыкиімдер дүкеніне келеді. Сатушымен сәлемдесіп, өздерінің не үшін келгендерін айтады.
Қыз бала мен ер балаға арналған бірнеше жұқа киімдер, баскиімдер мен аяқкиімдерді таңдап, ақшасын төлеп, сатушымен қоштасады.
-Ол бас киім. Оны – телпек дейді.
- Егер де сендер далаға шыққанда бастарыңа телпек кимей шықсаңдар, бастарыңнан күн өтіп, ауырып қалуларың мүмкін. Қараңдаршы, бұл бас киімді кисең тіптен де ыстықтамайсың. Себебі, ол жұқа материалдан тігілген. Әрі шетіндегі желбіршектері көлеңке беріп тұрады.
-Мынау – көйлек, ал мынау – жейде.
- Көйлектің түсі қызыл, жейденің түсі көк.Екеуі де жұқа матадан тігілген.
Балалар жауап береді.
- Жоқ. Сандуғаш Думанға арнап әкелген киімдерді киіп алды.
- Жоқ, барлық киім бірдей емес. Ұлдарға арналған және қыздарға арналған киімдер болады. Ұлдар көйлек кимейді.
Ойын шарты бойынша екі бала шығып, біреуі Сандуғаш атты қуыршақты, екінші бала Думан атты қуыршақты киіндіреді.
Бірінші орталықтағы балалар жұқа маталарды іріктеп алады. Екінші орталықтағы балалар ұл бала мен қыз балаға арналған киімдерді іріктеп алып, әңгімелеп береді.
Сергіту сөзінің мағынасына қарай қимылдар жасайды.
Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін сұрайды. Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегімтаңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: жаздық киімнің басқа маусымдық киімдерге қарағанда айырмашылығын.
түсінеді: жаздық киім түрлері: телпек, көйлек, жеңі жоқ жейдені қалың-жұқалығына қарап топтастырып айта алады.
қолданады: маусымдық өзгерістерге қарай киінуді, өзіне қызмет етудің қарапайым дағдыларын.