Открытый урок по скульптуру на тему «М?сін ?нері»


Пән: Материалды көркем өңдеу шеберлігі
Курс:1 курс,9 сынып
Мамандығы:СҚӨ
Пән аралық байланыс: Сурет,Компазиция,
Тақырып: Мүсін өнері
Дидактикалық міндеттері
-Білім берушілік :Оқушыларды мүсіндеу өнеріндегі жұмыстарының алғашқы кезеңдерімен таныстырып, өз ойларын сызба арқылы дайындап гипсті көркем өңдеу процесі туралы теориялық мәлемет беру.
-Тәжірибелік: Кәсіби шығармашылық жұмыстарға бағыттап сауатты жұмыс жасауға тәрбиелеу.Дәстүрлі гипсті көркем өңдеудегі әсемдікке және шеберлікке,жұмыс барасында таза жұмыстануға баулу.
-Дамытушылық: Жасаған бұйымдарын әсемдеп безендіру және оларды шығармашылық бағытпен өздерінің ойлау қабілеттерін әрі қарай даыту,қиялдарын кеңейту.Мүсінді жасау кезінде жалпы белгілеуден жекеге көшу,пропорциялық қатынастарын анықтау.
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар Ұзындығы 15-20 см,жалпағынан 8-10 см,қалындығы 20мм тақтай.Мүсіндік пластелин.Ағаш пышақтар.
Сабақтың барысы
-Ұйымдысастыру кезеңі: Кезекшілік көмегімен жоғ оқушыларды тексеру.Оқушы назарын жаңа тақырыпқа аудару,қызықтыру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті Оқушыларға гипс материалының түрлерімен таныстырып матерал мен жұмыс жасау ерекшеліктерін таныстыру.
-Жаңа білімді қабылдауға даярлық(кіріспе):
Гипспен жұмыс жасау өнері өте күрделі әрі шыдамдылықты талап ететін әдіс.Сондықтанда бұйым өте әдемі және қандай материалдан орындалғандығына карай бағаланады.Гипспен ұмыс жасау өнерінің негізгі екі түрі бар,олар саз балшықпен немесе пластелиннен қажетті көлем жасап қалып алып құю,екіншісі гипспен ою.
Гипстен небір түрлі әдемі де әсерлі жұмыстар жасауға болады.Алғашқы жұмыс жасауға қарапайым геометриялық ою түрлерін жасауға болады.
-Жаңа білімді хабарлау:
Жасалатын жұмыс әсем әрлі болуына бір себепші ол жұмыстың барысында дайындаманың дұрыс компазициялық құрлымы бойынша сауатты әзірленіп пластикалық бағыты бойынша тегіс дайындалған дайындама және сауапты қалып дайындау.Бүгін сабаққа пластелиннен қарапайым геометриялық өрнектің формасын жасап,гипстен қалыбын құйямыз.Ол үшін алдымен жасалатын өрнектңғ нобайын сызып дайындаймыз.
Практика бөлімінде жұмысты бастар алдында алдымен нобай дайынлаймыз.Ою жартылай рельефти геометриялық компазициядан құрылуы тиіс.Нобай дайын болғаннан соң сол өрнекті тақтай бетіне түсіреміз.Жан-жағынан тазаланған өрнекті тегіс тақтай бетінде қойып контуры бойынша 2 мм биіктігінде қырлап пластелинмен құрай бастаймыз.Өрнекті жасау барысында пластелинді жылы жерде ұстап,қол күшімен езгілеп отырған жөн,ол жұмыс барысын жылдам әрі өрнек бедерінің таза түсуіне едәуір көмек береді.
Өрнектің толық формасын қөлемдеп болған соң қолымызға қарапайым вазелин алып дайындаманың барлық қырларына толықтай жағып,бүртік жерлерін тегістеп шығамыз.Келесі кезекте жасалған өрнектің жанынан 3-4 см орын қалдырып биіктігінен 2-3 см асатындай өлшемде ағаштан қорап дайындаймы.
Толықтай және қалып дайын болған соң ең қызықты жұмыс кезі,ол гипсті құйып форма алу.Бұл үшін гипсті сумен араластырып сұйық аламыз да дайындаманың үстіне құйямыз.Осы кезде есте сақтап қалатын бір жайт бар,ол сумен арласқан гипсті 2-5 минут аралығында пайдаланбаса 10 минут аралығында қоюланып,ал 20-30 минут аралығында толықтай кебеді.Заңдылықтарды сақтай отырып сұйықты қалып үстінен құйып,15-20 минуттан кейін ашып негізгі қалыпты аламыз.
Практикалық жұмыс.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: нобай,пластилин,ойғыш құралдары,вазелин,гипс,су.
-Практикалық жұмыс тапсырмасы:
Форма дайындау,гипс құю әдіс-тәсілдерін, заңдылықтарын, түрлерін пайдалана отырып қалып дайындау.
Сабақтың өту барысында әр оқушыға жеке барып, қателерін түзеп, дұрыс бағыт көрсету.
( демонстрациялық әдіс )
-Бекіту.
1.Гипстің түрлерін атаңыз?
2.Қалып дайындау процесін айтып беріңіз
3.Гипс құю роцесін айтыңыз
-Қорытынды.
Байыппен жасалған әрі біраз жұмысты талап еткен затты жасай білу үлкен шеберлікті көрсетеді.
-Үйге тапсырма.
Сабақ барысында жасалған жұмысты қайталап,өз ойларыңды қосып, өрнекті күрделі түрде ойып орындап келіңіздер.