?аза? тілі саба?ында жа?а ?дістерді ?олдануды? тиімділіг. Баяндама
Қазақ тілі сабағында жаңа әдістерді қолданудың тиімділігі
Соңғы уақытта білім саласына ерекше көңіл бөлінініп отырғаны баршамызға мәлім. Ол заманның жаңа сұранысы мен талаптарына сай ерекшеленеді. Кез-келген ұлттың басты байлығы, қазынасы тілі екені анық. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деген сөздерді айтқан Шоқан Уәлиханов өзінің көрегендігін танытқан. Халқымызды кемеліне келтіру үшін бүгінгі жас ұрпақты білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындау әрбір ұстаздың міндетті. Елбасымыздың қолданып келе жатқан салиқалы саясатының арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңнен өтіп келеді. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жастарын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.
Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр оқытушының өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт оқушыларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары:- жағымды психологиялық орта жасау;- оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын (уәж, ынта, ұмтылыс) тудыру;- ақпараттық –коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;-ақпараттық-коммуникативтік технолгиялармен орындалатын жұмыстардың проблемалық болуы;- проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге үйрету;- кез-келген проблеманы шығармашылық тұрғыдан шешуге бейімдеу;- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;- пікірін, тұжырымын, идеясын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;- өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен орындауға үйрету;- оқушылардың бірлескен таным процессіне белсенді араласуына мүмкіндік жасау;- оқушылардың өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау;- оқушыларға өздік жұмыстарын ұйымдастыру үшін орта құру; Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап айтсақ модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек – сызба технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы және т.б. ал осы жоғарыда аталып кеткен технологиялыардың барлығын бір шоғырға жинап отырған «Жеті модуль» бағдарламасы қолға алына басталды. Бұл бағдарламының басты ұстанған мақсаты: оқушылар қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой- тұжырымын нанымды етіп жеткізе алатын, сыни пікір көзқарастары жүйлі түрде дамыған, ақпараттық техногоияны жетік меңгерген тұлға қалыптастыруды көздейді.
Бірінші, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде балаларды әлеуметтік-сындарлы тұрғыдан оқыту болып табылады. Бұл дегеніміз «Диалог негізінде оқыту және оқу» немесе «Қалай оқу керектігін түсіну» оқушыларға оқуды өз бетінше жалғасытар алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға көмектесуге болатынын көрсетіді. Екіншіден, «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» тәсілі оқушы мен ұстаздың сыни тұрғыдан ойлауын дамытады. Ақпарат пен идеяларды синтездеуге, оның шынайылығы мен салыстырмалы түрде қаншалықты маңызды екенін, өзіне қаншалықты қажет болатынын түсінуге итермелейді. Үшіншіден, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» білім жүйесін бағалауды біршама алға бастырады. Өйткені бала орындаған тапсырмасына өзіндік көзқарасымен баға қоя білсе, оның не үшін қойылғанын, алдын -ала құрылған критерийлер арқылы формативті және суммативті бағалау жұмыстарын жүргізе алады. Өздерін бағалау арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, келесі тапсырманы толық әрі дұрыс орындауға тырысады. Төртіншіден, «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану» бұл соңғы заманның басты талаптарының бірі. АКТ-сыз бүгінгі таңда жұмысты елестеу мүмкін емес. АКТ арқылы сабақтың тиімді тұстары жетіліп, кенжелеп қалған жақтары бір қадам болса да жоғарылайды. Бесіншіден, «Талантты және дарынды балаларды оқыту» тәсілі арқылы алдына келген жас шәкірттің бойындағы талант пен дарынын көре білу және оны ашу әр ұстаздың міндеті. Талған тақырып оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге қатысты ой-пікірлерді, барлық оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың осындай қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту мен оқудың сараланған стратегияларын таңдау жөніндегі идеяларды қамтиды. Алтыншыдан, «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу» тәсілі дегенде кез-келген тапсырма оқушының сана сезіміне, ойлау қабілетіне сай болу керектігін көздейді. Жетіншіден, «Оқытуды басқару мен көшбасшылық» ең бастысы мұғалімнің басқарушылық қабілетін дамытады. Егер мұғалім өзінің көшбасшылық қасиетін дұрыс басқара білсе, оқушылар да өз іс-әрекеттеріне басқаша қарап, өздерін, топты және сыныпты басқара алатын деңгейге көтеріледі. Бұл дегеніміз білім жүйесінде оқушылар тек қана білім алып қоймайды, алған білімдерін не үшін, қайда қолдана білетіндерін түсінеді.
Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту арқылы оқушылар бір-бірімен ашық дебатқа түсе алады, жинаған материалдарын талдап, оның негізгісін анықтай алады, бір-біріне сұрақ қояды, оның дұрыс –бұрыстығы талданады және бәсекелестік пайда болады. Ал бәсекелестік болған жерде өсу бар. Сыни тұрғыдан ойлау еліміздегі білім беру беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Өйткені «ойлау үшін ойлау» дегенді сипаттайды. Бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталғын пәндік шешім.
1. «Ассоциация және болжам». Оқушылар топпен, жұппен немесе жеке тапсырма алады. Мәтіннің тақырыбын естігеннен кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы болады деп ойлайсыз? 2. «Сұрақ-жауап». Мәтінді тыңдатып, бір біріне сұрақ қояды. өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен аудиомәтінді қайта тыңдап,салыстырады. 3. «Мәтінді тыңдап, аяқта». Келесі мәтіннің басын тыңдап, аяғын өзі құрастырып,аяқтайды. 4. «Мен диктормын». Аудиомәтінді бірнеше рет тыңдап, диктор рөліне еніп,сөйлейді. 5. «Мен музыкамен көркемдеушімін». Мәтінді тыңдап, мәтін мазмұнына сай әуен таңдайды. Бұл әуенді неге таңдағанын түсіндіреді. 6. «Мен көркемдік жетекшімін». Мәтіннің мазмұны мен әуеніне сай әр түрлі слайдтар дайындайды және бұл слайдтарды неге таңдағанын түсіндіреді. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Осы технологияларды пайдаланудың тиімді тұстары: - оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады; -танымдық қабілеттілігін қалыптастырады; -оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды; -мұғалімнің уақытын үнемдейді; -қосымша мәліметтер береді. Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын АКТ-ны қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыратынымыз анық. Оқушылардың өз шығармашылығынан қабілетін таныта алуларына көптеген мүмкіндік туып отыр. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. Сабақтың қай құрылымында болмасын оқушы осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс “Мен не ұқтым?” және “Мен нені білгім келеді?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. “Мағынананы тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылады немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда “Жуан және жіңішке сұрақтар” стратегиясын мұғалім жүзеге асырады. Осы кезең бойынша жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады: Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда “Венн” диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немес “5 жолдық өлең” жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол 5 жолдық өлеңді(Синквейн) жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 3,4 сөз тіркестерін құрастырып өз ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп білемін.
Қорыта келе айтарым, жеті модуль технологиясы1. оқу материалын терең түсінуге;2. оқу мотивациясының артуына;3. алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;4. білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.