?зін-?зі тану п?нінен Маманды?-жетістік мерейі та?ырыбы бойынша слайд (11 сынып)


Мамандық – жетістік мерейі Мақсаты : Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру. І. Тренинг ережелері: Сыйластық;Тыңдай білу; Сөзді бөлмеу; 4. Белсенділік таныту; 5. Шығармашылық; 6. Төзімділік; 7. Түсінік қарым-қатынас. Ісім оңсын десеңіз,Сол істің маманы болыңыз.Даңқым шықсын десеңіз,Көпшіліктің адамы болыңыз. Әль-Фараби “Мамандық” ойыны Шарты: кез келген оқушыға бір мамандықты атап, допты лақтырамын. Қағып алған оқушы, жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды. Мысалы: Мұғалім – механик, т.б. Ойын осылай жалғаса береді. ІІ.Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Ойланайық-пікірлесейік : Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалу керек деп ойлайсыз?Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?Қай уақытта адам өз жемісін көре алады? “Әріпті мамандық” Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр-сырын айту керек. I топ: А II топ: Д III топ: М III Мамандық түрлері.Бүгінде сұранысқа ие мамандықтардың қатарына мыналар жатады:Ø Сауда жөніндегі мамандарØ Бағдарлама жасаушыларØ Ғаламторда жұмыс жасайтын мамандарØ БухалтерлерØ АудиторларØ Телекоммуникация инженерлеріØ МаркетологтарØ Жарнама саласындағы мамандарØ ТалдаушыларØ СәулетшілерØ ҚұрылысшыларСұранысы төмен мамандықтар қатарына жататындар:Ø Массаж жасаушыларØ КосметологтарØ ВизажисттерØ Сақтандыру агенттеріØ Сарапшы-бағалаушыларØ Бизнес мәселесіне қатысты кеңесшілерØ Бұрғылаушылар Қай мамандық иелері қатты стресс алады? IV Мамандық таңдау Ғалымдардың зерттеулері бойынша мамандықтар ортақ белгілеріне қарай 4 деңгейде тоқталған: Басқарушылар; Сақтаушы-қорғаушылар; Қаржыгерлер-дәрігерлер; 4. Қажырлы еңбек иелері. Тест. “Ең жақсы мамандық” ойыныҚазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.Ең жасыл _____________Ең тәтті ---------------------Ең ақшалы -------------------Ең күлкілі ------------------Ең жауапты ------------------Ең салмақты -------------------- Психологиялық сәт. Нұсқау: Осылардың ішінен сізді “бұл – Мен!” дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік. Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзінің кәсіптік мамандығыңды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетін, ой-өрісің дамыған. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы богет жасайды. Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар. Саған менеджмен саласын меңгеру ұсынылады. Сенде адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршалық. V Сергіту сәті“Мамандықты тап” ойыны Ойынға қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек. VI. Ситуациялық сұрақ :Сіз хирургсыз.Ауруханада 5 емделуші бар: 1) бес айлық қыз бала; 2) алты жасар дарынды бала;3) Көп балалы ана( 10 баласы бар, 70 тегі ана); 4) қаңғыбас; 5) құрылысшы. Жүрек біреу. Осылардың қайсысына ота (операция) жасар едің VII. Қорытынды. Әбунасыр Әль Фараби: “...адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің өмірлік мақсатымыз болу керек.” VIIІ. Релаксация «Атамекен» әні.Сөзін жазған; Қ.МырзалиевӘнін жазған; Е.Хасанғалиев IX. Кері байланыс