Музыка п?нінен к?нделікті саба? жоспары Кино ?леміндегі ?ндер (3 сынып)


Сабақ жоспары №23
Пәннің аты: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Кино әлеміндегі әндерСабақтың мақсаты: Оқушыларды кинофильмдердегі әндермен таныстыруБілімділік:Кино әлеміндегі әндер туралы мәлімет беру. Дамытушылық:Шығарманы тыңдату арқылы, оқушылардың есту қабілетін дамыту.Тәрбиелік:Кино өнеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, магнитафон.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу - Балалардың сабаққа даярлығын тексеру
ІІ.Жаңа сабақ. - Таынстыру - Қыз жібек -қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.

Қыз Жібек–лиро-эпостық жыр. Шамамен XVII-ғасырда жазылған. Жыр нұсқалары арасында айырмашылық аз. Тұңғыш рет Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған (1880). 19 ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла ТухватуллинЗайсан өңірінен “Қыз Жібек” жырын жинап, 1894 жылы Қазанда бастырған. Сондай-ақ Жүсіпбек Шайхысыламұлы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1909, 1911 ж. қазақ тілінде жариялаған. “Қыз Жібектің” Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925, 1933, 1939, 1957, 1967 ж. басылып шығып, 1958 жылы “Қазақ эпосы”, “Казахский эпос” жинақтарында, 1963 жылы “Қыз Жібек” деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланды, 1988 жылы орыс тілінде жеке кітап болып шықты.Менің атым Қож - 1957 жылы жазылған балалар әдебиетінің озық туындысы. Авторы Бердібек Соқпақбаев.Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды.1963 жылы "Қазақфильм" студиясы осы кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.
Қысқаша мазмұны
Бұл повестте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар.Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады.Бұл әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен роль ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіптіб әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді.Ол қызға махаббатының тасығаны сонша кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады.Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады.Қожа жазушы болуды армандайды.Біздің Қожамыз мейрімді,жанашырлы.
- Музыка тыңдау :- «Саржайлау»
- Жаңа ән үйрену : «Гәкку»
III. Қорытынды- Бекіту сұрақтары- Балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?- «Менің атым Қожа» фильмінің авторы кім ?- «Қыз-Жібек» фильмінің басты кейіпкерлерін ата ?
- Бағалау - Үйге тапсырма- «Гәкку» әнін жаттау