Бас ?ріппен жазылатын с?здер 2-сынып
2 «Б» сыныбына арналған қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Мұғалімнің аты-жөні Шатекова Индира Ж.Мырзағалиев орта мектебі
Күні: 11.02.14 Сыныбы 2 «Б» 3 сабақ Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы «Бас әріппен жазылатын сөздер»
Сілтеме Балтабаева Ж.Қ,Солтанғазина М.Қ,Лекерова Ф.С. «Алматыкітап баспасы» 2-сынып 2013 жыл
Жалпы мақсаттар Жер-су,хайуанаттар аттарының бас әріппен жазылатынын меңгерту;қойылған сұрақтарға толық,түсінікті,дәлелді жауап беруге машықтандыру;өз ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру
Оқыту нәтижесі Сөйлем ішінде кездесетін бас әріппен жазылатын сөздерді дұрыс жазуға үйренеді.Кейбір заттардың аттары бас әріппен жазылмайтынын ажырата алу
Негізгі идеялар Тақырып туралы түсінік
Оқыту тәсілдері Сұрақ-жауап,топпен жұмыс,БҮҮ,талдау, «Сұрақты ұстап ал!»әдісі Кейінгі тапсырмалар 5-жаттығу
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары Уа
қыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушы
іс-әрекеті
Оқушылардың көңіл-күйлерін анықтап,назарын сабаққа аудару
Өткен тақырып бойынша білімдерін анықтау
Тақтадан қала атауларын көрсетіп,таңдатып,топқа бөлу
Жаңа тақырыппен таныстырып,жаңа сабақ бойынша мағлұмат беру
Бас әріппен жазылатын сөздерді ұғындыру
Оқулықпен жұмыс жүргізу
Топ бойынша тапсырмалар ұсыну
Әр топтың тапсырмаларын салыстырып,талқылау,дұрыс-бұрыстығын қадағалау
«Сұрақты ұстап ал!» әдісі арқылы білімдерін анықтау
Алған білімдерін анықтау үшін
«Мен нені білемін?», «Мен нені білгім келеді?» «Мен нені білдім?»кестесін толтыруды ұсыну;
Талдау
Сұхбат жүргізу
Бағалау 7
мин
7
мин
3
Мин
5
Мин
7
Мин
10
Мин
5мин
1мин 1).Ұйымдастыру
Көңіл-күйлерін анықтау
2).Өткенді пысықтау
-Біз қай сөз табын оқыдық?
-Зат есім дегеніміз не?
-Зат есімдердің сұрақтары қандай?
3).Топқа бөлу(қала атаулары бойынша топқа бөлу)
4).Қызығушылығын ояту
Тақырыпты анықтау
5).Жаңа сабақ
Бас әріппен жазылатын сөздер
Бас әріппен жазылатын сөздер
Адам аттары
Тегі
Өзен,көл атаулары
Қала,ауыл аттары
Жануарлар аттары
Жер тау атаулары
Мемлекет атаулары
Теңіз,мұхит атаулары
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.
Менің фамилиям-... .Атым-... . Әкемнің аты-... .Шешемнің аты-... . Мен өз отбасымды мақтан етемін.
Отбасыңда тағы кімдер бар? Толықтырып жаз.
Топпен жұмыс
3-топқа тақтадан адам,қала,өзен,көл атаулары жазылған суреттер көрсетіледі.
1-топ:Адам аттарын;
2-топ:Қала аттарын;
3-топ:Өзен-көл атауларын теріп жазу ұсынылады.
1-ТОП:
2-жаттығу. Жаңылтпашты жаңылмай айт.
-Дұрыс!-деп Тұраш айтты.
-Бұрыс!-деп Бораш айтты.
-Жалған!-деп Жарас айтты,
-Рас!-деп Рәш айтты.
Қайсысы жалған айтты?
Қайсысы рас айтты?
Қ.Мырза Әли
2-ТОП:
3-жаттығу.Өзің жақсы көретін үй жануарлары мен хайуанаттары туралы қысқаша әңгіме жаз.Оларға ат қой.
3-ТОП:
4-жаттығу. Мәтінді оқы. Жер-су аттарын теріп жаз.
Қарағанды
Қарағанды қаласы Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан. Ол-өндірістік қала. Өнеркәсібінің басты саласы-таскөмір өндіру. Қала Бұқпа өзенінің жағасында тұр.Қаланы сумен Нұра өзені, “Ертіс-Қарағанды каналы қамтамасыз етеді.
Өзің білетін жер-су аттарын жаз.
Көлдер:________________________________________
Өзендер:_______________________________________
Қалалар:_______________________________________
Таулар:________________________________________
Сергіту сәті:
Сұрақты ұстап ал!әдісі
1.Сөз таптарын ата:
А)бастауыш,баяндауыш
Б)Жұрнақ,жалғау
В)Зат есім,сын есім,сан есім,етістік
Г)Хабарлы сөйлем,лепті сөйлем,сұраулы сөйлем
2.Зат есім дегеніміз не?
А)Заттың атын білдіретін сөздер
Б)заттың сынын білдіретін сөздер
В)заттың іс-қимылын білдіретін сөздер
Г)заттың санын білдіретін сөздер
3.Зат есімнің сұрақтарын тап:
А)неше?нешінші?қанша?
Б)не істеді?не қылды?қайтті?
В)қандай?қай?
Г)кім?кімдер?не?нелер?
4.Төмендегі сөздер ішінен бас әріппен дұрыс жазылған сөздерді тап:
А)Орындық,Орман,Гүл
Б)Қанат,Кітап,Жанар
В)Оқушы,Бала,Қуыршақ
Г)Іле,Астана,Сәуле
5.Бас әріппен....жазылады
А)Адамның іс-әрекеті
Б)Заттардың атауы
В)Адам,қала,жер,тау атаулары
Г)Қандай?сұрағына жауап беретін сөздер
6.Заттың атын білдіретін сөздерді тап:
А)Ыстық,күшті
Б)Өлең,көл,жер
В)Ұшты,келді,жүрді
Г)аласа,биік,көгілдір
Сұхбаттасу:
-Сабақтың мақсатына жеттік пе?
-Сабақта не ұнады?
-Қандай тапсырмалар қиынырақ болды?
-Қай тапсырма ең жеңіл болды?
Үйге:ереже жаттау
Бағалау Оқушылар көрсетілген смайликтер арқылы көңіл-күйлерін білдіреді.
Өткенді еске түсіреді,
мысал келтіреді.
Көрсетілген қалалар бойынша аты аталып,топқа бөлінеді.
Жаңа сабақ бойынша мағлұмат алады.
Бас әріппен жазылатын сөздерді ұғынады.
Оқулықпен жұмыс жасайды,талқылайды.
Топтық тапсырмаларды орындап,әр топ салыстырып,пікір алмасады.
Сергіту сәті орындалады
«Сұрақты ұстап ал!» әдісі арқылы дұрыс жауапты таңдап жауап береді
Бүгінгі сабақ бойынша білгендерін
«Мен нені білемін?», «Мен нені білгім келеді?» «Мен нені білдім?» кестесіне толтырады
Сабақтағы алған білімдері,тапсырмалары жөнінде пікір алмасады.
Стикер арқылы бағаланады