Сынып са?аты: Мен ?аза?станны? патриотымын!


Ақмола облысы,Көкшетау қаласы
№13 «ЭКОС» ЭГМ
Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Ибрагимова Роза Негметовна
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен, Қазақстанның патриотымын!
Мақсаты: 
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу. Көрнекілігі: интербелсенді тақтаБарысы: 1. Ұйымдастыру.
Аспаны ашық еліміздің, Көркі сұлу жеріміздің, Біз-бақытты баламыз! Ақпыз,қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз! 2.Мұғалімнің кіріспе сөзі:-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!  Отан деген не, кім қалай түсінеді? Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, кәрістер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?-Қазақстан Республикасының президенті кім?       Аумалы- төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.Би: «Қамажай»Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: Ту, Елтаңба, Әнұран.Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздіңхалқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.Мерей:     Көк аспандай көкпеңбек,                       Қазақстан жалауы.                       Көк емес ол тектен-тек,                       Елдің ашық қабағы.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтаршаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық,  молшылықты білдіреді.Анеля:             Елтаңбасы елімнің,                         Неткен әйбәт, әдемі                        Тұнығындай көңілдің                         Ортада аспан әлемі.Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Әнұран. Әнұран мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Ернұр:            Оттай жанып жанарың                        Одан қуат аламын                        Әнұран ол - тынысы                        Кең жазира даламның.
Мұғалім: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?-    Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.-    Дұрыс, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?«Жалғасын тап» ойынын ойнайық.Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.Б- білімімді арнайтын О- отанымды қорғайтын Л- лаңкестікті даттайтын А- адалдықты жақтайтын Ш- шуағымды шашатын А- асулардан асатын Ғ- ғарыш сырын меңгергн Ы- ынтымақты тең көрген М- менмендікті жек көрген Қ- қазаққа қызмет ететін А- арманына жететін З- заңды жақсы білетін А- алға қарай жүретін Қ- қайырымды елімнің С- салтанатты жерімнің Т- толықтырам сенімін А- абыройын,жігерін Н- намысын қолдан бермейтін Бәрі: Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің! Ән «Көк тудың желбірегені».Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:                          Өткеніңді еске алсаң,                          Өскеніңнің белгісі.                          Өткеніңді ұмытсаң,                          Өшкеніңнің белгісі, - деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары! 
--------------------------------------------------------------------------------------------------
Өз елінің патриоты болу үшін әр адамның бойынды болу керек:
Отанға деген сүйіспеншілік;
Отанға деген адал сезім;
Отанын қорғауға дайын болу; Мен өз елімнің патриотымын!
« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ».
Сабақтың мақсаты: 1. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген
сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт-
дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға,
болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге
білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың
сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.
2. Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа,
достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пікірталас
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында
патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар,
мемлекет рәміздерін көрсету.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? – тақырыбында пікір сайыс
І-жүргізуші:
«Ой да ортақ, пікір де ортақ » дегендей сіздердің назарларыңызға « Мен өз елімнің патриотымын » атты тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз.
ІІ-жүргізуші:
Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу.
І-жүргізуші:
Енді сіздерді екі топпен, топ жетекшілерімен таныстырып өтейік.
І-топ - Ұшқын. « Ұшқыннан жалын лаулайды ». Топ жетекшісі Тайлақбаев Али.
ІІ-жүргізуші:
ІІ-топ – Жалын. « Мен жанбасам жалын боп, сен жанбасаң жалын боп, кім жанады жалындап ». Топ жетекшісі Бақберген Темірлан.
І-жүргізуші:
Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнерді үйретуді армандады.Осы туралы ойларыңыз?
І-топ Мейірқанова Айдана: Ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық, ерлікті мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік істерді дәріптегенін және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады.
ІІ-топ Суанбай Мәдина: Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз.
А.Байтұрсынов:
- Қазағым елім!
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның
Аш көзіңді оянып...- десе,
М.Дулатов:
«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» - дейді.
Ал С.Торайғыров:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр.
І –топ Бақберген Темірлан: А.Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патриотизмге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның
« Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзі, барша жұртшылықты жауласу, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге шақырады.
ІІ-жүргізуші:
Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз?
І-топ Тәңірбергенова Мадина: Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс батыр тұлғалары, ақын-жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең-жырлары, шешендік сөздері оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы зор.
ІІ-топ Кадирова Азиза: Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.
І-топ Тасжанова Айдана: Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік.Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну.қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген.
ІІ-топ Тастембекова Кенже: Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс.
36671251823085І-топ: Сейдахмет Санжар: Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.
581025125730
ІІ-топ Өскембаев Ерасыл: Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.
І-жүргізуші:
Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсінесің?
(әр топтан оқушылар өз ойларын ортаға салады)
ІІ-жүргізуші:Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма?Бар болса қандай әндер?
(әр топтан оқушылар ортаға шығып өз ойларын айтады)
І-жүргізуші:
Бағанадан бері патриот деген кім, патриоттық сезім туралы ойларымызды айттық. Ал енді, «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз?
(әр топтан оқушылар ортаға шығып өз ойларын айтады)
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.
Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
Туған жерге деген ыстық сезім;
Ата- баба өсиетіне адал болу;
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
Ана тіліне деген құрмет;
Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;
Елдің тарихын құрметтеу;
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
Заңға бағыну;
Үкіметті сыйлау;
Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;
Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;
Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.
Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.
--------------------------------------------------------------------------------------
Сабақтың тақырыбы: Мен елімнің азаматымынМақсаты:- оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру;-«Отан», ел құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру;Міндеттері:- туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру;- елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;- елжандылыққа тәрбиелеу;Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үнтаспалар, суреттер, оқулықтарСабақ барысы1. Ұйымдастыру кезеңіСәлеметсіздер ме балалар, мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.Тыныштық сәті. Иран баққа ойша серуенМұғалім: Балалар ыңғайланып, денелеріңізді тік ұстап отырыңыздар. Көзімізді жұмбауға да болады. Таңертең сабаққа келе жатырсыз. Кенет күлімдеп күн шығып саған нұрын төкті. Сол кезде сенің бойыңда керемет күш пайда болды. Бұл нұр сәулесінің саған беріп жатқан жылылығы, жақсылығы, қуанышы. Оны сен достарыңа беруге мектепке қарай асықтың. Кенет алдыңнан Иран бақ кездесті. Бақтың ішіне жайлап еніп едің тамаша табиғат, мөлдір бұлақ, тау самалынан ескен самал жел, бәрі - бәрі тамаша, керемет күйге енесің. Сен сол жақсылықты достарыңмен, ұстазыңмен тезірек бөлісуге асығып мектебіңе келдің. (Музыка жіберіліп бір сәт тыңдатады)- Ал балалар сен мектепке келе жатқанда қандай сезімде болдың?- Туған жеріңді көз алдыңа қалай елестеттің?Оқушылар пікірі тыңдалады. Жетекші сұрақтар арқылы тақырып ашылады Жаңа сабақ: Мен елімнің азаматымынБалалар Сендер азамат деген сөзді қалай түсінесіңдер?Сен өз еліңді қалай сүйесің?Нағыз азамат – деп кімді атар едің?Оқушылар жауабы тыңдаладыЭкраннан «Өз елім»әнінің клипі жіберіледіОйланайық, пікірлесейік айдары бойынша жетекші сұрақтар қойылады- Ән айтылып жатқанда қандай сезімде болдыңдар?-«Жерім деп менің,Соғады мәңгі жүрегім»- дегендіқалай түсінесіңдер?Әңгімелеу:С. Мәуленов «Мен елімді сүйемін»мәтіні үнтаспадан тыңдалады.Мәтін бойынша жұмыс жасалынады.Жетекші сұрақ.*«Туған жерсіз адамын күні жоқ»- деген сөзді қалай түсінесіңдер?* Өз елің несімен ыстық?*Өз еліңді сүйетініңді қалай дәлелдейсің?Дәптермен жұмыс:Біз мәтінмен жұмыс жасап жатқанда Гаухар апайларыңыз сурет салды. Сол суретке ат қойып шағын әңгіме құраймыз.Оқушылар жауабы тыңдаладыМұғалім сөзі:Туған ел, жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді. Туған елін, өскен жерін сүю - әрбір ұрпақтың парызы. Сондықтан да әрбір адам туып - өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады. Өйткені, Отан - алтын бесігіміз, ата - анамыз!Дәйексөз «Ел іші - алтын бесік»деген мақал берілген осыны қалай түсінесіздер.Оқушылар пікірі.Мұғалім сөзі: Ел іші - алтын бесік»- деп бекер айтылмаған. Әрбір адам туғаннан - ақ ел бесігінде тербеледі. Олай дейтінім ол сол елдің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен дем алып, табиғатымен біте қайнасады. Елмен бірге болып суығына төзеді, ыстығына шыдап өз елімен бірге тәрбиеленеді.Балалар үлкендер біздерге «Жарайсың», «Ой, азамат», «Үлкен азамат бол»- деп ризашылықтарын білдіріп жатады. Кәнекей ой бөлісейікші.Оқушылар пікірі.АЗАМАТ сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар.А - адалЗ - зейіндіА - ардақтыМ - мейрімдіА - абыройлыТ - тәрбиеліМінекей балалар Сендер азамат сөзінің мән мағынасын түсіндіңдер.Сендер Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырсыңдар. Ата заңымыздың 30 бабында Азаматтар мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға міндеттіАл, 36 бабында Қазақстан республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті - деп атап көрсетілген. Сондықтан әрқайсың өз отанымызды сүйіп адал қызмет етулерің қажет. Отанға адал қызмет ету сендердің парыздарың. Ол үшін жақсы оқып, тиянақты білім алу керек.Тыныштық сәті.Балалар біздер бүгінгі сабақта нұр сәулесінен қуат алып білімімізді тиянақтап үнемі елдің алғысына бөленіп, үлкендерден бата алып, кішілердің құрметіне бөленіп, тәуелсіз қазақстанды көркейтетін нағыз елжанды азамат болуды үйрендік. Абай атамыздың 14 қара сөзінде «Адам бойындағы ең қымбаты - оның жүрегі». Мейрімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдау, оған өзіне тілейтін тілек тілейтінің барлығы жүректің қалауы. Адам болып туу аз. Адам бола білу керек!. «Адам болу қағидасын мұрат ет»- дейді. Абай атамызды «Ғажайып сөздер» айдарымен толықтырар болсақ;- елінің беделін көтеретін;- елінің атын шығаратын;- елінің қамын ойлайтын;- елі үшін еңбек ететін;- елі үшін өмір сүретін - нағыз АЗАМАТ Сендерсіңдер. Мен сендерге сенемін.Топпен ән айту.Н. Тілендиевтің «Өз елім»әнін аудио кассетадан тыңдату.Үйге тапсырма «Мен елімнің азаматымын» тақырыбына эссе жазу.
----------------------------------------------------------------------------------
Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!
Мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, шарлар, «Тәуелсіздік шежіресі», «Алматы 1986 Желтоқсан» кітаптары,  «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар:
         1. «Мәңгілік мақтан,                                                          2. «Жасай бер, жаса,                                            
              Дауылпаз дастан –                                                            Тәуелсіз ел –
               Қазақстан!»                                                                       Қазақстан!»
        3. «Тәуелсіздікке 15 жыл!»                                                 4. «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!»
 Түрі: дөңгелек үстел
 Барысы: 1. ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
2. «Тәуелсіздік шежіресі»
      Мұғалім: - Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі тәуелсіздік күніне орай өткізгелі отырған «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын! Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 15 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар.
1-оқушы. Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.
2-оқушы. Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.
3-оқушы. Абылай заманы – батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.
4-оқушы. Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
5-оқушы. Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.
6-оқушы. 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
7-оқушы. Бұл – теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.
8-оқушы. Бұл күн – халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.
Мұғалім:
-Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына 20 жыл толды. Бүгінгі жарқын өміріміз сол қаралы күндердің жеңісті жемісі іспетті. Олай болса, құрметті қауым, Тәуелсіздік күніне және Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай сынып оқушылары шығарма жазған еді. Үздік деп танылған шығармалардан үзінді тыңдаңыздар.
Шығарма оқу.  «Тәуелсіздік жаңғырығы»
3. Тәуелсіздік хроникасы.
Мұғалім:
- Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекеттке айналды. «Болашақтың барысы» деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап, әлем кеңістігіне бойлай еніп,басым беделге бет түзеуде. Ал осы аз ғана уақыттың ішінде елімізде елеулі өзгерістер болды. Енді тәуелсіздік хроникасына назар аударайық.
     1991 жыл, 1992 жыл, 1993 жыл, 1994 жыл, 1995 жыл, 1996 жыл, 1997 жыл, 1998 жыл, 1999 жыл, 2000 жыл, 2001 жыл, 2002 жыл, 2003-2006 жылдар бойынша еліміздің жетістіктеріне тоқталу. 2002 жылы «Бәйтерек» ғимараты ашылды. 97м.(Астананың 1997 жылы ашылу құрметіне байланысты)  2003-2005 жылдар «Ауыл жылдары» болды.
- Ал, 2006 жылғы болған ұлы өзгерістер, оқиғалар туралы не айта аласыңдар?
  (Оқушылардың жауабы тыңдалады)
4. Рәміздер.
- Тәуелсіз ел - қандай ел? (Оқушылардың жауабы тыңдалады.)
- Сонымен, тәуелсіз ел - өз нышандары, жері, дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өз ел басқарушысы бар еркін ел. Ал әрбір азамат өз елінің негізгі нышан, белгілерін - рәміздерін жақсы білуі қажет. Кәне, дүниетану пәнінен алған білімдерімізді ортаға салайық.
 ( Үш оқушы рәміздер туралы білетіндерін айтып береді)
- Балалар, біз өз еліміздің негізгі белгілерін біліп қана қоймай, оларды қастерлеуіміз керек. Бұл барша Қазақстан азаматтарының парызы. Ал, біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады емес пе, олай болса еліміз қандай мемлекет болып саналады?
- Көп ұлтты.
- Иә, балалар, кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді.
Сұңқар: Еліміздің барлық жерінде қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, татарлар, украиндар, шешендер, дұнғандар, және басқа да көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етуде.
Гульназ: Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді емес пе.
5. Ата Заң.
- Дұрыс, балалар Гүлназдың айтқанындай еліміздегі барлық халықтар Ата заңымыз – Конституцияға бағынады. Заң дегеніміз – ереже. Ережені бұлжытпай орындау керек емес пе. Қандай ереже-баптарды білесіңдер? (1-2 оқушыдан сұралады)
- Дұрыс, сондай-ақ, Ата Заңымызда әркімнің білім алуына, денсаулығын сақтауға, тынығуға құқығы бар екендігі көрсетілген. Сонымен қатар, Отанды қорғау, мемлекеттік нышандарды құрметтеу, тарихи - мәдени ескерткіш-мұраларды қорғау, табиғатты сақтау және қорғау әр азаматтың міндеті екендігі баса көрсетілген. Осыны естен шығармайық.
6. Отан деген не?
- Ия, балалар, біздің туған жеріміз алтын бесігіміз - Қазақстан кеңбайтақ. Кеңбайтақ Отанымыздың бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады екен. Біз үшін Отанның шеті де, шегі де жоқ.
Отан деген не, кім қалай түсінеді ? 
Мұғалім:  Көп аузынан түспейтін,
                   Отан деген немене?
                   Оның тұлға, түс кейпін,
                   Достым білгің келе ме ?Молдаш: Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
                 Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
                 Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
                 Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Мәншүк: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
                  Отан дейміз өсірген елімізді.
                  Отан дейміз туған жер, атамекен –
                  Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Қуаныш:  Отан дейміз кең-байтақ астананы,
                   Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
                   Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
                   Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Алуа:  Отан – тарих, Отан – тіл,
            Жасаған елің, өз – халқың.
            Отан - өлең, Отан – жыр,
            Көтерген көкке ел даңқын.
Мансұр:  Отан - сенің ата-анаң,
                 Отан – досың, бауырың,
                 Отан - өлкең, астанаң,
                 Отан – аудан, ауылың.
Бауыржан: Отан – осы достарым,
                      Көңілге мұны түйе біл!
                     «Отан» - деп өс жас қауым,
                     Оны ардақтап сүйе біл!
- Дұрыс, балалар, Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені. Ал, қазір бәріміз Отанымызға тағы бір мәрте құрмет көрсетіп, «Отан» әнін орындайық. 
Хор: «Отан»
Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
                         Өткеніңді еске алсаң,
                         Өскеніңнің белгісі.
                         Өткеніңді ұмытсаң,
                         Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
--------------------------------------------------------------------------
Тақырыбы: Мен Қазақстанның азаматымын Мақсаты: Қазақстан Республикасы жайында танымдарын кеңейту; Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Туған жер» тақырыбында слайдтар, суреттер, гель шарлары Тәрбие сағатының барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал: Амансың ба, ашық күн, Амансың ба, көк аспан. Амансың ба, туған жер, Амансың ба, ел-жұртым Тыныштықты тілеген. Амасың ба, достарым, Сендерді көрсем қуанам! ІІ. Кіріспе: Құрманғазының «Адай» күйі ойналады. Мұғалім: Домбыраның үнін естідіңдер ме? Осы әуенді естігенде, көздеріңе не елестейді?Оқушылар: Асқар-асқар таулар, дария көлдер. Кең далада жайылған жылқылар, ақылгөй аталар мен әжелер. Мұғалім: Осы айтылған сөздеріңе бір ортақ атау берейікші, кәне, кім айтады? Оқушылар: Отан, атамекен, туған жер. Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. « Отан » деген қасиетті, әр адамның жүрегіне жылы тиетін сөз. Отанымызға сүйіспеншіліктеріңді қалай жеткізер едіңдер? Оқушылар өлеңдер оқиды. 1 оқушы: Гүлге толы кең жазық, Күйге толы жота, құм. Жыр тербеген жел нәзік – Қазақстан - Отаным ! 2 оқушы: Байлық шашқан сияқты Жер бетіне нұр таңым. Құшағы кең шуақты Қазақстан – Отаным! 3 оқушы: Кенге толы қойнауы, Төлге толы жайлауы. Ол- біздің Қазақстан! Мұғалім: Тәуелсіздіктің шежіресіне көз жіберейік (слайдтан атаулы жылдар оқылады) Мұғалім: Отанды өркендететін, дәулетін арттыратын кімдер? Оқушылар: Сол жерді мекендейтін адамдар, азаматтар. Мұғалім: Азаматтар өз елін көркейту үшін қандай еңбектер жасайды? Оқушылар: Экономиканы, білімді, өнерді, халықтың тұрмысын жақсарту үшін еңбек етеді, Отанына қызмет жасайды. Мұғалім: Дұрыс, сендердің де орталарыңнан Отан қорғаушылар, саясаткерлер, мемлекет қайраткерлері, өнер адамдары, спортшылар, суретшілер шығатынына сенеміз. Ал, енді, балалар, болашаққа саяхатқа шығайық, қиялға берілейік. Сен ер жетіп, азамат болғанда Отаныңа қандай қызмет жасар едің? Оқушыларға сөз беріледі. 1-оқушы: Мен жазушы болып, тәуелсіз елімнің тарихын жазар едім. Мысалы былай: (шығарма оқылады) 2-оқушы: Мен болсам, әнші болып қазақ елінің өнерлі халық екенін әлемге мойындатар едім. «Атамекен» әні орындалады. 3-оқушы: Мен ақын болып, Отанымды жырлар едім.(өз өлеңін оқиды) 4-оқушы: Мен болсам, суретші болып, Қазақстанның сұлулығын бейнелер едім.(суретін көрсетеді) 5-оқушы: Мен спортшы боламын, Еліме алтын медаль әкеліп, жеңісімді сыйлаймын.(өз өнерін көрсетеді) Мұғалім: Отанымыздың ертеңі – сендердің қолдарыңда. Тәуелсіз мемлекетіміздің ғасырдан-ғасырға тамырын тереңдету үшін әр азамат өз үлесін қосуы керек. Топтық жұмыс: Оқушыларға гельдік шарлар ұсынылады. І топ «Отан» ІІ топ « Қазақстан азаматы» ІІІ топ «Астана» Тапсырма: Әр топ өз атауларына байланысты арман-тілектерін жазады.(әр оқушы өз тілегін оқиды) Мұғалім: Осы шарларды аспанға ұшырайық. Сендердің жазған тілектерің орындалсын. «Астана» әні шырқалады. Мұғалім: Өсер елдің келешегі – өскелең ұрпағы. Ел болашағы сендердің қолдарыңда. Біз сендерге сенеміз.