?дебиеттік о?у п?нінен ?.С?рсенбаев.« Халы??а жеткіз к?йімді.» та?ырыбында ашы? саба?
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ә.Сәрсенбаев.« Халыққа жеткіз күйімді.»
Сабақтың мақсаты:
Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейісованың өмірін,халқына жасаған еңбегін үлгі ете отырып,мәтіндегі негізгі ойды,идеяны ұғындыру,күйдің құдіретті үнін түсіндіру.
Оқушылардың ой өрісін,дүниетанымын кеңейту,сөйлеу шеберліктерін жетілдіру,шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал жасау,халық өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Күй табиғатын түсіне білуге,өнерді құрметтеуге ,бірін бірі тыңдап,бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайдтар, суреттер т.б.
Әдісі: түсіндіру, іздену, сұрақ-жауап, топтастыру, сахналау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық даярлық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Топқа бөлу,1234 сандары арқылы
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Сәкен» мәтінінің мазмұнын айту.
Сәкеннің ауыл балаларымен кездесуі.
Іңкәрбектің Сәкенмен кездесуі.
Сәкеннің Іңкәрбекке көмектесуі.
Сәкеннің ұқыптылығы.
Пысықтау сұрақтары
Мәтін кім туралы?
Сәкен деген кім?
Сәкенге мінездеме.
Сәкеннің шығармаларын атау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Күй тыңдау «Балбырауын»
Біз не тыңдадық? (Музыка)
Қандай музыка түрін тыңдадық?(Куй)
Күй қандай музыкалық аспаппен орындалады?(Домбыра )
Күйді орындайтын адамды кім дейміз?(Күйші )
Қандай күйшілерді білеміз?(Құрманғазы, Дина )
Ендеше,бұл тыңдағандарың Құрманғазының күйі «Балбырауын»
Бүгін жазушы Ә.Сәрсенбаевтың «Халыққа жеткіз күйімді» деген әңгімесімен танысамыз.
Ә.Сәрсенбаев туралы таныстыру.
а) Мәтінмен жұмыс
Тізбектей оқыту.
Мәтін мазмұнына байланысты сұрақ қойып,жауап алу.
ә) Бейнебаян көрсету.
Құрманғазы мен Дина туралы таныстыру,түсінік беру.
б) Дәптермен жұмыс
1.»Жүйірік болсаң ,тауып көр».Құрманғазының Динаға мұра етіп қалдырған сөзін құрастырып жазу.
2.Мәтінге жоспар құру.
Арындаған асау күй.
Құрманғазының Динамен кездесуі.
Құрманғазының налуы.
Мұрасын Динаға тапсыруы.
Динаны ң берген анты.
3.Сөзмаржан (сөздік жұмысы)
Атырау.Арындап.Мұра.
4.Өнер туралы мақал –мәтел жазу.
Сергіту жаттығуы.
«Домбыра» өлеңімен қимыл қозғалыс жасау.
«Ойға ой қосу» стратегиясы. Кесте толтыру. (Білемін. Жаңа ақпарат. Білгім келеді.)
1.Ә.Сәрсенбаев туралы.
2.Құрманғазы.
3.Дина.
4.Құрманғазы мен Динаны сахналау.
ІҮ. Сабақты қорытындылау. «Бәйге» ойыны арқылы.
Құрманғазы кім? Ол қандай күйші?
Құрманғазының күйлері.
Динаның күйлері
Күйдің құдіреті туралы қандай аңыз бар?
Күйші болғың келе ме? Неге?
Құрманғазының асыл мұрасы не?Дина оны кімдерге табыс етті?
Құрманғазы мен Динаның жолын қуған қандай кәзіргі заман күйшілері бар?
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма беру.