«Жаратылыстану п?ндерінде білім беру ?дерісін технологияландыру ».


«Жаратылыстану пәндерінде білім беру үдерісін технологияландыру ».
А.А.Жексенбаева
Ақши орта мектебінің химия-биология пәні мұғалімі
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылы
Болашақ ұрпақ тәрбиесі – азамат баласының асыл мұраты. Жастардың қандай болуы керек деген нақты сұрақ әр бір саналы адамды ойландыратыны белгілі. Сондықтан да Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың алдына «ХХІ – ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек» - деп, жауапты міндет қойып отыр.
Білім негізін қалануы тиіс десек, ұрпақ тәрбиесі алдында мұғалім жауапкершілігі басты орында болуы тиіс. Күнде өзгеріс болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың өткені мен бүгінгісін, салты мен дәстүрін тарихи асыл мұраларымызды біліп қастерлеп, қазіргіміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру өмір қажеттігінен туындап отырған әрбір мұғалімнің азаматтық парызы мен міндеті деп түсінген жөн.
Бүгінгі мектеп партасындағы әрбір бала – ертеңгі болашақтың қоғам иесі. Сондықтан болашақтың иесі – алдымызда отырған оқушыларға алғашқы күннен бастап-ақ сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білімнің нәрлі қайнарымен сусындату үшін ұстаздар қауымы педагогикалық шеберліктің, тәжірибенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс. Сондықтан оқушыларды шығармашылық бағыта, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Осы орайда, жаратылыстану пәндерін оқытуда негізгі нысана оқушы екенін еске ала отырып сабақ үдерісін сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып, жаңа форматқа көшкен абзал деп ойлаймын.
Қ.С. Құдайбергенова «Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми - теориялық негізінде», монографиялық еңбегінде үсынған күнделікті сабақ жоспарының жобасында білімді меңгеру әр деңгейдің мақсатынан оқушының қызметі, білімін өрістігі, танымдық қабілеттін арттыруы, күтілетін нәтижелер белгіленеді.
8 сыныптағы « Негіздердің жіктелуі,алынуы,олардың химиялық қасиеттері» тақырыбына сабақ жоспарын келтеріп, сонымен бірге интерактивті тақта қолдану жолдарын, жобалау технологиясының зерттеушілік деңгейін көрсете отырып Американдық психолог Б.Блум таксономиясының оқу мақсаттарын басшылыққа алып өз шығармашылық қоржынымды толықтырдым.
Сабақ тақырыбы: Негіздердің жіктелуі,алынуы, олардың химиялық қасиеттері
Оқу мақсаттары:
Білу: Мұғалім әрекеті: Мәселе ,жоба,үлгі ұсыну,ситуаци тудыру, оқушыға ой салу «Миға шабу » «Танымдық кесте»
Оқушы әрекеті: өз мақсатын айқындай отырып,мәселені шешуге әрекет жасайды
Ұйымдастыру формасы: Фронтальдік жұмыс, флипчарт –кесте өзіндік жұмыс
Күтілетін нәтиже: Білуі керек
Бағалау формасы: өзін-өзі, топтар өзара бағалайды
Түсіну: Мұғалім әрекеті: Мақсатқа жету жолдарын көрсетеді « Негіздерді жіктеу»
Оқушы әрекеті: Қойылған мәселеге өзіндік көзқарасын қалыптастырады:
берілген химиялық формулаларды тасымалдап суда еритін, ерімейтіні бойынша жіктеу .
Ұйымдастыру формасы: «Жұмыс дәптерінде» өздігінен, Флипчартта – сызбанұсқа
Күтілетін нәтиже: Танымпаздық іс-әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы артады, өздігінен заттарды жіктеп негізгі элемент бойынша атауларын береді
(түсінеді)
Бағалау формасы: Бірін-бірі бағалау
Қолдану: Мұғалім әрекеті: Көмек,нұсқау, дидактикалық материалдар қамтамасыз ету: « негіздерді алу» « күйдіргіш натр, күйдіргіш кали !»
Оқушы әрекеті: Мәселе мәнін түсіну үшін өзінің барлық іскерлігін пайдалану: оксидтердің қасиеттеріне сүйеніп сілті алу ,
Жай және судың орынбасу реакцияларынан сілтілерді алу химиялық реакцияларды құрастыру
Ұйымдастыру формасы: Қосымша материалдармен жұмыс, Флипчартта - сызбанұсқа
Күтілетін нәтиже: Дербестігі,өз-өзіне сенімі қалыптасады: Оксидтердің, қышқылдардың касиеттерін, химиялық реакция типтерін еске ала отырып жұмыс қалай жасау керектігін ойластырады .
Бағалау формасы: Мұғалім бағасы
Талдау: Мұғалім әрекеті: Топ жетекшілері, консультант (көшбасшы) оқушылар арқылы көмек ұйымдастырылады: сарамандық жұмыс барысында негіздердің химиялық қасиеттерін зерттейді.
Оқушы әрекеті: өзгені тындай отырып өз білімін толықтырады: оқушылар қауіпсіздік ережелерді қайталап, негіздердің химиялық қасиеттері туралы білімдерін іс жүзінде асыра алады, реакция теңдеулерін сауатты жазады
Ұйымдастыру формасы: Топпен немесе жұппен жұмыс
Күтілетін нәтиже: өзін топта ұстай білуі,өз ойын өзгенің ойымен салыстыра отырып бағалау дағдысы қалыптасады, өздігінен зерттеу жұмыстарын орындайды.
Бағалау формасы: Топ бағасы, бірін бірі бағалайды.
Жинақтау: Мұғалім әрекеті: Оқушылардың ой өрісің кеңейтерліктей түйін жасауға ықпал етеді.
Оқушы әрекеті: өз жауаптарын тезистік түрге келтіріп,ойын мәнді жеткізуге тырысады: орындаған сарамандық жұмысының қорыту: теңдеулер бойынша негіздердің «химиялық қасиеттеріне сызбаңұсқа жобасын құрастырады»
Ұйымдастыру формасы: Қойылған мәселені шешудің өзіндік үлгісін жасау, флипчартта сызбаларды құрастыру
Күтілетін нәтиже: өз білімін бағалауға дағдыланады, ұжымемен арадағы ынтымастық пайда болады,зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша қорытындылайды.
Бағалау формасы: өзіндік қорытынды баға
Бағалау: Мұғалім әрекеті: Алған ақпаратқа баға беріп, өз өмірімен
Байланыстыра алуына дұрыс бағдар береді
Оқушы әрекеті: Бүгінгі білімнің не үшін қажеттілігіне ,білімнің құндылығына көз жеткізу: Қышқылдар туралы білім, дағды, іскерлерін қолданып алдағы сабақтарда қандай тағы класпен танысуға кезек келеді?
Ұйымдастыру формасы: қорытындыға келеді
Күтілетін нәтиже: Алған білімінің өзіне қаншалықты керектігін, құндылығын анықтайды, жасаған жобасын бағалайды, талқылайды, өз пікірін айтады. Жұмыс бағдарын айқындап, жобасын қорытындылайды .
«Миға шабу »
1. ОН тобы қалай оқылады?
2. ОН неше валентті?
3. Металдар ПЖ-і орны, валенттілігі ?
4. Біреуі оттек болып келетін екі элементтен түзілген күрделі затты қалай айтамыз?
5.NaCL –қай заттың аты?
6. Аса бағалы металдар?
7. Натрий оксидіне су қосқанда .....
8. Негіздердің түрлері ...
9. «.......-атасы, жер –анасы »
10. Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар/атомдар тобы/ бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция ?
«Танымдық кесте»
Химиялық элемент Оксид
формуласы Гидроксид
формуласы Сульфат
формуласы
К Са Fe( III) « Негіздерді жіктеу»
Флипчартта берілген химиялық формулаларды тасымалдап суда еритін (сілті), суда ерімейтін негіздер бойынша жіктеу .
« Негіздерді алу» жолдары қарастырылады
Сарамандық жұмыс: Негіздер класына эксперементтік есептерді шығару
Химиялық реактивтерді қолданып эксперементтік есептерді шығару:
1 есеп: Нөмірленген 2 құтыда 2 түссіз сүйық берілген. Индикаторларды қолданып негіздің қай ыдыста екенін анықтаныздар.
2 есеп: Мырыштан мырыш хлоридің алыңыздар.
3 есеп: Берілген тұз натрий карбонатының ерітіңдісінен көмірқышқыл газын алыңыздар.
4 есеп: Мыс хлоридің қандай әдістермен алуға болады? Тәжірибелерді жүргізіндер.
5 есеп: Егер натрий гидроксидіне фенолфталейнді тамызып барып күкірт қышқылын қосқанда қандай өзгеріс болады ?
Орындаған тәжірибелердің бақылауларын нақтылап, реакциялардың жүру белгілері мен жағдайларын, химиялық реакция теңдеулерін жазып дәлеледеңдер.
«Химиялық қасиеттеріне сызбаңұсқа құрастыру» :
1.
зат индик лакмус фенолфталейн
Негіз көгереді таңқурай түсті
Қышқыл қызарады түсі өзгермейді
металл+ қышқыл = тұз+ сутегі
тұз + қышқыл = жаңа тұз + қышқыл / газ+ су/
а) металл оксиді + қышқыл = тұз + су
ә) металл гидроксиді + қышқыл = тұз +су
5. сілті +қышқыл = тұз+ су
Осы сабақтан кейін Блум таксономиясы мен оқу мақсаттарының байланыстырып жобалау технологиясы бойынша құрастырылып жасалынған сабақ жоспары тиімді екенін көрсетті. Оқушы белгілі баспалдақпен көтерілгендей, білім деңгейін бір сабақта нақты көрсете алады. Егерде әр сабақты осы іспетті өтетін болса оқушы төменнен жоғары, қарапайымнан күрделіге заңдылығын және жоба жасау арқылы білімді жақсы меңгерген болар еді. Сонымен қатар алған білімін өмірде кедергісіз қолдана алады деп сенуге әбден болады.
Сабақ бойынша оқушының
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарыОқып - үйренудің негізгі мақсаттары: Оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың кластары жөніндегі білімдерін жүйелеп, өз бетімен жұмыс істей отырып, білімдерін тереңдетеді.
Сабақтың көрнекілігі: Таблица, схема, суреттер. тапсырма жазылған таратпа материалдар,жауап парақтары ,“Бағалау” кестесі, флипчарттар, бейнебаяндар, семантикалық карта, периодтық жүйе.
Әдіс - тәсілдер: СТО, деңгейлік тапсырмалар.
Топтарға бөлу 1-топ оксидтер тобы; 2-топ негіздер тобы; 3-топ тұздар тобы.
Блум таксономиясының деңгейлері бойынша тапсырмаларҰйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ал енді оқушылар бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт» дей отырып сабағымызды бастаймыз.
Білім (қайталау, еске түсіру)
Рейтинг жүйесі бойынша әр топ оқушыларына түсті жетондар таратылып отырады. Ал жеңген топқа ту беріледі.
1-топ
1. Оксидтер дегеніміз не? Жіктелуі.
2. Негіздер дегеніміз не? Жіктелуі3. Тұздар дегеніміз не және қандай түрге жүктеледі?
4. Қышқылдар дегеніміз не?
2-топ
5.Негіздік оксидтер дегеніміз не?
6.Қышқылдық оксидтер дегеніміз не?
7.Екідайлы оксидтер дегеніміз не?
8.Қышқылдар қандай түрге жіктеледі?
3-топ
9. Негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп не түзеді?
10. Негіздік және қышқылдық оксидтер өзара әрекеттескенде не түзеді?
Түсіну
(түсіндіру, жеткізу, тұжырымдау) 1-ші топқа тапсырма
Оксидтердің физикалық қасиеттері
2-ші топқа
Тапсырма оксидтердің химиялық қасиеттері
3-ші топқа тапсырма
Оксидтердің алынуы қасиеттері
«Химиялық эстафета» . Бұл тапсырманы тақтаға екі оқушы шығып тез арада орындайды (уақыт бойынша).
Берілген сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жазып, теңестіріңдер, өнімдердің аттарын атаңдар.
Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaCO3
S →SO2→ SO3 →H2SO4→ Na2SO 4
K → K2 O→ KCL→ K2SO4
Орындарында отырып оқушылар да тапсырманы орындап , жылдам болған оқушы мұғалімге тексертеді. Тақтадағы орындаған оқушыларды сынып болып тексерді.
Қолдану
(жасап көру, көрсетіп беру)
«Химик сараман» тақтада екі бейнебаян көрсетіледі. Оқушылар көрген соң қорытынды жасап реакция теңдеулерін жазады. 1-бейнебаян. Бейтараптану реакциясы дегеніміз не? Реакция теңдеуі. Индикатордың түсінің өзгеруі ерітінді де қышқылда, негізде жоқ екенін білдіреді. Сондықтан орта бейтарап.
2-бейнебаян. Үш пробиркада ерітінділер берілген, үшеуіне де лакмус құйып еді, 1 пробиркадағы ерітіндінің түсі көгілдір, 2 пробирканың түсі көкке, 3 пробирканың түсі қызылға боялады себебі не?
1 пробиркада – су
2 пробиркада – негіз3 пробиркада – қышқыл .Сергіту сәті Сауалғы сұрақтар.
Фосфор жақсақ будақтап,
Ақ түтінін түзеді.
Ол түтінді су сорып,
Қандай қосылыс түзеді? Н3РО4
Су бетінде безектеп,
Металл натрий жүзеді
Ең соңында жоқ болып,
Қандай қосылыс түзеді? NaOH2 Na + H2O = 2NaOH + H2
Ақ металл айналады тыным таппай,
Жүргендей су бетінде орын таппай,
Оқушым, ал ойлағын, қойма таппай. NaБірі – жанып, бірі қолдап жануды
Екі элемент бізге бұрын танылды.
Өрт болып еді, қосылысын көп адам
Сөндіруге алып соған ағылды. 2 Н2 + О2 = 2Н2О күркіреуік газ
Қышқылға түстім жоқ болдым,
Сілтіге түстім от болдым
Айтыңдаршы балалар
Неліктен мен «шоқ» болдым? Фенолфтолеин
Қышқылға құлап қызардың,
Раушан гүлдей шырайлы.
Секірдің де сілтіге,
Сарғалдақтай сарғайдың.
Тек тұрсаңда әдемі ең,
Алқызыл түсің арайлы.
Не туралы сөз болып отыр. Метилоранж.
Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық.
Қандай зат: құрал жасар соны құйып? СынапИісі, дәмі де жоқ ұсталмайды,
Ол болмаса, тіршілік өмір де жоқ.
Ол болмаса, отын да тұтанбайды,
Қалады қарауытып, көмір боп шоқ. Оттегі.
Деңгейлік тапсырмалар. 
Оқушыларға тақтаға химиялық саты бойынша кедергілерден өту керек. Калий оксидіне сәйкес келетін негізді жаз.
Фосфор оксидіне сәйкес келетін қышқыл.
Натрий гидроксийдінің с.м.м есептеАлюминий оксидіндегі оттегінің массалық үлесін есепте.
16 г. Магний оксидіндегі оттегінің қанша массасы қажет.
Алғашқы үш тапсырманы оқушылар ауызша орындайды, төртінші және бесінші тапсырмаларды екі оқушы тақтаға орындайды.
Талдау (бөліп шығару, талқылау, мәселені шешу) «Семантикалық карта»
Бейорганика-лық кластарНСlК2О Ba(OH)2 Na2SO4 KNO3 H3PO4 MgOHF
Оксидтер+ + Қышқылдар + + +
Негіздер+ Тұздар + + Жинақтау
(құрастыру, шығармашылықпен орындау) Химиялық сөзжұмбақ.
Реакция теңдеуі алынатындай етіп көп нүкте орнына керекті заттардың формуласын қойыңдар.
СuSO4 + .... = ----- + Na2SO4
------ + H2SO4 = ----- + H2O
Бағалау
(ұсыныс жасау, таразылауоқушының өзі жасаған
оқушыларды Оқушылар парақшаларын алмастырып, тақтадағы дұрыс жауап бойынша бірін-бірі тексеріп бағалайды.
«5» - 10-11
«4» - 7-9
«3» - 5-6
Үйге тапсырмаНегізгі кластарға сөзжұмбақ, ТЕСТ құрастырып келу.
Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін смайликтер тарату Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын смайликтерге жазуҚазан Күні 24.10 Сабақ
Сабақтың атауы Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы, изотоптар.
СілтемеОқулық, слайд, есептер жинағы
Жалпы мақсаты
Атом құрылысы туралы білімді нақтылайды.
Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі рет нөмірінің физикалық мәнін түсіндіреді.
Атом құрылысының күрделілігіне байланысты периодтық заңның қазіргі кездегі тұжырымдамасын айтады.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері Атом ядросы бөлшектері туралы біледі
Атом ядросының заряды туралы біледі
Нейтрон мен протонның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы біледі.
Протон мен электронның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы біледі.
Элемент атомының массасы немен анықталатыны туралы біледі.
Протон, нейтрон және электронның массасы мен зарядтар туралы біледі.
Изотоп атомдарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтары туралы біледі
Сабақта туындаған негізгі идеялар Атом құрамы, құрылысы, изотоп. Оларды анықтай аладыӘдіс-тәсілдер Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
АКТ пайдалану
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Жас ерекшелігі
Ассоцияция, ББҮ тәсілдері
Мұғалім мен оқушы іс-әрекеті Мұғалім әр кезеңде түсіндіріп жүргізіп отырады
Оқушы тапсырманы орындайды, жауабын іздейді, бұрынғы білімдерін қолданады.
жасырын сөзді табу арқылы оқушыларды топқа бірігеді.
сабақтың тақырыбын ашу
Тапсырмалар

Топпен орындайды 1-тапсырма: Мына қосылыстардың формуласы дұрыс болу үшін қажетті
индекстерді қойыңдар
1-топ: РН, 2-топ: Н, 3-топ: СН 4-топ: NH 2- тапсырма: Жоғары оксидтерінің формуласы дұрыс болу үшін қажетті индекстерді қойыңдар:
1-топ: CIO, 2-топ:SbO,
3-топ:PbO, 4-топ: SiO.
топта талқылайды
3-тапсырма: 
Атомның элементар бөлшектері:
“Планетарлық “ модел
4-тапсырма:
1-топ:периодты заң тұжырымдамасы
дәлелмен түсіндір
2-топ: Атом ядро құрамы мысалмен түсіндір
3-топ: Изотоп, химиялық элемент
4-топ: Периодтық жүйедегі сілтілік
металдар
Ассоциация» әдісі



5-тапсырма:
Бір элементі мысалға алып атом құрылысы бойынша және физикалық сипатта
элемент, N, p, e, Z, Ar, металл(бейметалл ) , атом
Сабақты бекіту 6-тапсырма:
1-топ : Мына элементтердің атомдардың ядро зарядын
анықта. N, Ne, Mq, Al, Cl
2-топ: Ядро қандай бөлшектерден тұрады?
Элементті мысалға алып түсіндір.
3-топ: Z= 14, Z= 15, Z= 10, Z= 8 теңдігін түсіндір
4-топ:
16 17 18
О О О
Оттек атомының изотоптарының құрамын анықтаңдар.
Бағалау Оқыту үшін бағалау өзін-өзі бағалау
ОҮБ «екі жұлдыз, бір тілек» өзара бағалау
Дереккөздер және жабдықтар: Флипчарт, ПЖ, , слайд т.б. А-4 қағазы, маркер, оқулық
Үйге тапсырма: Химиялық элементтердің классификациясы
Сабақ бойынша рефлексия
Басталған ойды аяқта:
Атом ядросы мынадай ....
Атом ядросының заряды ...
Нейтрон мен протонның ұқсастықтары мен айырмашылықтары ...
Протон мен электронның ұқсастықтары мен айырмашылықтары ...
Радиоактивті изотоптарды ...
Сабақ басындада топқа біріктірудің өзі химиялық білімдерін тексеру бойынша жасырын сөздерді табудан басталды. Сабақ ұйымдастыру мен үйге тапсырма беру кезеңінің ортасы үш сұраққа жауап беретіндей етіп үш кезеңді қарастырады. Қызығушылықты ояту Не?, мағынаны тану Нені?, ойтолғаныс Неге? деген сұрақтарға жауап тура келуі керек. Қызығушылықты ояту кезінде. Екінші тәсіл Сұрақты тап… Сұрақтардың бірнеше жауабы ұсынылған. Қандай сұрақ қойылады? СТО стратегиясы бойынша оқушы ойланады, сөздерге сұрақ қояды да таныс емес сөздерді іріктеп бүгінгі сабақтың тақырыбын болжады. Мағынаны тану кезінде. Үшінші тәсіл топпен жұмыс 4 тапсырма берілді 1,2 тапсырма алдыңғы сабақтарда алған білімдері бойынша осы сабақпен байланыстыра орындауға берілді. Жеке орындап сосын осы тақырыпқа келтіру үшін берілген заттардың құрамындағы элементтердің (атомдардың) жекелеп қарастыру керектігіне көз жеткізді. Бұл кезде құрдасының көмегі, мұғалімнің көшбасшылығы, сұрақ қоя білу дағдысы керектігі анық байқалды. 3,4 тапсырма топпен сабақты талқылай отырып орындауға берілді. Сабақтың негізгі идеидеялары осы кезеңде анық көрінді. Тапсырманы оқушылар жеке, жұппен, топпен орындады. Осы кезеңдегі «Ассоциация әдісі бойынша барлық топқа берілген тапсырма «Бір элементі мысалға алып атом құрылысы бойынша және физикалық сипатта» элемент, N, p, e, Z, Ar, металл (бейметалл), атом. Төрт топта кез келген элементті мысалға алып тапсырманы орындады. Соңғы «ой толғау кезеңінде әр топқа бүгінгі сабақ кезіндегі алған білімдері бойынша мағынасы ұқсас тапсырмалар берілді. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушы алған білімдерін бекітті. ОҮБ арқылы БББ кестесін толтырып өзін-өзі бағалады.
Аты-жөні білемін
2 бал білгім келеді
1 бал Білдім
3 бал
Қолданылған соңғы әдіс Сабақ бойынша рефлексия Басталған ойды аяқта:
Бұл сабақта БББ кестесі бойынша диаграмма жасалып оқушы қаншалықты меңгергені анықталды

Бұл диаграмма бойынша қай баламен қалай жұмыс жасау анықталды. Келесі сабақта сабақ жоспарын құрғанда нені ескеру керектігі болжанады. Алдыңғы сабақтармен салыстырылып келесі сабақ жоспарын жасауға қажетті әдістерді қарастыруға болады.
Бүгінгі мектеп партасындағы әрбір бала – ертеңгі болашақтың қоғам иесі. Сондықтан болашақтың иесі – алдымызда отырған оқушыларға алғашқы күннен бастап-ақ сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білімнің нәрлі қайнарымен сусындату үшін ұстаздар қауымы педагогикалық шеберліктің, тәжірибенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс. Сондықтан оқушыларды шығармашылық бағытт, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Lesson Study орта мектептерде негізгі пәндер бойынша:
а) оқушылардың білім деңгейін көтеруде.
б) оқыту әдістемесін жетілдіруде.
с) оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеуде.
Негізгі енгізілетін өзгерістер, яғни, қазіргі негізгі мақсаттың бірі – білім стратегияларын қолдана білу.
Осы мақсат барысында біздің мектепте деңгейлік курсты оқып келген мұғалімдер мен деңгейлік курстан өтпеген мұғалімдер арасында 2013-2014 оқу жылында (ақпан - мамыр) Lesson Stydu – сабақты зерттеу тобы химия, биология, физика, математика, информатика пәндері мұғалімдерінен құрылды. Алдымен мұғалімдер арасында Lesson Stydu – сабақты зерттеу бойынша таныстырылым өткізілді. Таныстырымнан кейін « Lesson Study тәсілін пайдалану» тақырыбында коучинг өткізілді.
Мақсаты: Оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіреді, сапасын арттырады, оқушыларды зерттеу құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study-ді ұсынады, қалай пайдалануға болатынын көрсетеді. Коучинг барысында сабақ кезіндегі іс-ірекетті өздерінің шығармашылығы бойынша пәнаралық байланысты көрсете отырып , постер қорғады. 1-топ постеріне Lesson Study циклін түсіріп, алдымен сабақты зерттеу тобын құрып, жоспарлап алатынын айтып үш кезеңді қорғады. 2-топ постерінде Lesson Study –дегі нақты үш оқушыны қалай бақылау керектігін, іс-әрекеттегі тиімділігін қорғады. 3-топ постеріне сабақ кезіндегі іс-ірекетті өздерінің шығармашылығы бойынша пәнаралық байланысты көрсете отырып қорғады. Әріптестер бір-біріне өте жақсы қолдау көрсете білді. Десе де. коучингтан кейін мұғалімдер арасында келіспеушіліктер болды. Олардың көзін жеткізу үшін жаратылыстану-математикалық бағыт мұғалімдерінен Lesson Stydu тобы құрылды. Олар мынадай кезеңдер бойынша жұмыс жасап өзгерістер енгізе білді.
Lesson Stydu – сабақты зерттеудің кезеңдері:
Зерттеу кезеңі . Бұл кезеңде топ мұғалімдері нысана ретінде 8-сыныпты таңдады. Осы бес пәннен және психологиялық сауалнама алынды және сұхбаттасу жүргізілді. А (үлгерімі жоғары), В (үлгерімі орта), С (үлгерімі төмен) оқушылар таңдалды.
Жоспарлау кезеңі. Lesson Stydu – сабақты зерттеу тобы отырыс ұйымдастырып бірлесіп арқылы 8-сыныпты сабақ жоспарын құрастырды. Сабақ жоспарын құрастырудағы мақсат: үдеріске енгізетін өзгерістерді анықтады. Сабаққа қолданылатын әдіс-тәсілдер және мұғалім мен оқушы іс-әрекеттері анықталды
Тәжірибеге енгізу Lesson Stydu – сабақты зерттеу тобының осы үдеріс бойынша бірінші цикліндегі енгізген өзгерістері мен іс-әрекеттеріне тоқталайын. Мектептің даму жоспарынның тақырыбы «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау арқылы оқушылардың жауапкершілігін арттыру». Осы тақырыпты басшылыққа алып сабақ жоспарын бағалауға бағыттап жасалды.
Бұрынғы сандық бағаның бірсыдырғы, осы күнгі талапқа кедергі келтіретіні анықталды. Жан-жақты тексеру өте күрделі болғандықтан бірінші айналымда топ мүшелері (мұғалімдер) аталған бес пән бойынша сабақ соңында қолданылатын әдістердің төртеуі қолданылды, Өзіңізді тексеріңіз:
Бұл мәлімет шындық па әлде жалған ба? Бұл әдістің мақсаты, оқушылардың сыни ойлауға, сабақтың негізгі түйінін түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар шындық пен жалған арасын ажырата алатын болады. Жұмыс істеу барысында келесі факторларды белгілі тәртіппен қойыңыз, мысалы, олардың құндылығы, маңыздылығы. Берілген бірнеше анықтама (сөз, термин сөз, құбылыс, фигура аты т.б). сын тұрғысынан ойлануы керек. Төрт сұрақ, баланың маңдайына заттың бейнесін, фигураның сутерін, құбылыс құрылғысы суретін жапсырып қойды, екінші оқушы сол бейнеге байланысты дұрыс, нақты сұрақ қоя білуі тиіс. Келесі жапсырмасы бар оқушы дұрыс жауап беруі керек, мұнда оқушының сұрақты дұрыс қоя білуі керектігі ескеріледі.
Айналымда INSERT бойынша жүргізілді. Мысалы химия пәні бойынша
Білемін - бейорганикалық қосылыстар класын біледі.
Түсініксіз - тұздар туралы мағлұмат түсініксіз болуы мүмкін
Жаңа ақпарат – амфотерлі оксидтермен, гидроксидтер
Таңғалдым - индикаторға әсері таңғалдыруы мүмкін
Осылай сабақ мағынаны тану бөліміне жоспарланды. АВС оқушылар өз деңгейлері бойынша сабақ мағынасын танып меңгеруі тиіс.
Нәтиже кезеңі. Өзгерістерді енгізу барысында мұғалімнің кәсіби дамуы, оқушының тиянақты білім алуы көрініс табуы керек екенін түсінді. Өзгеріс енгізу барысында мұғалім сабақ жоспарын жаңа форматта жасау арқылы және кері байланыс жасай отырып сабақ үдерісіндегі мақсатқа қол жеткізді. Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық пен жүйелі білім алу жолдарын игеруге қадам басты. Осы кезеңдер бойынша зерттеуге алынған үш оқушының және сыныптың білім сапасының нәтижесі және қолданылған стратегиялар мен әдістер талқыланады. Қолданылған әдіс-тәсілдер сарапталып басқа әріптестерге ұсынылды.
Нәтиже және табыс критерийлері: (мұғалімдер үшін)
Әдістемелік көмек алады
Коучер, ментер жұмыстарын жүргізе алады
Бағдарламаға сәйкес орта мерзімді жоспар жасай алады
Орта мерзімді жоспар бойынша тізбектелген (ҚМЖ) жоспар жасай алады, мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынас орнайды.
Сабақ жоспарына өзгеріс енгізе біледі
Оқу үдерісінде әділ бағалайды
Басқаларға үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз.
Үдерісті қолдану барысында мынадай кедергілердің шешімі табылды. 1.Мұғалімге әдістемелік көмек көрсету шектеулі болған. Оларға айына бір рет қана тәлімгерімен кездесу өткізілетін. Ал бірлесіп іс-әрекетті талқылау мұғалімнің кәсіби дамуына оң нәтиже беретініне көз жеткіздік. Топтағы жас мұғалім деп қарамай олда үдерістен соң шығармашылықпен жұмыс жасай білетін, тәлімгер бола алады. 2. Бұрынғы жоспар тек мұғалімге арналған. Жаңа форматта сабақ жоспары мұғаліммен қоса оқушы іс-әрекетіне бағыттап жасай біледі. 3. Бұрынғы сабақтарда тек мұғалім бағалайтын болса, ал енді оқу мен оқытуды әділ бағалайды. Оқушы өзін-өзі, өзгені бағалай алады, критерий бойынша бағаланады. Мұғалім – оқушы, оқушы-оқушы
4. Бұрын сабақта мұғалімнің іс-әрекеті бақыланса , қазір оқушының әс-әрекеті бақыланады. Оқушының білім сапасын арттыру үшін мұғалім ізденеді, шығармашылығы артады. Талантты және дарынды оқушылармен жұмысты жоспарлауды үйренеді (тапсырмалар деңгейін анықтай біледі) және дарынды оқушыларды дамытудың инклюзивті тәсілдерді пайдалануды біледі. 5. «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»модулін оқыту бойынша Мұғалімдердің оқушылардың қызметін жасерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыруды жоспарлай білуді үйренді; сонымен бірге үйрене отырып үйретуде оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере алуды үйренеді. 6. Тапсырмаға негізделіп кері байланыс орната алады. 7. Енгізген өзгерістерді басқа әпіптестеріне үйрете алады. Себебі осы үдерістен соң әдістемелік кеңеске ұсынылады.
Қорытынды:
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай,  озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту  үрдісіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім  күткен нәтижені бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Сындарлы  оқыту  технологиясы  сабақ беруге жаңаша жол ашатынын білгендіктен, іс-тәжірибе барысында оқушылар мен мұғалімдер арасында елеулі өзгерістің қозғаушы күші екеніне көзіміз жетті.  Бүгінгі сындарлы оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Біздің әрекетіміз–баланың сабақ үстіндегі әрекетін ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, қабілетімен еркін атқара алатын ісі, соның нәтижесіндегі тұжырымына көз жеткізу.
     Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде екенін естен шығармау біздің яғни мұғалімдердің міндетінде.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қ.С. Құдайбергенова, « Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми- теориялық негізінде», монографиялық еңбек, Алматы , 2008
Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану» Оқу құралы Алматы , 2009
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Астана , 2013



Қазақстан Республикасы
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Педагогикалық оқу
«Жаратылыстану пәндерінде білім беру үдерісін технологияландыру ».
Тақырыбы: ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ,
ОЙЛАУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ӨМІРДЕ ҚОЛДАНА БІЛУ.
Орындаған: Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши орта мектебінің жоғарғы санатты химия-биология пәні мұғалімі
2015-2016 оқу жылы