Турбо Паскаль ба?дарламалау тілінде символды?(жолды?) а?параттарды ??деу та?ырыбына есеп шы?ару практикумы (9 сынып)
№5. Турбо Паскаль бағдарламалау тілінде символдық(жолдық) ақпараттарды өңдеу.
Мақсаты:
Турбо Паскаль бағдарламалау тілінде символдық(жолдық) ақпараттарға қолданылатын операцияларды пайдалану тәсілдерін көрсету;
Символдық(жолдық) ақпараттарды өңдеуге арналған бағдарлама құруды үйрену;
Оқушының есеп шығару дағдысын қалыптастыру және дамыту.
Әдістемелік нұсқаулар
Бағдарлама құру барысында символдардан тұратын тізбектерді өңдеу қажеттілігі туындайды.
Шамалар былай ажыратылады:
1. Жолдық қатарлар – апостраф ішіне алынады.
2. Символдық айнымалы CHAR - символдар типі бойынша сипатталады.
3. Жолдық айнымалы STRING – жолдық қатарлар типі бойынша сипатталады. Жолдық қатарларға 255 байтқа дейін орын беріледі.
Жолдық және символдық типтерді өңдеуге арналған процедуралар мен функциялар төменде көрсетілген.
1. LENGTH(S) -(лэнкс) - S жолдық шамасының ұзындығын анықтайды және меншіктейді (пробелді қосқанда символдар саны). Нәтиже – бүтін сан.
2. CONCAT(S1, S2) -(конкат) – символдық және жолдық S1 және S2 шамаларын біріктіреді. Ол + амалы арқылы орындалады, мысалы S:='Нұр'+'сұлу ' Нәтиже - ‘Нұрсұлу’ жолы.
3. POS(ST, S) -(позишэн) - S жолынаның құрамындағы сөзге кіретін ST ішкі жолының позициясын анықтайды және меншіктейді, яғни S жолынан берілген ST фрагментін іздестіру функциясы. Нәтижесі – сан болады. Мысалы pos('а','орамал') =2.
4. COPY(S, P, D) -(копи) – S жолындағы D символды P нөмірлі орыннан бастап көшіру функциясы. Нәтиже – бір символ немесе алынған жол.
5. DELETE(st, x, n) – st жолындағы n символды x нөмірлі орыннан бастап өшіру процедурасы.
6. INSERT(st1, st2, n) – st1 жолына n нөмірлі орыннан бастап st2 жолын орналастыру процедурасы.
7. STR(n, st) - берілген n бүтін немесе нақты типтегі айнымалыны st жолдық типіне айналдыру процедурасы.
8. VAL(st, n, code) – st жолдық типіндегі деректі бүтін немесе нақты типке ауыстырып n айнымалысына меншіктейді, ал осы түрлендіру процедурасының дұрыс орындалғандығы туралы ақпарат code беріледі.
9. UPCASE(st) – қатарлық әріпті бас әріпке ауыстыру функциясы.
Мысал-1: Информатика сөзінің ұзындығын табу.
Program Primer1; Uses crt;
var b: string;
y: integer;
Begin
clrscr;
b:='информатика';
y:=length(b);
writeln('Длина строки =',y);
End.
Мысал-2: Берілген сөйлемнен барлық t әрпінен кейін тұрған һ әрпін алып тастап, өңделген сөйлемді қайта шығаратын Турбо Паскаль тілінде бағдарлама құру керек.
Program ovr;
Label m1;
Type ft = string[125];
VarStr : ft;
L, n : integer;
Begin
Writeln(‘берілген сөйлемді енгізіңіз…’);
Read(str);
M1 : if pos(‘th’, str)<>0 then
Begin
Delete(str, pos(‘th’, str) + 1, 1);
Goto m1;
End;
Writeln(ste);
End.
Жеке нұсқа тапсырмаларын берместен бұрын, оқушылардың бәріне жоғарыдағы мысалдарды компьтерге теру және орындау тапсырылады.
Жеке тапсырмалар
1. Қиып алу және бөліктерді құрау амалдары арқылы «интервал» сөзінің «гантел», «рентген», «тигр», «агент» сөздерін құрастыру керек (орыс тілінде).
2. «а» және «я» әріптері санының қосындысын литерлік өлшем бойынша санау бағдарламасын құрастыру.
3. Бір әріпті екіншісінен ауыстыру бағдарламасын құру.
4. Берілген сөзден барлық бос орындарды өшіретін бағдарламаны құру керек.
5. Мәтін жолын енгізу. Әрбір 5 символды «*» белгісімен бөлу керек.
6. Program Primer5; Uses crt;
var a: string;
Begin
clrscr;
a:='Информатика';
writeln(a);
delete(a,3,7);
writeln(a);
End.
Тапсырма:
5 мысалды орында, сонан соң delete –ті пайдаланып, "фомка" немесе "нотка"сөздерін шығаратын бағдарлама құрыңыз.
7. Program Primer6; Uses crt;
var a: string;
Begin
clrscr;
a:='Инка';
writeln(a);
insert('формати',a,3);
writeln(a)
End.
Тапсырма:
6 мысалды орындап, сонан соң delete-ті пайдаланып "информатика" сөзінен "математика" сөзін құрастыр.
8. Program Primer7; Uses crt;
var a,b: string;
c: integer;
Begin
clrscr;
c:=100;
a:='Құны тенге.';
str(c:4,b);
insert(b,a,5);
writeln(a);
End.
Тапсырма:
7 мысалды орындап, сонан соң «Құны 10000 тенге» сөзін алу бағдарламасын құрыңыз. Pos процедурасын пайдаланыңыз.
9. Program Primer8; Uses crt;
var a: string;
r,x,y: integer;
Begin
clrscr;
a:='100 лет';
val(a,x,r);
y:=5*x;
write('Y=',y);
readkey;
End.
Тапсырма:
8 мысалды орындап, сонан соң str –ді пайдаланып «2000 жыл» сөзін алу бағдарламасын құрыңыз.
10. Ағылшын тілінде берілген сөйлемдегі барлық қайталанатын сөздерді алып тастап қайта шығаратын бағдарлама құру.
Берілген сөйлемдегі бас әріптер кіші әріптерге ауыстырып қайта шығаратын бағдарлама құру.
Берілген сөйлемдегі барлық тыныс белгілерін алып тастайтын бағдарлама құру.
Берілген сөйлемді кері рет бойынша қайта жазатын бағдарлама құру.
Бақылау сұрақтары:
Символдық айнымалы деп нені атаймыз?
Мәтіндік айнымалыларды өңдеу үшін қандай типті процедура қолданылады?
Символдық айнымалының ұзындығы деп нені атаймыз?
Символдық (жолдық) типтерді өңдеуге арналған процедуралар қандай?
Символдық(жолдық) типтерді өңдеуге арналған функциялар қандай?
Символдарды қалай сипаттауға болады?
Бүтін сандарды жолдық типке ауыстыруға бола ма?
Тұрақтының ұзындығы нешеге тең?
Жолды салыстыру үшін қатынас операциялары пайдаланылады ма?
Символдық айнымалы мен жолдық айнымалының айырмашылығы бар ма?