Функционалды? сауаттылы? — заман талабы та?ырыбында?ы коучинг жоспары


Алға ауданы Бестамақ орта мектебінің
ІІ деңгей бойынша сертификатталған
информатика пәні мұғалімі
Истегулова Анар Ғасырқызы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің       2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен    оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл HYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000832" \l "z5"жоспары бекітілді.Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Сабақтың тақырыбы: Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - бүгінгі заман талабы
Мақсаты: Жеке тұлғаны тәрбиелеуде мұғалімдердің бойында функционалды сауаттылықты қалыптастыру
Оқу нәтижесі: Функционалдық сауаттылықтың механизмдерімен, әр пәндер бойынша тапсырмаларымен танысады
Ойын барысында функционалды сауаттылықты арттыру жолдарын меңгереді
Жұмысқа жаңаша көзқарас пайда болады
Тапсырма Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Топтастыру
3 мин. Тренинг «Сұрақтар сыры» әуенді қосып, допты бір мұғалімге береді
Үлестірмелі қағаздар таратылады ‘РISA’ PIRLS’‘TIMSS’‘ОСЖБ’ Ұстаздар ортаға бір шеңберге тұрып допты бір-бірлеріне беріп, әуен тоқтағанда доп кімнің қолында қалса, сол адамға үш сұрақ қояды
Төрт болып төрт топқа топтасады
Білу 7мин.
Тапсырма № 1.
Тақырыпты ашу
Тақырыпты ашу: осы сөздер сіздерде қандай ой туғызды? Тақырыптың не туралы болатынына болжам жасай қойыңыздар
1-слайд : Ассоциация
Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Топтық жұмыс
Постерге топтастырып, қорғайды.
Әркім өз болжамын айтады
Түсіну 5 мин.
Тапсырма № 2. Презентация
Презентация.3-7-слайд
3-слайд: Александердің сөзі, 2001ж. МАН, 109 бет
Интернет көзінен ақпарат Мұқият тыңдап отырып, баяндамашының сөзіне өз тәжірибиесінен мысалдар келтіріп отырады.
Қолдану
Тапсырма № 3.
10 мин Әр топқа PISA тапсырмалары таратылады
Тапсырмалар Қосымша 1 Презентация Power Point
Сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларында кездесетін тапсырмаларды топқа бөліп беру.
Топтардан бір-екі адам шығып тапсырманы жауабымен таныстырады және бұл тапсырмалардың бүгінгі тақырыпқа қаншалықты қатысы барлығын түсіндіреді
Талдау.10 мин. Тапсырма № 4
Қайта топтастыру пән бірлестіктері бойынша
Бастауыш сынып
Математика, физика
Жаратылыстану пәндері
Гуманитарлық пәндер
Тақырыпты өрбіту мақсатында барлық топқа бірдей сурет беріледі. Сұрақ: осы суретті өз пәндеріміз бойынша қалай қолданамыз? Тапсырма құрастырыңыздар. Әр топ өз пәндері бойынша тапсырма ойлап тауып, оны қалай қолдануға болатынын, оның тақырыпқа байланысын ашады.
Жинақтау
5 минут «Ротация» әдісі .Төрт топқа төрт плакат таратылады. Плакат төртке бөлінген
Сұрақ:
Функционалдық сауаттылықтың маңызы қандай? Ата-ана үшін, оқушы үшін, мұғалім үшін, мемлекет үшін Әр топ
Топ өздерінің постерлерін қорғайды.
Бағалау Бағалау ағашы бойынша қатысушыларға өз-өздерін бағалауға тапсырылады. Тапсырма: Ф.С.бойынша өз білімдеріңіз қай деңгейде тұрғанын бағалаңыз
Тақтада ілінген ағашқа стикер жабыстыру арқылы өзін-өзі бағалайды.
Рефлексия 
5 мин. Стикерлер таратылады
Плакаттағы смайликтерге стикерге жазылған пікірлерін жапсырады
Ұнаған жағы -көңілді смайликтер
Нені жақсарту керек-көңілсіз смайликтер