Сынып:9 Саба?ты? та?ырыбы: ?леуметтік инфра??рылым салалары Саба?ты? ма?саты: Білімділігі: ?леуметтік инфра??рылым кешені туралы т?сінік беріп, к?з?арастарын ?алыптастыру. Оны? ма?сатымен танысу, оны? т?рмысты? ?ызмет к?рсету, халы?ты? демалысын ?йымдасты


Күні:
Сынып:9
Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік инфрақұрылым салаларыСабақтың мақсаты:Білімділігі: Әлеуметтік инфрақұрылым кешені туралы түсінік беріп, көзқарастарын қалыптастыру. Оның мақсатымен танысу, оның тұрмыстық қызмет көрсету, халықтың демалысын ұйымдастыру салалары және олардың орналасу факторлары туралы біліп, Қазақстандағы әлеуметтік инфрақұрылым қызметінің даму деңгейін анықтау. «Рекреация», «рекреациялық ресурстар», «рекреациялық шаруашылық», рекреациялық аудан деген түсініктердің мағынасын анықтау.Дамытушылығы: Есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Кескін картаға Қазақстанның рекреациялық аудандарын түсіру арқылы Қазақстанның инфрақұрылым кешені туралы білімдерін бекітіп, картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын арттыру.Тәрбиелілігі: оқушыларға еліміздің табиғатын таза ұстауға, зиян тигізбеуге тәрбиелеу, экологиялық бағытқа баулу, отансүйгіштікке, ұйымшыл, білімді болуға тәрбиелеу.Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстанның экономикалық аудандары картасы, атлас, кескін карта, интерактивті тақта, Power Point презентациясы.Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, туризм.Сабақ түрі: Аралас сабақ.Әдіс тәсілдері: түсіндіру,, миға шабуыл жасау стратегиясы, тірек - сызба, түртіп алу, топпен жұмыс,«географиялық дуэл» кестемен жұмысСабақ барысы:I. Ұйымдастыру кезеңіII. Үй тапсырмасын тексеру.III. Үй тапсырмасын бекіту.IV. Жаңа білімді қалыптастыру.V. Жаңа білімді бекіту.VI. Қорытынды. Жаңа сабақты қорытындылау.VII. Бағалау.VIII. Үй тапсырмасын беру.I. Ұйымдастыру кезеңі:1. Сыныпқа келіп оқушылармен амандасу.2. Сыныптың тазалығына, сабаққа дайындықтарына, оқу құралдарына мән беру.3. Жоқ оқушыларды белгілеу.II. Үй тапсырмасын сұрау.I «Миға шабуыл стратегиясы».1. Қазақстан көлік және коммуникация кешенін нелер құрайды? (Су көліктері, теміржол, әуе, автомобиль, құбыр жолдары және телекоммуникация.)2. Статистикалық мәліметтер бойынша Қ - ғы көлік кешеніндегі мекемелер саны? (2803)3. Көлік 4 неден тұрады? (құрамдас бөліктен )4. Көліктің құрамдас бөліктерін атаңыз? (көлік құралдары, жолдар, ұйымдар, тиеу - түсіру пунктері)5. Халық пен өндіріске қызмет көрсететін кешен?(инфрақұрылымдық)6. Экономикаға қан жүргізетін жүйе деп нені айтамыз? (көлік)7. Бойлық бағытындағы магистралдар нешеу және қандай? Қандай аудандардан өтеді?(. Орынбор - Ташкент 2. Түркістан - Сібір. 3. Трансқазақстан)8. Ендік бағыттағы транзиттік ірі теміржол магистралдары:. (Оңтүстік Сібір. Орта Сібір).9. Қазақстандағы алғашқы ірі темір жол? (Орынбор - Ташкент)10 Ең жас әрі жылдам дамып келе жатқан көлік түрі?(теңіз көлігі)11. Еліміздің теңіз қақпасы? (Ақтау порты)12. Қазақстанның ұлттық әуе тасымалы? ( «Эйр Астана»)II. «Әріптер сыры». Сұрақтың жауабы таңдаған әріптеріңізден басталу керек.А Ә Д ИҚ М Ө СТ Ш Г Ж1. А - Мұнай машиналарын жасайтын орталық қала - Атырау2. Ә - Рентген аппаратурасын шығаратын заводы бар қала - әрине Ақтөбе қаласы.3. Д - АҚШ - тың автомобилдер деп аталатын қаласы.- Детройт4. И - Турин қай елдің автомобиль жасайтын компанииясы.5. Қ - Кен шахталық бұйымдарды шығаратын обл - Қарағанды6. М - Теледидар мен техникалық бұйымдар тетіктерін шығаратын обл - Менің ойымша Алматы қаласы.7. Ө - Конденсатор бұйымдарын шығаратын орталық - Өскемен.8. С - Темір жол подшипниктерінің орталығы - Степногорск9. Т - Аккумулятор шығаратын орталық - Талдықорған.10. Ш - Пресс автоматтар шығаратын орталық - Шымкент11. Г - Даймлер, Крайслер қай елдің компаниялары - Германия12. Ж - Мицубиси, тойота мотор қай елдің автокөлік компаниялары - ЖапонияIII. Картамен жұмыс. Су көліктерін, автомобиль және темір жол магистральдарын жазу тақтаға.III. Үй тапсырмасын бекіту. Қосымша сұрақтар арқылы.IV. Жаңа білімді қалыптастыру.Жоспар:1. Тұрмыстық қызмет көрсету.(сауда, денсаулық сақтау, білім беру).2. Халықтың демалысын ұйымдастыру.(рекреация, рекреациялықӘлеуметтік инфрақұрылымның негізгі мақсаты - халыққа қызмет көрсету. Бұл өзіне 30дай саланы қамтитын кешен.Тұрмыстық қызмет көрсету бойынша оларға жататындар - сауда, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері, шаштараз, кір жуатын жерлер, киім, аяқ киім тігу орындары, денсаулық сақтау, білім беру мекемелері жатады.Сауда – халыққа тұтыну тауарларын ұсынады. Ол үлкен партиямен немесе бөлшектеп сатумен ерекшеленеді. Халықтың әл - ауқатының өсуіне байланысты, сауда құрылымында азықтық емес тауарлар үлесі көбеюде. Адамдар азық - түліктен етке, ұн және ұннан жасалған өнімдерге, көкөніске, май, қант, кәмпит сатып алуға, азықтық емес тауарлардан киім, аяқ киім тұрмыстық электр бұйымдар сатып алуға ақша жұмсайды. Сауданың негізгі бөлігі базарларға тиеді. Елімізде 50 мыңнан астам дүкендер бар. Ең қажетті тауарлармен сауда жасайтын кішігірім дүкендер көп таралған. Барлық тауарлар Алматыда сатылады.Адамдарды әр түрлі аурулардан қорғау үшін денсаулық сақтау маңызды рөл атқарады. Елімізде 4, 5 мың ауруханалар мен 170 мыңнан астам дәрігерлер медициналық көмек көрсетеді. Еліміздің басты денсаулық сақтау орталықтары - Алматы, Астана, Қарағанды мен Семейде орналасқан.Білім - қалаға қарағанда ауыл мектептерінің саны 3 еседей көп бірақ оқушылар саны жөнінен қалалардың үлес салмағы аздап жоғарылау. Еліміздің ең студенттік қаласы - Алматы. 181 оқу орындарының 66 - сы орналасқан. Студенттер саны бойынша Шымкент, Қарағанды, Астана, тараз қалалары ерекшеленеді. Елімізде сан алуан мамандық алу үшін жағдай жасалған. Әл - Фараби Ұлттық Университеті, Гумилев атындағы Евразия университеті, Ұлттық техникалық университет.. Ол - адамдардың өздерінің қызметі. Туризм, саяхаттар, курорттық ем алу бұның барлығы бір сөзбен айтқанда – рекреацияға бірігеді. Рекрециялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер, мен базалары, санаторийлер, турбазалар кіреді.Рекреациялық ресурстардың 2 түрі бар: табиғи рекраециялық, мәдени - тарихи ресурстар. 1 шісіне адамдар барып демалатын немесе ұнататын табиғат сарқырамалар, жартастар, үңгірлер. мәдени тарихи - арғы ата бабаларымыздың қолдарымен жасап кеткен ғайыптары. Кесенелер, храмдар, тасқа салынған суреттер. Мамандануы бойынша бөлінеді. Минералдық бұлақтар Сары ағаш, Алма - арасан, Шучье. Су тоғандары бойынша Қапшағай, Бұқтырма. Таулы аймақтардың саяхат пен туризм жақсы дамыған. Солтүстік Тянь - Шань, Көкшетау, Алтай. Рекреациялық ресурстардың тарлаған жері - оңтүстік Қазақстан. Хан тәңірі шыңы,, Шарын каньоны. Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау шаңғы курорты орналасқан. Көптеген туристер Тараз ескерткіштері мен Отырар мұражай қорықтарына Кіші түрік Меккесі - Түркістанға келеді.V. Жаңа білімді бекіту.
I Оқулықтағы тақырып соңындағы тест тапсырмалары.1. Әлеуметтік инфрақұрылым салалары.2. Әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың шешуші факторы3. Даналап сату.4. Сауданың ең тығыз орналасқан кәсіпорындары5. Қазақстандағы бөлшек және көтерме сауданың орталығы6. Білім беру мекемелерінен халық қоныстанған зонада ең біркелкі орналасқандары7. Демалысты ұйымдастыратын адамдар мен арнаулы мекемелердің қызметі8. Демалыс, емдеу, туризм үшін пайдаланылатын табиғат нысандары мен адам қызметі қандай қорларға жатады.9. Қазақстандағы басты туризм орталығы10. Қазақстандағы ең ежелгі курортты зона.II. Географиялық дуэл. Картамен жұмысКартадан объектілерді көрсету.VI. Қорытынды. Жаңа сабақты қорытындылау.1. Әлеуметтік инфрақұрылым салалары.2. Әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың шешуші факторы3. Даналап сату.4. Сауданың ең тығыз орналасқан кәсіпорындары5. Қазақстандағы бөлшек және көтерме сауданың орталығыVII. Бағалау.Оқушылардың сұрақтарға белсенді жауап беріп тапсырмаларды жақсы орындап, дұрыс жауап берген оқушыларды бағалаймын.VIII. Үй тапсырмасын беру. Әлеуметтік инфрақұрылым салалары. «Біздің сыныптың туристік таңдауы» атты сауалнама арқылы зерттеу жүргізіңдер.