Урок Кер??ла атты Кендебай 5-сынып


Сабақтың тақырыбы:Керқұла атты Кендебай
Сабақтың міндеті мен мақсаты:
1) Білімділігі: ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдап, олардың әр қайсысына сипаттама жазғызу;
2) Тәрбиелігі:көркем әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу, жамандықтан аулақ болып, адамгершілік тәрбие беру;
3) Дамытушылығы:оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру, ізденіске баулу
Сабақтың түрі:сайыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, мәнерлеп оқыту, талдау, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, тарих, жаратылыстану
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй жұмысын сұрау
Сабақты түсіндіру
4. Тапсырмалармен жұмыс
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма беру
7. Бағалау
1. Ұйымдастыру:оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
2. Үй жұмысын сұрау: үйге берілген тапсырманы тексеру, өткен сабақта өтілген шығарманың мазмұнын сұрау
3. Сабақты түсіндіру, тапсырмалармен жұмыс:
Топтық жұмыс
Оқушыларды 5 топқа бөлу
Барлығына ортақ тапсырма: ертегідегі кейіпкерлерді жазу.
Әр топ бір кейіпкерді алып, оған сипаттама жазу керек. Кейіпкерлерді қайталауға болмайды.
Әр топ ертегі бойынша жоспар құрады.
Үлестірмелі қағаздармен жұмыс. Кесілген сөздер беріледі, сол сөздер арқылы әр топ сөйлемдерді ретімен құрастырып шығады.
І топ
Ерте-ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанғап деген бір кедей болыпты. Қазанғап құс атып, балық аулап күн көреді екен. Әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен. Осылай өз күндерін өздері көріп жүре беріпті.
ІІ топ
Құлан сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты. Аттың түсі кер құла болыпты. Кендебай Керқұланы үйретіп мініп, түн қатып жүріп аң аулапты.
ІІІ топ
Кендебай Керқұла аттың құйрығынан бір тал қыл жұлып алады да, қоя береді. Оның айтқанының барлығын істейді. Малшыны азат етеді. Жолына пұл береді. Оның киімін киіп, сиырды өзі бағып қалады.
ІҮ топ
Хан қуанып, үлкен той жасайды. Той үстінде түк таба алмай сандылып, мойындары ырғайдай, сирақтары шидей болып, азып-тозып ханның екі баласы келеді. Хан Кендебайды төрге отырғызып, оның аты-жөнін сұрайды.
Ү топ
Ата-анасына қосылып, қойшы бала қуанады. Баласына қосылып, ата-ана қуанады. Ұлы думан, үлкен той істейді. Кендебай тұрғанда елге батып ешбір жау тие алмайды.
5.Кендебайдың бойында үлгі боларлық қандай қасиеттер бар?
І топ ІІ топ ІІІ топ ІҮ топ Ү топ
5.Сабақты бекіту, қорытындылау:
Ертегінің басты мақсаты не?
Ертегінің жанрлық ерекшелігін кім айтады?
Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады?
6.Үйге тапсырма беру:
Әдебиет теориясы бойынша түсініктерді оқып келу. Кендебай мен қозы баққан баланың кездесу сәтін сахнаға бейімдеп, рөлдерді ойнауға топтары бойынша дайындалып келу
7.Бағалау\s