Т?рбиелік шара «?сімдік – ?мір н?рі»
Облыстық арнаулы №3 мектеп-интернаты
Тәрбиелік шара
«Өсімдік – өмір нәрі»
Өткізген: география- биология пәні мұғалімі Турашева О.
Мақсаты: 6 «а» және «ә» сынып оқушыларының биология пәнінен алған білімдерін тексеру. Оқушылардың білімділігін, тапқырлығын, жан-жақтылығын бағдарлай отырып, білімдерін тереңдету.
Коррекциялық мақсаты: Ұшқыр ойылыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа айтайын деген ойын анық, тиянақты айта білуге баулу, сөздік қорын молайту.
Көрнекілігі:Безендірілген слайд, жеміс, жидек, көкөністер, әр түрлі
көрнектіліктер
Сайыстың барысы:
І. Жүргізші:
Бүгінгі интеллектуалды ойын барысында биология пәнінен алған білімдері жайлы пікірлеріміз бен білімдерімізді ортаға саламыз.
Ойынға қатысушылардан биология пәнінен терең де, жан-жақты біліммен қатар, тапқырлық пен шешендік, шапшаңдық жинақылық,
өнер талап етіледі.
Сонымен құрметті ойыншыларымызды құрмет- қошеметпен ортаға шақырамыз.
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
І кезең:Бәйге
ІІ кезең: «Ғажайып сегіздік»
ІІІ кезең: «Кім жылдам?»
ІV кезең: «Суретшілер сайысы»
V кезең: «Ойын: «Жеміс, жидек, көкөніс»
VІ кезең «Топ жетекшілерінің сайысы»
Тәрбиелік шараның барысы: I. Психологиялық дайындық - Терең дем алайық, жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдер - Бұл таңғажайып жарық, жүрегімізде тыныштық, сүйіспеншілік әкеледі. - Керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! - Түрлі-түсті күлтелері құлпырып тұр. - Бұл сендердің аталарың, әжелерің, әкелерің, аналарың. Ал гүлдің
ортасындағы дөңгелек – сен. - Бұл жай гүл емес, ол- сүйіспеншілік гүлі- табиғаттың бір бөлігі.
Сайысымыздың ұраны:
«Зейін салсаң ұғасың,
Талаптансаң- жетесің,
Іздесең -табасың!»
Сонымен ойыншыларымыз дайын болса сайысымызды бастайық!
Жүргізуші:
І кезең: «Бәйге» деп аталады.
Ал, оқушы балалар!
Толғанып бір ойлаңдар,
Сендерге сұрақ беремін,
Жылдам жауап беріңдер
Бұл кезеңде экранда екі топқа арнап екі түрлі сұрақтар жазылған.
Топ жетекшілері қай сұрақты таңдайтыны анықталады. Берілген сұрақтар жалпы «Өсімдіктер» туралы қойылған, сол сұрақтарға топ мүшелері тез әрі дұрыс жауап берулері керек.
Әр сұрақ 5 ұпай .
1 топқа
Өсімдіктің өсімді мүшелерін ата. (тамыр, сабақ, жапырақ)
Өсімдіктің жер асты мүшесін ата. (тамыр)
Тамырдың қызметі қандай?
Топырақтан суды минералды тұздарды сіңіріп, сабақ арқылы
жер үсті мүшелеріне жеткізеді,
2. өсімдікті топыраққа берік орнықтырады,
3.қоректік заттарды қорға жинайды,
4.көбеюге қатынасады)
Тамыр жүйесі нешеге бөлінеді? (екіге: кіндік, шашақ тамыр)
Тамыр бөлімдерін ата. (бөліну, өсу, сору, өткізу).
2 топқа
Өсімдіктің көбею мүшелерін ата. (гүл, жеміс, тұқым)
Өсімдіктің жер үсті мүшелерін ата. (сабақ, жапырақ, гүл)
Сабақтың қызметі қандай?
(1.сабаққа – бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді,
2.қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады,
3.органикалық заттар қорға жиналады,
4.көбеюге қатынасады).
Сабақтың түрлері қандай? (тік, жатаған, жабысқақ, шырмалғыш,
өрмелегіш, қысқарған)
Сабақтың ішкі құрылысы неше бөлімнен тұрады? (қабық, камбий, сүрек,
өзек).
Ойын жалғасуда.
ІІ. Келесі кезең: «Ғажайып сегіздік»
Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Бұл сайыста екі топтың оқушылары кезек кезек тақтада жазылған
сандарды таңдайды
№1.Жапырақ тақтасының пішіндерін ата. (бүйрек, жебе, ромб, жүрек, қылқан
немесе ине тәрізді).
№2.Жай жапырақ дегеніміз не? (сағақта бір ғана жапырақ тақтасы бар
жапырақты айтады).
№3.Үшқұлақты күрделі жапырықты өсімдіктерге мысал келтір.
(беде, соя, раушан гүлінің жапырақтары).
№4.Түрі өзгерген жерасты өркендерін ата. (тамырсабақ, түйнек, пиязшық).
№5.Күрделі жапырақ дегеніміз не? (бір сағақта екі не одан да көп ұсақ
жапырақтардың орналасуын айтады).
№6.Фотосинтездегі хлорофильдің рөлін алғаш сипаттаған орыс ғалымы кім?
(Климент Аркадьевич Тимирязев).
№7.Саусақ салалы күрделі жапырақты өсімдіктерге мысал келтір.
(атбас талшын, бөрібұршақ, қарасора).
№8.Гүл дегеніміз не? (Гүл дегеніміз – көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар,
бұтақтанбайтын түрі өзгерген, қысқарған өркен).
ІІІ кезең: «Кім жылдам?»
Топ жетекшісі номер суырады. Оның біреуінде «Құрғақ жемістер», екіншісінде «Шырынды жемістер» деген жазу болады. Топ мүшесінен бір оқушы шығып таңдаған тақырыбы бойынша жемістерді жинайды.
№1 топ «Құрғақ жемістерді»
№2 топ «Шырынды жемістерді» жинайды.
Кім көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.
Әр «Жеміс» 1 ұпайдан.
ІV кезең:
«Суретшілер сайысы»
Жасырын суреттегі жемістің суретін салып, ол туралы білетінін айтады. Дұрыс жауап – 10 ұпай, жартылай жауап – 5 ұпай.
V кезең: Ойын:
«Жеміс, жидек, көкөніс»
Атадан мал қалғанша, тал қалсын! Тыйым салынады! - Ағашты кесуге, сындыруға болмайды. - Отты көрсең сөндір! - Қалдық заттарды тастама! - Ластауға болмайды. - Табиғатты тиімді пайдалану керек! - Бір тал ексең, он тал ек.
VІ кезең Топ жетекшілерінің сайысы.
Ойын. «Табиғаттан нені үйрендім?» Тақтада бейнелеу.
І топ жетекшісіне:
- Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салу) - Мен судан тазалықты үйрендім (суды салу) - Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім (гүлді салу)
ІІ топ жетекшісіне:- Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті) - Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу) - Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелеу)
Қорытындылау. - Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін
гүлдендірдіңдер. Тәуелсіз еліміздің білімді де тәрбиелі ұрпағы болып
өсіңдер!
Жүргізуші:
Бүгінгі «Өсімдік – өмір нәрі» атты интеллектуалдық сайысымыз өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.