А?Д.Саба? жоспары. Калашников автоматыны? ж?не пулеметіні? ат?аратын ?ызметі


Мерзімі: « 09 » ақпан 2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматтың және қол пулеметінің атқаратын қызметі.
2.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысын ұғындыру..3. Уақыты: 45 минут.
Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар., автоматтың макеті.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
Бекітпе не үшін арналған?
Қайтармалы механизм не үшін арналған?
Соққыш – ағытқыш механизм не үшін арналған?
Оқжатарды қалай пайдаланады?
Сүңгі-пышақ жайлы айтып беріңдер.
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Бөліктер мен механизмдердің оқтауға дейінгі жағдайы. Оқтау кезіндегі бөліктер мен механизмдердің жұмысы.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің оқтауға дейінгі жағдайы туралы айтып беріңдер.
автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің оқтау кезіндегі жұмысы жайлы айтыңдар.
АД. Т. 6. с 1. Калашников автоматтың және қол пулеметінің атқаратын қызметі.
Бөліктер мен механизмдердің оқтауға дейінгі жағдайы.
Газ поршені және бекітпесі бар бекітпе жақтауы қайтармалы механизм әсерінен алдыңғы жағдайда болады, газ поршені - газ камерасының келте түтігінде орналасады, ұңғы арнасы бекітпемен жабылады. Бекітпе бойлық ось бойымен оңға қарай бұрылып, оның ұрыстық шығыңқылары ұңғы қорабы ойықтарында болады – бекітпе жабылады. Қайтармалы серіппеде ең төменгі қысым болады.
Автоағытқыш тұтқасы бекітпе жақтауы шығыңқысының әсерінен алға және төменге бұралады.
Шүріппе босатылып, бекітпеге тіреледі. Соққыш шүріппе күшімен алға бекітіледі. Ұрыстық серіппе ең төмен қысымда болып, өз ілмегімен шүріппені бекітпеге қысады, ал берілген ұштарымен ағытқыш ілмектің тікбұрышты шығыңқыларын ұңғы қорабының түбіне қысады. Бұл кезде ағытқыш ілмек құйрықшасы алдыңғы жағдайда болады.
Шүріппе баяулатқышы өз серіппесінің алдыңғы шығыңқысы әсерінен ұңғы қорабының түбіне қысылады.
Ауыстырғыш ең биік жағдайда болып, ұңғы қорабының қақпағындағы сатылы ойықты жабады. Ауыстырғыш тежегішке қойылады; ауыстырғыш секторы жекелей ату дөңесінің ойығына кіріп, ағытқыш ілмектің оң жақтағы тік бұрышты шығыңқысының үстінде болады (ағытқыш ілмекті жабады).
Оқтау кезіндегі бөліктер мен механизмдердің жұмысы.
Автоматты (пулеметті) оқтау үшін оған жарақталған оқжатарды қосып, ауыстырғышты АВ немсе ОВ-ға келтіріп, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, қайта жіберу керек, сонда автомат (пулемет) оқталады. Егер дереу оқ ату міндеті туса, ауыстырғышты сақтандырғышқа қою керек.
Оқжатарды қосқан кезде жоғарғы оқсауыт астынан бекітпе жақтауына тіреледі. Ауыстырғышты автоматты атысқа қойған кезде ұңғы қорабының қақпағындағы бекітпе жақтауының тұтқасына арналған басқышты ойық босайды, ауыстырғыш секторы жекелей атыс дөңесінің ойықында қалады, бірақ ағытқыш ілмектің бұралуына кедергі жасамайды.
Бекітпе жақтауын еркін жүрістің ұзындығына кейін тартқан кезде ол фигуралық ойығының алдыңғы қиығымен бекітпенің жетекші шығыңқысына әсер етіп, бекітпені солға бұрады, бекітпенің ұрыстық шығыңқылары ұңғы қорабының ойықтарынан шығады да, бекітпенің ашылуы жүзеге асады; бекітпе жақтауының шығыңқысы автоатқыш иінтіпегін босатады да, автоағытқыштың дөңесі серіппенің әсерінен шүріппенің алдыңғы жазықтығына қысылады.
Бекітпе жақтауын одан ары шегерген кезде бекітпе онымен бірге кейін кетіп, ұңғы арнасын ашады, қайтармалы серіппе қысылады; шүріппе бекітпе жақтауы әсерінен өз осьінде бұрылады, ұрыстық серіппе бұралады; шүріппенің ұрыстық қайырмасы ағытқыш ілмектің фигуралық шығыңқысының сыртына шығып, шүріппе баяулатқышының астына келеді де, шүріппе автоағытқыштың дөңесіне тұрады; автоағытқыш иінтірегі бұл реттен жоғары көтеріліп, бекітпе жақтауының шығыңқысы жүретін жолға тұрады.
Бекітпе жақтауының төменгі жазығы оқжатарға арналған терезеден өте салысымен, оқсауыттар оқжатар серіппесі әсерінен жоғарғы оқсауытпен бірге оқжатар қабырғасының йілмесіне тірелгенше жоғары көтеріледі.
Бекітпе жақтауын босатқан кезде ол бекітпемен бірге қайтармалы механизм әсерінен ілгері жылжиды; бекітпе оқжатардан жоғарғы оқсауытты алып шығып оқтыққа кіргізеді де, ұңғы арнасын жабады. Бекітпе ұңғының оқталатын ойығына келгенде, лақтырғыш ілмегі оқсауыттың шығыршық кертпесіне кіреді; бекітпе жақтауының фигуралы ойығының әсерінен бойлық осін айнала оңға бұрады; бекітпенің ұрыстық шығыңқысы ұңғы қорабының ұрыстық тірегіне кіріп, бекітпені жабады.
Бекітпе жақтауы алға қарай қозғалысын жалғастырып, өз шығыңқысымен автоағытқыш иінтірегін алға және төмен бұрады, автоағытқыштың дөңесі шүріппені автоағытқыш қайырмасынан шығарады; шүріппе ұрыстық серіппе әсерімен бұралады да, баяулатқыш ілмегінен шығып, ұрыстық қайырмаға тұрады.
Оқсауыттар оқжатарда серіппенің әсерінен жоғарғы оқсауыт бекітпе жақтауына тірелгенше жоғары көтеріледі.
Ауыстырғышты сақтандырғышқа қойғанда, ол ұңғы қорабы қақпағының сатылы ойығын жабады да, бекітпе жақтауының тұтқасын артқа жылжыту жолында болады; ауыстырғыш секторы алға бұрылып, ағытқыш ілмектің оң жағындағы тік бұрыш шығыңқысының үстіне барып тұрады (ағытқыш ілмекті жауып тастайды).
Алғашқы әскери дайындықты
ұйымдастырушы оқытушысы: Ж.Н.Оспанов