Ашы? саба?. 11-сынып. Ал?аш?ы ?скери дайынды? п?ніКалашников аитоматыны? ат?аратын ?ызметі мен ??рылысы


20 Бекітемін
Мектеп директоры: М.Тәңірбергенов.
14.11.2015жыл
Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматының (қол пулеметтің) және патронның атқаратын қызметі, бөлшектері мен механизмдерінің құрылысы.
Сабақтың мақсаты: А).Білімділігі:Оқушыларға автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен
механизмдерінің құрылымын және арналуы мақсатын түсіндіру.
Ә).Дамытушылығы: Оқушылардың Калашников автоматының бөлшектері мен механизімдерінің құрылысы,арналу деңгейін арттыру.
Б). Тәрбйелілігі: Оқушыларды оқыта отырып патриотизмге тәрбйелеу.
3. Уақыты: 45 минут.
Өткізілетін орны: 10 сынып, БӘД бөлмесі.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі?
Автоматты (пулеметті) жинақтауды ретімен айтып беріңдер.
Автоматты жинақтаудың пулеметті жинақтауға қарағанда қандай ерекшелігі бар?
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, арналуы.
Ұңғы оқтың ұшуын бағыттауға қызмет етеді. Ұңғының ішінде солдан жоғары қарай бұранда тәрізді төрт ойықты арна болады. Ойықтар оққа айналмалы қозғалыс беруге қызмет етеді. Ойықтар арасындағы аралықтар өріс, ал екі қарама-қарсы өріс арасындағы қашықтықтар ұңғы арнасының калибрі, ұңғы арнасының оқсауытты орналастыруға арналған бөлігі оқтық, оқтықтан ұңғы арнасының ойықты бөлігіне көшуі оқ кірмесі деп аталады.
Автоматтың ұңғылық тежеуіш-компенсаторы ату шоғырлануын арттыру және кері тебу энергиясын азайту үшін қызмет етеді. Оның алдыңғы және артқы екі камерасы бар (оларда оқ ұшып шығатын дөңгелек тесіктер болады).
Алдыңғы камерада сүңгі-пышақты автоматқа бекіткенде сақина кигізілетін шоғыр, сүңгі-пышақтың шығыңқысы кіретін тік бұрышты саңылау және дәрілі газ шығуға арналған екі терезесі бар.
Артқы камерасының алдында екі саңылауы, екі ортаңғы жағында – дәрілі газдың шығуына арналған үш компенсациялық тесік бар. Ұңғылық тежеуіш – компенсатор артында қарауыл негізіне бұралып кигізуге арналған ішкі кертік, орнықтырғыш кіретін ойма және сүмбіні шығарып алу мен қайта қоюын жеңілдететін шеңбер қиғаш бар.
Пулеметтің жалын сөндіргіші ату кезінде жалын мөлшерін азайтуға арналған. Онда ұңғыға бұрап кіргізуге арналған кертік, орнықтырғыш үшін бес ойма және газ шығаруға арналған бес бойлық саңылау бар.
Қарауыл негізінде сүмбіге арналған ойықты тірек, қарауыл сырғымасына арналған тесік, қарауыл сақтандырғышы, серіппелі орнықтырғыш болады. Орнықтырғыш оқсыз патрондармен атуға арналған төлкенің және ұңғылық тежеуіш-компенсатордың бұрылып кетуінен сақтайды. Сонымен қатар қарауыл негізінде сүмбіге арналған саңылаумен сүңгі – пышақты қосатын тірек болады.
Газ камерасы дәрілі газдарды ұңғыдан бекітпе жақтауының газ поршеніне бағыттауға қызмет етеді. Оның газ поршеніне арналған каналы және дәрілі газдардың шығуына арналған тесіктері бар келте түтігі, көлбеу газ бөлетін саңылауы болады.
Қосқыш - жалғастырғыш шетмойынды автоматқа қосу үшін қызмет етеді. Оның шетмойын жапқышы, белдікке арналған антабкасы және сүмбіге арналған тесігі болады.
Ұңғы қорабы автоматтың бөліктері мен механизмдерін қосу үшін, ұңғы арнасын бекітпемен жабуды және бекітпенің бекітуін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Ұңғы қорабында соққыш - ағытқыш механизмі орналасқан. Қорап үстінен қақпақпен жабылады.
Ұңғы қорапшасының:
а) ішінде – бекітпені жабуға арналған ойық, оның артқы қабырғалары ұрыстық тірулер болып табылады; бекітпе жақтауы мен бекітпенің жылжуын бағыттауға арналған бағыттаушы ойықтар мен бүгілмелер; оқсауыт шағылысуына арналған шағылдырғыштық шығыңқы; бүйірлі қабырғаларды бекіту үшін ұстатқыш; оқжатар ілгегіне арналған шығыңқы мен оқжатарды бағыттауға арналған бүйірлі қабырғалардағы бір-бірден сопақша шығыңқылар.
ә) артында үстіне қарай саңылаулар (саңылаулар бойлық қайтармалы механизмдегі бағыттаушы өзектің өкшелігіне арналған және көлденең – ұңғы қорапшасының қақпағына арналған); ұңғы қорапшасындағы дүмді бекітуге арналған саңылаулы құйрықша.
б) бүйірлі қабырғаларында – төрт саңылаудан, оның үшеуі соққыш-ағытқыш механизмнің осі үшін, ал төртіншісі алмастырудың цапфасына арналған; оң жақ қабырғасында – алмастыруды ату кезінде АВ және ОВ қоюға арналғанекі ойық бар.
в) астыңғы жағында – оқжатарға және ағытқыш ілмекке арналған терезелер болады.
Көздеуіш құрылғы әр түрлі қашықтықтардағы нысаналарды ату кезінде автоматтан көздеу үшін қызмет етуге арналған. Ол көздеуіш пен қарауылдан тұрады.
Көздеуіш көздеуіш қалыбынан, тілімшелі серіппеден, көздеуіш тақташадан және қамытшадан тұрады.
Көздеуіш қалыбында көздеуіш тақташаға белгілі бір биіктік беруге арналған екі сектор, көздеуіш тақташа бекітілген құлақшалар, газ түтігінің сұқпасы мен жапқышына арналған тесіктер; ішінде – тілімшелі серіппеге арналған ұялар және бекітпе жақтауына арналған қуыс; артқы қабырғасында – ұңғы қорабының қақпағына арналған жарты шеңбер ойық болады.
Көздеуіш қалыбы ұңғыға кигізіліп, штифтпен бекітілген.
Тілімшелі серіппе көздеуіш қалыбының ұясына орналасады және көздеуіш тақташадан белгіленген жағдайда ұстап тұрады.
Көздеуіш тақташаның көздеуге арналған ойығы бар қыры мен қамытшаны бекіткіш пен серіппенің көмегімен белгіленген жағдайда ұстап тұруға арналған ойықтары болады. Автоматтың көздеуіш тақташасының бетінде 1-ден 10-ға дейін бөліктері бар шкала жасалған. Шкаладағы сандар жүз метрге шаққандағы тиісті атыс қашықтығын білдіреді.
Автоматта бұған қоса көздеуіш тақташада «П» әрпі салынған – бұл көздеуіштің тұрақты қойылуы 4 көздеуішке сәйкес келеді (атыс қашықтығы – 440м).
Қамытша көздеуіш тақташаға кигізілген және белгіленген жағдайда бекіткішпен ұсталады. Бекіткіштің тісі серіппенің әрекетімен көздеуіш тақташаның ойығына қойылады.
Ұңғы қорабының қақпағы ұңғы қорабында орналасқан бөліктер мен механизмдерді ластанудан сақтайды. Оның оң жағында сыртқа лақтырылатын оқсауыттардың өтуіне және бекітпе жақтауы сабының жылжуына арналған сатылы ойық, артында – қайтармалы механизмдегі бағыттаушы өзектің шығыңқысына арналған тесік бар.
Газ поршенімен қоса бекітпе жақтауы бекітпені және соққыш – ағытқыш механизмді әрекетке келтіруге арналған. Бекітпе жақтауында: ішінде – қайтармалы механизм мен бекітпеге арналған арналар; артында – сақтандырғыш шығыңқы; бүйірлерінде – бекітпе жақтауының ұңғы қорабының қайырмалары бойымен қозғалуына арналған саңылаулар; оң жағында – автоатқыш тұтқасын босатуға арналған шығыңқы және автоматты қайта оқтау тұтқасы; төменде – бекітпенің жетекші шығыңқысы қорабының шағылыстырғыш шығыңқысы өтетін саңылау болады; бекітпе жақтауының алдыңғы бөлігінде газ поршені бекітілген.
Бекітпе оқсауытты оқтыққа жеткізу үшін, ұңғы арнасын жабу үшін, капсюльді бұзу және оқтықтан оқсауытты алу үшін қызмет етеді. Бекітпе негізден, соққыштан, серіппесі мен осі бар лақтырғыштан және бұрама сұқпадан тұрады.
Бекітпе негізінде: алдыңғы тілігінде – оқсауыт түбіне арналған цилиндрлі ойық және лақтырғыш үшін саңылау; бүйірлерінде – бекітпе жабылуы кезінде ұңғы қорабының ойығына кіретін екі ұрыстық шығыңқы; үстінде – жабу және ашу кезінде бекітпені бұру үшін жетекші шығыңқы; сол жағында – ұңғы қорабының шағылдырғыш шығыңқы өтуіне арналған бойлық саңылау; бекітпе негізінің жуандатылған бөлігінде – лақтырғыш пен бұрама сұқпа осьтеріне арналған тесік болады. Бекітпе негізінің ішінде соққышты орналастыру үшін арна болады.
Соққышта бұзғыш және бұрама соқпаға арналған кертпе бар.
Серіппелі лақтырғыш оқтықтан оқсауытты шығаруға және оны ұңғы қорабының шағылдырғыш шығыңқысымен кеудесіне дейін ұстап тұруға арналған. Лақтырғышта оқсауытты ұстап қалуға арналған ілмек, серіппеге арналған ұя және ось үшін ойық болады.
Бұрама сұқпа соққыш пен лақтырғыш осьін бекіту үшін қызмет етеді.
Қайтармалы механизм бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алдыңғы жағдайға қайтару үшін арналған. Ол қайтармалы серіппеден, бағыттаушы және жылжымалы өзектен, жалғастырғыштан тұрады.
Бағыттаушы өзектің артқы шетінде серіппеге арналған тірек, ұңғы қорабымен қосуға арналған шығыңқысы бар өкшелік және ұңғы қорабының қақпағын ұстап тұруға арналған шығыңқы болады.
Жылжымалы өзектің алдыңғы шетінде жалғастырғышты кигізуге арналған бүгіс болады.
Ұңғы бастырмасымен қоса газ түтігі газ поршенінің қозғалысын бағытту үшін және атыс кезінде қолды күюден сақтау үшін қызмет етеді. Ол алдыңғы және артқы қосқыш жалғастырғыштардың газ түтігінен, ұңғы бастырмасынан, және темір жартышығыршақтан тұрады.
Газ түтігі газ поршенінің қозғалу бағыты үшін қызмет етеді. Онда бағыттаушы қырлар болады. Газ түтігі алдыңғы ұшымен газ камерасының келте түтігіне кигізіледі.
Ұңғы бастырмасы атыс кезінде автоматшының қолын күюден сақтау үшін қызмет етеді. Ұңғы бастырмасы газ түтігіне алдыңғы және артқы жалғастырғыш арқылы бекітілген; артқы қысқыш жалғастырғышта газ түтігінің тұйықтаушы тірелетін шығыңқысы болады; тілімшелі серіппе түтіктің бойлық қозғалуын болдырмауға арналған.
Соққыш – ағытқыш механизм шүріппені ұрыстық қайырмадан немесе автоағытқыш қайырмасынан босату үшін, соққышқа соққы беру үшін, автоматты не жекелей атыс жүргізілуін, атуды тоқтатуды қамтамасыз ету үшін, бекітпе жабылмаған кезде атысты болдырмау үшін және автоматты сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді. Ол ұңғы қорабында орналасады, онда бірін-бірі алмастыратын үш осьпен бекиді және соққы серіппелі шүріппеден, серіппесі бар шүріппе баяулатқышынан, ағытқыш ілмектен, серіппесі бар жекелей ату дөңесінен, серіппесі бар автоағытқыштан, ауыстырғыштан және түтікті осьтен тұрады.
Ұрыстық серіппесімен қоса шүріппе соққышқа соққы беру үшін қызмет етеді. Шүріппеде ұрыстық қайырма, автоағытқыш қайырмасы, шетмойын және оське арналған тесік болады.
Ұрыстық серіппе шүріппесінің шетмойнына кигізіліп, өз ілмегі арқылы шүріппеге, ал ұштарымен – ағытқыш ілмектің тікбұрышты шығыңқыларына әсер етеді.
Шүріппе баяулатқышы автоматты атыс жүргізу кезінде оқтардың шоғырлана тиюін жақсарту мақсатында шүріппенің алға қозғалуын баяулату үшін әсер етеді. Онда алдыңғы және артқы шығыңқылары осьі, серіппе және бекіткішке арналған тесіктері болады.
Ағытқыш ілмек шүріппені ұрыстық қайырмада ұстауға және шүріппені ағытуға арналған.
Жекелей атыс дөңесі шүріппені жекелей атыс кезінде ағытқыш ілмек босатылмаған болса, атыстан кейін шеткі артқы жағдайда ұстау үшін қызмет етеді.
Автоағытқыш түйдектете ату кезінде шүріппені автоағытқыш қайырмасынан автоматты түрде босату үшін, сондай-ақ ұңғы арнасы мен бекітпе жабылмаған кезде шүріппенің ағытылуына жол бермеу үшін қызмет етеді.
Ауыстырғыш автоматты түрде және жекелей атуға немесе сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді.
Құндақ автоматпен қимылдау кезінде ыңғайлы болу үшін және қолды күюден сақтау үшін қызмет етеді. Ол ұңғыға астынан қосқыш жалғастырғыш көмегімен және ұңғы қорабының ұясына кіретін шығыңқы арқылы ұңғыға бекітіледі. Құндақта сүмбіге арналған тесік болады. Құндақтың артқы жағында ойық пен ойма болады, оған тілімшелі серіппе орналастырылады. Серіппе құндақтың бойлық қозғалысын болдырмауға арналған. Құндақ пен ұңғы бастырмасындағы ойықтар атыс кезінде ұңғы мен газ түтігін суыту үшін терезе жасайды.
Оқжатар оқсауытты орналастыруға және оларды ұңғы қорабына беріп тұруға арналған. Ол корпустан, қақпақтан, тоқтатқыш қаңылтақтан, серіппе мен бергіштен тұрады.
Сүңгі – пышақ автоматқа шабуыл алдында кигізіледі және қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жою үшін қызмет етеді. Сонымен қатар, ол пышақ, темірді кесу үшін ара және сымдарды қию үшін қайшы ретінде де қолданылады.
Сүңгі – пышақ жүзінде кесуші қыр, ара және қынның шығыңқы осьіне кіріп тұратын саңылау болады.
Сап ұстауға ыңғайлы болу үшін және сүңгі-пышақты автоматқа қосу үшін қызмет етеді.
Қын сүңгі-пышақты белдікке іліп алып жүруге және сүңгі-пышақпен бірге сым қию ұшін пайдаланылады.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Автоматтың (пулеметтің) механизмдері мен бөліктерінің құрылысын атаңдар.
Ұңғы не үшін арналған?
Ұңғы қақпақшасы не үшін арналған?
Көздеуіш құрылғы не үшін арналған?
Көздеуіш не үшін арналған?
Ұңғы қорабының қақпағы не үшін арналған?
Газ поршенімен қоса бекітпе жақтауы не үшін арналған?
АӘД пәні оқытушы-
ұйымдастырушысы: Қ.Оралбаев.