«Алуан т?рлі жапыра?тар» — жаратылыстану
Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
Күні: 10.10.16ж
Топ: «Бүлдіршін» 1-кіші топ
Тәрбиеші: Оспанбекова М.М.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: «Жаратылыстану».
Тақырыбы: «Алуан түрлі жапырақтар».
Мақсаты: Жапырақтарды түсі, көлемі, пішініне сәйкес ажыр.туға жаттықтыру.
Міндеттері:
Білімділік мәні: табиғатты бақылап, өзгерістерін таба білу үйрету.
Дамутушылық мәні: ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік мәні: табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: бақылау, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгіелесу, еңбек іс-әрекеті.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнеліктер: Дидактикалық ойындар, күз қуыршақ, күзгі сурет, пиктограммалық символдар.
Сөздік жұмысы: жапырақ, жанбыр.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
Бау-бақшаға барамыз,
Жақсы бала боламыз,
Көкөністі жинаймыз,
Ұзақ қысқа сақтаймыз,
-Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
Тәрбиеші: Бізге күз патшасының кішкентай қызының жедел хат келді, оқиды: «Сәлеметсіңдер ма балалар. Маған менің әкем Күз патшасы тапсырма берді, күз туралы мәлімет біліп келу керекпін, содан кейін мен Күз ханшайымы боламын. Маған көмектесесіңдер ме?»
Тәрбиеші: Көмектесеміз бе? Біз қазір сиқырлы шармен күз орманына барамыз. Күзде не болатынын айтамыз, ленталардан ұсталынып ұшамыз. Балалар шеңберге тұрады, өлең жолдарын айтады.
Балалар тыңдайды.
Көмектесеміз.
Балалар күзде не болады айтып, шарға байланып тұрған жіптерден ұсталынып тәрбиешімен орманға ұшып барады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Келдік балалар Күз орманына.
Күз ханшайымын кездестіреміз. Амандасамыз.
Таспа қосылып: «Сәлеметсіздер ме балалар? Маған сендердің көмектерің керек. Егер мен күз туралы мәлімет білсем мен күз ханшайымы боламын. Сендар маған көмектесесіңдер ме?»
Балалар екі топқа бөлінеміз.
Дидактикалық ойындар:
Бірінші топтағы балалар, күзге ағаш жапырақтарын жабыстрады бейнелеу орталығында.
Екінші топ ағаштарды құрастырады.
Суретпен жұмыс:
-Күз күні қандай?
-Ағаш жапырақтарының түсі қандай?
-Ағаш жапырақтары не істейді?
-Күзде не жауады?
Сөздік жұмысы: жапырақ, жанбыр.
Олай болса балалар бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәтті:
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың
Жем шашайын тойып ал
Сонда аязға тоңбайсың
Дидактикалық ойын: «Қай мезгілде болады?»
Мақсаты: Жыл міезгілдерінің ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру. Амандасады.
Балалар мұқият тындайды.
Балалар екі топқа бөлінеді.
Бір топ балалар күзге ағаш жапырақтарын жабыстырады, бейнелеу орталығында.
Екінші топ ағаштарды құрастырады.
Сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Салқын, суық.
Сары, қызыл, тоқсары.
Жерге түседі.
Жанбыр.
Қайталайды: жапырақ, жанбыр.
Мазмұна сәйкес қимылдар жасайды.
Рефлексиялық-
түзетушілік Қайда бардық? Кімге көмектестік? Не істедік? Балалар жауап беруге
тырысады.
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды: Табиғат өзгерістерін атауды.
Түсінеді: Жапырақтардың күзде түсінің өзгерістерінің.
Қолданады: Жапырақтардың жерге түсетінің, оларды жинай алады.
Есеп :__________________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________