СТАТЬЯ на тему «СЫН Т?Р?ЫСЫНАН ОЙЛАУ АР?ЫЛЫ О?ЫТУДЫ? ТИІМДІЛІГІ»
«СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып,білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде.Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық,кәсіптік,адамгершілік,рухани,азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп,тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін,әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,педагогтік мақсатына,мүддесіне сай,өзінің шеберлігіне орай таңдап алады.Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,терең ойлай білуін,теориялық негіздерін,эстетикалық көзқарастарын пайымдауын,баға беруін,танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту,яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды.Олар педагогикаға «жаңа технология»терминін енгізді.Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету,оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу.Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады.Мысалыға,атап айтар болсақ, Ынтыматастықта оқыту технологиясы,Ш.А.Амонашвлидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы»,П.М.Эрдниевтің»Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы»,Л.С.Выготский,Л.В.Эльконин,В.В.Давыдовтің «Дамыта оқыту технологиясы»,В.М.Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы»,В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы»,С.Н.Лысенконың «Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы»,Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы»т.б.көптеген технологиялар енгізілді.
Бұл педагогикалық жаңа технологиялар бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай қағидаларды ұстанады:оқуға шығармашылықтың енуі,мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық,өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы,жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы,яғни жеке тұлғаға бағдарланған оқу,тұлға дамуының сыртқы әсермен бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі.Сонымен,педагогикалық технология дегеніміз-тәжірибеде жүзеге асырылып,нәтиже беретін педагогикалық жүйенің жобасы.Жаңа технологиялардың негізгі қағидалары:
-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
-оқу мен тәрбиенің бірлігі;
-баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
-әр оқушының ,оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
-барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ.Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі.Сондай педагогикалық технологиялардың бірі « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» .
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек.
Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы,соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн,түсінікке сыни тұрғыдан қарап,екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. «Сорос-Қазақстан қоры» арқылы келген бұл технология қазақ тілдерінде мектепке ене бастады.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда,оқушылардың білім деңгейін көтеруде,балаларды шығармашылыққа баулуда,ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес,шыңдалған,бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар.Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі.Көп ақпаратты талдай,жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
1-кезең-Қызығушылықты ояту.Бұл үйрену үрдісі.Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады.Бұнда ойды қозғау,ояту,ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады.Осы кезеңге қызмет ететін «Жұпта талқылау»стратегиясын бүгінгі практикалық жұмыс барысында байқайсыздар,сондай-ақ келесі сабақтарда үйренуге болады. «Топтау»,Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау»т.б.әдістер жинақталған.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты-үйренушінің белсенділігін ,ынта-жігерін арттыру.Оқушы өз білетінін еске түсіреді,қағазға жазады.Жұбымен,тобымен талқылайды.
Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.Және де жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады.Мысал үшін 3-сыныпта Ана тілі пәні бойынша қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың Крыловтан аударған аудармасы «Шегіртке мен құмырсқа»мысалын өткелі отырғанымды хабарлаймын.
Қызығушылықты ояту сатысы бойынша :-шегіртке мен құмырсқа туралы не білетіндерін сұрадым.Мұнда оқушылар екеуінің де жәндік екенін,далалық жерде тіршілік ететінін айтып,ойларын дәптерге жазып алды,жұпта талқылады,осылайша ойлары ашылып,жаңа білім жайлы ақпарат жинайды.Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның 2-кезеңі «Мағынаны тану».Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды.Оның өз бетінше жұмыс жасап,белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар.Соның бірі ІNSERT.Ол бойынша оқу тақырыбымен яғни «Шегіртке мен құмырсқа» мысалымен танысу барысында,
Y- білемін ;
- -білмеймін;
+ -мен үшін жаңалық;
? –мені таң қалдырды;
белгілерін қоя отырып,мысал өлеңді оқу тапсырылады.ІNSERT-оқығанын түсінуге,өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Бір әңгіменің соңына тез жету,оқығанды есте сақтау,мәнін жете түсіну күрделі жұмыс.Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау,өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.Мағынаны тануды жоғарыдағыдай ұйымдастыру-аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйренушілер білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға ,яғни байланыс құруға дағдыландырады.
Тақырып бойынша «Ой толғаныс»бағдарламаның 3-кезеңі.Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарау,баға беру назардан тыс қалып жатады.Одан гөрі үйге тапсырма беру,оны түсіндіру,баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді,маңызды әрекет болып табылады.Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап,салмақтап ,оны қандай жағдайда,қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.Белсенді түрде өз білімін үйрен жолына қарап,өзгерістер енгізеді,яғни нағыз білім шыңына көтеріледі,үлкен әлемге енеді.Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді,өзіне өзгеше сенім,тәрбиелік,даналыққа бастау алады.Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн көрсетілімі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы»т.б осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолданылады.Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын,ой түйістіруін қамтамасыз етеді.Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Мен өз сабағымда «Ой толғаныс» сатысында «Екі түрлі түсініктеме күнделігі»стратегиясын пайдаландым.Яғни,шегіртке мен құмырсқа істеріне байланысты.
Оқушылардан дәптердің бетіне не ортасына вертикаль сызықпен бөлуді сұрадым.Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына :
Мәтінде қатты әсер еткен тұстарды,үзінділерді жазды.
Бұл тақырып бойынша әлбетте оқушылар шегірткенің пайдасыз іспен айналысып,ала жаздай ән айтып,би билеумен жүріп,жаз артынан қыс келетінін ойламағандығы туралы жазды.
Бөліктің сол жағына:
Сол мәтінде өздеріне әсер еткен үзінділер туралы жазады.
Олар бұл тапсырмалар бойынша «шегіртке уақытын босқа өткізбей,ол да құмырсқа сияқты қысқа дайындалу керек еді»дейді. «Қыстың қамын жаз ойла»деген мақалды еске түсіреді.
Әр оқушы мәтінмен танысып,күнделікті толтырып біткен соң жұпта,топта талқылау ұйымдастырылады.Жұмыс аяқталған соң ,қорытуға арнап әкелген сұрақтарды оқушыларға қойып,жауаптарын алдым.
Мысалы:
1.Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
2.Автор оқырманды қалай қызықтырды?
3.Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз?
Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді.Ақпараттарды өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды.Сөз астарын,құдіретін түсінуге машықтанады.Сондай-ақ, әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды,оқыған мәтінді түсіну,оны түсінікті етіп айтып беру,оған қатысты ойын,пікірін білдіру арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт:1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.2.Оқушыларға ойланып-толғануға,ойын ашық айтуға рұқсат беру.3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.5.Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді,дәйекті болуын талап ету.6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.Ал,оқушыларға байланысты:
-сенімділікпен жұмыс жасау;
-бар ынтасымен оқуға берілу;
-пікірлерді таңдау,құрметтеу;
-өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.Тек сонда ғана олар:
-мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
-осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
-маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты –оқытуды оқушыға бағыттау.Осы орайда ең бастысы оқыту философиясы түбегейлі өзгереді.Оқыту үрдісінде алдымен оқыту мақсаты,оқыту мазмұны және сабақ құрылымы мен формалары өзгереді.
Және де Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқыту үрдісінде оқушыны-басты тұлға деп алып:
-оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастырамын;
-Оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қоямын,нәтижеге жетемін,
-жеке тұлғаның танымдық әрекет иесі болуы;
-мұғалім мен оқушы арасындағы тең құқылы қарым-қатынасты қолдаймын;
-кәсіби деңгейім дамып,жаңашыл мұғалімнен зерттеуші ұстазға айналдым;Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі мынадай болды:
-сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады;
-ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады;
-бұрынғы білімдеріне білім қосады;
-микроклимат өзгереді;
-оқушылардың жауапкершілігі артты;
-күтпеген өзгерістер болу үшін стандартты емес тәсілдер қолдандым;
-мен күтпеген өзгерістер болды;
-проблемалық ситуациялар туғыздым;
-оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастады;
-өзім де өзгердім,көп оқимын,балалардан үйренемін,бірге жауап іздеймін,бірге оқимыз,бірге дамимыз.Әрине,әр сабаққа дайындық керек,оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып,үздіксіз іс-әрекетке жетеледім.Бұл бағдарламаны оқып ,үйреніп оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім.Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап,құрметтеуіне үйретті.Қуанышпен айта кететін жайт ,бұрын үндемей отыратын балалардың сабаққа қызу араласуы.Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсетуге бара қоймас еді.Сабақтарды ерекше ,жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп,ойларын ашық жеткізуге,сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай.Бүгінгі қоғамға да,мектепке де керегі осылар.Енді осы технологияны қолданылған сабақ жоспарын назарларыңызға ұсынамын.
Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа
Сабақтың мақсаттары:1.Балаларды талдау,талқылау,салыстыру және
мазмұнын өздері ашуға дағдыландыру;
2.Оқущылардың тіл байлығын,сөздік қорын
байыту,өз ойын еркін жеткізіп,салыстыруға
үйрету;
3.Еңбекшіл болуға,өзгелерді тыңдай білуге,
тиянақтылыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер:А.Құнанбаев,И.В.Крыловтың суреттері,қыс суреті,Венн диаграммасы.
Әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы,сұрақ-жауап,талдау,дәләлдеу
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
-Сабақта бәріміз бір-бірімізге сәттілік тілейік.
2.Қызығушылықты ояту.
-Балалар қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
-Жаз дегенде көз алдарыңа нелер елестейді?
-Күз дегенде ше?
-Енді осы айтылғандардан кластер құрастырайық.
Мезгілдер:
Көктем:табиғат оянады,егін егіледі;
Қыс:аяз,суық,боран;
Жаз:жазғы демалыс,жасыл табиғат,жеміс-жидек;
Күз:егін,жеміс піседі,ағаш,шөп қурайды.
3.Ой шақыру.
Жаңа сабақпен таныспас бұрын жұмбақтарды шешіп алайық:
1.Ат басты,
Арқар мүйізді.
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды.(Шегіртке)
2.Ине бел,қылқа мойын,қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырсқа)
-Енді осы шегіртке мен құмырсқа туралы не білетінімізді айтайық.
-Балалар екеуінің де далада тіршілік ететін жәндік екендерін айтты.
4.Суретпен жұмыс.
-Суретке назвр аударыңдаршы.Шегіртке мен құмырсқа туралы не айтылуы мүмкін?
-Енді оқулыққа қарайық,бұл шығарманың қай түріне жатады?
-Мысал деген не?
-Біз қандай мысалдармен танысып едік?
-Бүгін осындай кейіпкерлермен И.Крыловтың мысалында танысамыз.
-Мысалды аударған А.Құнанбаев
5.Мағынаны тану.
-Біздің болжамымыз оқулықпен сәйкес келе ме екен?
-Оны білу үшін мысалды оқып көрелік.(Іштерінен оқыту,таныс емес сөздерді түртіп отырады,соңынан сөздік жұмыс жүргізіледі.
6.Мәтінді оқып болған соң,өздеріне бұл мысалдан білетіндерін білмейтіндерін анықтау үшін ІNSERT жүйесін қолданады.
7.Ойға шабуыл.Венн диаграммасын салып,шегіртке мен құмырсқаның дара,ортақ қасиеттерін шеңберге жазады.
8.Шығармашылық тапсырма.
«Екі түрлі түсінік күнделігін»жазу
9.Үйге тапсырма.
-Мысалды рөлге бөліп оқу
-Шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекетін сипаттайтын мақал-мәтел жазу.
-Суреттерін салу
10.Бағалау
11.Қорытынды.
Міне,бұл технологияда оқушы өз топшылауын ,өз пайымын еркін білдіреді,өзіндік дәлелдер келтіреді,басқалардың ой түйіндерін сынайды,өз пікірін ,өз тоқтамын жасайды.Бұл әдіс шәкірттерге де,оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді.Оқыту әдістерін жетілдіруге,дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі.Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға,ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге ,олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды .Мұндай әдістер табиғатынан тұйық,өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, өздеріне сенімсіздеу,түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне көзім жетті.
Сын тұрғысынан ойлау- бұл кез-келген мазмұнды сынау емес,оны зерттеу,бақылау,талдау,әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту.Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып,жан-жақты талдауға,ойын ашық айтуға,оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты,білімді оқушылар тәрбиелеуге болады.Ол үшін мұғалім көп ізденіп,көп оқып,ізденіс үстінде болу керек.
Қорыта айтқанда,педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына,өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін,нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін,берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған.