: Геометриялы? прогрессияны? n-ші м?шесіні? формуласын ?олдану?а есептер шы?ару.
I. Сабақтың тақырыбы: Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын қолдануға есептер шығару.
II.Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
1) Білімділік: Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын орынды колдана білу біліктілігін арттыру.
2) Дамытушылық: Геометриялық прогрессияға берілген есептер шешуіне анализ жасай білу дағдысын дамыту.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасай білуге және пәнге саналы көзқарасты тәрбиелеу.
III.Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
IV.Әдісі: Репродуктивтік және проблемалы-баяндау.
V.Көрнекілігі: АТҚ, презентация, тест, карточкалар.
Сабақ барысы
1)Ұйымдастыру.
АТҚ-ын іске қосу; сыныптың сабаққа қатысын тексеру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.
а) Сан тізбегі - геометриялық прогрессия болуы үшін қандай шарттар орындалуы қажет?
ә) bn=? және мысал келтір.(2,3-оқушы мысал келтіріп, түсіндіреді)
б) № 207. а) Жауабы: b1=4; №208. а) Жауабы: b2= 613/9.
3) Өткенді қайталау
Тест (Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы негізінде) 12-мин-қа:
I деңгейге: № 1, 2, 3
II деңгейге: № 4, 5, 6
III деңгейге: № 7, 8
Оқушылар жұмыстарын алмасып тексереді, өздерін-өзі бағалайды. Дұрыс жауаптар және бағалау шкаласы слайдпен экранда көрсетіледі.
4) Бекіту.
I деңгейге: № 205. ә) b6= -32*(1/2)5 = -1 № 206. ә) b7= -0,001*10= -1000
II деңгейге: № 211. Шешуі: {b1-b2=8 q1=1/2, b1=16
{b2+b3=12 q2=-3, b2=2. Жауабы: (16;1/2) немесе (2;-3)
№ 213. Шешуі: 16=1*q4, q4=16, q=2; b2=1*2=2, b3=1*22=4, b4=1*23=8, Жауабы: 2; 4; 8.
III деңгейге: № 220. V1-V2=(2V2+V1)/2, V1=4V2, 72=(V1+V2)*t1, 72=(V1-V2)*t2; 72=5V2*t1, 72=3V2*t2, 5t1=3t2, t2=5t1/3, t1+t2=12,8 t1+5t1/3=12,8 t1=4,8 сағ.. t2=8 сағ., 72=5V2*4,8; V2=72/5*4,8=3 км/сағ. Жауабы: Vө=3 км/сағ.
IV- Шығармашылық деңгейге: № 221. Шешуі: a*b*c=216; b=√ac; (ac*√ac)2 =2162, a3*c3=(63)2, a3*c3=(62)3, a*c=62, a*c=36, b=√36=6; a*b*c=216 болу үшін a*c=36 болу керек. Олай болса жауабы:
(1; 6; 36) н/се (2; 6;18) н/се (3; 6;12) н/се (4; 6; 9) н/се (6; 6; 6)
Карточкалар (3-ке, 4-ке үлгеретіндерге): №1, №2, №3- I деңгейден, №4; №5,№6- II деңгейден
5) Сергіту сәті.
Оқушылар орындарынан тұрып, дене шынықтыру қимылдарын жасай тұрып, хормен айтады: Орынымыздан «Өмір»-деп тұрдық,
Қолымызды «Білімге» создық.
Өмірге, білімге құштармыз,құштармыз!
Биікке самғап ұшармыз, ұшармыз!
Өмірге, білімге құштармыз,құштармыз!
Биікке самғап ұшармыз, ұшармыз!
6) Қорытынды.
а) Геометриялық прогрессияның кез-келген мүшесін табу үшін, алдымен q-ін және b1-ін тауып алу қажет.
ә) Геометриялық прогрессияның мүшелерінің санын немесе мүшесінің нөмірін табу үшін bn -нің формуласын қолдану қажет.
б) Есепте кейбір мүшелері мәндерімен берілсе, олардың формулаларынан жүйе құрып, олардан q мен b1- ді табу керек.
в) bn-1’ bn bn+1-мүшелердің байланысы-?
7) Үйге тапсырма беру.
№ 205 а), № 206 а), № 210 а).
Нұсқау: № 210: b4-тің формуласын пайдаланамыз.
7) Бағалау.