Урок по казахскому языку на тему Б?гінгі жа?алы?тар (10 класс)


ҚМЖ
Күні: Сыныбы: 10
Пәні: қазақ тілі Мұғалімі: Нурфазылова Салтанат Гайнуллина
Сабақтың тақырыбы Бүгінгі жаңалықтар
Сабақта қолданылатын ресурстар Оқулық, интернет, қағаз, маркерлер
Сабақтың мақсаты Оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау дағдысын дамыту, ұжымдаса жұмыс жасауға тәрбиелеу, сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың түрі Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері Топпен жұмыс, топ аралық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі Бағалау парағы, постер, тапсырма талаптары, «пирамида» салынған парақтар, электронды презентация
Модульді кіріктіру СТО,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ
Түйінді идеялар Топ болып, жұп болып жұмыс жасау оқушының тілін дамытуға, өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, қажетті ақпаратты талдап, саралауға мүмкіндік береді.
Оқыту нәтижелері 1. Білімді өзі алуға ұмтылады.
2. Оқушы сөйлеу тілін дамытады.
3.Оқушы белсенді іс-әрекет жасауға үйренеді.
Сабақтың мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс - әрекеті Ескерту
Стадия вызова
Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлуді ұйымдастыру
«Мектеп жаңалықтары», «Қала жаңалықтары», «Республика жаңалықтары» деп 3 топқа бөледі
Бағалау парағымен таныстырады арқылы топқа бөлінеді.
Бағалаушы оқушыны сайлайды
Өткенді пысықтау «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылардың өткен тақырыптар жөніндегі білімдерін ортаға салғызады БАҚ және газет-журналдар тақырыбы бойынша кластер дайындайды «Пирамида» әдісі арқылы сөздік жұмысын өткізеді Сабаққа қатысты тірек сөздермен жұмыс жасайды: сөз тіркес пен сөйлемдер құрайды Стадия осмысления
Негізгі бөлім Топтың атауына байланысты бүгінгі күннің жаңалықтар тақырыбында газет бетін дайындауға тапсырма береді.
«Спорт жаңалығы», «Мәдени жаңалықтары», «Білім жаңалықтары» атты 3 айдарға сай ақпарат талдап, саралауға жағдай жасайды.
Тапсырма талаптарын бірлесе қоюға, талап бойынша бағалауға мүмкіндік жасайды
Топтың атауына байланысты бүгінгі күннің жаңалықтар тақырыбында газет бетін дайындайды.
Тапсырма талаптарын қояды.
Қажетті ақпараттыинтернет арқылы іздеп, саралайды.
Жұмыстарын қорғайды.
Талап бойынша бағалайды.
Презентацияны ұолдану
1 слайд – тақырып, 2 слайд топ атаулары және газет айдарлары
Стадия рефлексии
Бекіту «Мақсат» әдісі арқылы оқушылардан
«Бүгінгі сабақта жақсы жасай алғам 3 нәрсем», «Келесі сабақта қалай жетістікке жетемін?» сұрақтар арқылы сабақты қорытындылайды (әр топтан бір-бір оқушыны қатыстырады)
Оқушылар «Бүгінгі сабақта жақсы жасай алғам 3 нәрсем», «Келесі сабақта қалай жетістікке жетемін?» сұрақтарға жауап береді, өз жұмысын бағалап, алдарына мақсат қояды. 3 слайд рефлексия сұрақтары
Бағалау Оқушылардың бағалау парағындағы орта бағаларын күнделікке, журналға түсіреді. Бағалаушы бала басқа балалардығ бағалау парағындағы ұпайларды қосып, ортақ баға шығарады Қорытындылау Сабақтың басында жасаған жұмысқа қайта оралып, жаңа сөздермен толықтыруға түрткі тастайды Жасаған кластерді жаңа сөздермен толықтырады. Үйге тапсырма беру Үйге берілетінтапсырманы түсіндіреді Үй тапсырмасын жазып алады 4 слайд үй тапсырмасы