Саба?ты? та?ырыбы: Лексикалы? та?ырып: ?аза?стан-т?уелсіз республика. Грамматикалы? та?ырып: ?стеу, ?стеуді? т?рлері. Саба?ты? ма?саты: Білімділік: ты?даушыларды? міндеттері мен талаптарын ескере отырып, о?ытуды? мазм?нын на?тылау, білімдерін, іск


596265-377190 Шеманаиха ауданы
Михайловка жалпы білім беру орта мектебі
Апузова Корлан Шаймуратқызы
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Лексикалық тақырып: Қазақстан-тәуелсіз республика.
Грамматикалық тақырып: Үстеу, үстеудің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тыңдаушылардың міндеттері мен талаптарын ескере отырып, оқытудың мазмұнын нақтылау, білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын ескере отырып, жаңа жағдайға ауыстыру.
Дамытушылық: Тыңдаушылардың ойлау қабілеттерін, ауызекі сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту, дұрыс сөйлеу қабілетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызбалар, кәртішкелер, тесттер, суреттер.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі. 5 минут.
Жаңа сабақтың мақсатын айту. 1 минут.
Жаңа сабақты түсіндіру. 30 минут.
Жаңа сабақты қорытындылау. 1минут.
Жаңа сабақты бекіту. 5 минут.
Рефлексия. Үйге тапсырма беру. 2 минут.
Бағалау. 1 минут.
Сабақтың барысы: Амандасу, шағын әңгіме өткізу. Жылдың қай мезгілі? Бүгін қай күн? Ауа-райы қандай? Сабаққа көңіл-күй қандай?
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Бүгінгі сабақтың эпиграфы: Қазақстан: Туыменен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Тілдік тренинг:
Қазақстанның қандай мерекелері бар?
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Қазқстан Республикасының Елбасы кім?
Қазақстан Республикасының қандай рәміздері бар?
Мәтінмен жұмыс:
16- желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс- шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ қандастарымыз үшін де маңызы зор мереке. Алыста, ата жұрттан жырақта жүрсе де Қазақстан үшін алаңдайтын, еліміздің болашағына біркісідей зор үмітпен қарайтын қандас бауырларымыз бұл күнді қалпақтарын аспанға лақтыра қуанып атап өтеді.
Мұғалім оқиды, тыңдаушылар оқиды.
Жаңа сөздермен танысу. Кластер құру.
Желтоқсан- декабрь
Мереке-праздник
Ойын-сауық-развлечение
Іс-шаралар-мероприятия
Орталық- центр
Отшашу-фейерверк
Тұрғындар- жители
Шетелдіктер- иностранцы
Қандас-кровные
Қуану- радоваться
Атап өтеді- отмечают.
Мәтінге сұрақтар құрастыру.
16- желтоқсан күні Қазақстанда не ұйымдастырылады?
Кешке қарай не көмкеріледі?
Тәуелсіздік мерекесі қандай мереке?
Қандас бауырларымыз қалай қуанады?
Мәтінді орыс тіліне аудару.
Мәтінді қысқаша мазмұндау.
Сергіту сәті. Доппен ойын.
Грамматикалық тақырып:
Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өзгеруге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейтін сөздер үстеу деп аталады.
Үстеудің түрлері: тұлғасына қарай негізгі және туынды болып 2-ге бөлінеді.
Негізгі Қазір, бүгін, ерте, кешке, дәл, сәл, тым, әрең.
Туынды Күздей, жаңаша, босқа, соншама, шетінен
Құрамына қарай дара және күрделі болып 2-ге бөлінеді.
Дара Ерте, тым, кеш, мүлде, қазір, тікелей.
Күрделі А) Биыл, бүгін, біраз, бірталай
Ә) Бірте-бірте, анда-санда
Б) Күні бүгін, жеті түнде, ала жаздай
Мәтіннің ішінен үстеу түрлерін тауып, дәптерге жазамыз.
Тест сұрақтары:
Мемлекеттік ту нені білдіреді?
А. адалдық
Ә. бірлік
Б. көгілдір
Елтаңбада не бейнеленген?
А. қыран құс
Ә. шаңырақ
Б. күн
Ұлттық теңге қашан шықты?
А. 1992 ж.
Ә. 1995 ж.
Б.1993 ж.
Республика күні қай күн?
А. 16 желтоқсан
Ә. 25 қазан
Б. 30 тамыз
Тәуелсіз Қазақстан сөзі қалай аударылады?
А. Независимый Казахстан
Ә. Суверенный Казахстан
Б. Многонациональный Казахстан
Жауабы:
А.
Ә.
Б.
Ә.
А.
«Кім көп сөз құрайды?» Ойынын өткізу.
т ә у е л с і з д і к
Мына берілген сөзден бірнеше сөздер құрастыру. Ел, із, сіз, ту, су, сел, кел, кісі, тіл, тіс, тік, зіл, Есіл, тәуелді, елеу, елу, тез, дәл, кес,тілек. 20 сөз.
Сабақты қорытындылау:
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өбкен жер,
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!- деп, М.Мақатаев жырлап өткендей.
Сабақты бекіту: Ребус шешу.
Рефлексия. Адам бойындағы асыл қасиеттерді атап, гүл сыйлау.
Сахналық көрініс: «Тәуелсіздіктің 20 жылдық таңы!»
Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұндау. Үстеу түрлеріне мысалдар келтіріп келу.
Бағалау:
Мектептегі мұгалімдер қатысатын үйірмеге арналған сабақ жоспары.