Рефлексивный отчет по уроку в 10 классе на тему Гидросфера. Части гидросферы на казахском языке
10 - шы сыныпта"Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары, су айналымы" тақырыбына өткізілген сабақтың рефлексивті есеп
Сабақ кезеңдері Рефлексия
1-кезең.
Қызығушылықты ояту:
- ұйымдастыру;
- "Ой қозғау" - "Бинго" ойыны.
Топтық жұмыстың сәтті өтуіне оны дұрыс ұйымдастыруы ықпал етеді. Сондықтан оқушыларды 4 топқа 4 оқушыдан бөлу үшін, балаларға өзен, теңіз, мұздық, ауа райы құбылыстарының суреттерін тараттым. Оқушылар қиындықтарсыз топқа бөлінді. Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау үшін - Осы суреттерді не біріктіреді?
- Олардың құрамында не бар?
- Бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсындар?
- Осы тақырыпты ашу үшін қандай мақсат қою керекпіз? деген жай сұрақтарды қойдым. Оқушылар тақырыпты және сабақ мақсатын бірден анықтады. Топ басшыларына бағалау парағы берілді, сабақтағы критерийлер түсіндірілді (топ басшысы әр топ мүшесіне фишка беріп отырады да бағалау парағын толтырады).
Оқушыларға сұрақтар қойылды - қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсірілді. Кей-бір оқушылар осы ойында баяу болды - Кирдасимова Жансая, Ержанова Айдана. Мұнда олардың баяулығы төмен білім деңгейімен байланысты деп ойлаймын.
2-кезең. Мағынаны ажырату:
- "Зигзаг" ойыны.
Осы кезеңінде әр оқушыға тапсырма берілді. Оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырды. Орындаған тапсырмаларды оқушылармен топтасып, тексертіп, пікір алмасты. Мұнда оқушылар белсенді әрекетке жұмылдырылды, ойлау жұмысына ынталанды. Келесі кезекте өз топтарына таралды да, өз тәжірибелері арқылы жаңа білімдерін топ мүшелеріне жеткізді. "Зигзаг" ойыны сабақта жиі қолданатындықтан оқушылар тапсырманы тез және қиындықсыз орындады.
Сергіту сәті: сұрақ-жауап
Сергіту сәтті пайдалы өткізуге болады деп ойлаймын, сондықтан әр сабақта картамен байланысты сұрақтар немесе логикалық сұрақтарды қолданамын. Доп ұстаған оқушы жауап беріп, допты қайтарды. Осы кезеңде кей-бір оқушылар (Рысбаева Жансая, Баденов Ержан) сұрақтарға тез жауап бере алмады. Келесіде осы оқушылармен зейінді дамыту және шапшаңдыққа үйрету қажет деген ойдамын.
3-кезең. "Ой- толғаныс".
Қазіргі кезде мектептерде халықаралық зерттеулерді өткізіп, оқушылардың функционалдық сауаттылығының деңгейін анықтайды. Сондықтан мен сабақта PISA тапсырманы шешуді ұсындым: Ауыз суы туралы мәтін берілді де 2 ашық сұрақ, 1 жабық сұрақ, келісемін/келіспеймін сұрағы берілді. Қорытынды сұрақ берілді. Топтар сұрақтарға жауап берді: сараптама жасап, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізді; синтез - топта бір-бірімен ой бөлісті.
4-кезең. Қорытындылау. Суммативті бағалау.
Суммативті бағалау үшін оқушыларға тақырыпқа байланысты қорытынды тест берілді. 10 сұраққа жауап бергеннен кейін оқушылар берілген критерийлердің көмегімен өздерін бағалады. Уақыттан тыс болған оқушыларға «Ең ерекше» атты кесте толтыру ұсынылды.
Бағалау. Формативті бағалау.
Топ басшылары бағалау парағын толтырып, қорытынды баға қойды.
Рефлексия: "Бағдаршам"
Кеме суретін ұсындым. Оқушылардың барлығы жасыл стикерлерді таңдады. Кеме желкені жасыл түске боялды. Оқушылар түрлі пікір жазды: "Сабақ қызықты өтті, ең ұнағаны - PISA тапсырмасы", "Сергіту сәті маған қатты ұнады", "Осы сабақта топ құрамы сәтті болды" және т.б.