С?йінбай Арон?лыны? ?мірбаяны. «Жа?сы мен жаман адам ?асиеттері» атты шы?армасы


Сүйінбай Аронұлының өмірбаяны.
«Жақсы мен жаман адам қасиеттері» атты шығармасы
Белгілі қазақ ақындарының бірі - Сүйінбай Алматы облысы,Жамбыл ауданы, Майтөбе жайлауында, 1822 жылы шілде айында туған. Өз әкесі -Арон Күсепұлы, арғы атасы - Жиенқұл деген кісілер. Сүйенбайдың аталарының көбіректұрған ежелгі - Қапал ауданындағы Көксу, Қараталға қатысты Екейқұм дегенжерлер. Ол кедей отбасыдан шыққан. Әкесі Аронның шаруасы тым шағын болып, кейдеішер ас, мінер атқа зар болған екен. Өзінің өмірі туралы айтқан өлеңдерініңбірінде ақын бұл жайлы және екей елінің түгел кедей болғанын толық бейнелейді. 
Cүйінбайдың Тезек төремен кездесуі - кейінірек, кейінірек ақынныңер жетіп, елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп,Тезек төрені де жалайырдағы Сұлтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас көтертпейжалында сөзінің күшімен бөгеп отырды. Тіпті көрші қырғыз халқының қанды балақ,орақ ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерінде батыл сынайды. Ол шындық үшінкүресіп хан-төре тұқымының қылмыстарын бетіне басады. Әр түрлі дауғы түсіп, әділқазыдай әмірлі билік айтады.Ақынның бұлайша ел ісіне арласуы оның қоғамдық бетін айқындайды,бетіне адам қаратпаған әрі ақын, әрі әкім төренің аузын буып, оның төрінеименбей шығып, табағынан ас, малынан бас беруге мәжбүр еткен - Сүйінбайдың тасжібітер өткір де батыл тілі. Табиғатынан талантты ақынға ел артқан сенім, ол көрсекенсый-құрмет өшпес даңқ әперіп, бойындағы сарқылмас талант бұлағының көзін ашты. Ақыненді үй айналасындағы әкесінің шағын шаруашылығымен  айналыспай, ағайын арасы ұсақ дау-шараға бөгелмей,ел кезіп, өмір көру, ділмар-шешен ақындармен кездесіп, олармен дидарласуарманын алға қояды.Болашақ талант иесінің ізденуі басталады, Оңтүстік, Шығыс,Орталық Қазақстан жерін ол түгел аралайды. Өз кезіндегі халық ақындарыныңбіразымен кездесіп тілдеседі. Өзіне дейінгі ақындардан өз атасы Күсептіңжырларын, Жанкісі жыраудың өлеңдерін жақсы білген. Аға буын ақындардан Қабан,Жанақ, Түбек, Шөжеремен кездескен. Ал, өзіне тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай,Тезекбай, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен, кейбірімен айтысқан.                  Сүйінбайдаң соңғыкезде табылған өлеңдерінің ішінде оның өмір белестерін танытатын кейбір толғауларыкездеседі. Онда ақының ата-бабасы мен ағайындары:Аран, Күсеп, Жиенқұл, жақынтуыстары Жұмық, Оспан, Жаманшалар, әйелі Еңіліктің (Жұпан деген бәйіпшесі өлгенненкейін алған) есімдері мәлім болады.Бұл сөзге қарағанда, Сүйенбай 1827 жылы емес, 1822 жылытуып, 1895 жылы қайтыс болған. Сүйенбайдың сүйегі Қарақыстақ аңғарының жоғарғы  саласында шағын обаның үстіне, көне бейтке қойылған.
Сүйенбай - халқымыздың поэтикалық жетік шебер тілді, жүйрікақын. Бұған оның билер мен төрелерді сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі дәлел.Ақының «Кәрілік» атты өлеңін еске алсақ, бұл да адамның бастаған өмірбелестерін айқын бейнелеп, шешендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады.
  Сүйінбай Аронұлы 1827 жылы қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақдеген жерде дүниеге келген. Ол он төрт-он бес жасынан бастап ақындық өнерінмашық ете бастаған. Алғашқы бетте ел аузынан естіген аңыз-ертегілерді, қисса-жырлардыжаттап алып, жиын-тойларда айтып жүрген. Кейінірек, өзінің замандас ақындарыішінен озық ойы, өткір тілімен қазақ пен қырғыз елдеріне аты тарап, әйгіліболған.Сүйінбай ең алдымен айтыстың асқан шебері, ешкімге жүлдебермеген ерен ақын. Сонымен бірге ол халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерініңәділетсіздігін бетіне басып әшкерелеп отырған батыл да, әділ сыншы. Сондықтанда, Мұхтар Әуезов Сүйінбайға баға бергенде оны «он тоғызыншы ғасырдағы Жетісуақындарының алтын діңгегі» деп атаған.
 
Жақсы мен жаман адам қасиеттері
   Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай, 
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай.
Жаман парқы жақсымен бірдей емес,
Жақсы жігіт елінің ағасындай.
Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма, өріктің ағашындай.
Жаманның көкірегі - көр, көзі - соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып - ай.
Жақсы адам қай жерден ажырайды,
Жақсымын деп бәрі жүр таласып - ай.
Жамандар - өтірікші, өсегі көп,
Ел-жұрттың іріткі салар арасына - ай.
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Соқтығып әркімге бір ұрынады,
Сиырдың тентек болған танасындай.
Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,
Жылқының қотыр болған аласындай.
Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар елге еркесіндей.
Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жақсы,
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.
Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,
Жасынан бірге өскен еркесіндей.
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
«Олақтан салақ жаман» ─ деген мақал,
Жамандар түзей алмас тұрмысын -  ай.
Жақсы адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың тұрғысындай.
Жамандар өсек-аян айтып жүрер,
Ешкімнің білмесе де қылмысын-  ай.
Жаманның кеудесі үлкен, сөзі кесек,
Ақылы ауысқан адамның жындысынд - ай.
Екеуін салыстырып әдейі айттым,
Қажетін қолданарсың тұрмысыңа - ай.