Ашы? саба? Ш?к?рім ??дайберді?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы ?ал?аман-Мамыр дастаны


Ашық сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
«Қалқаман - Мамыр» дастаныСабақтың мақсаты: Поэманың тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін таныту, кейіпкерлер бейнесін жан-жақты ашу
1. Ақын өмірінен, шығармашылығынан мәлімет беру. Поэманың мазмұнын ашу, Тақырыбы мен идеясын таныту, көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.2. Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пікір, көзқарасын қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу, ізденісін шыңдау.3. Жас ұрпақты шыншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке, уәдеге беріктікке тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтаСабақтың түрі: жаңа сабақты меңгертуСабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтеріСабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Үй тапсырмасы:ІІІ. Жаңа сабақ.«Ой қозғау» Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Оқушылар Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы өз беттерімен дайындалып келгендерін айтады. Шәкәрімді екінші Абайымыз десек те болады. Екеуі де өмір сүрген тұстарында кезеңнің ащы шындығын шығармаларында көрсете білді, сөз өнерінің шыңына көтерілді. Шәкәрімнің сондай шығармаларының бірі – «Қалқаман – Мамыр» дастаны. Ақын бұл поэманы «тарихи хикая» деп атаған. Жанрлық жағынан қарағанда, лиро-эпостық дастан. Бұл 1723 жылы жоңғарлар шабуылы басталып, ел «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған кез. Бұл біздің Орта жүз қазағы Сырдария бойында жүргенде болған анық іс. "Қалқаман-Мамыр” – өте күрделі шығарма. Күрделі болатыны, ең алдымен туынды арқауы аңызға айналып кеткен, ХVІІІ ғасырда қазақ жерінде өткен нақты оқиғаға құрылған. Расында да, бір жағынан қазақ арасындағы сол кездегі түсінік-танымға да баттастырып қара бояуды жаға салуға болмайды. Өйткені, жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі қазақ үшін халықтық генофондты таза сақтаудың сенімді жолы еді. Екінші жағынан, еш бұйрыққа көнбейтін махаббат құдіретіне бас имеу тағы да мүмкін емес. Екі жастың махаббат драмасына құрылған ғашықтық дастан. Мағынаны тануБелгілі ғалым Қайым Мұхамедхановтың сөзімен айтсақ: Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. Бұл пікір ғұлама ақынға берілген әділ баға. Шәкәрім атамыз Абай ағасының ақындық дәстүрін жалғастырып, сол заман шындығын тап басып суреттей білген. Сол шығармаларының бірі «Қалқаман Мамыр» дастаны. Балалар, үйден мазмұнымен танысып келдіңдер. Енді жырдағы басты оқиғаларға назар аударып, мазмұндап көрейік. Оқиға қай кезеңді суреттейді?(Поэма тарихи шығарма. Ақтабан шұбырынды оқиғасының алдында 1722 ж. болған.)
Поэманың композициялық құрылымын жасайды.1. Оқиғаның басталуы. 2. Оқиғаның дамуы. 3. Шарықтау шегі. 4. Шиеленісуі. 5. Оқиғаның шешімі. Ой толғаныс1. Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па? бұрыс па?- деген сұраққа оқушылар өз жауаптарын береді.
Қандай салт - дәстүрлер кездеседі, көркемдегіш құралдарды анықтау.Поэмадағы салт дәстүрлер.Салт - дәстүрлер:
- қыз айттыру
- жақыннан қыз алмау;- уәдеге беріктік;- қалың мал беру;- құда түсу;- бастаңғы жасау;- бата беру.
Поэмадағы жер - су атауларын айту.
Сабақты бекіту. Сұрақтарға жауап алу. (Слайд)Оқушылардың білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма беру.
«Егер мен Қалқаман болсам...»  Ой толғау жазу. Өздеріне ұнаған жерлерін жаттап алу.