?аша?ан К?ржіман?лы «Адай тегі» дастаны


Қысқа мерзімді жоспар
Күні: 17/18.10.2014 жыл
Пән мұғалімі. Икенова Тилектес Дуйсенбековна
Тақырып Қашаған Күржіманұлы «Адай тегі» дастаны
Сілтеме 10-сынып. Қазақ әдебиеті. Жаратылыстану- математика бағыты. Алматы «Мектеп» 2014
Жалпы мақсаты Қашаған Күржіманұлының шығармалары мен өмірі туралы түсінік беру, оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу, оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Оқу нәтижесі Топтық жұмыс кезінде оқушылар өзара сұрақ қою арқылы, постер қорғау арқылы, оқу барысында диаологты қолдану арқылы, мәнерлеп оқу арқылы сөйлеу мәнері жетіледі, бірін-бірі тыңдап, ой бөлісе алады.
Көрнекілігі АКТ, тапсырмалар
Түрі, әдіс-тәсілдері СТО, мәнерлеп оқыту, ой дамыту, ой қорыту, ой қозғау.
Сабақтың барысы Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу Амандасады, кезекші сыныпта жоқ оқушыларды айтады
Үй тапсырмасы
Қашаған Күржіманұлы «Есқали сұпыға айтқаны» мазмұндау. Әр топтан бір-екі оқушы жаттаған үзіндісін айтады.
Әр топ бір-бірінің тестін тексеріп, «ия, жоқ» деп жауап береді, бірін-бірі бағалайды.
Оқушыларды топқа бөлу, топ ережесімен таныстыру төрт топқа бөлемін. Оқушылар төрт топқа бөлінеді
Жаңа тақырып Қабиболла Сыдиықовтың «Қашаған сыншыл, тура, өткір, сықақ мәнді шығармалармен танылған айтулы бұқара жаршысы»,- деген сөзімен басйын. Қашаған ақынның «Адай тегі» дастанын түсіндіремін. Оқушылар дастан туралы мәлімет тыңдайды, ой қорытады.
Қашаған ақынның «Есқали сұпыға айтқаны» өлең-толғауларын мінерлеп оқытамын. Әр топтағы оқушылар өлең-толғауларын мінерлеп оқиды.
Сөздікпен жұмыс Сұпы – дін жолын ұстанған, молда
Шарғы-шариғат, дін жолы
Барсиса-сұпы бола жүріп, шайтанға ылығып, азғындық жолға түсіп, құдайдың қарғысына ұшыраған адам. Сөздікпен жұмыс жасай отырып, мағынасын түсінеді, дәптерлеріне жазады.
Қорытындылау «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жаңа сабақтан түйгенін айтады. Оқушылар ағашқа жапырақ, гул, көбелек тәрізді стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазып іледі.
Үй тапсырмаларын түсіндіру Қашаған ақынның дастандарын оқып, тәрбиелік мәнін түсіну. Қашаған ақынның дастандарын оқып, мазмұнын, тәрбиелік мәнін түсінеді.
Бағалау Түсінігі, қосымша сұрақтарға жауаптары ескеріледі. Бірін-бірі бағалайды.