?йшік ертегісі та?ырыбына ашы? саба?
Ашық сабақ
«Үйшік ертегісі»
Жумагулова Ш.С.
(Қарғалы ауданы МДҰ «Бөбек»)
Мақсаты : балаларды заттарды саны бойынша салыстыруға, оларды 5 көлеміндегі сандарды санауға жаттықтыру, геометриялық пішіндерді ажырату, атап айтуға үйрету. Түстерді ажырата білуге үйрету. Ойлау қабілетін, тілін танымдық қызығушылығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Үйшік, Сиқырлы қоржынмен геометриялық пішіндер, гүлдердің макеті сары,қызыл түсті.
3074759342360 Ұйымдастыру: Балалар шаттық шеңберің жасап, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Сәлем, сәлем Алтын күн!
Сәлем, сәлем Жер- ана!
Сәлем, сәлем көк аспан!
Сәлем, менің достарым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым бос.
Мотивациялық қозғаушы: Балалар, сендер ертегілерді ұнатасындар ғой. Қане «Үйшік» ертегісін есімізге түсірейік.
Тәрбиеші әңгімелейді: Алаңда бір үйшік тұр. Қасына қоян келіп сұрайды:
- Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Үйшіктен ғажайып дауыс жауаб береді: Менің тапсырмаларымды орындағадардың бәріне үйшік өз есігін ашады.
Ұйымдастыру-ізденушілік.
Тәрбиеші балаларға тапсырмалар ұсынады:
1. Үйшіктің жанында неше гүл бар? (5-ке дейін санау).
Балалар санайды.
2. Түсі қандай? (қызыл, сары)
Түстерін атайды.
3. Гүлдердің мимикасын көрсет (жылау, күлу, таңғалу)
Мимикасын көрсетеді.
4. Қызыл гүлдерді артқа, сары гүлдерді алға қой.
Гүлдерді топтастырып қояды.
-283320207720Тәрбиеші: Тапсырмаларды дұрыс орындадындар, қоянға үйшіктің есігі ашылады. Жарайсыңдар! Қоян үйшіке кіріп тұра бастады.
Үйшікке аю келді:
- Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Үйшіктен ғажайып дауыс жауаб береді: Менің тапсырмаларымды орындағадардың бәріне үйшік өз есігін ашады.
Тәрбиеші балаларға тапсырмалар ұсынады:
1. Сиқырлы қоржында не бар екенің қарап түстерін пішінін айт.
Балалар бір-бірден геометриялық пішіндерді алып шығып, түстерді айтады.
Тәрбиеші: Тапсырмаларды дұрыс орындадындар, қоянға үйшіктің есігі ашылады. Жарайсыңдар! Аю үйшіке кіріп тұра бастады.
Тәрбиеші: Балалар сендер аю туралы тақпақ білесіндерме? Аю қалай жүреді?
Сергіту сәті: Ормандағы аюдің
құлпынайы бар екен,
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз.
Балалар орындайды.
Дидактикалық ойын: «Ғажайып дауыс» тәрбиеші ақ қағазбен ернін жауып, үй жануарларының дауысын салады. Балалар не екенің айтып, адамдар не үшін ұстайтының? Пайдасы туралы әңгімелеп береді.
Балалар үй жануарларды атап, өз пікірлерін білдіреді, әңгімелиды.
Мимикалық ойын: Балалар қалай күлетінің, жылайтының, таң қалатының мимикамен көрсетеді.
Рефликсивтік түзету:
Сендерге ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнадыма?
Сендерге әсіресе не ұнады?
-Үйшікте неше аң бар?
- Олардың қайсысы бұрын келді?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Қоштасу шеңберін ұйымдастыру:
Қол ұстасып тұрайық,
Қатарды біз құрайық,
Көріскенше апайлар,
Сау-саламат болайық!
Балалар қоштасу шеңберін жасап, оқу іс-әрекетін аяқтайды.
Күтілген нәтиже:
Нені біледі: Балалр геометриялық пішіндерді, ертегі киіпкерлерін, түстерді ажырата алады.
Қандай түсінік игерді: Қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: геометриялық пішіндерді ажыратуды, санау, алға, артқа меңгергендері байқалады.
971640128880