Ер Т?стік ертегісі. 5 сынып


Қазақ әдебиеті
5 «А» сынып
Қазақ әдебиеті Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы «Ер Төстік» ертегісі
Сабақтың жабдығы Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
Жалпы мақсаттар1. Білімділік: Ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, көріністер қойып, тыңдаушының жанын қозғап әңгімелеуге дағдыландыландыру, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.2. Дамытушылық: Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорыту, оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.3. Тәрбиелік: Адал достыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқыту  нәтижесіТопқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
(төртбұрыш, үшбұрыш,бесбұрыш)
Ынтымақтастық атмосферасы Ұға білсең мені сен,
Бақытыммен бөлісем.
Жүрек сөзін жалғаймын,
Бәрін саған арнаймын!
– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз. 
Қызығушылықты ояту 1. «Ер Төстік» ертегілердің қай түріне жатады?«Ер Төстік» ертегісі қиял - ғажайып және ғылыми зерттеулерге сүйенсек, шыншыл ертегілерге де жатады.
Мағынаны тану
Тарихи оқиға мен оның жырлану кезінің арасы неғұрлым жақын болған сайын, шығармада нақтылық көбейеді деген тұжырым, ал «Ер Төстік» ертегісі болса, осы нақты өмірлік суреттер мен деталдарға бай. Ер Төстіктің әке - шешесі аштыққа ұшырағанда күлдіреуіштен семіз биенің төстігінің табылуы... Төстіктің қайнаған құртқа шешесінің қолын күйдіріп, жұт жылы адасып кеткен ағалары туралы шындықты айтқызуы... Ағаларын іздеп барып, тауып әкелуі... Ерназардың жоғалған інгенді іздеуі... Сорқұдықтың басына баласы садағын ұштайтын егеудің тастап кетуі – бәрі - бәрі тұнып тұрған нақты суреттер, әсіресе Сыр бойының көріністерін көз алдыңа әкеледі. Ал бұл болса, ертегінің оқиғаның ізін ала шығарылғанының белгісі. (Жазушы Әнес Сараевтың «Жылан Бапы патшалығы» тарихи зерттеу мақаласынан) «Қазақ әдебиеті» газеті 1991 ж. 12 сәуірҚандай керемет ғажайыптарын аңғардың?I. Кіріспе - Оқушылар әр бөлімнің қысқаша мазмұнын айтады. Төстіктіңөмірге келуі.II. Байланыстар - Төстіктің ағаларын іздеп шығуы.III. Шиеленіс - 9 ұлды үйлендіру. (Кенжекей жасауға не алды? Енші кімге беріледі?)IV. Шарықтау шегі - Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы. Құба інген қандай шөпке бұйдасынан оралып қалды?V. Шешуі - Төстіктің жер астына түсуі және еліне оралу«Ер Төстік» - ең ескі дәуірде шыққан бақташылық, тарихи дәуірден қалған әңгіме, ерлік жыры. Онда кездесетін жер аттары да сондай ескі, алғашқы қоғам дәуірін көз алдымызға келтіреді. Ертегіні талдап, қағазға түсірген – қытай тарихшысы Сыма Цянь. (Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр - аңыздар» атты еңбегінен)«Ер Төстік» ертегісінен скиф әлеміне орын берген. Бір ғажабы – олардың жыланды кие тұтатындарын да, алғашқы пір тұтатындарын да, алғашқы пір тұтқан тәңірлерінің есімі Бапы (Бапай) екенін де ұмытпай, жадтарында берік сақтаған. (С. П. Толстов. Сақ әлемін зерттеуші - ғалым)Жүйріктер жарысы.Тіл жүйрігін шешен дейміз.Мал жүйріктерін ата.Жылқы жүйрігі – тұлпар.Түйе жүйрігі – желмая.1. Қазіргі желаяқтар кімдер? Ольга Шишигина2. Таусоғарлар бар ма? Қажымұқан МұңайтпасовXXX жазғы олимпиада чемпиондары зіл темір көтерушілер: Илья Ильин, Зульфия Чиншанло. Майя Манеза, т. б. оқушылар атап өтті.Топтастыру стратегиясы-------------------- ақылдықамқоршы ←Ер Төстік→ көпшіл---------------------- адалЖағымды кейіпкерлер ------------Жағымсыз кейіпкерлер1. Ер Төстік -------------------------1. Перінің қызы Бекторы2. Кенжекей -------------------------2. Мыстан3. Ер Төстіктің достары ----------3. Темір хан4. Бапы хан --------------------------4. Кеще хан5. Күңке ------------------------------5. Шойынқұлақ
Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық,Алақанды созайық.Оңға қарай иіліп,Солға қарай иіліп,Бір отырып, бір тұрып,Сәл тынығып алайық. Оқушылар денелерін жатықтырадыОй толғаныс Сөзжұмбақ шешу1. Төстіктің әкесі (ЕРНАЗАР)2. Ертегідегі жағымсыз кейіпкер (БЕКТОРЫ)3. Төстікке көмекке келген жағымды кейіпкер (ТАУСОҒАР)4. Баласын Төстік абайсызда өлтірген кемпірдің кәсібі? (ӨРМЕК ТОҚУ)5. Ырымы жаман жер (СОРҚҰДЫҚ)6. Бапы хан Төстікті қай елге жұмсады? (ТЕМІРХАН)7. Шойынқұлақтың сырын білу үшін Ер Төстіктің жасырынған жері? (БЕСІК)8. Төстікке Шойынқұлақты жеңуі үшін көмекке келген жан? (КҮҢКЕ)Өмірмен байланыс.Саққұлақ кім? – радио, телефон.Көреген қазіргі өмірдегі не? – ғаламтор, теледидар.Тыңшы – сөзді тыңдауға арналған арнайы құрылғылар (диктафон)Көлтауысар – өрт сөндіретін техникаТаусоғар – бульдозер, кран.Сөздікпен жұмыс, дәптерге орындайды.Қорытынды. «Ер Төстіктегі» Жылан Бапы патшалығы туралы хикая әрідегі оқиға екені мифтік нақыштар етек ала бастағанынан - ақ айқын танылып тұр. «Ер Төстік» ертегісі қалыптасқан кезде оның бір тарауына айналған. Сонымен, бұл ертегі батырлық эпостарымыздың қарлығашы, жаңа дәуірдің басында дүниеге келген ең ежелгі үлгілерінің бірі деп айтуымызға әбден негіз бар.Сабақты бекіту:1. Ер Төстік және оның адал достары. (Темірхан қайда көшіп кетті? Адамбаспас)2. Шойынқұлақ пен Ер Төстік. Шойынқұлақ жанын қайда сақтайды?3. Еліктер қай жерде жүреді? (Борықбұлақ)4. Ер Төстікке кім көмектесті? (Күңке)5. Ер Төстіктің елге аман - есен жетуіне көмектескен кімдер?6. Достық, ерлік, батылдық туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?7. Егер сен сол кездегі би болсаң, Шойынқұлаққа қандай жаза қолданар едің?8. Күңкеге қандай жақсылық жасаушы едіңдер?9. Ертегі сендерге ұнады ма?Ертегілерде ата - бабаларымыз өмірін жеңілдету мақсатында небір қиял, армандарына қол жеткізіп келеді.Оқушылар өз ойларын ортаға салды.Ал Көлтауысар ертегілерде суды лезде толтырып, лезде жоқ қылады. Әрине, су – тіршілік көзі. Теңіздер, көлдер, мұхиттар тартылмасын.Сендер әлі ержетесіңдер. Мұндай қиындықтар болмас үшін сендер қандай амал ойлап табар едіңдер?
Үй тапсырмасы Ертегіден өздеріне ұнаған бөліміне сурет салу, ертегі құрастырып жазу. Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Бағалау парақшаларын тарату Парақшаларды толтырады
Кері байланыс