Ашык сабак ?ызы?ты математика


Білім саласы:«Таным», «Коммуникация».
Кіші сала:ҚМҰҚ,Сөйлеуді дамыту,Құрастыру.
Тақырыбы: Қызықты математика.
Мақсаты: Қарапайым математикалық ұғымдарын, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Көлік түрлерін ажырата атауға үйрету, машина - жерде жүреді,ұшақ - ұшады,кеме - жүзеді ұғымдарын қалыптастыру. Логикалық ойындары арқылы баланың, зейіні мен ойлау үрдісін дамыту.Балаларды адамгершілікке,достыққа тәрбиелеу.
Билингвалды компонент:
Самолет – ұшақ
Машина – жеңіл көлік
Каробль – кеме
Қолданылған көрнекі құралдар: ИҚТ,логикалық ойындар,аудио жазбалар,сергіту сәті,доп.
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балалар қонақтармен амандасамыз.
Жылаған дауыс естіледі.
Ой балалар қараңдаршы бұл кім жылап тұрған?
(Интерактивті тақтада)
Машаға не болды екен?
Сұрап білейікші?
Маша: Сәлем балалар!
Мені таныған боларсыңдар мен Машамын.Біз серуендеп жүріп, өзімнің досым аюдан адасып қалдым.Аюды іздеп тауып алғым келеді.Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Балалар дауысты естіп таң қалып, жан – жақтарына қарайды.

Бұл Маша мен аю ертегісіндегі Маша жылып тұрған.
Балалар Машашың айтқандарын мұқият тыңдап алып, біз саған көмектесеміз Маша.
Сен жылама деп жұбатады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Маша балалармен бірге аюды іздеуге шығады.Орманға келеді.
Сұрақ – жауап:
Ормандағы ағаштарқандай?
Балалар мұқият қараңдар, аюды іздеп тауып алуымыз керек.
Тауды көреміз.
Балалар мына биік таудан біз қалай өтеміз?
Логикалық ойын:Дұрыс айтасыңдар балалар.
Мынау ненің суреті?
Слайд:Ұшақ
(дыбысы қосылады)
Ұшақтың дауысы естіледі.
Балалар біз одан әрі қарай жүрейік.
Ұзын көлді көреді.
Ой балалар мынау не?
Ал біз мына өзеннен қалай өтеміз?
Бізге не қажет одан өту үшін?
Қайықты құрастыру.
(жалаушалардың түрін, түсін, санын )
Слайд:Қайық
(дыбысы қосылады)
Сергіту Сәті:
Қимылды жаттығулар.
Орманның ішінен шықтық, таудан ұшып өттік, өзеннен жүзіп өттік.Машада бізде шаршадық бізге одан әрі жүру керек.Енді не істейміз.
Дұрыс айтасыңдар балалар.Ендеше Конструкторлар арқылы машина құрастыру.
(қандай көлік түріне жататынын сұрау,пішіндер туралы )
Слайд:Машина
(дыбысы қосылады)
Ой балалар, қараңдар.Міне біздің іздеп жүрген аю досымыз.
Аю: салем балалар мені кешіріңдер.Мен адасып қалдым.Көп жүріп шаршадым.Сәл дем алуға жатып едім ұйықтап қалыппын.Сендерге көп рахмет.
Маша: Маған аюды іздеуге көмектескендеріңе сендерге көп рахмет.Мынау менің сендерге деген сыйлығым.Осындай ақылды,білімді балалар болып өсіңдер. Мынау қандай әдемі орман,құстардың даусы естіледі.Жап жасыл ағаштар мен шыршалар өсіп тұр.Құстар мен көбелектер ұшып ,әдемі гүлдер өсіп тұр.
жуан және жіңішке.
Балалар жан – жақтарына мұқият қарайды.
Тау шыныменде биік екен.
Бізге таудан өту үшін ұшақ қажет.
Ұшақтың суреті.Ол ауа көлігі.Ұшақпен адамдар алыс жаққа ұшады.
Балалар барлығы өз орындарына тұрып.
Бұл өзен.Өзенде балықтар өмір сүреді.Ал терең теңіздерде, мұхиттарда ауклалар, дельфиндер өмір сүреді.Балықтар өзенде жүзеді.
Кайық керек.
Балалар музыка арқылы әр түрлі жаттығулар жасайды.
Бізге машина қажет.
Әр түрлі пішіндерді қолдана отырып балалар машина жасайды.
Балалар аюды іздеп тапқандарына қатты қуанады.
Балалар Машашың берген сыйлығын алып қуанады.
Рефлексиялық-түзетушілік Доп арқылы тақырып бойынша сөйлем құрап қорытындылау.
Орманға келдік, жуан –жіңішке ағаштар көрдік. Биік –аласа таулар болды, көлік түрлерін көрдік, мысалы: ұшақ ұшады т.б
Бүгін біз Машаға көмектестік.
Біз орманға бардық.
Орманға Машаның досы Аюды іздеп бардық.
Ұшақ,кеме,машина
көлік түрлерін көрдік.
Ия, бізге өте қатты ұнады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:көлік түрлерін және олардың атауларын
Түсінеді: әр көліктің өз ерекшеліктерін машина – жүреді,ұшақ – ұшады, қайық - жүзеді
Қолданады:Воскобович ойындарын қолдана отырып балалардың логикалық ойлау қабілеттері дамыту және қолдана алады