Математика ашык сабак 2 класс


«Н.Островский атынды №4 Күршім орта мектебі» КММ
АУЫЗША ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ ТӘСІЛДЕРІН ҚАЙТАЛАУ. /ТЕҢДЕУДІ ШЕШУ/
/Математика пәні 2 «а» сынып/
Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі
Мажибаева Гульнар Токтаубековна

2016-2017 оқу жылы.
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Мақсаты:
Оқып үйренген қарапайым теңдеу түрлерін шешу.Санды теңдіктерді,санды теңсіздіктерді,сандық өрнектерді,әріпті өрнектерді анықтау.
Оқушылардың танымдылық қабілеттерін, зейіндерін,белсенділігін дамыту.
Ұйымшылдықпен,шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Типі: дәстүрлі емес.
Түрі: саяхат сабақ.
Көрнекілігі: кестелер,оқулық,интерактивті тақта,түрлі-түсті
магнит,суреттер.
Жаңа технология түрі: акт,дамыта оқыту технологиясы.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,талдау,жинақтау.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезең.
Психологиялық дайындық.
Балалар,қандай мереке келе жатыр?
Олай болса, биыл келе жатқан жаңа жылымыз қай жыл?/тауық/
Тауықтың баласын қалай айтамыз? /балапан/
Ендеше,бүгінгі сабақта біз «Балапан» телеарнасына саяхат жасаймыз.Ол үшін математикадан алған білімімізді ортаға саламыз.
Сендер білесіңдер біздің мемлекетіміз шығармашыл,дамыған ел болуға бет бұрған мемлекет.
Ендеше, «Балапан» телеарнасының да алға қойған мақсаты шығармашыл,ойлау дәрежесі биік, еңбексүйгіш балаларды тәрбиелеу.
Біз бүгінгі сабағымызда білім шыңының белестерінен өтеміз,ол үшін көптеген тапсырмалар орындаймыз.
Балалар,саяхатқа көңілді болып барғыларың келе ме?Онда «Ән салайық»
ІІ Жаңа сабақ.
Кіріспе
І белес «Кел ойнайық»
Мақсаты: Бағдарламаның ойыншылары-балалар.Балалар жарыса жүріп ойнай отырып, ойлау жұмыстарын жүргізу үстінде шыңдалады. /оқушы танымын кеңейту үшін ауызша сұрақтар қоямын/.
1.Бір аптада неше күн бар?
2.Бір сағатта неше минут бар?
3.Бір тәулікте неше сағат бар?
4.Бір ғасырда неше жыл бар?
5.Қосуды қай амалмен тексереміз?
6.Азайтуды қай амалмен тексереміз?
7.Қосудың қасиеттерін ата?
8.Көпбұрыштардың қабырғаларының қосындысын табуды қалай атаймыз?
ІІ белес «Ғажайыпстанға саяхат»
Оқулықпен жұмыс: №1Санды теңдіктерді,санды теңсіздіктерді,сандық өрнектерді,әріпті өрнектерді,теңдеулерді анықтап айтып беру.
Дәптермен жұмыс:анықтаған теңдеулерді шешу.
9+х =29 29-a=9 x-20=9 30+x=36
ІІІ белес «Ойлан тап»
Суреттегі фигураларды ата.Әр фигураның неше төбесі бар?Бұрыштары нешеу?Қабырғалары нешеу?Көпбұрыштың қабырғаларын құрайтын сызықты сынық сызықпен салыстыр.Қортынды жаса.
Сергіту сәті.
Мынау- менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау- менің оң қолым,
Мынау- менің сол қолым,
Барлық істі атқарған,
Мынау- басым ақылды,
Барлық істі басқарған.
ІV белес «Алақай,балақай»
Тақтамен жұмыс:
Есепті шығар.
Сызғыш – 55 теңге
Жай қарындаш -? одан 30 теңге арзан тұрады
Екі амалмен шығатындай етіп,есептің сұрағын өзгерт.Оны шығар.
V белес «Айжұлдыз»
Математикалық диктант /өрнекті жаз және оның мәнін тап/
8+(40-20)
a+(30-10) a=9
(60-50)+a a=7
(45-10)-5
(9+6)+a a=3
Жұптасып тексеру.
Қорытынды:
Балалар, біз қайда келдік?Дұрыс айтасыңдар «Балапан» арнасының шыршасына келдік.Біз білімдерімізбен білім шыңының белестеріне көтеріле отырып шыршаны безендірдік. /оқушылардың аттары жазылған түрлі- түсті магнитпен/
Үйге тапсырма: №5
Бағалау.