?ыс?а мерзімді саба? жоспары Суды? кермектігі ж?не оны жою жолдары (9 сынып)
САБАҚ:36 Судың кермектігі және оны жою жолдары
Күні: 21.01.2014 Мұғалімнің аты-жөні: Жандосова Қымбат Умирзаковна
СЫНЫП:
9 «А» Қатысқандар саны: 20 Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты Судың кермектігінің сырын ұғуға және оны жою жолдары туралы оқушыларда білім қалыптастыруға ықпал ету. Формула, реакция теңдеуін сауатты жаза білу біліктерін дамыту.Оқушылардың денсаулық мәселесіндегі функционалдық сауаттылығын дамыту. Экономикалық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар: Кермек су туралы біледі.Кермек судың түрлерін ажыратады. Оны жұмсартудың әдістерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Кермек суды жұмсартудың әдістерін реакция теңдеуі арқылы өрнектей алады, мәнін түсінеді.
Кейбір оқушылар: Кермек судың зиянды жағы мен пайдалы жағын жинақтап, кестеге толтыра алады. Тақырыптың құндылығына баға бере алады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Үй тапсырмасын тексерудегі берілген тапсырмалар арқылы жіберген қателерге түзетулер енгізе алады, логикалық сұрақтарға жауап беру үшін диалогқа түсе алады.
«Мұғалім- оқушы» әдісі арқылы тақырыпты өздері меңгереді.
«Кермек су» сөзіне кластер құрастыра алады.
Зиянды жағы мен пайдалы жағын көрсете алады.
Осы тақырып несімен құнды? деген сұраққа жауап бере алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:Кермектік, уақытша (карбонатты) кермектік, тұрақты (бейкарбонатты) кермектік сөздерінің мағынасын аша алады.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:Судың кермектілігі, оны жұмсарту тәсілдері. Пайдасы мен зияны.
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? Неліктен Неге жаңбыр суы жұмсақ, ал өзен суы кермек болып келеді? Өзен суына кальций мен магний тұздары қайдан келеді?
Жазылым бойынша ұсыныстар: формуланы
дұрыс жаза білу. Реакция теңдеуін сауатты жазу.
Алдыңғы оқу Кальций және оның қосылыстары
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелер жазыңыз) Бағалау Ресурстар
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті Сабақтың басталуы
1.Білім
Түсіну
8.00- 8.01
8.01- 8.05
8.05- 8.11
3.
Қызығушылықты ояту (мақсат қою кезеңі)
8.11 - 8.16
Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Мұғалім де өзінің көңіл күйін білдіретін смайликті көтереді.
1) «Қатені тап» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.
2) Логикалық сұрақтар береді. (әр топқа бір сұрақтан)
Бейнеролик көрсету. (Қақты кетірудің тұрмыстық химиялық өнімдері туралы)
Мұғалім: Сонымен барлығымыз бейнероликтен бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болатынын біліп отырмыз. Ең таза су қалай аталады? Оны ішуге болады ма? Жалпы судың дәміне қарай қалай бөлеміз? Қандай айырмашылығы бар? Сабақтыңтақырыбы (№1слайд)Мақсатын айқындап алады. Балалардың парталарында 3 смайликтан тұрады. Әркім өзінің көңіл күйін білдіретін смайликті көтереді.
Жеке жұмыс жүргізеді. Дұрыс жауап арқылы бірін бірі тексереді.
Топтық жұмыс. Сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты айқындап, мақсат қояды.
Дарынды оқушының дайындап келген тақырыпта жоқ керекті мәліметтер туралы презентациясын тыңдайды. Бірін бірі бағалайды.
Топтық жұмысқа қатысуы бағаланады0-3 ұпай Смайлик
тер
ИТ
Қима қағаз ИТ
Бейнеролик
Презентация
№1 слайд
Сабақтың ортасы
Қолдану
Талдау
8.16- 8.23
Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу
8.23- 8.31
8.31- 8.35
Тақырыпты «Мұғалім-оқушы» тәсілі арқылы түсінуді тапсырады. Қосымша ресурстар таратады.
1)«Кермек су» сөзіне кластер құрастыруға тапсырма береді. 1-4 жаттығудың сұрақтарын да қамтуды тапсырады.
2) «Т-кестесі» Тапсырма: Кермек судың зиянды жағы мен пайдалы жағын көрсетіңіздер.
«Мұғалім-оқушы» тәсілі арқылы жаңа сабақты жұппен меңгереді.
Қажетті мәліметтерді дәптерлеріне жазады.
«Кермек су» сөзіне кластер құрастырады. (топтық жұмыс)
Бір топ қана қорғайды, қалған топ айтылмаған мәлімет болса қосып отырады.
Кестені толтырады.
Оқулық
Қосымша ресурстар
Флипчарт
Маркер
ИТ
Сабақтың аяқталуы
Жинақтау
Бағалау
8.35- 8.42 «Өрмекшінің торы»
Бір топтың оқушылары шығып сабақтан түсінгендерін айтып шығады.
Бағалау парағымен таныстырады. Жіп
Кері байланыс
8.42-8.44
Рефлексия
Білдім
Мен оны қолданып көремін......
Қызықты болды.....
Мені таңғалдырды....
Қиын болғаны....
Сабақтан өмірге алғаным......
Мен мына тапсырманы орындадым.....
Менің қосарым.....
Кейінгі тапсырмалар
8.44- 8.45 §34. 153-154 бет. (оқу) «3»
(5-9) «4»
Қазақстанның өзен, көлдерінің кермектілігі туралы мәліметтер жинақтап келу. «5»
Қосымша ақпарат
Сабақтан соң мұғалім келесі сабақты кері байланыс арқылы жоспарлау мақсатында беріледі (анализ)
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуда да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алда (оқытуда да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Бағалау парағы
Максимум 3 ұпай
Барлығы 21 ұпай
Критерий
Аты-жөні Қатені тап Логикалық сұрақтар Мұғалім-оқушы Кластер Т-кестесі «Өрмекшінің торы» Қорытынды
Жиналған ұпай саны Баға
18-21 «5»
14-17 «4»
11-13 «3»
0-10 «2»
Критерий А- теориялық білімі
Ұпай Дескрипторлар (сипаты)
0 Төмендегі талаптардың ешқайсысы қамтылмаған
1 Теориялық білімі жоқтың қасы
2 Теориялық білімі жеткіліксіз
3 Теориялық білімі бар
Критерий В- логика
Ұпай Дескрипторлар (сипаты)
0 Төмендегі талаптардың ешқайсысы қамтылмаған
1 Оқушылар қарапайым сұрақ қоя алады, жауап беру кезінде қателеседі.
2 Оқушылар қарапайым сұрақ қоя алады, жауап беру кезінде қателеседі, болжау жасай алады, бірақ шешімнің негізгі дәлелдемесінде қателіктер жібереді.
3 Оқушылар қарапайым сұрақ қоя алады, болжау жасай алады, бірақ шешімнің негізгі дәлеледемесінде қателіктер жібереді және оны таба біледі. Немесе сұрақты негіздеп, дәлеледей алады.
Критерий С- қолдану
Ұпай Дескрипторлар (сипаты)
0 Төмендегі талаптардың ешқайсысы қамтылмаған
1 Оқушылар формулаларды біледі, оларды құрастыру кезінде қате жібереді
2 Оқушылар формулаларды біледі, оларды құрастыра алады, формулалар арқылы реакция теңдеуін жаза алады, бірақ реакция теңдеуінде, есеп шығару кезінде қателіктер жібереді.
3 Оқушылар формулаларды біледі, оларды құрастыра алады, формулалар арқылы реакция теңдеуін жаза алады.