Суды? кермектігі ж?не оны жою жолдары ?МЖ
«Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі» КММ-нің химия пәнінің
мұғалімі Алтыбаева Мадина Бөрібайқызы
САБАҚ:36 Судың кермектігі және оны жою жолдары
Күні: 19.01.2014 Мұғалімнің аты-жөні: Алтыбаева Мадина Бөрібайқызы
СЫНЫП: 9
Сабаққа негізделген оқу мақсаты Судың кермектігінің сырын ұғуға және оны жою жолдары туралы оқушыларда білім қалыптастыруға ықпал ету. Формула, реакция теңдеуін сауатты жаза білу біліктерін дамыту.Оқушылардың денсаулық мәселесіндегі функционалдық сауаттылығын дамыту. Экономикалық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар: Кермек су туралы біледі.Кермек судың түрлерін ажыратады. Оны жұмсартудың әдістерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Кермек суды жұмсартудың әдістерін реакция теңдеуі арқылы өрнектей алады, мәнін түсінеді.
Кейбір оқушылар: Кермек судың зиянды жағы мен пайдалы жағын жинақтап, кестеге толтыра алады. Тақырыптың құндылығына баға бере алады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
Үй тапсырмасын тексерудегі берілген тапсырмалар арқылы жіберген қателерге түзетулер енгізе алады, логикалық сұрақтарға жауап беру үшін диалогқа түсе алады.
«Мұғалім- оқушы» әдісі арқылы тақырыпты өздері меңгереді.
«Кермек су» сөзіне кластер құрастыра алады.
Зиянды жағы мен пайдалы жағын көрсете алады.
Осы тақырып несімен құнды? деген сұраққа жауап бере алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:Кермектік, уақытша (карбонатты) кермектік, тұрақты (бейкарбонатты) кермектік сөздерінің мағынасын аша алады.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:Судың кермектілігі, оны жұмсарту тәсілдері. Пайдасы мен зияны.
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? Неліктен Неге жаңбыр суы жұмсақ, ал өзен суы кермек болып келеді? Өзен суына кальций мен магний тұздары қайдан келеді?
Жазылым бойынша ұсыныстар: формуланы
дұрыс жаза білу. Реакция теңдеуін сауатты жазу.
Алдыңғы оқу Кальций және оның қосылыстары
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелер жазыңыз)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті
Сабақтың басталуы
Үй жұмысын тексеру
Қызығушылықты ояту (мақсат қою кезеңі)
Топтық жұмыс:
Бекіту кезеңі:
1.Термин сөздермен жұмыс
2.Жұптық жұмыс
3. зерттеу жұмысы (деңгейлік тапсырмалар) Жағымды психологиялық ахуал туғызу. «Сен сондай ... жансың» деп гүл сыйлау . Көп нүктенің орнына сыныптасының аты басталатын әріптен сын есім айту
Үй тасырмасын тексеру:
1.Кальцийдің ПЖ орны. Атом құрылысы
2. Металл күйіндегі кальций ауада қалса біртіндеп ақ түсті ұнтаққа айналады. Жүретін химиялық реакция теңдеуін жаз.
3. Әк суы кальцийдің қандай қосылысы. Оны зертханада қандай мақсатта қолданады.
4. Кальций тұздарының құрылыстағы маңызы
5.Кальций қандай азық түліктердің құрамында бар?
6. Адам ағзасына кальций жетіспеген жағдайда қандай ауруға ұшырайды.
Жаңа сабақ.
Калгон, фильтр, сода суреттерін көрсету.
Мұғалім: Бұл заттар тұрмыста қандай мақсатта қолданылады?
Оқушы: Тұрмыстық техникалық заттарда қақты болдырмау үшін және суды жұмсарту үшін қолданады.
Мұғалім: Қақ неге пайда болады? Деген сұрақ туындайды.
Қалай ойлайсыңдар мынадай үш судың қайсысынан қақ пайда болады? Неге? 1- жаңбыр суы; 2- кран суы; 3-дистильденген су
Оқушы: Кран суы
Мұғалім: Бүгінгі сабақтың тақырыбы, осындай қақ түзілетін су – кермек су туралы болады. Біз кермектік түрлері, суды жұмсарту жолдары туралы білетін боламыз.
Судың кермектігі кальций мен магний иондарының әсерінен пайда болады.
Кермектік түрлері және оны жою жолдары туралы білімді оқушылар топта талқылайды. Топтарға сабақ басында алған гүл түстері бойынша бөлінеді.
1-топ: Уақытша кермектік және оны жою жолдары.
2-топ: Тұрақты кермектік, және оны жою жолдары
3-топ: Уақытша кермектіктің тұрақты кермектіктен айырмашылығы (Венн диаграммасы)
4-топ: Т кестесі (кермек судың пайдасы мен зияны)
Бекіту кезеңі: Кір жаятын жіп – тақырып бойынша танысқан жаңа сөздерді жазып, оған түсінік береді.
Жұптық жұмыс:
1-жұп: Стикерлерге кальций және магний гидрокарбонатының формулалары жазылады.
2-жұп: Стикерге Кальций сульфаты мен магний хлориді жазылған формулалар жазылады.
3-жұп: Кермек суды жұмсарту үшін, мына заттардың қайсысын қолданады.
4-жұп:Кермек суда болатын иондарды таңда
А5, В6 заттардың атын атаңдар.
А5, В6, молекулалық массасын есептеңдер
2 тапсырма
А5 пен B6, айырылғанда жүретін реакция теңдеуін жаз
3 тапсырма
8г Б1 мен Д3 әрекеттескенде түзілетін тұздың массасы қанша
А Б В Г Д Е Ж
1 НСІ СаО Мд NаОН СиО СиSО4 HNO2
2 Na2O Fe(OH)2 Al2O3 H2O Na C P2O5
3 Fe AgNO2 Cu(OH)2 P CО2 H2SiO3 Cl2
4 CuCl2 Ca NaCl CaCO3 H2 ZnO Cu
5 Са(НСО3)2 K2S S Zn Na2SO4 O2 Al(OH)3
6 N H3PO4 Мg(HCO3)2 FeO H2CO3 Na3PO4 Na2CO3
7 Mg(NO3)2 MgO H2S H3SO4 BaCl2 KOH Fe2O3
8 Zn(OH2) Si Ca(OH)2 Mg(OH)2 S NaAlO2 H2SO3
Балалар бір біріне жақсы көңіл күй сыйлайды
Жеке жұмыс жүргізеді. Дұрыс жауап арқылы бірін бірі тексереді.
Топтық жұмыс. Сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты айқындап, мақсат қояды.
Топ мүшелері постерге кесте толтырып, қорғайды.
Сабақта алған жаңа мәліметтерді жіпке іледі
Бағалау Оқушылардың жинаған балдары бойынша баға қойылады алады. «5»-7дұрыс сұрақ
«4»-5-6дұрыс сұрақ
«3»- 3-4дұрыс сұрақ
«2»-1-2дұрыс сұрақ
Кері байланыс
Рефлексия
Білдім
Мен оны қолданып көремін......
Қызықты болды.....
Мені таңғалдырды....
Қиын болғаны....
Сабақтан өмірге алғаным......
Менің қосарым.....
Кейінгі тапсырмалар
§34. 153-154 бет. (оқу) «3»
(5-9) «4»
Қазақстанның өзен, көлдерінің кермектілігі туралы мәліметтер жинақтап келу. «5»
Сабақта жеке, жұптық және топтық жұмыстар жүргізілді. Үй жұмысы «Интервью» әдісі арқылы сұралды. Жаңа сабақтың тақырыбы тұрмыспен байланысты болды. Тұрмыста қолданылатын жуғыш заттарды қолдану мақсаттары айқындалып, жаңа сабақ тақырыбы мен ақсаты айқындалды. Топтық жұмыс негізінде оқушылар гүлдердің түсі бойынша топтастырылып, берілген тақырыпшаларды «Семантикалық картаға» түсірді және жазбаларын қорғады. Сабаұты қорытындылау үшін жұптық жұмыс негізінде «Маңдайдағы жазу», «сәйкестендіру» тапсырмалары берілді. Жаңа термин сөздер «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы тексерілді.оқушылардың білімдері «Деңгейлік тапсырмалар» арқылы тексерілді. Кері байланыс 2 жұлдыз, бір тілек арқылы алынды.