Азот. Азотты? периодты? ж?йедегі орны ж?не ?асиеттері.
Сабақтың тақырыбы: Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – Оқушыларға азот элементі жайлы жан-жақты жаңа ғылыми тұрғыдан жаңа білім қалыптастыру;
2. Дамытушылық – Оқушылардың ойлау қабілеттерін, өз пікірін қорыта айта білу қабілеттерін барынша дамыту;
3. Тәрбиелік – Оқушыларға патриоттық сезім туралы ақпарат беріп, Отанын және оқу ошағын құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ: өтілген тақырып бойынша сабақ айту және жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың өтілу әдісі: Түсіндірмелі, әрі сұрақ-жауап түрінде.
Сабақта қолданылған технология: Сатылай кешенді талдау.
Қажетті көрнекіліктер: Оқулық және әр түрлі химиялық плакаттар, т.б.
Пәнаралық байланыс:
Физикамен Азоттың физикалық қасиеттері
Биологиямен Азот бактерияларының қызметі, өсімдіктердің топырақтан азотты нитрат және аммоний тұздары түрінде сіңіруі әрі азот белоктың құрамына енеді
Ауыл шаруашылығымен Азот тыңайтқыштарының әсерінен өнімдердің түсімінің артуы
Философиямен «Белоксыз тіршілік жоқ, азотсыз белок жоқ»
Күтілетін нәтиже: Оқушылар азоттың периодтағы орны, атом құралысы, табиғатта таралуы, биологиялық маңызы, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы туралы нақты білім меңгеріп шығады.
Сабақтың барысы:
І) Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ) Үй жұмысын тексеру кезеңі: Оқушылардан §13-ті сұраймын және дәптерлерінен 8-9 жаттығуларды тексеремін.
ІІІ) Үй жұмысын қорытындылау кезеңі: Тақырып бойынша жалпылама сұрақтар легі қойылады.
ІV) Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: Азот ІІ периодта, V топтың негізгі топшасында орналасқан. Азоттан басқа ол топшаны, фосфор Р, мышьяк Аs, сурьма Sb және висмут Вi элементтері құрайды. Бұл элементтердің ең сыртқы энергетикалық деңгейшесінде бес электрон бар. Мысалы, азоттың атомында электрондардың орналасуы:
+7N )2е- )5е-.
Электрондық формуласы: 1s22s22р3.
1s 2s 2р
388620096520↑
00↑
342900096520↑
00↑
297180096520↑
00↑
240030096520↑↓
00↑↓
182880096520↑↓
00↑↓
Графиктік формуласы:
Азот атомы жетпей тұрған үш электронды қосып алып, -3 тотығу дәрежесін көрсетеді. Ең жоғары тотығу дәрежесі +5. Бос күйінде азот екі атомнан тұратын N2 жай зат түзеді. Оның молекуласының құрылымы:
. .
: N : : N : немесе N ≡ N
Азот топшасында азоттан бастап висмутқа қарай атомның мөлшері өседі, тотықсыздандырғыштық қасиеті артады да тотықтырғыш қасиет кемиді. V топтың негізгі топшасындағы элементтердің ұшқыш сутекті қосылыстары ковалентті полюсті байланыс түзеді, оның жалпы формуласы – RН3, оттекпен түзетін оксидтері R2О5-ке сәйкес. Азотты алғаш рет ағылшын химигі Э.Резерфорд сипаттаған. 1772 ж. азоттың ресми ашылған жылы болып есептеледі.
Табиғатта таралуы. Азот табиғатта бос күйінде ауаның негізгі құрам бөлігі, көлемі бойынша – 78,1%. Қосылыс күйінде азот тұздары: мысалы, селитралары NaNO3, КNO3 түрінде және белокты заттар шірігенде пайда болатын өнім – аммиак NН3 түрінде кездеседі. Азот органикалық қосылыс ретінде барлық тірі организм құрамында болады. Мысалы, ол белокты заттар (протеин, протеидтер), нуклеин қышқылы құрамында және зат алмасу өнімі – карбамид пен зәр қышқылында бар.
Азоттың физикалық қасиеттері. Таза азот – түссіз, иіссіз газ. Қалыпты жағдайда азот ауадан сәл жеңіл, осы қасиетіне байланысты азотты автокөлік дөңгелектерін толтыру үшін кеңінен қолданылады. Бірақ ауаға қарағанда қымбат болады. 1 л N2 газдың массасы 1,25 г. -1950С-та қайнайды, -2100С-та қатады.
Азоттың химиялық қасиеттері. Азот молекуласы өте берік болуына байланысты реакцияға түсу қабілеті төмен, химиялық енжар.
1. Бөлме температурасында азот тек металл литиймен ғана тікелей әрекеттеседі:
0 0 +1 -3
N2 + 6Li = Li3N
литий нитриді
2. Қыздырғанда басқа металдармен де осылайша әрекеттеседі:
0 0 +2 -3
N2 + 3Са = Са3N2
кальций нитриді
3. Жоғары температура мен қысымда, өршіткі (катализатор) қатысында азот сутекпен тікелей әрекеттесіп аммиак түзіледі:
N2 + 3Н2 = 2NН3 + 92 кДж
4. Азот оттекпен электр ұшқыны кезінде, 30000С температурада әрекеттеседі:
N2 + О2 = 2NО - Q
Табиғатта бұл реакция найзағай жарқылдағанда жүреді.
Қолданылуы. Азот негізінен аммиак алуға, одан әрі азот қышқылы және азот тыңайтқыштарын алу үшін қолданылады. азотты салғырт (инертті) атмосфералық орта жасау үшін де пайдаланады. Сұйық азот салқындатқыш жүйелер саласында кеңінен қолданылады.
V) Жаңа сабақты бекіту кезеңі: Ол үшін оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:
1. Азоттың периодтағы орнына сипаттама беріңіздер.
2. Азоттың табиғаттағы таралуы жайлы не білесіз?
3. Оның биологиялық маңызы қандай?
4. Азоттың физикалық қасиеттерін айтып беріңіздер.
5. Азоттың химиялық қасиеттері қандай? Және мысалдар келтіріңіздер.
6. Жалпы азот қай жерлерде қолданылады?
VІ) Сергіту сәті кезеңі: Оқушыларды екі топқа бөліп: біріншісіне азоттың пайдасы, ал екіншісіне азоттың зияны жайлы пікір айтуды тапсырамын.
VІІ) Сабақты қорытындылау кезеңі: Негізінен алғанда, сабақты қорыту үшін 1-5 жаттығулар орындалады.
VІІІ) Үй тапсырмасын беру кезеңі:. Азот. Азоттың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері тақырыбын оқу, 6-жаттығуды жұмыс дәптеріне орындау.
ІХ) Бағалау саясаты: Үй тапсырмасын толық орындаған, тақырып бойынша түсінік айтқан, әр түрлі сұрақтарға жауап берген және сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылар тиісінше бағаланады.