Ашы? саба? та?ырыбы: Алкандар. Алкандарды? ??рылысы, алкандарды? таби?атта кездесуі мен алынуы ж?не ?асиеттері
Сабақтың өтілетін мерзімі:____________________ Топ:______________
Сабақтың тақырыбы: Алкандар. Алкандардың құрылысы, алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы және қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
а) Біліктілік: метан қатары көмірсутектерінің жалпы формуласы, анықтамасы, гомологтық қатары, гомологтық айырымы, радикалдар, түрлері,изомерлердің формуласын құрастыру ережесімен танысады және көмірсутектердің халықаралық атауларына сәйкес формула құруды үйрету.
ә) Дамытушылық:оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; әр оқушының білімін, ұжымдық қабілетін ояту; еске сақтауын, ой-өрісін дамыту; «үйлестірме кесте» жасай білуге баули отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдаландыру, танымдылық белсенділігін арттыру.
б) Тәрбиелік: көпшіл, ұйымшыл болуға баулу; ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу; білім деңгейіне қарамай серігін, көршісін қадірлей білуге; әр оқушының қабілетін дамытып; еңбек етуге баулу; кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың міндеттері:
а) өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды.
ә) ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру, жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Көрнекілігі: тест сұрақтары, тараптама материалдар (сұрақ-жауап)
Пәнаралық байланыс: биология,география, тарих, қазақ әдебиеті.
Сабақтың типтері: жаңа сабақты меңгерту.
Ұзтаз ұстанымы: сабақта барлық оқушылардың қамтылуы.
Оқушы ұстанымы: ынта, жігер,шынайылық.
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру (2 минут)
2. Үй тапсырмасы (10 минут)
3. Өткен тақырыпты қайта қайталап карточкамен жұмыстану (5 минут)
4. Пысықтау (20 минут)
5. Қорытындылау (5 минут)
6. Рефлекция
7. Бағалау (2 минут)
8. Үйге тапсырма (1 минут)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу
2.Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.
3.Кезекші мәлімдемесін тыңдау.
4.Журнал бойынша түгелдеу.
5.Оқу құралдарын түгелдеу.
6.Тәртіпке шақырып, оқушылардың сабақ бастауға көңіл күйі, оқушы назарын сабаққа толық аудару.
7.Сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту..
8.Жаңа сабаққа дайындық.
9.Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
10.Сабақ жоспарымен таныстыру.
ІІ. Үйтапсырмасын сұрау кезеңі.
Өткен сабақтарда өтілген «Алкандар. Алкандардың құрылысы, алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы және қасиеттері» тақырыбы бойынша сұрақ –жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты меңгергендерін сұрап білемін.
І-тапсырма. Сұрақ-жауап.
Көмірсутектілердің жіктелуі.
Қаныққан көмірсутектерге нелер жатады?
Қанықпаған көмірсутерлерге нелер жатады?
Алкандар дегеніміз не? Оның жалпы формуласы қандай?
Гомологтар дегеніміз не?
Гомологтық айырым дегеніміз не?
Алкандардың бірінші мүшесін атаңыз?
Алкандар табиғатта қалай түзіледі және қайда кездеседі?
Алкандардың физикалық қасиеттерін сипаттаңдар?
Алкандардың жеке өкілдері және олардың қолданылуы?
Молекулалық формулалары келтірілген қосылыстардыңішінен:С2Н6, С3Н8,С8Н10,С6Н6,СН2СІ2 СНСІ3, С4 Н10,С8Н16,С9Н20 , СН3ОН алкандардың формулаларын теріп жазып, оларды атаңдар.
ІІ-тапсырма.Кесте толтыру.
Алкандардың радикалдары қалай түзілетінін түсіндіріп, келтірілген кестені толтырыңдар:
Алкандар
Жалпы формуласы:
Радикалдар
Жалпы формуласы:
Молекулалық формуласы Атауы Молекулалық формуласы Атауы
1. 1. 2. 2. 3. 3. 4. 4. 5. 5. 6. 6. 7. 7. 8. 8. 9. 9. 10. 10. ІІІ. Өткен тақырыпты кері түсіндіріп тапсырмалар орындау кезеңі .Сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыру. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларды «Алкандар. Алкандардың изомерлері мен атаулары» тақырыбы жайлы түсіндіремін.Алкандар — молекула құрамындағыкөміртек атомдары өзара тек дара σ-байланыстар арқылы байланысқан жалпы формуласы CnH2n+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер.Алкандардың молекуласындағы әр көміртек атомының барлық төрт валенттігі толығымен, яғни шетіне дейін сутек және көміртек атомдарымен қаныққан. Сондықтан алкандар қаныққан (шектелген) көмірсутектерге жатады.Алкандарды бірінші мүшесіметан болғандықтан, метан қатарының көмірсутектері немесе парафиндер деп те атайды.Енді метанның мысалында алкандардың жалпы формуласын пайдаланып есептеу жүргізейік. Жалпы формуладағы CnH2n+2, n — көміртек атомының санын көрсететін бүтін сандар. Көміртек атомының саны бірге тең болғанда (n= 1), сутек атомының саны 2n+2 =2∙1+2 = 4 болады да, ең қарапайым органикалық қосылыс, қаныққан көмірсутек—метанның молекулалық формуласы СН4 шығады.Көмірсутек молекуласындағы көміртек атомдарының саны екіге тең болғанда (n= 2), алкандардың екінші мүшесі — этанның формуласын С2Н6 табамыз. Осылай алкандардың келесі екілдері: үшінші көмірсутек — пропанның С3Н8, төртінші — бутанның С4Н10 және т.б. басқа алкандардың формулалары анықталады. Яғни, жалпы формуланы CnH2n+2, пайдаланып, алкандар қатарының кез келген мүшесінің формуласын құрастыруға болады.Алкандардың алғашқы мүшесі метан СН4 мен келесі мүшесі этанның С2Н6 молекулалық құрамын салыстырсақ, бір-бірінен СН2 тобына айырмашылығы бар екенін табамыз. Осы сияқты, этан С2Н6 мен пропанның С3Н8, пропан С3Н8 мен бутанның С4Н10, яғни әр келесі көмірсутектің молекулалық құрамы өзінің алдындағы көмірсутектен СН2 тобына өзгеретіндігін байқауға боладыЖалпы формулалары бірдей, химиялыққасиеттері ұқсас, ал құрамдары бір немесе бірнеше СН2 тобына өзгеріп отыратын заттар гомологтар деп аталады (гр.homologos —ұқсас). Гомологтарды салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне қарай орналастырса, гомологтық қатар түзіледі. СН2 гомологтық айырым деп аталады.
IV. Өткен тақырыпты пысықтау
Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау мақсатында әр түрлі әдістер қолдануға болады.Оның негізгілері: мысалы сұрақ – жауаптар, тест сұрақтарын беруге болады. Міне, осылайша өткен тақырыпты кері түсіндіріп болған соң жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар беремін.
Кесте толтыру
Органикалық химияда формулалардың бірнеше түрі пайдаланады. Сәйкес бағаналарға ататалған алкандардың формулаларын жазып кестені толтырыңдар:
Алканның атауы Формуласы
Молекулалық Электрондық Құрылым
Метан Этан Пропан Төмендегі кестені толтырыңдар алкандардың молекулалық массасын табу:
Алканның молекулалық формуласы Салыстырмалы молекулалық массасы
СН4 12+1*4=16
С2Н6 С3Н8 С4Н10 С5Н12 С6Н14 С7Н16 С8Н18 С9Н20 С10Н22 Берілген заттардың атаулары бойынша құрылым формулаларын жазыңдар:
а) н-гексан,
ә) 2-метилбутан,
б) 2,3 –диметилпентан,
в) 2,2-диметилбутан,
г) 2,4 – диметилгексан,
д) 2,2,3 – триметилбутан,
е) 3 – метил – 3этилгексан,
ж) 2,3,3,4 – тетраметилпентан,
з) н – октан
и) 2,2 – диметил – 3,3 – диэтилоктан.
V. Қорытындылау кезеңі.
Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға тест сұрақтарын беремін.
Төменде келтірілген формулалар ішіндегі қаныққан көмірсутек?А)С4 H9 В)C3 H8 С)C5 H11
Құрамында 20 сутек атомы болатын, қаныққан көмітсутекте көміртек атомдарының саны А) 8 В) 9 С) 10
Алканнын жалпы формуласы қандай?
А) СnH2n+2
В) СnH2n-2
С) СnH2n
4. Алканнын бірінші мүшесі атаңыз?
А) СН4
В) С2Н6
С) С3Н8
Д) С4Н10
5. Түссіз, иіссіз, ауадан екі еседей жеңіл, жанғыш зат. суда нашар ериді? (метан)
6. Қаныққан көмірсутектерге нелер жатады? (алкандар және циклоалкандар)
7. Қанықпаған көмірсутектерге нелер жатады? (алкендер, алкадиендер және алкиндер)
8. Алкилдын жалпы формуласы қандай?
А) СnH2n+2
В) СnH2n+1
С) СnH2n
9. СН3 - СН - СН3
|
СН3 атауын табыңыз
10. СН3 - СН - СН - СН3
| |
СН3 С2Н5 атауын табыныз
V. Рефлекция
VII. Оқушылырдың білімін бағалау кезеңі.
Сабақта сұраққа мәнді дң мағыналы жауап берген, қосымша сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларға бағалау.
VIII. Үй тапсырмасын беру кезеңі.
Параграф 2.1, 2.2, 2.3. Есептер жинағынан тапсырмалар
1. Шығымы 86 % болса, 30 г көміртектен алынатын метанның көлемі (қ.ж)?
2. Массасы 60 г этан жанғанда түзілетін көміртек (IV) оксидінің зат мөлшері?
3. Егер жағуға 246,4л оттек жұмсалған болса, жанған пропанның (қ.ж) көлемі (л)?