«Математикалы? Бинго» интеллектуалды? ойыны


Тақырыбы: «Математикалық Бинго» интеллектуалдық ойыны
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген сынып, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер.
Типі: «Бинго» ойыны түрінде
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Математикалық Бинго» ойынына қош келдіңіздер!
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасы мен таныс болайық.
1. __________________________________
2. __________________________________
3.__________________________________
Бүгінгі кештің жоспарымен таныс болайық:
«Математикалық Бинго» интеллектуалдық ойынымыз 5 кезеңнен тұрады.
1. Іріктеу кезеңі (менің қойған сұрақтарыма қолдарыңыздағы номерленген жетондарды көтеру арқылы дұрыс жауап беріп, қатысушы оқушылар Бинго билеттерін сатып алу қажет.)
1-тур.2-тур.3-тур.
2. Логикалық сұрақтар (Бұл кезеңде интерактивті тақтадағы қобдишадан цифрланған жетондарды алу арқылы қойылатын 1-ші блогтағы сұрақтың номерін анықтап береді, сол сұраққа дұрыс жауап берген ойыншымыз билеттегі цифрларды қоршайды, кім көп сұраққа жауап берсе сол осы турдың жеңімпазы.)
3. «Сандар әлемі» мақал – мәтелдер жарысы (Бұл кезеңде де интерактивті тақтадағы қобдишадан кездейсоқ номерленген жетондарды алу арқылы қойылатын 2-ші блогтағы сұрақтың номерін анықтап береді)
4. «Математикалық жекпе – жек» (Бұл кезеңде де интерактивті тақтадағы қобдишадан кездейсоқ номерленген жетондарды алу арқылы қойылатын 3-ші блогтағы сұрақтың номерін анықтап береді)
5. «Көрермендермен ойын» (Әділқазы мүшелері номерленген жетондарды қоржыннан алу арқылы көрермендердің қолындағы жетондармен сәкес адамды ортаға шақырамыз. Ол ойыншы кубикті лақтыру арқылы өзіне сұрақ таңдап алады егер сұраққа жауап берсе, сол сыйлықты иемденеді.
- Олай болса іріктеу кезеңімізді бастаймыз.
Іріктеу сұрақтары:
1.Шеңбер нүктесін центрімен қосатын кесінді? (Радиус)
2. Сәуленің ұшы бола ма? (ия)
3. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш? (шаршы)
4. Тік бұрыштан кіші бұрыш? (Сүйір)
5. Қосудың теңдігі ? (қосынды)
6. Ең кіші 3 таңбалы сан? (100)
7. Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз)
8. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
9. Метрде қанша сантиметр бар? (100)
10. Ең кіші жай сан? (2)
11. Бір жылда неше тәулік бар? (365)
12. Кесінді тұйықталған ба? (ия)
13. Берілген фигуралардың қабырғаларының қосындысы? (периметр)
14. Дөңгелектің ең үлкен хордасы? (диаметр)
15. Азайтудың теңдігі? (азайтынды)
16. Қай санды бөлуге болмайды? (0)
17. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
18. шеңберді сызатын құрал? (циркуль)
19. 1 кг да қанша грамм бар? (1000)
20. Ең кіші натурал сан? (1)
1-тур: Логикалық сұрақтар:
Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды, әр қайсысына алты алмадан тиді. Бұл қалай болғаны? (1 АТА, 2 ӘКЕ, 4 БАЛА)
Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1)
Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3)
Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды? (ТІКБҰРЫШ)
Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6)
Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1/8 бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы неше кг тартады? (125 КГ)
«Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 САҒАТ, 43 МИНУТ)
Автобустан түсу үшін не істеу керек (АВТОБУСҚА МІНУ КЕРЕК)
2адам шахмат ойнап отыр екеуі 2сағат ойланды. Енді сұрақ 1ші адам қанша сағат ойланды? 2ші адам қанша сағат ойланды  (2-ДЕ 2 САҒАТ)
Сен қараңғы бөлмеге кірдің бірінші май шамды жағасың ба? керосин майды жағасын ба? (СІРІҢКЕ)
Көшеде екі папасы, екі баласы, бір атасы мен немерсі кетіп бара жатыр көшеде қанша адам кетіп бара жатыр ??? (3 АДАМ)
Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі — екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің баласы емес. Сонда кімі болғаны? (ӘКЕСІ МЕН ҚЫЗЫ)
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай)
1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см, ал бүйір қабырғасы табанынан 2 см ұзын. Бүйір қабырғасын табыңдар.
АВСД параллелограмның периметрі 81см, ал АС = 30см. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.
Егер А = 420 болса, онда АВСД параллелограмының бұрыштарын табыңдар.
Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)
Бұрышты тең екі бөлік кебөлінетін сәуле. (биссектриса)
Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)
180-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)
Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)
2-тур «Сандар әлемі» мақал – мәтелдер жарысы
Білікті бірді жығар....... (Білімді 1000 жығар)
Жаздың бір күні ..... (қыстың 1000 күні)
Дұшпаннан бір сақтан.... (жаман достан 1000 сақтан)
Білгенің бір тоғыз... (білмегенің 99 )
30 тістен шыққан сөз .... (30 рулы елге тарар)
40 кісі бір жақ.... (қыңыр кісі бір жақ)
Жеті жұрттың тілін біл.... (жеті түрлі білім біл)
Жеті рет өлшеп..... (бір рет кес)
2 жақсы қас болмас..... (2 жаман дос болмас)
7 атасын білмеген ..... (жетесіз)
5 бармақ жұмылса .... ( жұдырық болады)
Бір кісі қазған құдықтан.... (1000 кісі су ішеді)
3 тур «Математикалық жекпе – жек»
Бос орынды толтыр:
(15m-…)2=225m2+12n3m+0.16n6Жауабы: 0,4n3Теңдеуді шеш:
6x+12+2x-1x2+x+1-2x+13=26Жауабы:4
79*75712Жауабы:49
Ықшамда
x2-10x+21x2-9=x+7x+3x-3x+3=x+7x-3Тиімді тәсілмен есептеңдер.


6. Мына суреттегі 7 дөңгелекке 1,2,3,4,5,6,7 сандарын орналастыр. Бір сан екі рет қайталанбасын.Сонда түзулер бойындағы үш дөңгелектегі сандардың қосындысы барлық бағытта болу керек.




7. Сұрақтың орнына жасырылған санды табу керек

«Көрермендермен ойын»
1. Бір айда бес жексенбі бола ала ма? (иә, мысалы,1,8,15,22,29-шы).
2.Шешесі 39 жаста, қызы 5 жаста.Неше жылдан кейін шешесінің жасы, қызының жасынан үш есе артық болады? (12 жылдан кейін)
3.Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар.Олардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша аяқ болады? (20)
Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады. Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

№5 орта мектебі
Тақырыбы: «Математикалық Бинго» интеллектуалдық ойыны
Мұғалімі: Аблизеева А
Класс: 9 «б»

2015-2016 оқу жылы