Поурочный план по экономики шы?ындар (8 класс)


Пән: Қаржы сауаттылығы және экономика негіздері
Сынып: 8А Сабақ: 25 Күні: 9.03

Тақырыбы: Шығындар
Сабақтың мақсаты: Кәсіпорынның қаражатын тиімді жұмсауда шығындарды реттеу маңыздылығын түсіндіру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Шығындар, оның экономикалық мәні, түрлері, басқару жолдары туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық дамуының заңдылығымен таныстыра отырып, дағды қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қаржылық сауаттылықтарын көтере отырып, экономикалыө мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәріс
Сабақты ұйымдастыру әдісі: сыныптық
Көрнекілігі: схема
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Жобалаудың экономикадағы ролі
Жобалаудың әдісі
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Кәсіпорын шығындары түсінігі
Өндірістің тиімділігін анықтайтын шығындар
Шығындардың түрлері
1) Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Өндіріс шығындарының классификациясы
Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
Айқын шығындар - шикізат, материалдарға, жолдамалы еңбеккерлердің жалақысына және т.б. кеткен ақшалай шығындар.
Айқынсыз шығындар - кәсіп-орын иесінің өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларларын пайдаланғандағы шығындар.


Бухгалтерлік шығындар
Экономикалық шығындар

2) Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:
Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелуі:
орташа тұрақты шығындар;
орташа өзгермелі шығындар;
орташа жалпы шығындар.
Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:
Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.
Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.
Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нолдік жағдайда болады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.
Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар МС есептеледі.
Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.
Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.
Тұрақты (ҒС) шығындар - фирма өнім өндірмеген жағдайда да төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)
МС= ТС, мұнда: МС-шекті шығындар,
Q Q = өндірілген өнім саны.
3. АС = ТС ,
Q АС – орташа жалпы шығындар.

АҒС = ҒС . АҒС- орташа тұрақты шығындар.
Q
АVС = VС АVС – орташа өзгермелі шығындар.
Q
3) Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.
Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.
Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.
Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.
Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:

Өзгермелі шығындар (ҮС) – олар өндірілген өнім көлем өзгерген сайын өзгеріп отырады.
Тұрақты шығындар (ҒС) – бұл шығындар өндірілген өнім көлемінің өзгеруінен тәуелсіз өзгермейтін шығындар.

V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Өндірістің шығынын не себептен есептеу қажет?
2. Шығындардың түрлері қандай?
3. Шығындардың классификациясы.
V. Үй тапсырмасын беру. Қосымша материалдар қарастыру.
VI. Бағалау.