Математика ше?бер ж?не д??гелек 4 сынып


Математика (4 «А»сынып)
Жұмахметова Гүлбаршын Бақтыгерейқызы
Атырау қаласы,
№5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек. Радиус және диаметр. Сабақтың мақсаты:
Білімділік:«радиус» және «диаметр» туралы түсініктерін қалыптастыру,берілген радиусы және диаметрі бойынша шеңбер сызуды үйрету, өтілген есептеу тәсілдерін бекіту, есеп шығару дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: есептерді әртүрлі тәсілмен шығару, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Отанын сүюге,адамгершілікке баулу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, топпен практикалық жұмыс, оқулықпен жұмыс. Көрнекілік: кесте, тақта, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сабаққа қажетті құралдарын тексеру.
- Психологиялық дайындық.
ІІ. Жаңа сабаққа мақсат қою.
- «Радиус» және «диаметр» туралы түсініктерін қалыптастыру, берілген радиусы және диаметрі бойынша шеңбер сызуды үйрету;
- Өтілген есептеу тәсілдерін бекіту, есеп шығару дағдыларын жетілдіру. .
ІІІ.Жаңа сабақ.
Ауызша есептеуді әртүрлі формада жүргізуге болады. Ауызша есептеудің мысалдарын жазу үшін, дөңгелектер мен шеңберлерді пайдалану. Бұрынғы білімді еске түсіру керек. Шеңбер – дөңгелектің шекарасы Дөңгелек – барлық нүктелері центрінен бірдей қашықтықта жатқан тұйықталған сызық. О нүктесі – дөңгелектің (шеңбердің) центрі Жаңа материалмен танысу
АВ – диаметр (d) – шеңбердің центрі арқылы өтетін екі нүктені қосатын кесінді. Радиус (R) – шеңберден центрге дейін жүргізілген кесінді (қашықтық)Топтарға шеңбер сызылған қағаздарды таратып, радиусын өлшеп, кестеге өсу реті бойынша жазуды, содан соң диаметрін өлшеп, төменге жазуды сұраңыз. Содан соң диаметрдің радиустан неше есе артық екенін айтады.
Алғашқы бекіту. №2 тапсырма.
Шеңбердің радиусын және диаметрін өлшейді. Миллиметрмен өрнектейді. Берілгендердің ішінен бірдей шеңберлерді табады. Радиустың артуына қарай диаметрдің қалай өзгеретінін бақылады.
Мынадай формула шығаруға болады: d = r * r = r 2
№3 тапсырма бойынша шеңбер сызып үйренеміз.
1.Циркульдің инесі бар ұшын сызғыштағы 0-ге, ал қарындашы бар ұшын, мысалы 4 см-ге қой.
2.Циркульді параққа қой.
3.Циркульдың қарындашы бар ұшын қағаз бетіне айналдыра жүргіз. Практикалық жұмыс дәптерге орындалады.
3 топ бір-бірден орындайды.
Дәптерге радиустары 2 см, 3см, 1 см болатын шеңбер сызу.
Логикалық есептер. «Қай топ алғыр?»
Өткен материалмен жұмыс.
. «Қай топ жылдам?»
а) 7 * 25 = 175 м 1 сағ = 60 мин 60 * 7 = 420 м
ә) Р = c+c+c+c S= c*c б
) V= a*b*50
в) 7 * 8 * 50 = 2 800
№7 тапсырма суретке талдау жасауды қажет етеді.
Сөрені аяғына дейін қораптармен толтырдыңдар ма?
Астыңғы қатарға неше қорап сыйды? (6)
Бір бағанға неше қорап сыяды? (4).
Сөреге барлығы неше қорап сыяды? (6 * 4 = 24).
Сөренің көлемін табу үшін нені білу керек?
Бір қораптың көлемін білу керек: 50 * 30 * 40 = 60 000 см2
.Бір қораптың көлемін біле отырып сөренің көлемін тап.
60 000 * 24 = 1 440 000 см3 .
ІҮ.Қорытынды.
№8 геометриялық конструктормен жұмыс жүргізіледі. (суреттің шеткі сызығын ғана пайдаланып, құрастыр)
Ү.Үй тапсырмасы
№6. радиусы 2 см, 25 мм шеңберлер сызу.
ҮІ.Бағалау.
Жинаға жалауға байланысты қай топтың жеңгенін анықтаймыз. Әр оқушының фишкаларын санай отырып бағалаймын