Мнемотехниканы? студенттерді? есте са?тау ?абілеті мен психологиялы? денсаулы?ын жа?сарту?а арнал?ан технология ретіндегі ма?ызы


Мнемотехниканың студенттердің есте сақтау қабілеті мен психологиялық денсаулығын жақсартуға арналған технология ретіндегі маңызы
Джанбозова Жанна Аргиновна
Арнайы пәндер оқытушысы
Маңғыстау энергеткиалық колледжі
Қазақстан, Ақтау қаласы
Мақалада мнемотехника технологиясының студенттердің ойлау қабілеті, қиялдай білу және есте сақтау функцияларын дамытуға маңызы туралы баяндалады. Сонымен қатар аталған технологияның психологиялық көңіл-күйді реттеудегі орны, мнемотехниканы оқу процесінде қолдану жолдары талқыланады.
В статье излагается важность технологий мнемотехники в развитии у студентов функции воображения, памяти и мышления. Также обсуждается пути применения мнемотехники в процессе обучения, роль данной техники в регулировании психологического настроения у студентов.
Мнемотехника – ақпаратты қабылдау мен оны есте сақтаудың әдістемелік жүйесі. Мнемотехника немесе мнемоника жатталуы керек ақпараттың орнын ойша реттеу, және ассоциация арқылы оларды бір-бірімен жалғау. [1, 116б] Ақпараттарды орналастыру мен оларды байланыстыру үшін адамның ойлану (айрықша ойлану), қиялдау, назар салу қабілеттері қолданылады.
Мнемотехниканың құнды қасиеттерінің бірі онымен танысқаннан кейін оны бірден қолданып кетуге болады. Әсіресе студенттермен жұмыс жасағанда олардың бірден тәжірибелік нәтижелер көруге деген ынтасын қанағаттандыра аламыз. Оның негізгі ілімін үйретсек, студенттерге сандар немесе сөздер тізбегін жаттай алу қабілетін дамыта аламыз. Мнемотехниканың тек бастапқы қадамдарын игеріп қана қоймай,қызығушылық танытқан студенттермен оның егжей-тегжейін талқылап, үлкен нәтижелер көрсетуге әбден болады.
Ал енді мнемотехниканың психологиямен байланысы туралы айтайық. Мнемотехника немесе мнемоника ассоциациялау қабілетімен тығыз байланысты, ал ол өз кезегінде қиялдың дамуы, логикалық немесе логикалық емес тізбектер құра білу, есте сақтау қабілетін дамыту, оны күнделікті тұрмыста немесе мамандықта пайдалана білуді жақсартады. Мұның барлығы білімге, үйренуге ұмтылған, жан-жақты болуға талпынған студенттің, шәкірттің психологиялық көңіл-күйін жақсартып, өз-өзіне деген сенімін нығайтатынын анық. Есте сақтау қабілеті нашар студенттер, өз білімдеріне сенімсіз болып келеді. Емтихандарда немесе күрделі тапсырмаларда үлкен ақпараттарды жаттау қажеттілігі жиі туындайтын болғандықтан көбіне-көп ондай стуленттердің оқу үлгерімі де орташа болып жатады. Мұндай жағдайда мнемотехниканың атқарар ролі өте маңызды болмақ.
Мнемотехника нені жасай алмайды?  Бұл жүйенің парадокс туғызатын  жері, мнемотехника – ақпаратты жаттауға көмектесетін жүйе, бірақ ол адам жадының жұмысын жақсарта алмайды деген пікірлер бар. Әрине, ақпаратты қабылдау және мнемотехниканы қолдану кезінде адам жады жұмыс істейді, сондықтан есте сақтау қабілеті жақсармайды деп айту қате ой болып табылады. Себебі айтып кеткеніміздей, мнемотехника тек адамның қиялдау, назар аудару, ойлау қабілеттерін қолданады. Сол себепті, мнемотехникамен айналысуды бастағаннан кейін қысқа уақыт ішінде студенттердің заттарды байқағыштық, айналысып жатқан жұмысыңызға зейін қою сияқты қасиеттері күшейіп, жадының да жетілгенін байқай алады.
Мнемотехникада ассоциациялау әдісі кеңінен қолданылады деген болатынбыз. Кеңірек тоқталып өтейік.
Жаттаудың бір түрі болып ассоциациялау әдісі есептеледі. Кейде бұл әдісті ассоциациялар тізбегінің әдісі, ассоциациялар байланысының әдісі немесе жаттаудың тізбекті әдісі деп те атайды. Бұл әдіс көбіне сөздер, сандар және даталар тізбегін жаттау үшін қолданылады. Мнемотехника әдісін қолдана білу орындар әдісі сияқты басқа да әдістерді қолдану білу қабілетін тудырады.
Ассоциацияларды қалай құрамыз?
Егер заттардың арасында байланыс болмаса, оны ойлап табу керек. Ол байланыс кез-келген түрде болуы мүмкін: ертегілік, фантастикалық, абсурдтік немесе күлкілі. Байланысыңыз неғұрлым ерекше болса, ол заттарды тезірек жаттайсыз. Мысал: Шатыр-Атты әскер – есіңізге атты әскерді алыңыз, олар үйдің шатырында шабуылға шығу дабылын күтіп отыр делік. Дабыл соғылады, адамдар үйдің шатырындағы кішкене терезеден сығылысып сыртқа шығып жатыр. Одан кейін жылқылар мысық іспеттес секіретін жеріне мұқият қарап алып, секіріп жатыр. Атты әскер орындарынан тұрып, ұрандатып шабуылға жөнеледі. Шыны-Ешкілер – екі теке бір-біріне қарама-қарсы құйындай ұшып келеді. Араларында кішкене ғана қашықтық қалғанда бір-бірін зақымдап алмас үшін бір мейірімді адам екеуінің арасына шыны қойып қояды. Екі теке бастарын шыныға ұрып, жан-жаққа құлайды. Не болғанын түсінбей, екеуі кері бұрылып кетіп қалады. Осындай принциппен жұмыс істей берсеңіз, кез-келген затты байланыстыра беруге болады. Ассоциацияңыз неғұрлым ерекше болса, соғұрлым өзіңізге жаттау оңайрақ болады. [2, 2б]
Мысалдардан көріп отырғанымыздай, екі сөз тізбегін жаттауда студенттердің қиялы мен себеп-салдарлық байланысты ойлап таба білу қабілеттері үштала бастайды. Өз кезегінде ол көптеген гуманитарлық және техникалық пәндерді игерудегі ең қажетті қасиеттердің бірі болып табылады. Осылайша мнемотехника оқушының сабақ үлгерімін жақсартуға өз үлесін қосып жатады.
Ассоциация әдісі арқылы жадыңызды жаттықтыру үшін сөз жаттау тапсырмаларын студенттерге барынша көбірек орындату керек. Әрине бастапқы уақытта оларға бұл ойындардың мәнісі болмауы мүмкін. «Қайдағы жоқ сөздерді жаттау маған не береді?»- деп ойлап, қарсылық танытуы да ғажап емес. Алайда, бұл әдісті игеріп алғаннан кейін дүкеннен сатып алған заттардың атын, бір күнде жасалуы тиіс жұмыстардың тізімін, цитаталарды, формулалар мен өлеңдерді, емтихан жауаптарын тез әрі ұзаққа жаттай алуға болатындығын айтып, рационалды аргументтермен студенттердің қызығушылықтары мен белсенділігін тудыруымыз керек.
Нерв импульстері бір нерв клеткасынан екіншісіне ацетилхолин арқылы беріледі. Жас ұлғая ол зат аз бөліне бастағанымен ол адамның есте сақтауына жеткілікті болады, алайда адамның байқампаздығы. Эмоция арқылы берілген ақпараттар ұзақ әрі тез есте сақталады. Адамдар 5/1 есту арқылы, 3/5 көру арқылы, 4/5 біреудің көрсетуі немесе түсіндіруі арқылы жаттайды екенбіз.[3, 57б] Сондықтан түсінбеген нәрсені сұраудан ұялмау керек.  Күндізгі сағат 10 мен 12 және кешкі 20:00 сағат аралығында мида оттегі қажеттілігі аз болады. Сондықтан қажетті ақпаратты сол кезде жаттаған дұрыс. Алайда оқу процесі ол уақыттарға сәйкес келмесе де, жаттығуларды жүргізе бергеніміз дұрыс болады.[4, 14б]
Қажетті ақпаратты жаттау үшін оны қайталай беруден еш пайда жоқ. Ол ақпаратта керек кезде есіне түсіруге қиын соғады. Қажет болатын ақпаратты жаттау үшін оны белгілі бір уақыт интервалынан кейін қайталап отыру керек. Бұл принцип шет тілін үйретуде кеңінен қолданылып жүр.[5, 142б] Тілдің ұшында тұрған сөзді есіңізге түсіруге ұмтылған сайын ол сөз ары қарай таңдайға жабысып шыпай қояды. Бұл жағдайда еске түсіру үшін адам ойын басқа жаққа аударып, сол сөзге біртіндеп оралу керек.  Көбінесе біздің немқұрайлығымыздың әсерінен жағымсыз оқиғалар орын алып жатады. Мысалы біреумен әңгімелесіп тұрып тамаққа тұз саламыз да, кейін айналып келіп тұзды тағы да саламыз. Бәлкім сондықтан болар шетелде мнемотехниканы тілдерді үйрену, әдебиет сынды сабақтарда жиі пайдаланады.
Мнемотехниканың арнайы оқулықтары мен кітаптары, тіпті ғаламторда үйрететін видеолар да жетерлік. Алайда, қазіргі таңда әрбір студентте смартфонның бар екендігін ескеріп, оған арнайы мнемотехника қосымшаларын жаздыртып, қалаған уақыттарында жаттығулар жасауға кеңес беруге болады. Әрине бір заңды сұрақ айқындалуы мүмкін. Мнемотехниканың студенттердің есте сақтау қабілетін жақсартатын түсіндік, ал оның писхологиялық фонды жақсартуда қандай көмегі болуы мүмкін?
Мнемотехника қиялдың, образды ойлау мен ассоциялық логикалық ойлау жүйесін дамытатын білсек, оның жас адамның писхологиялық денсаулығына ад берер пайдасын көруге болады. Есте сақтау қабілетін жақсарған студент сабаққа да белсенді әрі қажетті ақпаратты сақтай алу қабілетіне деген сеніммен оқу процесінде өзін біршама еркін әрі сенімді ұстайтын болады. Ал қиялдың дамуы және образды ойлай білу қабілеті студенттің көркемдік шығармашылық жұмыстарға қарай ынталандырады.
Ал мнемотехника кез келген ұстаз өз пәніне өзінің оқу процесіне ыңғайлап пайдалана алады. Әрине мнемотехниканы тек бір сабақта қалай қолданылатын студенттенге көрсетіп үлгі беріп, келесі сабақтарда пайдаланбауға да болады. Алайда кейбір жаттау қажет ететін жаттығулар мен есептер, емтихандарға мнемотехниканың маңызы айтпаса да түсінікті болады.
Егер жалпылама алатын болсақ, бастауыш сыныптарда ұстаздар әлдеқашан мнемотехниканы сөздерді үйретуде, ал лингвист ғалымдар тіл үйретуде шебер пайдалануда. Ендігі мақсат мнемотехниканы студенттер мен оқу орындарында кеңінен пайдалану болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
«Психолого – педагогикалық терминдер сөздігі» - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті //Сулейменова З.Е., Қошанова М.Т.
«Миыңызды шынықтырғыңыз келе ме?» // www.el.kzНейропсихология памяти. А.Р.Лурия, 1976 г.  
Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. М., 2000.
Зазыкин, В. Г. Психология проницательности / B. Г. Зазыкин. - М.: РАГС, 2010.- 130 с.