8 наурыз халы?аралы? аналар мерекесіне арнал?ан Аналар, асыл жандар. Шуа? боп шашыл?андар.


Жамбыл бастауыш мектебі


(мерекелік бағдарлама)
Дайындаған: Тастурганова Р.Ж.
2016 – 2017 оқу жылы
Тақырыбы: Аналар, асыл жандар. Шуақ боп шашылғандар
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке,ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.Жүргізуші:
Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін Мерекелі осы күн! Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! Жүргізуші:Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.
Жүргізуші:
Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса. Хормен Үлкенге де сіз, кішіге де сіз, Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз! 
Жүргізуші:
Десек те уақытпенен жарыспайды,Қияға қиялменен қарыштайды.Шәкірттер шын жүректен тебіреніпӨнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе оқушыларымыздың сіздерге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
ТАҚПАҚТАР....1 оқушы: Бүгінгі көктем күнінде, Барлық адам қуанар, Аналарды мейраммен Құттықтайды балалар.
2 оқушы:Өзің мені өсірген, Айналайын ақ әжем. Тентек болсам кешірген Шөлдедің бе дана әжем. 
3 оқушы: Ақ қабақты анашым Күн сәулелі анашым. Әлпештеген баласын, Айналайын анашым. 
4 оқушы: Әр сөзімді жаттаған, Жүрегімде сақтаған. Анашым деп мақтанам, Айналайын ақ анам! 
5 оқушы: Айналайын анашым, Әлпештеген баласын. Еміп өскен бөбекпіз, Анамыздың мамасын. 
6 оқушы: Анамды мен жақсы көрем, Айтқан тілін алып жүрем. Қасымда анам жүргенде, Шаттанып ойнап- күлем! 
Барлығы хормен «Мерекелеріңізбен» деп айтады. Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,Аналардың мерекесін бастайық.Көздеріңнен көрем шаттық арайын,Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Мирамова Жұмабике Жұмабекқызына беріледі.Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.Қалайша аяулы ана тына алармын,Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне _________ орындауында «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар!Жүргізуші: Әлемдегі ең ақылды, дана боп, Нұрын шашар жақсыларға пана боп. Кім-кім болсын сені алақанында, Мейірлене ешкім сүймес ана боп. 
Жүргізуші:
Алақаны жылылықтан балқыған, Бір күлкісі бар әлемді шарпыған. Бұл сезімге ие болған барша жұрт, Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл-қыздарыңыздың жүрекжарды тілектерін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,Бишілер билеп кетті тербетіле.Аққудай қалықтаған теңіздегі,Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. Жүргізуші: Ана деген – бастауы ұлылықтыңАна деген - рәмізі сұлулықтыңАна деген - бір жыр бар шырқалатынАсқақтатар биікке ұрпақ атынОлай болса _________ қарсы алайық
Жүргізуші: Дауысына сүйсініп тамсанайықЕрке ұлдың талантына тәнті болып,Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!Ән: Орындайтын: ______________
Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,Аласы бар адамның анасы бар.Мерекесін құттықтап аналардың,Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп «Сегіз сері» КВН командасын ортаға шақырамыз. (Жігіттерден құралған топ аналар, ұздаздар, қыз-келіншектер жайында қызықты әзілдер айтады).Жүргізуші: Ару - Ана өмірдің асылдары,Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,Сендер үшін мереке шашулары, - дей отырып __________________ орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.Жүргізуші: «Бала, бала, бала» деп,Бізді өсірген анашым.Гүлге толып, құшағың,Бақытты бол, анашым.Жүргізуші: Қамымды ойлар күн- түні,Анам- менің көктемім.Ақтай алсам, үмітін,Арманыма жеткенім, – дей отырып ...сынып ұлдарының ұзтаздар мен аналарға арнап жасаған шағын дүниелерін қабыл алыңыздар! (Сынып ұлдары аналары мен ұстаздарының қызықты суреттері мен даналы сөздер арқылы слайд жасап, көрсетеді).Жүргізуші: Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,Биімен көрерменді тәнті ететінАрулар келді міне толқып, тасып. Ортада «Қазақ» биі қарсы алыңыздар!Жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!Жүргізуші:
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. __________орындауында « » әні.Жүргізуші: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.Өзің мына сыйға берген өмірдеАқ сүтіңді ақтап өту - арманым.Жүргізуші: Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,Жұлдызындай көгінде жағыламын.Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші қыздарыңыз ____________орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!Жүргізуші: Аяулысың, ауылымның асылдары,Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызда «Үнді» биі.Жүргізуші: 
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.Қош болып тұрыңыздар көріскенше,Осымен концертіміз аяқталды.
Жүргізуші: 
Таң шуақ тәуелсіздік елімізде, Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде. Аман-сау болайықшы көріскенше Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!
Қош сау болыңыздар. Мерекелеріңіз құтты болсын. Аман сау болыңыздар.
Өткізілген іс-шараға сараптама
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке,ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектеп ұстаздарына арналған мерекелік бағдарлама өткізілді. Мектеп ұстаздарына арналған бұл іс-шараға оқушыларымыз дайындап келген ән, би, тақпақтарымен өткізілді.